Бекебай Толепберген Сейдульдаулы Токтамисова Жанат Еримбетовна Султанбекова Гулзия Серкебаевна



Pdf көрінісі
бет3/19
Дата22.03.2024
өлшемі1.28 Mb.
#496286
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19
1620468639 1

IV. 
Қосымша материалдар .................................................................................. 21 
V. 
Пайдаланылған әдебиеттер ......................................................................... 28 



Мақсаты: 

Шетел тілі сабағында ауызша сөйлеуге үйретудің маңыздылығын 
айқындау; 

Ауызша сөйлеуге үйретуде қолданылатын әдістер мен технологияларды 
айқындау; 

Ауызша сөйлеуді дамыту үшін орындалған іс-тәжрибелік жұмыстар 
нәтижесін айқындау; 

Оқушылардың ауызша сөйлеу дағдысын дамытудың әдістемесін жасау 
және оның тиімділігін тексеру. 
Егер оқушылардың сөйлеу дағдысында әдістер мен технологиялар тиімді 
пайдаланылса, онда оқушылардың оқу мотивациясы мен сөйлеу дағдысы 
қалыптасып, шығармашылықпен әрекет жасау дағдылары дамиды. 
Міндеттері: 

Оқушылардың ағылшын тілінде ойлау қабілеттерін жетілдіру. 

Оқушылардың ағылшын тілін тыңдап түсіну, сөйлеу дағдыларын 
қалыптастыру. 

Сөздік қорын байыту. 

Грамматикалық дағдыны дұрыс қолдана білу. 

Дұрыс сөйлеудің орфоэпиялық, лексикалық, грамматикалық, 
стилистикалық іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыру. 

Сөз әрекетінің түрлері бойынша ауызша дағдыларын қалыптастыру. 
«Жаңартылған білім мазмұны бұл- мүлде жаңа бағдарлама, оқулықтар, 
стандарттар және кадрлар» ( Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті 



Н.Ә. Назарбаевтың Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа 
мүмкіндігі атты Қазақстан халқына жолдауынан) 
Жаңартылған білім мазмұны бойынша оқытудың тиімді жолдары 
Білім мен ақпарат үстемдік құрған қоғамда Білім беру жүйесі инновациялық 
экономиканың негізгі бөлігі болып табылады. Қатаң талаптары қалыптасып келе 
жатқан инновациялық экономика қай салада болса да, бүгінгі маманның 
құзыреттілігін, яғни өз саласы бойынша ой-пікірінің қалыптасуын, кәсібилігін, 
өмірдің өзгермелі жағдайына бейімділігін, оған сай өз білімін пайдалану ғана емес, 
оны қажеттілікке қарай толықтырып отыруды талап етеді. Осындай қоғамда 
келешек ұрпақты қалай оқытқан тиімді? 
Бұл сұрақ әрбір педагогті толғандырары сөзсіз.Баланың білім алуына мұғалім 
маңызды роль атқарып келді.Дегенмен де білім беруде балаға не білу керектігін 
түсінсек те оны қолдана алуды қалай үйрету керектігін білмей қиналып жүрген 
шақтарымыз болды.Заман ағымына ілесе алатын ,мол ақпаратты меңгерте білетін 
әлеуметтік қарым қатынасқа түсе алатын оқушыларды даярлау ұшін мұғалімнің 
кәсіби құзіреттілігін дамыту –басты міндет болып табылады.Яғни Ұстаз «үйретуші 
мен білім көзі» емес, «үйрену процесін ұйымдастырушы», «менеджер», «үйренуге 
жағдай жасаушы». Бұл ұстанымнан «Шәкірт өздігімен үйрену керек » ,-деген 
түсінік қалыптасады. Бұл дегеніміз Ұстаз еңбегінің маңызын төмендетпейді. 
Мұнда мәселе – ұстаз міндеттерінің түбегейлі өзгеруінде. Педагог –білім 
тасушыдан - білім әлеміне жол көрсетушіге айналуы тиіс. 
Сонымен Жаңаша білім беру жағдайында ұстаз қандай болуы тиіс: 
- педагогикалық құралдардың барлығын меңгерген, 
- тұрақты өзін-өзі жетілдіруге талпынған, 
- рухани дамыған, 
- толысқан шығармашыл тұлға құзыреті. 
Ұстаздарға қойылатын талаптар: бәсекеге қабілеттілігі, білім беру 
сапасының жоғары болуы, кәсіби шеберлігі, әдістемелік жұмыстағы шеберлігі. 



Осы айтылғандарды жинақтай келіп, ұстаз — рефлекцияға қабілетті, өзін-өзі 
жүзеге асыруға талпынған әдіснамалық, зерттеушілік, дидактикалық-әдістемелік, 
әлеуметтік тұлғалы, коммуникативтілік, ақпараттық және тағы басқа 
құзыреттіліктердің жоғары деңгейімен сипатталатын рухани-адамгершілікті, 
азаматтық жауапты, белсенді, сауатты, шығармашыл тұлға болу керек деп 
тұжырымдауға болады.Бұл бағытта мектеп ұстаздарының біліктілігін арттыру - 
басты мақсат болып табылады. 
«Адамзатқа және қоғамға орасан зор проблема әкелетін жаhандану мен 
жаңғыртудың әсерінен айналадағы әлем түбегейлі өзгеріске ұшырады. 
Мектептер оқушыларды түрлі мәдениет өкілдерімен әріптестік қарым-қатынас 
жасауды, алуан түрлі идеяларды, көзқарастар мен құндылықтарды ескеруді, 
адамдар өздерінің алуан түрлілігіне қарамастан, технологиялардың көмегімен 
кеңістік пен уақыт кедергілерін жеңе отырып, бір-біріне сенім білдіруін және 
әріптестікте жұмыс істеуін қажет ететін әлемде, адамдардың өмірі ұлттық 
шекаралар аумағынан тыс мәселелерге байланысты болатын әлемде өмір сүруге 
және жұмыс істеуге дайындауы керек. Жиырма бірінші ғасырдың мектептері 
оқушыларды өмірде, жұмыста және азаматтық ұстанымында өзгелермен 
ынтымақтастыққа өмір сүруге дайындай отырып, ұлттық және жаhандық пікір 
алуандығының шынайылығын ұғына отырып, өзіндік дербестігі мен ерекшелігін 
дамытуға көмектесуі керек». (АндреасШлейхер, 2014) 
Қазақстан Республикасында білім мазмұнын жаңарту оқушылар мен 
мұғалімдердің біліктілігін арттыру. Біліктілікті арттыру оқытудың жаңа әдіс- 
тәсілдерін енгізу арқылы Қазақстанның ұлттық білім беру жүйесіне арналған жаңа 
білім беру болып табылады. 
Елбасымыздың жолдауында айтқандай: «Болашақта өркениетті дамыған 
елдердің қатарына ену үшін, заман талабына сай білім қажет». Жаңа білім берудің 
негізгі мақсаты – білім мазмұнының жаңаруымен қатар, оқытудың әдіс-тәсілдері 
мен әртүрлі құралдарын қолданудың тиімділігін арттыруды талап етеді. Өз 
тәжірибесінде сынап көруге және оны ой елегінен өткізіп, рефлексия жасауға, 
сондай-ақ оқушыларға барынша қолдау көрсетуге бағытталған жаттығулар мен 



тапсырмаларды қолдана білуге мүмкіндік береді. Білім беру бағдарламасын 
жаңарту критериалды бағалау жүйесі оқушылардың сонымен қоса мұғалімдердің 
педагогикалық шеберлігін жетілдіру. Жаңаша оқытуда педагогиканың барлық 
аспектілері сындарлы оқытуға негізделген. Яғни оқушылардың бір-біріне сын 
тұрғысынан қарауы. Жаңаша білім беру мектептердің оқу жоспарлары, тілдік 
дағдылар, мұғалімнің жетекшілігімен жүретін оқылым және жазылым, зерттеуге 
негізделген оқу, белсенді оқу деп өзгерді. Белсенді оқуда топтық, жұптық, рөлдік 
ойындар арқылы оқушылардың қызығушылықтарын арттырып белсенді оқуға 
жетілдіру. 
Біліктілікті арттыру курсында деңгейлеп оқыту бағдарламасының әдіс- 
тәсілдерінің теориялық негізін меңгере отырып, оқытудың жаңаша әдіс-тәсілдерін 
деңгейлеп оқыту бағдарламасын оқып үйреніп, практика кезінде бұл оқудың 
артықшылықтарына көз жеткізуге болады. Қазіргі таңда білімді өмірге пайдалана 
алатын шәкірт тәрбиелеуде бұл оқу бағдарламасының алатын орны ерекше. сын 
тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасы – әлемнің түкпірінен жиылған білім 
берушілердің бірлескен бағдарламаның негізі Ж. Пиаже, Л.С.Выготский 
теорияларын басшылыққа алады. Қазіргі уақытта педагогика ғылымның бір 
ерекшелігі - баланың тұлғалық дамуына бағытталған жаңа оқыту технологияларын 
шығарып, оқу үрдісіне енгізу 
Ағылшын тілі – әлемдегі тілдер арасынан көркемдігі мен бейнелілігі, 
тазалығы мен сөздік құрамының молдығы жөнінен ойып орын алған тілдердің 
бірі. Тіл адамның қарым-қатынас құралы болғандықтан, ол адам баласы сөйлеу 
әрекетінің арқауы болып табылады. Сөйлеу әрекетінің ғылыми тұрғыда жан- 
жақты зерттелуі тіл білімінде XX ғасырда бастау алады. Тіл білімі үшін сөйлеу 
әрекетін зерттеу үлкен мәселелердің бірі екендігін швед лингвисі Фердинанд де 
Соссюр алғаш болып көрсеткен. Бала тілін зерттеген ғалымдар: А.Шахнарович, 
Л.Щерба, Е.Кубрякова, С.Канцельсон, Т.Аяпова т.бЛ.Щерба: «Сөйлеу әрекеті 
дегеніміз – үздіксіз үрдіс және ол сөйлеу үрдісі мен тыңдаудан тұрады», – 
деген.Т.Аяпова: «Адам баласының сөйлеуі – баланың алғашқы сөйлеуі және тілдік 



ортада түсінуі, белгілі бір жағдаятқа байланысты, мақсатты,қажетті болып 
табылатындығын айқындайды», – дейді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет