Бекітемін: Мектеп директоры Б. Х. Жангельдин жыл Саға жббом 2022-2023 оқу жылы бойынша «Ұмай» аналар мектебінің жылдық жұмыс жоспары


«Қыз бала тәрбиесі - ұлт тәрбиесі» тақырыбында дөңгелек үстел



бет12/18
Дата09.03.2023
өлшемі55.62 Kb.
#470560
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   18
аналар мектебі 22-23

«Қыз бала тәрбиесі - ұлт тәрбиесі» тақырыбында дөңгелек үстел
( 8-9 сыныптардың қыздарымен)


Дөңгелек үстелдің мақсаты: Қазақ халқының әдет-ғұрып,салт дәстүрлерін қыз баланың бойына сіңіре отырып, қыз балаға келешекте ана алдында қоғамның, елдің, ұлттың тыныс –тіршілігі барысындағы үлкен жауапкершіліктің тұрғандығын сезіндіре отырып, әдепті ,сыпайы, адамгершілігі мол, білімді, жан-жақты жетілген қыз бала тәрбиелеу.
ТөрайымҚұрметті қонақтар,ұстаздар,мектеп оқушылары «Қыз баланың тәрбиесі-ұлттың тәрбиесі» атты дөңгелек үстелге қош келдіңіздер!
Жарық пен жылу,от пен суық жоқ жерде тіршілік те жоқ. Ал осылардың көктегі көзі - күн болса, жердегі көзі адамзат. Адамдардың бір-біріне мейрімі мен ұлағатты тәрбиесі тіршілікті сақтайды. Тәрбиесі түзелмей елдің көсегесі көгермейді, отбасы түзелмей, болашақ түзелмейді.
Кешіміздің қонақтары: Кештің қонақтарын таныстырып өту
Төрайым: Қазіргі заман қыз бала тәрбиесіне ерекше мән беруді қажет етеді. Себебі қыз баланы тәрбиелеу деген сөз - ұлтты тәрбиелеу деген сөз. Әр елдің өміріндегі шешуші кілт қыздарға берілетін тәлім-тәрбие арқылы өлшенеді.
Біздің халқымызда «Қыз» деген сөзді әдеміліктің, әдептіліктің, жан-жақты сұлулықтың символы ретінде қолданады.
Құрметті ұстаздар, ата-аналар,оқушылар назарымызды интерактивті тақтаға аударайық (бейнекөрініс)
Төрайым: Сол әдепті, инабатты, адамгершілігі мол ,сыпайы қыздарды тәрбиелеу бүгінгі мектептің ,қоғамның және ата-ананың негізгі міндеті екенін естен шығармағанымыз жөн.
Ендеше қыз бала тәрбиесі жөнінде құрметті ата-аналар сіздердің ойларыңызда, пікірлеріңізді білсек. Сөз ата-аналарға беріледі.
Төрайым: «Аналардан бастау алар ар басы» -дей келе бүгінде асыл ана,аяулы әже атанып отырған аналарымызға сұрақ:
Қыз баланың тәлімі мен тәрбиесі қандай еді? Қазіргі қазақ қыздарының тәлім тәрбиесіне көңіліңіз тола ма?
Төрайым:Біз қыз балалармен жыныстық тақырыпта сөйлеуге олардың сұрақтарына жауап беруге ыңғайсызданамыз,өйткені біз оларды әлі кішкентай ғой деп санаймыз ,алайда қазіргі заманда балалрымыз тез есеюде ақпараттар ағымының қарқыны соншалық, балаларымызға қажетті,қажетсіз ақпаратты екшеу мүмкін емес. Бірақ бүгінгідей қоғамның аласапыран кезеңде де қыз балаларды жан-жақты тәрбиелеу,уақыт күттірмейтін мәселе.
Қазақ қоғамына бұл қаншалықты керек. Апа-әжелеріміз,әпкелеріміз жыныстық тәрбие дегенді естімей ақ адал, пәк қалпын сақтаған еді. Бәлкім мұндағы мәселе тәрбие де емес, дұрыс тыйым салуда болар. Қалай ойлайсыздлар?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   18




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет