«Бекітемін» С. Ж. Асфендияров атындағы


Мамандарды дайындау деканаттың (интернатура) қараша айында



бет3/4
Дата04.07.2016
өлшемі0.69 Mb.
#176093
1   2   3   4

Мамандарды дайындау деканаттың (интернатура) қараша айында оқу-әдістемелік жұмыстар бойынша келесі іс шаралар жүргізілді:

  1. АСЖ «ЖОО» бағдарламасын интернатураға енгізу бойынша ұйымдастыру отырысы өткізілді.

  2. Мамандық дайындау кафедраларының профессор-оқутушылар құрамы үшін «Тест тапсырмаларын құру әдістемесі. Интерндерді қортынды тестілеу үшін тест тапсырмаларын сараптау» оқыту семинар-тренинг өткізілді

  3. Региондардағы(өңірдегі)(телефон, электронды почта) интерндердің үлгерімі мен сабаққа қатысуы тексерілді.

  4. Алматы қаласында Университет кафедрасындағы интерндеодің үлгерімі мен сабаққа қатысуы тексерілді.

  5. АСЖ «ЖОО» бойынша жұмыстар жүргізілді.

  6. Қорытынды аттестация сұрақтары бойынша Республикалық жиналысқа дайындық.

  7. ЖТД бойынша конференцияға дайындық.


Үздіксіз білім беру орталығы оқу қызметін оңтайландыру бойынша қараша айында 30 әртүрлі мамандық боынша біліктілікті арттыру циклдары өтіп, 508 тыңдаушы оқытылды. Оның ішінде Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау басқармасының мемлекеттік тапсырысы бойынша 84 тыңдаушы, ақылы негізде 424 тыңдаушы оқытылды.

Барлық циклдар стационарлы түрде түрлі клиникалық базаларда өтті. «Акушерия және гинекологиядағы шұғыл жағдай» тақырыбында Шымкент қаласында көшпелі цикл өтті.



Ғылыми-білім беру зертханасы үлкен көлемдегі оқу және әдістемелік жұмыстарды жүргізуде. Қазіргі таңда ҒБЗ 5 кафедраның студенттеріне сабақтар өткізілді. ҒБЗ қызметкерлері қараша айында 189 топтың (1800) студенттеріне сабақтардың жүргізілуін қамтамасыз етті. Сабақтар әр топқа 20-30 минуттан таныстыру-көрсету түрінде өткізілді. Бұл 160 оқу сағатын құрайды. Ғылыми –білім беру зертханасында сабақтардың жоспарын және бағдарламаларын әзірлеу бойынша үлкен әдістемелік жұмыстар жүргізілуде. ИФА, ПЦР принциптерін көрсету бойынша микробиология кафедрасымен бірігіп оқу бағдарламалары дайындалды.

Сонымен қатар қазан айында зертханалық зерттеулердің заманауи әдістері бойынша микробиология кафедрасының оқытушыларына (25 адам) сабақтар жүргізілді.



2. ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСЫ
ҒЗЖ менеджменті бөлімінің ғылыми-зерттеу қызметін регламенттейтін заңдық және нормативті құжаттардың (стандарттардың) бақылаушы тізімін департаменттерге жіберу жұмыстары жүргізілді. Ғылыми (Ғылыми-әдістемелік) Кеңестің кезекті мәжілісінің өткізілді. «ҚР Денсаулық сақтау Министрлігі ғылым және адам ресурстары Департаментінің сұрауы бойынша 2011 жылға жоспарланған ғылыми-практикалық конференциялар тізімі жасалынды. Оқу департаменттеріне қарасты кафедра меңгерушілерінің және жас ғалымдарының қатысуымен ғылымды дамыту мәселелері бойынша мәжілістер өткізілді. ҚазҰМУ-дың 80-жылдығына орай өткізілген ғылыми-практикалық конференциялар тізімі жинақталды. Ақпараттық хаттар бойынша университет кафедраларын ақпараттандыру жұмыстары жүргізілді. С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ 80-жылдығына орай жұмыс тобының жұмысында ақпараттық хаттарды дайындау және жіберу бойынша қатысу.
Дәрілік заттар мен басқа өнімдерді сертификаттау орталығы есеп беру кезеңінде Алматы қаласының Өртке қарсы қызмет департаментінен және Алматы қаласының өнеркәсіптік қауіпсіздік және төтенше жағдайларды мемлекеттік бақылау Басқармасынан қорытындылар алынды.

ҰлтСАР мамандарымен сынақ құралдарының, зертханалық қондырғылардың жағдайы қаралып, тексергендігі туралы сертификаттар алынды.

ЖШС «Тексеру» өнімдерді сертификаттау фирмасымен «Бөлмені жалға алу келісім-шартына» және «Қондырғыларды жалға алу келісім-шартына» отырды.

Қазіргі таңда прекурсорларды алуға, сақтауға, қолдануға және жоюмен байланысты қызмет түрлеріне мемлекеттік лицензия және лицензияға қосымша алу үшін іс-шаралар жүргізілуде.


Ғылыми-білім беру зертханасында ғылыми зерттеу проектісі бойынша зерттеулер жүргізіліп жасалуда:

  1. «Егде жастағы тұлғалардың белсенді ұзақ өмір сүруін қамтамасыздандыруда қартаюға қарсы моделді әзірлеу».

  2. «Ана және баланың перинатальды патологиясында ішкі жатырлық инфекциялардың алатын орны және олардың төмендеуіне шараларды негіздеу».

Студенттердің Ғылыми-зерттеулері бойынша ғылыми зерттеу жұмыстары:

  1. «Вирусты постатит» Ғылыми жетекші – микробиология кафедрасының меңгерушісі проф Рамазанова Б.А. , ғ.қ. Орадова (ИФА – цитомегаловирусына М классындағы иммуноглобулинді анықтау , ИФА иммуноглобулинді анықтау –класы М цитомегаловирусу. ИФА – иммуноглобулинді таңдау вирусты герпеске, ПЦР - таңдау ДНК цитомегаловирусі, ИФА – иммуноглобулинді таңдау класыМ к цитомегаловирусу. ИФА – иммуноглобулинді таңдау вирусты герпес, ПЦР - выявление ДНК герпестің вирусы.

  2. «Герпесті инфекция. Дәл және теріс әдістері бойынша зерттеулер» Ғылыми жетекші: Исина Х.М. Тауырбаева Н.Т., Джумабаева С.М. (каф.микробиологии),: ғ.қ.Орадова А.Ш., а.ғ.қ Жусипбекова Г.А. (ҒББЗ) ИФА – иммуноглобулинді fys0nfe вирусты герпеске, ПЦР –таңдау ДНК герпесті вирус.

  3. «2 курс студенттері арасында жай герпес вирусының болуы»: Ғылыми жетекші Стамкулова А.А., Жакубалиева Г.Л. (каф микробиологии),: а.ғ.қОрадова А.Ш а.ғ.қ.Жусипбекова Г.А. (НОЛ). ИФА –иммуноглобулинді анықтау вирусты герпеске, ПЦР - таңдау ДНК герпесті вирус.

  4. «Жаңа туылған баланың ішегінде колибактериофагтардың болуы» тақырыбына КҒҚ Бегадилова Т.С. кандидаттық диссертацияны қорғауы.


Клиникалық – тәжірибелік зертхана

  1. 4 курс жалпы медицина студенттерімен дағдыны игеру 18 топқа өтілді.;

  2. Хирургия субординаторамен хирургами «Ащы ішекке операция» 2 топқа өткізілді.;

  3. Клиникалық анатомия және оперативтік хирургия кафедрасының қызметкері Абильдаев Д.Д. «Портальная гипертензия» ғылыми тақырыбы бойынша 5 итке операция жасады;

  4. «Морфология және дәлелді медицина» журналына №3, 2010ж. қызметкерлерге 1 мақала берілді;

  5. 4 курс жалпы медицина (8 топ) студенттерімен мынадай тақырып талқыланды: медико-социальді аспекта нашақорлар, алкогольдер туралы түсініктеме жүргізілді.

  6. ҚазҰМУ 80 жылдығына байланысты «Б.А. Атчабаровтың ебегі яғни Семей полигонын жабу туралы зор ебегі атап көрсетілді».

Қарашаның 25-26 аралығында Оқу-әдістемелік бөлім қызметкері Қазақ ұлттық аграрлық университетінде өткізілген «ECTS үлгісі бойынша жалпы еуропалық білім беру кеңістігін құру және кредиттерді еңгізу проблемалары бойынша» халықаралық семинарынға қатысты.


Білім сапасын зерттеу, бақылау және медициналық білім реформасын ғылыми тұрғыдан негіздеу орталығының (БСЗБ және МБРҒНО) қызметкерлері Университеттің «Даңқ Залында» ғылыми – білім зертханасының (ҒБЗ) қызметкерлерімен біріге отырып Жас білім берушілерге арналған «Teaching Excellence –Білім берудің сапасы» тақырыбында семинар ұйымдастырып, өткізді. Семинар барысында Оңтүстік Королина Университетінің (АҚШ) профессоры Уолтер Ханклоскидің қатысуымен On-Line тәртіпті ғаламтор конференциясы ұйымдастырылды. Семинарға 120 жас ұстаздар қатысты, семинар соңында оларға сертификаттар берілді.
Емдеу факультетінде ғылыми жұмысы бойынша студенттер мен жас оқытушыларды ғылыми тұрғыда өсуі ынталандырылды мақсатында «ҚР Тұңғыш Президенті Қоры» конкурсына ұсынылған стипендияға факультетінің студенті қатысты (Мереке Әлібек 6 курс).

2 ішкі аурулар кафедрасы медициналық білім дамыту бойынша жұмыстары:



  1. «Казахстан-Адам және дәрі» ІІІ-ші халықаралық Конгресте кафедра меңгерушісі, м.ғ.д., профессор Айдаргалиева Н.Е «Лечение ИБС на всех этапах ишемического континуума» атты дөңгелек столының модераторы ретінде қатысты.

  2. ІІ-ші халықаралық Конгресте кафедра меңгерушісі, м.ғ.д., профессор Айдаргалиева Н.Е «Снижение Частоты Сердечно-Сосудистых событий у пациентов с ИБС – как стратегическая цель в кардиологии, новые возможности» тақырыбында 2010 жылдың қарашаның 25 -де баяндама оқыды.


Медициналық-профилактикалық факультетінің ғылыми-зерттеу жұмыстары:

1. 05.11.2011 ж. оқытушы Текманова А.К. «Физическое развитие учащихся инновационных школ г. Алматы и формирующие его факторы риска» тақырыбындағы диссертациялық жұмысын медицина ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу бойынша Қазақ тағамтану академиясы базасындағы БД 53.28.01 біріккен диссертациялық кеңесінде өз дәрежесінде қорғады.

2. ҚР Қоғамдық Жарты ай гранты бойынша Нидерландтық Қызыл Крест тапсырысымен «Алматы қаласының ауа бассейнінің ластану көрсеткіштерін оқушылардың дене бітімінің даму көрсеткіштері бойынша бекіту» тықырыбында ғылыми жұмыс жүргізілуде. Келісім №1. Жетекшісі – проф. Неменко Б.А., Жауапты орындаушы м.ғ.к. Досмухаметов А.Т., Орындаушы оқытушылар Илиясова А.Д., Текманова А.К.

Жалпы гигиена және экология кафедрасы ҚазҰМУ 80 жылдығына орай «ҚазҰМУ жаршысы» мерейтойлық санына 6 мақалалар дайындалып, баспаға өткізілді.

Эпидемиология кафедрасы «Человек и лекарство Казахстан» атты Халықаралық конгреске қатыстық. Сессия №3 «Пневмококты жұқпа және егумен алдын-алу». Келесі оқытушылар куәлік алды: доц. Нажмеденова А.Г., к.м.н. Алекешева Л.Ж., аға. оқыт. Габасова М.К., аға. оқыт. Даниярова А.Б.

Жакипбаева Б.Т., Муминов Т.А., Ахматуллина Н.Б., Бейсембаева Ш.А. «Генетиканың қазіргі кездегі Қазақстандағы жағдайы» атты Халықаралық ғылыми конференция қатысты, Қазақстандағы Туберкулездің молекулярлық эпидемиологиясы атты доклад. Молекулярлық эпидемиология (д. м. н. Б.Т. Жакипбаева, к м н. Ш. А. Бейсембаева) Алматы.


Бала емдеу факультетінің №1 Балалар аурулары кафедрасының ғылыми жұмысы: диссертациялық жұмыстарды оппоненттеу және рецензиялау жөніңде С.С.Сарсенбаева арнайы диссертациялық Кеңес К.А. Кабулбекованың докторлық диссертациясын қорғау бойынша, «Нефрология»шифрі. А.МНугманованың докторлықдиссертациясын оппоненттеу, Г.Косдаулетованың кандидаттық диссертациясын оппоненттеу.

2 Балалар аурулар кафедра ассистенті Қанағатова Г.М. «Целиакиямен науқас балалардың жүрек-қан тамыр жүйесінің функциональдық жағдайы» тақырыбына қазақ тілінде м.ғ.к. дәрежесіне диссертация қорғады. «ҚазҰМУ хабаршысы» жинағына 3 мақала тапсырылды (Университеттің 80-жылдығына):



  • «Роль лекций в условиях компьютерно-ориентированного обучения в профессиональном».

  • «Характеристика морфологической структуры слизистой оболочки желудка и 12-п.к. при заболеваниях ЖКТ, сопровождающихся ДГР».

  • Применение препарата «Ферталь» в комплексной иммунотерапии у детей раннего и старшего взораста».

ПжБХҒО-ның ОД 09.10.01 Диссертациялық кеңесінің жұмысына қатысу (оппонент, рецензент және мүше ретінде).

2010ж қараша айында АЕП кафедра ассистенті Мамбетова И.З «Жиі ауыратын балалардың сауықтыру кешені» тақырыбында кандидаттық диссертация қорғады. Баспаға 2 мақала тапсырылды.



Неонатология кафедрасы Акушерия мен гинекология кафедрасымен бірігіп жүкті әйелдердегі листериоз инфекциясына тексеру жұмысы басталды. «Құрсақішілік инфекциялардың ана мен бала перинатальды патологиясындағы ролі және оларды азайтуға қолданылатын шаралар» тақырыбындағы ҒТЖ бойынша жұмыс жалғастырылуда. Педиатриялық факультеттің 5 курс студенттері тексеруден өткізілді. Алматы қалалық перзентханалары бойынша жұпталған «ана мен нәресте» құрсақішілік инфекцияларға тексеру жүргізілуде. Т.А Карабатырованың «Қызамықты вакцинамен алдын алу нәтижесін бағалау және осы инфекцияның туа пайда болатын синдромға әсері» тақырыбына кандидаттық диссертация жұмысы қорғалды.

Балалар хирургиясы кафедрасында студенттердің үйірмесі өткізілді. Баяндама тақырыбы: «Жарақаттың біріншілік-хирургиялық өңдеуі», «Жарақат пен жарақат инфекциясы». Баяндамашылар бала емдеу және емдеу бөлімінің 5,6 курс студенттері. Студенттердің ғылыми жұмыс үйірмесі өтті.

Балалар жұқпалы аурулар кафедра ассистенті Ералиева Л.Т. «Адам және дәрі-дәрмек» атты III халықаралық конгресске қатысқы. Профессор Құттықожанова Ғ.Ғ., ассистент Ералиева Л.Т. «Бірлесу перспективасы. Қазақстандық германдық ғылыми күні» конференциясына қатысты. Доцент Григорьева Т.П., ассистент Досбаева Ж.Т. «Аутоиммунды гепатит» семинарына қатысты.
Фармацевтика факультетінің фармакология кафедрасы 22.11.2010 жылы университеттің 80-жылдығына арналған халықаралық ғылыми тәжірибиелік конференция өткізді, тақырыбы «Антибиотиктердің резистентілігі - құрылымы, сақтандыру». 26.11.10 және 27.11.2010 жылы ФҰЭ және дәрілік қалыптар технологиясы кафедрасының оқытушылары 15.00.01 дәрі-дәрмек технологиясы және фармация ісін ұйымдастыру шифры бойынша 2 диссертация қорғады: 1 докторлық диссертация – Г.О.Устенова және 1 кандидаттық диссертация – Э.Н. Капсалямова.26-27.11.2010 жылы факультет деканы «Адам және Дәрілер-Қазақстан» халықаралық конгрессіне қатысты. Осы бағыттағы жұмыс жалғасуда
Фармация оқу департаментінің ғылыми жұмысы:

1. «Ацитилсалицил қышқылын дамыған елдердің аналитикалық нормативтік құжаттарында ұсынылған көрсеткіштерімен салыстырып бақылау» атты мақала ҚазҰМУнің 80-жылдық мерей тойына арналған жинағына тапсырылды.

2.Профессор Г.М.Пичхадзе және доцент Сатбаева Э.М. «ДЗ сатып алу үрдісінің мониторингі және айқындығын бағалау» және «ҚР халқын кепілді дәрілік заттармен қамтамасыз ету жүйесінің айқындылығын жоғарылату» атты 2 ғылыми жобаға қатысуда.

3.ҚазҰМУ 80 жылдығына арналған ғылыми-практикалық конференция: «Жергілікті анестетиктер - жетістіктері және келешегі» (жауаптылар – Пичхадзе Г.М., Кадырова Д.М.,Насырова С.Р.) өткізілді.

4. «Бектуров атындағы химия ғылымдары институты» АҚ синтезделген лабораториялық шифрлері №148-154 аралығындағы қосылыстардың жергілікті жансыздандыратын әсерін анықтау мақсатында скринингтік зерттеулер жүргізілді. Беткейлік анестезияда жергілікті жансыздандыратын белсенділігі Ренье әдісі бойынша қоян көздеріне, өткізгіштік анестезия егеуқұйрықтарға «tail-flick» әдісі, жедел уыттылығы ақ тышқандарға тері астына, сонымен қатар олардың хлоридкальцилік және аконитиндік аритмияда аритмияға қарсы белсенділігі зерттелінді (Насырова, Имашова, Есетова, Амиркулова). Фитопрепараттар мен бағаналы жасушалар бойынша әдебиет көздері таңдап алынды (Сагимова Р.Ш және Асылбекова Д.С.)

5.Фармацевтика факультетінің 1-5 курс студенттерінің араларында конференция залында, химия пәні бойынша интеллектуальды ойындар жүргізілді. «Шипагер» газетіне материалдар өткізілді. Жетекші- доцент Саякова Г.М.

6. Химия кафедрасының студенттерінің ғылыми үйірмесінің кезекті отырысында студенттердің фармацевтикалық факультетінің ғылыми – практикалық конференцияға қатысу үшін, дайындалған баяндамалары тыңдалып,талқыланып іріктелді (23.11.2010ж)

7.ФҰ және ДҚТ кафедра ізденушісі Э.Н.Капсалямова фармацевтика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесіне кандидаттық диссертациясын, Г.О.Устенова фармацевтика ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесіне докторлық диссертациясын қорғады.


Стоматология факультеті деканатының СҒЗЖ бойынша жауапты доцент Искакова М.К. қараша айына жасалған жұмыстары бойынша мәлімдеді.

ҚазҰМУ 80-жылдығына арналған және республикалық Дүниежүзілік СПИД-ке қарсы «ВИЧ-инфекция: проявления в полости рта. Универсальные меры предосторожности» тақырыбында ғылыми-тәжірбиелік конференция ұйымдастырылып өткізілді.

405-02 тобының студенті Бегимбетова К. және Бацаева Ю. ҚазҰМУ 80- жылдығына арналған халықаралық СПИД-ке қарсы күнге факультет аралық студенттік конференцияға қатысты және сертификатпен марапатталды.

2010 ж. 30 қараша күні ҚазҰМУ 80 –жылдығына арналған «21 ғасыр ғылымы және жастары» тақырыбындағы ғылыми - студенттік конференция өтеді.


Стоматология пәндерінің оқу-клиникалық департаментінде төмендегідей

ғылыми жұмыстар атқарылды:



  1. Инновациялық тақырыбтарда 2 бөлімнен тұратын ғылыми зерттеу жұмыстары жүргізілуде «Жақ-бет аймағының қабыну процестермен және жарақаттарымен науқастардың емдеу жолдары мен реабилитация ».

  2. ҚазҰМУ-нің 80-жылдық мерейтойына арналған «АИВ-инфекциясы: ауыз қуысындағы көріністер, алдын-алудың әмбебап шаралары» және «Студенческая наука- шаг в большую науку» атты студенттердің-ғылыми конференциясы

  3. СҒҮ жиналысы өткізілді;

  4. «Ортопедиялық стоматология пропедевтикасы» кітабы шықты.

  5. ҚазҰМУ-нің 80-жылдық мерейтойына арналған жинағына 5 мақала өткізілді

  6. «Президент ж\е халык»,»Алматы акшамы» газеттеріне 2 мақала жарияланды

  7. Мәскеу қаласында өтетін «Медицина тарихы» халықаралық конференциясына 2 баяндама және 2 мақала – тезис жіберілді;

  8. «Ғылым және ХХІ ғасыр жастары» атты студенттік ғылыми конференцияға 3 баяндама тапсырылды.



Қоғамдық денсаулық сақтау Мектебінің белсене атсалысуымен 18 қараша күні ғылыми-техникалық ақпарат Ұлттық орталығында «неміс ғылымының Қазақстанағы күндері» аясында ғылыми-оқыту форумы болып өтті. Оның жұмысына аға ғылыми қызметкер С. Н. Третьякова қатысты.

«Қарт жастағы адамдардың өмірін белсенді ұзартуды қамтамасыз етудегі қартаюға қарсы модельді жасау» ҒТБ мүшелері қатысуымен мәжіліс болып ұйымдастыру шараларын нақтылау, зерттеуді 25 қарашадан бастау, ғылыми блок өкілдерімен оперативті жұмыстарды бөлу мәселері қаралды.

Тексеруге қажетті материалдар, инструменттер, реактивтер алынып қажетті орындарға жеткізілді.

Дәрігерлердің қабылдау бөлмесін, қабылдау кестесін, тіркеу, мамандардың, лаборанттардың жұмыс орнындарын шешу, анықтамалық ақпаратпен қамтамасыз ету мәселері шешілді.


Үздіксіз білім беру орталығында Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау басқармасының Ғылым және медициналық білімдегі инновациалық технологиялар республыкалық орталығының тапсырмасына сәйкес 18 мамандық бойынша 3600 тест орыс және қазақ тілдерінде құрастырылды. 5 ғылыми мақала басылымға шықты. ҮББО ПОҚ Сызғанов атындағы ХҒО-да 1 докторлық және 3 кандидаттық диссертация рецензияландырылды. 26-29 қараша аралығында Мәскеу қаласында 2 кафедраның қызметкері халықаралық конгреске қатысты. Жанұя медицина кафедрасының меңгерушісі Нугманова Д.С. Семей қаласында 1 қарашада өткен «Алғашқы медициналық-әлеуметтік көмектің даму перспективасы» конференцияда «Алғашқы медициналық-әлеуметтік көмектің туберкулезді емдеудегі және анықтаудағы маңызы» 1 мәлімет оқыды.



  1. КЛИНИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ

Клиникалық бөлімнің қараша айында жасалған жұмыстары:

  1. Кафедралар үшін клиникалық базалармен қосымша келісімдер жүргізілді:

– № 4 ішкі аурулар;

  • мейірбике ісі;

  • амбулаторлық-поликлиникалық терапия;

  • амбулаторлық-поликлиникалық педиатрия.

  1. Клиникалық базалармен ауызша (телефон жүйесі арқылы) және жазбаша түрде байланыс жүріп жатыр.

  • Кафедра қызметкерлеріне клиникалық база жетекшілерінен түскен екі шағым қарастырылды;

  • Темір жол ауруханасынан бөлмелерді ақылы түрде жалға алуға келісім жүргізу келісілді.

  1. Клиникалық кафедралардың материалдық-техникалық базаларын жақсарту мақсатымен, бөлім клиникалық кафедралардан медициналық құрал-жабдықтарға өтініштерін қабылдайды. Барлық өтініштер жинақтастырылып, мемлекеттік сатып алу бөліміне беріледі.

  2. Клиникалық бөлім Соғыс және Еңбек ардагерлеріне қайырымдылық шарасын «Ашық есік күнін» ұйымдастырды. ҰОС емханасы базасында Университеттің 7 кафедрасының мамандары 199 науқасты қарады.

  3. Бөлім студенттердің ФГ-тексеруден өтулерін тұрақты бақылауда ұстайды. Ағымдағы жылдың соңғы 10 айында 15 студенттерден түберкүлез шыққан. Олардың тобындағы студенттерді және оларға сабақ берген оқытушыларды ФГ-тексеруден өткізді.

  4. ЖШС «Эгида» арқылы санитарлық кітапшаларды алу ұйымдастырылды.

  5. Әуезов аудандық СЭС-тан медициналық пункт ашуға арнайы рұқсатнама алынды.

  6. Университет аймағындағы 4 тамақтандыру орындарының басшыларымен студенттерді дұрыс тамақтандыруды ұйымдастыру үшін кездесу жүргізілді.

  7. Гепатит В-ге қарсы вакцинация жасаудың I кезеңі ұйымдастырылды.


Ғылыми-білім беру зертханасында негізгі әдістер бойынша анализдер жасалуда:

  1. Ашық қан анализі

  2. ИФА – иммуноглобулинді таңдау классы М к цитомегаловирусы.

  3. ИФА – иммуноглобулиндердің таңдау класы G цитомегаловирус классындағы индексін анықтау.

  4. ИФА – иммуноглобулиндердің анықтау класы G к жай вирусті герпес 1 және 2 типі

  5. ИФА Mycoplasma hominis иммуноглобулинді анықтау G антигенді.

  6. ИФА –Mycoplasma hominis иммуноглобулинді анықтау А антигенді.

  7. ИФА –Chlamydia trachomatis иммуноглобулинді анықтау Gантигенді.

  8. ИФА –Chlamydia trachomatis иммуноглобулинді анықтау А антигенді.

  9. ИФА –М қызамық вирусында иммуноглобулинді канықтау.

  10. ИФА – қызамық вирусына G классындағы иммуноглобулиндердің көрінбеу индексін анықтау.

  11. ИФА – Toxoplasma gondii –ға G классындағы иммуноглобулиндердің көрінбеу индексін анықтау.

  12. ИФА –Ureaplasma urealyticum иммуноглобулинді анықтау G антигенді.


Емдеу факультетінің №2 ішкі аурулар кафедрасы оқу-клиникалық жұмысты дамыту бойынша шаралар тізімі:

  1. Қараша айында 5 курс емдеу факультетінің 20 тобы бюджет бөлімінен (қаз.тілд.) «Ішкі аурулар» , «Кәсіптік тәжірибе», «Кәсіптік аурулар» пәндері бойынша сабақ өткізілді.

  2. С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-дің 80-жылдығына орай теледидарлық бағдарламаға қатысты: «Артериальді гипертензия», «Қан аурулары».

  3. Қазан айы бойынша 340 науқасқа кеңес берілді, 45 науқас емделді.


Бала емдеу факультетінің №1 Балалар аурулар кафедрасының клиникаық жұмысы: ҚазҰМУ 80- жылдық мерейтойына және ҚД халықаралық күресу күніне арналған «Қант диабеті-мәселенің заманауи жағдайы» ғылыми-практикалық семинар, 70 дәрігерлер, мед.бикелер, интерндер, кафедраның 4,6 курстың студенттері, резиденттері қатысты. «Ақсай» РКБА. ҚазҰМУ 80-жылдық мерейтойына арналған ғылыми-практикалық конференция,«Сирек аурулар. Генетикалық соққы». № 1 ҚКБА. Базалық клиникаларда емдеу-консультативті көмек:

  • Консилиумдар – 9 (2ҚКБА – 4, 1 ҚКБА -5)

  • Консультацияланды – 93

  • Емделді – 49 бала

Ауру тарихын рецензиялау – 5.

«Ашық есік күні» акция. № 11 ҚЕ Алматы қ.(Айнабұлақ ы/а) консультацияланды 32 бала, 3-айдан 17 жасқа дейінгі балалар. №2 Балалар үйіне қайырымдылық көмек, Алматы қ., - 30 балаға клиникалық бала қаралды.

№2 ҚКБА емделуде жатқан 1 жасқа дейінгі балалар сырқатнамаларына сараптамалық баға (АТ 120).

2 Балалар аурулар кафедрасы Талғар қаласының тұрғындары үшін «Ашық есік» күнін жүргізді (емхана мен ауруханада ауру балаларды тегін қарау), түстен кейін Талғар ауданының педиатрларына лекция оқылып, «мастер-класс» жүргізілді. «Балалардағы пневмонияның заманауи диагностикасы мен емі» (С.К.Құрманбекова).



АЕП кафедра қызметкері өзінің емдік жүктемесін өзінің клиникалық базасында атқарады.

Неонатология кафедрасы №1 перзентхана базасында неонатологтарға арналған №2 ғылыми-практикалық семинар өткізіді. Неонатологияның мәселелері бойынша 5 ғылыми мақала ҚазҰМУ хабаршысы және эпидемиология және иммунологиялық «Денсаулық және сырқат» журналына басылымға берілді.

Балалар хирургиясы кафедрасында есеп беру жылы 28 науқасқа операция жасалды. 12 консилиум, 38 дәрілергік кеңес берілді, 24 наркоз жасалды.

Балалар жұқпалы аурулар кафедрағы емдік жұмыс №1 хаттама 28.08.2010 ж. кафедра жиналысында бекітілген жоспар бойынша жүргізілді. Жоспарға сәйкес 371 науқастан ЖРВИ 45 кеңес берілді. 192 науқас емделді. Қаланың басқа емдеу мекемелерінде кеңес берілген науқастар: олардың ішінде 18 науқас: балалар хирургия және педиатрия ғылыми орталығында- 3 консилиум профессор Тыныбеков А.С. өткізді, доцент Катарбаев А.К. – 1 науқасқа кеңес берілді. №2 БҚКА - 1 науқастқа профессор Тыныбеков А.С., 3 науқасқа доцент Катарбаев А.К. кеңес берді; №5 ҚКА 3 науқасқа кеңес берілді.(доцент Катарбаев А.К. және ассистент Головенко М.В.) ; №1 ҚКБА 2 науқасқа ассистент Головенко М.В. кеңес берді, профессор Құттықожанова Ғ.Ғ. – 5 науқасқа кеңес берді. Кафедра қызметкерлері сабақтан тыс уақытта 4 рет жедел жағдайлар бойынша кеңес шақырылды. Жұмыстың жоспары бойынша 3 семинар өткізілді:

«Гемолитический синдром при ОКИ у детей» - 8 бөлімшенің дәрігерлеріне, доцент Катарбаев А.К. «Бронхообструктивный синдром, клиника и лечение» - 5 бөлімшенің дәрігерлеріне, ассистент Ералиева Л.Т. «Энтеровирусная инфекция у детей» - 11 бөлімшенің дәрігерлеріне, доцент Султанова Т.А. Комитеттің тапсырмасы бойынша медициналық көмек.

Доцент Султанова Т.А. - Омар Т. 3 жастағы қайтыс болған баланың ата-анасының шағымы бойынша талдауға қатысты. Доцент Өмешева К.А. – Қалибай Б. 7 айлық қайтыс болған баланың ата-анасының шағымы бойынша талдауға қатысты.
Стоматология пәндерінің оқу-клиникалық департаментінде емдеу жұмысы комплекстік жоспарға сәйкес төрт клиникалық базада жүргізілді: 5 КҚА; «стомотология» РҒОКО;АОККА;ҚР ҚМ ӘКГ. Балалар емханасында 359 балаға, санацияланған-151 балаға емдеу жұмыстары жүргізілді. Орындалған емдеу жұмысының көлемі:


  • Жалпы науқас саны-531 науқас,олардан 205 науқас кеңес алды , 59 науқасқа операция жасалынды.

  • Сонымен қатар, кафедра қызметкерлері «Амбулаторлық қабылдауда стомологиялық көмек көрсету кезіндегі қателіктер және асқынулар», Өскемен қ. және «Госпитализацияға дейінгі кезеңіндегі стомотологиялық көмектің қателіктері жэне асқынулары» атты ғылыми-тәжірибелік конференцияларға қатысты.


Үздіксіз білім беру оралығының кафедра ПОҚ әртүрлі патологиялық 485 науқас қабылданып, 19 науқасқа ота жасалды. 11-13 қараша аралығында акушерия-гинекология кафедрасының меңгерушісі Шарифканова М.Н. Атырау қаласында Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау басқармасының бұйрығы бойынша ана өліміне байланысты тексеріске барып қайтты. Акушерия және гинекология кафедрасының ПОҚ ана мен бала өлімінің алдын алу мақсатында қалалық басқарманың жұмысына қатысып қайтты.

5. ӘЛЕУМЕТТІК –ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫ

Тәрбие жұмысын сатылай ұйымдастыру Концепциясын іске асыру барысында тәрбие ісі жөніндегі бөлімнің іс-шаралары:



С.Д.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университетінің тәрбие істерінің стратегиясы студенттің жеке басын қалыптастыруға жоғары оқу орнының белсенді ат салысуына негізделген. Тәрбие оқудан тыс педагогикалық іс-әрекеттің элементі ретінде оқшау тұрмай, жалпы оқыту мен дамыту процесіне үйлесімді кірігеді (интегрирует), сондықтан студенттердің университетте оқуы барысында тәрбие үрдісінің негізгі іс-шаралары кешенді жүзеге асырылады:

  1. ҚазҰМУ-дың интеллектуалдық клубы креативтілікті дамытуға бағытталған тренингтердің бағдарламасын дайындады;

  2. Университеттің студенттік жасағы № 4, 8 студенттер үйлеріне кезекті тексеру жүргізді. Тексеру барысында № 8 студенттер үйінен өзге ЖОО оқитын студенттердің заңсыз тұрып жатқандығы және № 8 студенттер үйінің коменданты пара алғандығы анықталды;

  3. Кураторлар кеңесінің отырысы өткізілді;

  4. Университеттің Студенттік Үкіметінің төрағасын сайлау өтті. Сайлауға қатысқан 4 үміткердің ішінен жалпы медицина факультетінің 4 курс студенті Нұрмағамбетов Асхат жеңіске жетті;

  5. Білім және ғылым министрлігі және Қазақстан студенттерінің Альянсымен бірге «Студенттік өзін-өзі басқару институтының тиімділігі мәселелері» тақырыбында Республикалық Студенттер форумы жоғары деңгейде өткізілді. Форум жайлы толық мәлімет ҚазҰМУ-дың ақпараттық порталына орналастырылды;

  6. С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-дың сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар жоспары дайындалды;

  7. С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-дың тәрбие жұмыстарын сатылай ұйымдастыру жұмыстарының жүзеге асырылу бойынша студенттерге сауалнама жүргізілді, сауалнама нәтижесі дайындалуда;

  8. ҚазҰМУ-дың 80 жылдық мерейтойына дайындық жұмыстары жүргізілуде: Студенттер күнінің бағдарламасы дайындалды, сценарий нақтылануда;

  9. № 6 студенттер үйінде Құрбан айт мерекесі өткізілді;

  10. Тәжірибе алмасу мақсатында Әл-Фараби атындағы ҚазМУ студенттер театрының қойылымы тамашаланды;

  11. Биохимия кафедрасының ұйымдастырған «Жастар және олардың денсаулығы» тақырыбындағы іскерлік ойынына қатыстық;

  12. Университеттің студенттік Үкіметінің алдыңғы және кейінгі төрағалары университет президенттерінің 1 саммитыныа қатысты;

  13. Әл-Фараби ат. ҚазҰУ, КИМЭП, КБТУ студенттерімен бірге қоғамдық денсаулық сақтау, фармацевтикалық, стоматологиялық факультеттерінің студенттері «Ағартушы-Көкжайлау» маршруты бойынша 6-шы бұқаралық экотурға қатысты;

  14. Біздің университеттің студенттері әл-Фараби ат. ҚазҰУ студенттерімен кездесіп, «Жасыл кампус» бағдарламасын бірігіп іске асыру мәселелерін талқылады;

  15. ҚазҰМУ –дың 80-жылдық мерейтойына арналған деректі фильмді түсіруге қатыстық ( дыбыс жазу, белсенді студенттерді түсіру);

  16. Университеттің студенттік Үкіметінің ұйымдастыруымен «ҚазҰМУ студенттік өзін-өзі басқаруының қалай жетілдіруга болады?»


Мұражайдың 2010 жылғы қараша айында жасаған жұмыстарының қортындысы. Күрделі жөндеу жұмыстарынан кейін мұражай залдарында экспонатармен танысу, экскурсия жұмыстарын жүргізу белсенді түрде іске асуда. Қараша айында мұражайға 67 ұйымдастырушылық топтан 500 аса адам қатынады. Бұл көрсеткіш бір айлық орташа көрсеткіштен асыңқырап түседі, өйткені қыркүйек айындағы жөндеу жұмыс-тарының салдарынан мұражайға қатынасушылар кешіңкіреп қабылданды.

Бірінші қабаттың астындағы (подвалдағы) мұражайдың архивтік қорының залдарына күрделі жөндеу жұмыстары әлі біткен жоқ. Қазіргі уақытта архивтік қордың залдарын-дағы электр сымдарын, шамдарын жаңартып салу жұмыстары аяқталды. Жылту жүйелерін(құбырлар, шойын батареялар) орналастыру,оларды бояу, бөлмелерді сылау жұмыстары жүргізілуде.

Мұражайдың қатысуымен Акт залында «ҚазҰМУдың аса көрнекті оқытушылары және түлектері» галереясы дайындалып, ілінді.

Мұражайдың қатысумен осы жоғарғы оқу орнында қызмет еткен «1930 -2008

жылдардағы ректорлар» галереясы дайындалып, ілінді.

«ҚазҰМУдың аса көрнекті оқытушылары және түлектері» тақырыбы бойынша архивтік материалдарға зерттеу жұмыстары жүргізілді. Интернетте түлектер галереясын даярлау үшін электронды түрде фото материалдар даярланды.

«ҚазҰМУдың 80жылдығына – Дәрігер түлектер» кітабын даыйдау үшін, архивтік материалдарды іздестіру және зерттеу жұмыстары жүргізілуде.

Жаңа құжаттар мен материалдарға ізденіс жұмыстары жүргізілуде,мұражай қорын қараша айында барлығы 30 құжаттармен толықтырылды, оның ішінде профессор, ғылымға еңбегі сіңген қайраткер Қ.М.Маскеевтің өмірі мен қызметі туралы, өте сирек кездесетін материалдар бар.

Тақырыптық экскурсиялар өтінім бойынша жүргізіледі. Ұйымдасқан топтар үшін әңгімелер ұйымдастырылып, деректі фильмдер көрсетіледі, мұражай залдарына экскурсиялар жүргізіледі.

Мұражай базасында 6 қарашада 20жыл бұрын бітірген түлектердің мерейтойлық кездесулері өткізіліп төмендегідей жұмыстар жүргізілді. Әңгіме ұйымдастырылып, «ҚазҰМУдың бүгінгі күні» деректі кинофильмі көрсетілді.

ҚазҰМУ дың 80жылдығына орай 15қарашада өткен Республикалық студенттер форумына қатысушылары үшін мұржай залдарында экскурсиялар жүргізілді.

Басқа да қалалардан келген 270тен аса студенттер мұражай экспонаттарымен танысты.

Кесте бойынша мұражайда 17 қарашада кафедра ассистенттері үшін «Мұражай базасындағы тәрбиелік жұмыстың тәжирбесі» тақырыбында семинар – сабақтар жүргізіледі.

Қазіргі уақытқа дейін мұражай қорында күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде, сол себепті мұражай қызметкерлері архивтік қордағы құжаттар мен экспонаттардың сақталу тәртібін қатаң бақылауда.

Архивтік 22 жеке құжаттар папкаларына оның ішінде 195 құжаттар мен материалдарға реставрациялық жұмыстар жасалынды.

Белгісіз суретшінің майлы бояумен жазылған «Анатомиялық театр» картинасына (размері 140 х 200) үлкен реставрациялық жұмыстар жүргізілді.



Білім сапасын зерттеу, бақылау және медициналық білім реформасын ғылыми тұрғыдан негіздеу орталығының (БСЗБ және МБРҒНО) қызметкерлері С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университетінің 80-жылдық мерейтойына арналған іс – шаралар дайындығына қатынасты.

15 қараша күні орталық қызметкерлерімен Қазақстанның 26 қаласынан келген 118 Республикалық студенттік форум қатысушыларына Симуляция орталығында экскурсия өткізді



ОҮжПҰ бөлім ҚазҰМУ-нің 80-жылдығына арналған конференцияларға, кездесулерге тапсырысын қабылдап аудиториямен қамтамасыз етуде.
Мемлекеттік тілді дамыту бөлімінің қараша айында Алматы қаласы әкімдігінен 2010 жылдың 8 қыркүйегінде келген № 2190 хатқа сәйкес, 2010 жылдың 15 қазан айында өткен университетшілік «Жігіт сұлтаны» байқауында бас жүлдені алған педиятрия факультетінің студенті - Тұрсынметов Санжар мен «Ана тілі аруы 2010» байқауының жүлдегері медициналық-профилактикалық факультетінің студенті - Нарымбаева Назерке қараша айының 12-сі Республикалық «Ана тілі мен сұлтаны» байқауына қатыстырылды. Байқау нәтижесінде 40 университеттен қатысқан студент қыздар арасынан Нарымбаева Назерке алғашқы 10-дықтар қатарына ілінсе, Тұрсынметов Санжар 43 қатысушылар арасынан 11 орынды иеленіп, Білім және ғылым министрлігінің «МАРАПАТТАУ» сыйлығын иеленді.
Емдеу факультетінде ҚазҰМУ 80 жылдығына арналған оқу-әдістемелік семинарлар, конференциялар және ПОҚ-тың шеберлік кластарын ұйымдастырылды және өткізілді.

2 ішкі аурулар кафедрасы тәрбиелеу жұмысы бойынша шаралар тізімі:



  1. Мына тақырыптар бойынша 2 дөңгелек стола өткізілді:

А. «Адамда барлығы да әдемі болуы қажет» 514(02), 515 (02) топтарында;

Б. «Абай шығармашылығы» 506 (01,02), 505 (01,02,03) топтарында.



  1. Барлық топтарда Астанада өтетін ОSCE саммиті жайында әңгіме болды.

Ішкі аурулар бойынша тәжірибелік сабақтар жүргізуде үнемі оқыту бағдарламалары, бейнефильмдері, оқулықтардың, оқу нұсқауларының, дәріс презентацияларының электрондық түрлері қолданылады.
Жалпы Медицина факультетінің Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына Қазақстанның төрағалық етуіне байланысты 1-2 желтоқсанда өтетін саммитке байланысты кафедраларында студенттермен тәрбие сағаттары өткізілді (Қалыпты анатомия, коммуникативтік дағдылар, психология және медициналық психатрия, қалыпты физиология, валеология, молекулалық биология және генетика, ішкі аурулар пропедевтикасы кафедралары).

«2010 жыл – Қазақстан Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық ұйымына - төраға» студенттік ғылыми-теориялық конференцияға жалпы медицина факультетінің студенттері қатысты.

2010 жылдың 4 қарашасында Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттік мұражайына көшпелі мультимедиялық интерактивті көрменің ашылуына 120 студент қатысты.

13.11.2010 жылы университеттік сенбілікке 100 студент қатысты.

2010 жылдың 15,16 қарашасындағы Республикалық студенттер форумының аясында өткен гала-концертке жалпы медицина факультетінен студенттері көрермен ретінде қатысты.

Университет ректорының 17.11.2010 жылғы №702 Бұйрығына сәйкес құрылған комиссия №1, №2 жатақханаға тексеру жүргізді. Комиссия құрамында белсенді студенттер, кафедралардың аға тәлімгерлері, декан орынбасарлары болды.

19.11.2010 жылы университеттің Конгресс-Холлында жалпы медицина факультетінің 1 және 2 курстарымен Экономикалық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы департаментінің аға инспекторы, подполковник Қ.Қ.Қасымбаевпен кездесу өткізілді. Кездесуде студенттерге «Сыбайлас жемқорлық фактісі туралы сіз қалай хабарлай аласыз?» деген сауалнама таратылды.

Абай Құнанбаевтың 165 жылдығына арналған «Өлең - сөздің патшасы» атты поэзия кеші ұйымдастырылды (қалыпты анатомия кафедрасы).

«Жастар және оның денсаулығы» тақырыбында биохимия кафедрасының тәлімгерлері іскери ойын өткізді.
Бала емдеу факультеті №6 жатақханада рейд жүргізді. Берілген жолдамаға сәйкес тұрып жатқан студенттер тексерілді. №6 жатақхана тұрып жатқан студенттер саны – 570, педиатрия факультетінің студенттері-127, «ЖМ» 4 курс- 77.

1 Балалар аурулар кафедрасының әлеуметтік-тәрбие жұмысы:

1.«Дәрігер педиатрдың практикасындағы жетім аурулар» ғылыми-практикалық конференция.

2. Шылым тартудан бас тарту Күніне арналған дөңгелек үстел.



2 Балалар аурулар кафедрасы Қазақстанда өткізілетін ЕҚЫУ (ОБСЕ) саммитіне орай студенттермен конференция өткізілді. Бауыржан Момышұлының 100-жылдығына арналған студенттік конференция өткізілді.

Балалар жұқпалы аурулар кафедрасы Алматы мемелкеттік музейге барып, 09-2,09-3 пе№факультетінің студенттерімен фотоальбом жасалды. №8 жатақханада кезекшілік доцент Аспетова Н.А. «Астанадағы ОБСЕ Саммитін өткізу» қатысқан студенттер 5,6 курс педиатрия факультетінің студенттеріне өткізген.

АЕП кафедрасы тәрбие жұмыстары жөнінде курациялайтын топтарда әңгімелер жүргізілді. Балалар хирургиясы кафедрасы тәрбиелеу жұмысы жоспар бойынша жасалуда. Кемшіліктер жоқ.
Медициналық-профилактикалық факультетінде әлеуметтік-тәрбие жұмысы бөлімі бойынша:

  1. «Балалар мен жасөспірімдер арасында жыныстық тәрбие беру» тақырыбында пікір талас әңгіме өткізілді.

  2. «Туберкулез ауруының алдын алу» тақырыбын талдау презентация түрінде өткізілді.

  3. «ЖИТС- тың алдын алу» тақырыбында студенттер реферат жазып талдады.

  4. «Алкаголизмнің алдын алу» тақырыбында студенттер арасында әңгімелесу жүргізілді.

  5. «ЖИТС- иммундық тапшылық» тақырыбын талдау презентация түрінде жүргізілді.

Жалпы гигиена және экология кафедрасы Университеттің 80 жылдығына байланысты тәрбиелік жұмыстар жөнінде стенд шығарылды, мына тақырыптарға әңгімелер жүргізілді: «Даңқ залы жөнінде», «Білімді студенттің ережесі», «Үнемі қозғалыста бол, ешқашан берілме», «Өз үлгісінде тәрбиелеу». ҚазҰМУ-нің символикалық ескерткіші-«Өмір аллеясы жөніндегі ереже» дайындалды және Ғылыми кеңеске мақұлдануға берілді.

Нутрициология кафедрасы 4 курс ҚДС, 5 курс емдеу факультетінің студенттеріне академик Шарманов Т.Ш. туралы фильмді көрсетті. 6 курс МПФ студенттері арасында баяндама жасалды: «Біз жемқорлыққа қарсымыз».
Фармацевтика факультетінде әлеуметтік-тәрбие жұмысы бөлімі бойынша:

  1. № 9 аудиторияда менеджмент факультетімен бірге фармацевтика факультетінің студенттері OSCE саммитіне арналған іс-шара өткізді

  2. жылы фармацевтика факультетінің 1 курс студенттері халықаралық студенттер күніне арналған гала-концертке қатысты

  3. Тәрбие жұмысы бөліміне еліміздің тәуелсіздігінің 20-жылдығын тойлауға факультет бойынша іс-шара жоспарын ұсынды

  4. Мемлекеттік тілді дамыту бөліміне «Ана тілі аруы 2010» іс шарасына қатысатын фармацевтика факультеті 1 курс студенттерінің тізімін ұсынды

  5. Студенттер сарайында өткізілген «Жас жұлдыз» фестиваліне 50 адамнан тұратын фармацевтика факультетінің 1 курс студенттері қатысты

  6. Қараша айында деканат ДБЖАМИ жатаханасына барып, студеннтерге орындықтар мен столдардың жетіспейтін анықтады және студенттермен жатаханада тұру ережелері туралы әнгімелесті

  7. ҚПТ-ға бойынша жоспар жасалған және фармацевтика факультетінің топ басшыларымен бірге 2 курс студенттері осы жоспарға сай қазан айынан бастап жұмыс істеді

  8. «Денсаулық адвокаты» клубының ашылу салтанатына қатысты

  9. «Жастар денсаулығының орталығы» презентациясына қатысты


Фармация оқу департаментінің әлеуметтік-тәрбие жұмысы:

1.Тәлімгерлер тәлімгерлік топ студенттерімен 2 әңгімелесу өткізді: «Жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру» және «Туберкулездің алдын алу»

2. Тәлімгерлер мен студенттер көмек көрсету мақсатында балалар мекемелерінде болды:

«Алматы облыстық орта мектебі - №15 интернат», «Көмекші мектеп-интернат №6»,

«Жетім және ата-аналарының қарауынсыз қалған балаларға арналған №3 көмекші мектеп-инетернат»

3. Тәлімгерлік топ студенттері ҚазҰМУ тарихи экспозициясымен, ҚР орталық Ұлттық музейімен танысты.

4. Тәрбие жұмысы бойынша ҚазҰМУ 80 жылдығына арналған қабырға газетінің материалдары жаңартылды.

5. МАБ сынамалық тесттері 4 пән: информатика, философия, аналитикалық химия органикалық химия бойынша жүргізілді.

6. Тәлімгерлер студенттермен М.Әуезов және Лермонтов атындағы драма театрларына, Г.Мүсрепов атындағы жасөспірімдер театрына барды.

7. Кафедра қызметкерлері тәлімгерлік топ студенттері тұратын АДБЖИ жатақханасында кезекшілікте (03.11.10, 10.11.10, 17.11.10, 24.11.10) болды.

8.Тәлім-тәрбие жұмысы кафедрада фармацевтика факультетінің 2 курс студенттерімен жүргізілді. Студенттер ҚазҰМУ-нің мұражайында «Монгол» атты көркемсуретті фильмді тамашалады. Қоғамдық пайдалы еңбек сағаттарын кітапханада өткізді.

9.2010жылдың 26 жұлдызында САММИТ ОБСЕ жайында,(1-2 желтоқсан Астана қаласында өткізілетін) «Қазақстанның ОБСЕ-дегі ролі» туралы конференция өткізілді.Баяндамашы фармацевтика факультетінің 4 курс студенті Каирденова А. Жауапты жетекші, доцент Кунанбаева Г.С.

10.Абай атындағы опера және балет театрында өткізілген Қарағандылық филармонияның концерттік қойылымына фарм.химия,токс.химия,фармакогнозия,ботаника кафедрасының доценті Саякова Г.М.студенттермен бірге барды.

11.Фармацевтика факультетінің 5 курс студенттеріне арналған «Менеджмент - бұл керемет!» тақырыбы бойынша дәріс-конференция өтті.Баяндамашылар – Блатов Р., Купешова Д., Демченко Е., Егорова Е., Лаптева И., Жонисова И., Нам Р. Лаптева Е.


Стоматология факультетінің декан, декан орынбасары және 2 курстың аға кураторымен №5 және №2 жатақханасының студенттерімен тәрбие жұмысы жүргізілді. 405-02 тобының студенті Бегимбетова К. және Бацаева Ю. ҚазҰМУ 80- жылдығына арналған халықаралық СПИД-ке қарсы күнге факультет аралық студенттік конференцияға қатысты және сертификатпен марапатталды.

Стоматология пәндерінің оқу-клиникалық департаментінде кафедраларда тәрбие жұмысы-тәрбие жұмысы жөніндегі проректор Каракушикова А.С келісімімен бекітілген жоспары бойынша өткізілдуде.

  • Кафедра меңгерушісі пофессор Оразалин Ж.Б. және тәлімгерлердің басқарымен 3 курс старосталарымен кеңейтілген жиын өткізілді.

  • Еуропадағы қауіпсіздікті сақтау ұйымының Астанада желтоқсанның 1-2 күні өтетін саммиті және Қазақстанның осы ұйымдағы ролі жайлы барлық топтарда кураторлық сағаттар өткізілді

  • Студенттердің М. Ауезов атындағы теартрға «Үмітің үзілмесін» атты қойылымға қатысуы

  • Барлық топта ҚазҰМУ «Студенттердің ар-ождандық кодексі» туралы әңгіме лесу-кездесуөткізілді.

  • 10.2010 ж. Конгрес холда «Деструктивті діни ұйымға тон болмау үшін не істеу керек» деген тақырыпқа ІІБ-ның қызметкерлермен кездесу болды

  • Алдағы сыртқы аудитке тәрбие ісі жөніндегі барлық құжаттарды дайындау үстінде


Жалпы білім беру департаментінің 26.11.2010 ж. №9 Сәтпаева атындағы аудиторияда 1,2 курс студенттерінің қатысуымен жалпы білім беру пәндерінің департаменті, денсаулық сақтаудағы менеджмент және фармация, фармацевтика деканаттарының және Қазақстан тарихы, мәдениеттану, философия,.саясаттану, әлеуметтану кафедрасының ұйымдастыруымен «Қазақстан ЕҚЫО төраға» тақырыбында конференция болып өтті. Конференция материалдары «Шипагер» газетінде шығарылады.
Х.Досмұхамедов атындағы Қоғамдық денсаулық сақтау мектебінің директоры Қ.А. Төлебаевтың басшылығымен «Денсаулық адвокаты» Клубының ашылу салтанатына байланысты ұйымдастыру комитетінің мүшелерімен және университеттің жастар ұйымдарының өкілдерінің қатысуымен жиналыс өтті. Жиналыс барысында «Денсаулық адвокаты» Клубының ашылу салтанатына дайындық шаралары сөз болды.

Х.Досмұхамедов атындағы Қоғамдық денсаулық сақтау мектебінің ұйымдастыруымен С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің 80-жылдығына орай университеттің Даңқ залында «Денсаулық адвокаты» Клубының ашылу салтанаты болып өтті.

Оған Айқан Ақанұлы Ақанов бастаған университет басшылығы, факультет декандары, департамент директорлары, оқытушылар, және Алматы қаласы сотының судьясы Сейтова Сая Амангелдіқызы, Алматы қаласы прокурорының көмекшісі Бименов Еркін Кеңесбайұлы, Алматы қалалық адвокаттар коллегиясы президумының төрағасы Карчегенов Кенжегали Кадырович, «Аман-саулық» қоғамдық қорының Президенті Бақыт Ниязбекқызы Түменова, «Онкологиялық және сирек кездесетін науқастарға қолдау көрсету Ассоциациясы» Республикалық Қоғамдық Ұйымының Президенті Калиничук Тамара Петровна, халықаралық медициналық құқық ассоциациясының мүшесі, қалалық СПИД орталығының заңгері Алиев Мирфаик, Қалалық адвокаттар коллегиясының адвокаты Тарабрин Александр Васильевич, сонымен қатар Университеттің жастар ұйымдары атап айканда пікірсайыс клубы, ТОП-100, «Демеу» СКҚБ, Жастар ісі жөніндегі комитет, студенттік үкімет мүшелері, 1-2 курс магистранттар, докторанттар, студенттер барлығы 115 тен аса қонақтар қатысты.

Х.Досмұхамедов атындағы Қоғамдық денсаулық сақтау мектебінің директоры Қ.А. Төлебаевтың басшылығымен Жастар Денсаулық Орталығы ұйымдастыру комитетінің мүшелерімен кеңес өткізді. Кеңес барысында Жастар Денсаулық Орталығының ашылу салтанатына дайындық шаралары талқыланды.

Х.Досмұхамедов атындағы Қоғамдық денсаулық сақтау мектебінің ұйымдастыруымен С. Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің 80-жылдығына орай Қоғамдық денсаулық сақтау мектебінің мәжіліс залында Жастар Денсаулық Орталығының ашылу салтанаты болып өтті.

Оған академик Т. Ш. Шарманов, С. Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің ректоры, профессор А.А. Ақанов, салауатты өмір салтын қалыптастырудың Ұлттық орталығының директорының орынбасары Ш.С. Қаржаубаева, ЮНИСЕФ өкілдері Г. Ли, С. Карпов, қалалық №10 емхананың бас дәрігері А.А. Абуталипова, оқытушылар құрамы, Университеттің жастар ұйымдары, ТОП-100, Жастар ісі жөніндегі комитет, студенттік үкімет мүшелері, 1-2 курс магистранттар, докторанттар, студенттер қатысты.


Үздіксіз білім беру орталығы тыңдаушылармен ЕҚҚҰ халықаралық саммит және Қысқы Азияданың маңызы туралы әңгіме өткізді. барлық тыңдаушылар жыл сайын өтетін «Адам және дәрі» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға 25-26 қараша аралығында қатысты. Терапия және педиатрия тыңдаушылары 17-18 қарашада өткен Дүниежүзілік СОӨА күніне «дөңгелек үстелге» қатысты.
Ғылыми-білім беру зертханасында қараша айында (The Bureau of Educational and Cultural Affairs) АҚШ Мем департаментінің білім және мәдениет істері бойынша бюро грантының қаржысына жас оқытушыларға арналған «Teaching excellence – Педагогикалық іскерлік» атты семинар болып өтті. С.ж.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина университеті семинардың өткізілуіне және педагогикалық тәжірибе мен дағдыларға ие болуға көмектесетін жас оқытушыларға арналған. Орталықтарды құруға жетекшілік етті. Семинарда оқытудың жаңа әдістерін қолдану, оқытуда техникалық құралдарды қолдану, студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру, тиімді презентацияларды құру және т.б. қатысты сұрақтар қаралды. Сол сияқты семинарлар Қызылорда, Астана және Қарағанды қалаларында өткізілді. Ғылыми-білім беру зертханасында Құрбан айт мейрамы өткізілді. Зертхананы студенттер көмегімен зертхананы жөндеу жұмысынан кейін қалпына келтірі жұмыстары жүргізілді. Жөндеу жұмыстарынан кейін зертхананы қайта қалпына келтіру мақсатында студенттермен сенбілік өткізілді.
5. БҰҚАРАМЕН БАЙЛАНЫС ҚЫЗМЕТІ

С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-дың 2010-2011 оқу жылына арналған Даму стратегиясын іске асыру аясында қараша айында Қоғаммен байланыс бөлімімен келесідей іс-шаралар атқарылды.

ҚазҰМУ-дың 80 жылдығын атап өтуге қатысты іс-шаралар жоспарын орындауға байланысты жұмыстар жалғасып жатыр. Осының аясында бұқаралық ақпарат құралдарында ҚазҰМУ-дың басшылығының қатысуымен университет қызметін насихаттауға байланысты PR-репортаждар циклын ұйымдастырылды:


  1. 11 қарашада ауғаныстандық студенттер туралы ЕЫҚҰ бойынша хабарға сюжет түсірілді.

  2. «7 арна», «Хабар» арналары үшін қорытынды жаңалықтар үшін А.Ақановтан сұхбат алынды, ауғаныстандықтармен сюжет түсірілді.

  3. Симуляциялық орталық туралы сюжет әзірленді. «Қазақстан» телеарнасына сұхбат берілді.

  4. Ректордан сұхбат алынып, материал әзірленді («Егемен Қазақстан», «Алматы ақшамы», «Заң» - «Юридическая газета», «Современное образование» журнал).

  5. «Шипагер» газетінің қазан айындағы нөмірі әзірленді.

  6. PR-кампания бойынша мемлекеттік сатып алуға техникалық сипаттама және жазылуға өтінім әзірленді.

  7. Университет туралы түсірілетін фильмге сценарий жазылды.

  8. ҚазҰМУ туралы фильмнің мәтін жазылды.

«Денсаулық адвокаты», Республикалық студенттер форумы, Жастар денсаулық орталығының презентациясына баспасөз-хабарламаларын әзірленіп, БАҚ-қа таратылды.

  1. Мерейтойлық фильмге әзірлік жұмыстары жүргізілді, университеттің құрылыдық бөлімшелерін түсірді:

  • Кардиологиялық орталық (резидентура)

  • Симуляциялық орталық (үздіксіз білім беру орталығы)

  • Республикалық студенттер формумы

  • Кеңейтілген ректорттың түсірілімі

  • Департамент директорларының мәжілісі

  • Микробиология кафедрасы

  • Сұхбат (К.М. Маскеев, А.Л. Котова, Г.М. Есенжанова, Н. Салықбаева)

  • ҚазҰМУ клиникасы

  1. «Interfax» агенттігіне «ҚазҰМУ-ға 80 жыл» баспасөз маслихатына спикерлер таңдау, өтінімдер жасау, материалдар әзірлеп, ұйымдстыру.

3 қараша күні «Қазақстан» телеарнасынан арнайы келіп ҚазҰМУ-дың 80-жылдығына орай Симуляция орталығынан бейнеролик түсіріп кетті.


Мемлекеттік тілді дамыту бөлімі қараша айында С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің 80-жылдығына арналған қазақ тіліндегі «Медицина білімі – мемлекеттік тіл аясында» атты ғылыми мақалалар жинағына материалдарды қабылдау аяқталып, редакциялану үстінде.
Бала емдеу факультетінің №1 Балалар аурулар кафедрасы«Аргументы и факты» апталық газетке Сарсенбаева С.С. мақала дайындады. ҚазҰМУ 80-жылдық мерейтойына арналған клиникалық-білім беру орталығында «Денсаулық» бағдарламасына «Қазақстан» ТА түсірілім ұйымдастыру. ҚазҰМУ 80- жылдық мерейтойына арналған №2 ҚКБА «Денсаулық» бағдарламасына, «Қазақстан» ТА түсірілім ұйымдастыру.
6. ӘКІМШІЛІК-ІСКЕ КІРГІЗУ ЖҰМЫСЫ

Қараша айында Университеттің №1 оқу ғимаратындағы 1, 2 павильондарындағы жер төледе күрделі жөндеу жұмыстары 100%, сондай-ақ спорзалда 100% жасалған.



Қазіргі ағымдағы жөндеу жұмыстары төменде көрсетілген корпустарда орындалды:

  • №3 оқу ғимаратынының 2 және 3 қабаттарында құрылыстық – жөндеу жұмыстары асырылды;

  • №7 оқу ғимаратынының 1 қабатындағы қызмет бөлмелерінде;

  • Университет аймағындағы жөндеу жұмыстары;

  • Көлік қожалығында шатырды жабу жұмыстары ұйымдастырылды;

  • Жатақханалардан оқу ғимараттарына жихазды ауыстыру.

Сондай – ақ күнделікті өтініштер бойынша сантехникалық, электротехникалық және құрылыстық – жөндеу жұмыстары жасалады.
8. САПА МЕНЕДЖМЕНТІ ЖҮЙЕСІ БӨЛІМІНІҢ ЕСЕБІ


  1. Келесі бөлімшелерде анықталған сәйкессіздіктер бойынша қайта инспекциялық аудит өткізілді: Халықаралық ынтымақтастықты дамыту бөлімі, Интернатура деканаты, Зертханалық диагностика және молекулярлық медицины кафедрасы, №1 ішкі аурулар кафедрасы. Келесі бөлімшелерде сәйкессіздіктер жойылмаған себептен қайта қосымша тексеру жүргізу қажет: Адам ресурстарын дамыту бөлімі, РОҒКО «Стоматология және ЖБХ», Қоғаммен байланыс жөніндегі бөлім, Мемлекеттік сатып алулар бөлімі, Ақпараттық технологиялар орталығы, ҒБЗ, КТЗ, ІжҚҒЗИ, СҒЗЖ және ЖҒК секторы, ӘЭЖД, Баланың инфекциялық аурулары кафедрасы, Кафедра визуальной диагностики, Клиникаға енгізумен мейірбике ісінің курсы кафедрасы, Балалар стоматологиясы мен стоматологиялық ауруларды алдын алу, ортодонтиясы кафедрасы, №1 хирургиялық аурулар кафедрасы, №4 ішкі аурулар кафедрасы, Химия кафедрасы, Ішкі аурулар пропедевтика кафедрасы, Дерматовенералогия кафедрасы; ҮБО кафедралары: кардиохирургия, анестезиология – реаниматология, УДЗ-диагностикасы курстарымен хирургия кафедрасы, Инфекциялық бақылау курсымен клиникалық – зертханалық диагностика кафедрасы, Педиатрия курсымен акушерство және гинекология кафедрасы.

  2. 04.11 - 05.11.2010ж. СМЖ бөлімінің менеджері Қайырбеков Д.М. ішкі аудитке дайындық ретінде барлық құрылымдық бөлімшелердің сапа бойынша жауаптыларына нұсқау берді.

  3. Университеттің клиникалық және теориялық кафедралары үшін стандартты үдерістер карталары, деканаттар үшін үдерістер және өзара әрекеттесу карталары дайындалды, келісілді және бекітілді. ҮБО, ҮБО-ның кафедралары үшін және оқу департаменттері үшін стандартты үдерістер карталары дайындалуда.

  4. «С.Д.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ РМК-нда КАЙДЗЕН үздіксіз жақсарту стратегиясын жүзеге асыру» ережесі 04.11.2010ж. (№2 Хаттама) Ғылыми Кеңестің мәжілісінде қарастырылды және бекітілді. Бөлімде барлық бөлімшелерге электронды нұсқалары таратылуда. №1 ғимараттың негізгі кіру есігінің оң жағында идеяларды жинау жәшігі орнатылған.

  5. 04.11.2010ж. СМЖ бөлімінің басшысы Табаева А.А. университеттің Ғылыми Кеңесінде ішкі аудиттің қорытындысы туралы баяндады.

  6. 05.11.2010ж. ректордың № 671 бұйрығымен «Сапа жөніндегі нұсқаулықтың» 2 редакциясы қайта бекітілді. Барлық бөлімшелерге типографиялық басылымдарын тарату жүргізілуде.

  7. 14.10.2010ж. Университеттің сапа менеджмент жүйесін талдау нәтижесі бойынша

іс – шаралар жоспарының орындалуын бақылау жүргізілуде.
9. УНИВЕРСИТЕТТІҢ КӘСІПОДАҚ КОМИТЕТІ
Кәсіподақ комитеттінің бюджеті есебінен:

  1. 2010жылдың қырқүйек айында университеттің оқытушы-профессор құрамы және басқа қызметкерлеріміздің өтініші бойынша 291621 тенге көлемінде комек көрсетілді, оның ішінде:

  • 4 қызметкерге 100 000 тенге - шипажай-курорттық емделуіне;

  • қызметкердің қаза болуына орай 1 адамға -26300 тенге

  • қызметкерлердің материалдық жағдайын жақсартуға 13 адамға – 165 321 тенге



  1. Мәдени-көпшілік шараларды өткізу аясында бюджет есебінен 286 400 тенге жұмсалды,атап айтқанда:

-концертке билет алып беру (16 билет)– 20 000 тенге

-университеттің 80 жылдығына орай бейнеролик түсіру- 266 400 тенге.



  1. Одан басқа шараларға кәсіподақ бюджетінен бөлінген 576 195 тенге қаражаттың жұмсалуы төмендегідей :

  • университеттің логотипы бар товарларды сатып алу үшін- 111 375 тенге жұмсалды;

  • баннер мен туларды сатып алу, безендіру жұмыстарына – 367 820 тенге;

  • Студенттер форумына қазақ киімін тіккізуге - 97  000 тенге;

  1. «Еңбек қатынастары» атты семинар өткізу үшін – 25 000 тенге



«Қамқор» әлеуметтік бағдарланған дүкен есебінен.

Студенттер форумына заттай бөлінген товардың сомасы -345 000 тенге.

Кәсіподақ комитеті есебінен қараша айында әр түрлі шараларға барлығы 1 524 216 тенге бөлініп, жұмсалды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет