Белоктардыњ ќ±рылысы жєне ќызметі


Протеиннің активті орталығы. Лиганда, комплементарлық ұғымдары туралы түсініктер



бет12/19
Дата12.10.2023
өлшемі3.96 Mb.
#480570
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   19
L1БелокKZ

Протеиннің активті орталығы. Лиганда, комплементарлық ұғымдары туралы түсініктер.
Глобулалық проотеиннің бетінде, лиганда деп аталатын басқа молекулаларды өзіне байланыстыратын аймақ болады. Келесі заттар лигандаларға мысал ретінде болады: фермент-протеиннің лигандасы – субстрат, тасымалдаушы протеиннің лигандасы – тасымалданушы зат, антиденелердің (иммуноглобулиндердің) лигандасы – антиген, гормон немесе нейромедиаторлар рецепторларының лигандасы – гормон немесе нейромедиатор.
Лигандамен байланысатын орталық немесе активті орталық үшінші реттік құрылым деңгейінде жақындастырылған АҚ қалдықтарының радикалдарынан қалыптасады. Олар сызықты полипептидтік тізбекте олар бір-бірінен біршама алыс аралықта орналасуы мүмкін.
Протеиндер лигандалармен әсерлескенде, жоғары спецификалылықты (таңдаушылықты) байқатады. Протеиндердің лигандалармен әсерлесуіндегі жоғары спецификалық активті орталық құрылымының лиганда құрылымына комплементарлы болуы арқылы қамтамасыз етіледі. Комплементарлылық – бұл әсерлесуші беттердің кеңістіктік және химиялық сәйкес келуі. Протеиндер қызметінің негізіне олардың лигандалармен спецификалық әсерлесуі жатқызылады. Уникальді бірінші реттік құрылымдағы 50000-дай индивидуальді протеиндерде тек спецификалық лигандалармен байланысуға қабілетті уникальді активті орталықтар қалыптасқан және активті орталықтың құрылысының ерекшелігіне байланысты олар өзіне тән қызметтерді атқарады.

Сурет 9. Инсулин молекуласының құрылысы
Домендар туралы түсінік
Ұзын полипептидтік тізбектер жиі түрде, салыстырмалы түрде компактілі бір біріне тәуелсіз бірнеше бөліктерге ықшамдалған конформацияға жиналады. Олар глобулалық протеиндегідей өзіндік үшінші реттік құрылымда болады және домен деп аталады. Домендік құрылымға байланысты протеиндер үш өлшемдік құрылымды жеңіл қалыптастырады.

Сурет домен


Протеиндердің лигандамен байланысушы орталықтары домендардың арасында орналасады. Протеиндегі әртүрлі домендар лигандамен әсерлескенде, бір-біріне салыстырмалы түрде жеке қозғала алады. Көптеген протеиндерде әртүрлі домендер әртүрлі лигандалармен байланысып, өзіне ғана тән жеке қызметтерді атқарады. Бұл протеиндерді көпқызметті протеиндер деп атайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   19




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет