Беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы кмм


Айтылым.Тыңдалған мәтінде кездескен төмендегі сөздерді



бет8/47
Дата05.03.2024
өлшемі287.88 Kb.
#494300
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   47
Т1, Т2 емт.ҮЛГІЛЕРІ пароль - Orken2024

Айтылым.Тыңдалған мәтінде кездескен төмендегі сөздерді қатыстырып, диалогқа түсіп, өзара түсінісіп, ойларын толықтырып отырады (0,5 балл). Тау іші, ақ боз ат, шалқыған көңіл, ауаның жазғы жұпары, сүмбіл шаш, тәтті сөз, қара көз, ән құдіретті.
Оқылым.

Мәтінді мұқият оқыңыз.Төменде берілген тапсырмаларды орындаңыз. (1 балл)


Жаяу Мұса
Алғаш ауыл молдасынан оқып, сауат ашады. Оң-солын тани келе өнер- білім қуып, Қызылжар, Омбы қалаларына келеді. Омбыдағы орыс мектебінде оқиды, қала өнерпаздарымен араласып, домбыра, сырнай, скрипка аспаптарын тартуды меңгереді, өзінің сезім-күйін әнге қосуға машықтанады, музыкалық әдеби кештерге араласады. Бойындағы өнерін жұрт алдында көрсете бастайды.
Қазақстанның пошта маркасындағы Жаяу Мұса, 2010 жылы Қалада өткерген жылдарында Жаяу Мұса сол кездің саяси-әлеуметтік өмірін тереңірек
танып, туған елінің бодандықтағы мүшкіл халіне ой зерделетіп, санасы толысқан шағында елге оралады. Ел ішіндегі әлеуметтік әділетсіздіктер мен сыртқы өктемдікті жай ғана бақылаушы болып қана қалмайды, өзінің ұстанымын тиісті жерінде өнерімен де, іс-әрекетімен де көрсетіп отырады. «Ақ сиса» сияқты әлеуметтік теңсіздікті әшкерелеген әндері ел ішіне тарай бастайды.
Ақыры Жаяу Мұсаға «Патша саясатына наразы адам» деген айып тағылып, Тобылға жер аударылады. Тобыл түрмесінде ол генерал-губернаторға хат жазып, әскер қатарына сұранады. Мұсаның өтініші қабылданады. Осылайша, оның әскер қатарындағы әр қиырды шарлаған күрделі өмірі басталады. Кейін Қоқан хандығының саясатына қарсы жұмсалған полковник М.Черняевтің әскерінің құрамында Алатау, Әулие-ата, Шымкент жорығына қатысады. Осы жорықта Ресей әскерінің зорлықшыл әрекеттерін көзімен көрген Жаяу Мұса қатты налиды, ән-жырына қосады.


Мәтін мазмұнына сәйкес келетін нұсқаны табыңыздар.







Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   47




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет