Бақылау сұрақтары
19.3.1 Комплексометриялық анализ әдісінде қандай заттар қолданылады?
19.3.2 Трилон Б структуралық формуласын жаз?
19.3.3 Қандай зат индикатор ретінде қолданылады?
19.3.4 Трилон Б екі валентті металл ионымен қалай әрекеттеседі?
19.3.5 Мырышты комплексометриялық әдіспен анықталуы?
МЕТАЛЛУРГИЯЛЫҚ ӨНДІРІСТЕГІ АҒЫНДЫ СУДАҒЫ МЫС ИОНДАРЫН ФОТОЭЛЕКТРОКАЛОРИМЕТРИЯЛЫҚ ӘДІСПЕН АНЫҚТАУ
20.1 Теориялық бөлім
Калориметрлік тәсіл незізіне түсті заттардың түзілуіне олардың интенсивтілігін салыстыруға негізделген. Анықтайтын ион концентрациясы белгілі стандартты ерітінді түсімен зерттелетін ерітіндіні салыстырады.
Жарықтың сіңіруін өлшеу оның спектрінің көрінерлік бөлімінде қарастырылады.
Фотокалориметр көмегімен түсті заттың концентрациясын анықтау үшін оптикалық тығыздығын өлшейді. Жарық ағыны түсті ерітінді құйылған кювет арқылы өтіп фотоэлементке жеткенде жарық энергиясы, электр энергиясына айналады, оны өте сезгіш гальванометр өлшейді, сонда ток күші жарықтану интенсивтілігін тәуелді болады:
Санықтайтын/Данықтайтын=Сстанд/Дстанд
бұдан (95)
Санықтайтын=(Данықт·Сстанд)/Дстанд
мұнда:
Сстанд, Санықт – анықталаын және стандартты ерітінді концентрациясы мг/л.
Дстанд, Данықт – стандартты және анықтайтын ерітіндінің жарықты жұтуы, мг/л.
Ион концентрациясын анықтау үшін концентрациясы белгілі заттардан градуирлік қисық сызып алады, абциссаға концентрацияны, ординатаға-оптикалық тығыздықты салады. Осы құрылған қисық бойынша зерттелетін ерітінді концентрациясы анықталады.
Мысалы, мысты оның аммиак пен интенсивті көк түсті ерітінді түзуіне байланысты анықтайды:
Cu2++4NH3=[Cu(NH3)4]2+ (96)
Осы тәсілмен мысты анықтау барысында аммиакпен түсті комплекс беретін Со және тұнба түзетін темір, қорғасын алюминий иондары кедергі болады, ол үшін оларды жасыратын комплексондар пайдаланылады.
Достарыңызбен бөлісу: |