Б.Ғ. НҰҒман, А. А. Абдрахманова



Pdf көрінісі
бет38/41
Дата09.09.2022
өлшемі1.48 Mb.
#460507
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   41
Қазақстан тарихы лекция

 
 
12-тақырып. Қазақстан соғыстан кейінгі жылдарда (1946-1953 жж.). 
Қазақстан «Хрущев декадасы» жылдарында (1953-1964 жж)
 (1 сағат) 
1. Экономиканы бейбіт өмірге лайық қайта құру. Саяси - қуғын сүргін. 
2. Тың және тыңайған жерлерді игеру. Өнеркәсіптің дамуы. 
3. Қазақстанның қоғамдық –саяси өміріндегі «Хрущевтік жылымық». 
Ғылым және мәдениеттің дамуы. 
 
СӨЖ тапсырмалары: 
1. Қазақстан аумағындағы соғыстан кейінгі кезеңді сипаттаңыз. 
2. Жекелеген халықтардың (немістер, шешендер, карачайлар, т.б.)
Қазақстанға жер аударылуының зардаптарын ашыңыз. 
3. 1965-1966 жылдардағы экономикалық реформаның елді дамытудағы
рөлін айқындау. 
1. II дүниежүзілік соғыс КСРО шаруашылығына өте көп зиян әкелді. 
Кеңес Одағы 679 миллиард сом материалдық зиян шекті. Басқыншылардың 
КСРО халық шаруашылығына жасаған жалпы зияны – 2 триллион 569 
миллиард сом болды. 1710 қала, 70 мыңнан астам селолар мен деревнялар, 32 
мың өнеркәсіп орындары, 65 мың км темір жол қиратылды, 4 мың темір жол 
станциясы толық немесе ішінара талқандалды. 2 млн. адам қираған үйде 


Қазақстан тарихы (он бес дәріс) 
тұруға мәжбүр болды. Киев, Ленинград, Станиград, Минск қалалардың көп 
бөлігі талқандалды .
Соғыстан кейін қираған экономиканы, халық шаруашылығын қалпына 
келтіру Кеңес үкіметінің алдында тұрған басты міндет болды. Бұл бағытта ең 
алдымен жұмыс күшінің жетіспеуі кедергі жасады. Өндірістегі жұмыс 
қолының жетіспеуін толықтыру мақсатында 11 млн. 365 мың адамдық Кенес 
Армиясы қатарынан 8 млн. 500 мың адам босатылды. 1945 жылдың шілде 
қыркүйегі бірінші кезекте халық шаруашылығына қажетті мамандар 
жіберілді.
1946 жылы 18 наурызда қабылданған төртінші бесжылдыққа (1946-1950 
жж.) арналған жоспар бойынша соғыстан бүлінген аудандарды қалпына 
келтіру, өнеркәсіп пен ауылшаруашылығының соғыстан бұрынғы дәрежесіне 
жетіп, одан едәуір асып түсу міндеті белгіленді. Сонымен бірге, онда 
Қазақстан экономикасын өрге бастыруға үлкен мән берілді.
Республикада ауыр өнеркәсіпті қалпына келтіріп, тез дамыту, сондай-ақ, 
жеңіл тамақ және тоқыма өнеркәсібін одан әрі өркендету көзделді. Халықтың 
материалдық қажеттерін қанағаттандыру ісі екінші кезектегі мәселе болып 
саналды. Төртінші бесжылдық жоспарда Қазақстанның халық шаруашылығы 
мен мәдениетін дамытуға мән берілді. Ауыр өнеркәсіпке, темір жол желісін 
салуға, ауылшаруашылық дақылдарының өнімін арттыруға қаржы бөлінді. 
Қазақстанға бөлінген күрделі қаржы одақ бойынша үшінші орында болды. 
Төртінші бесжылдықта бүкіл елде өнеркәсіп өнімі 1940 жылғымен 
салыстырғанда 40%-ға өсетін болып белгіленсе, Қазақстанда ол 2,2 есе 
артатын болды.
Бұрын соғысқа қажет өнімдер шығарған өнеркәсіп орындары бейбіт 
тұрмыс өнімдерін шығару үшін қайта құрылды. Төртінші бесжылдық 
құрылыстары: 1946-1951 жылдары республикада болат прокаты, қара және 
түсті металлургия, тау-кен және көмір өнеркәсібі үшін қолдан жасалған 
талшық өндіру жүзеге асырылды. Осы жылдары Теміртау зауытында үй 
прокат станы, 2 мартен пеші, Актөбе ферроқорытпа заводының үшінші 
кезегі, Өскеменде қорғасын-мырыш (1947 ж.) комбинаты салынды. 
Екібастұзда көмір кесіндісінің құрылысы аяқталды. Маңғыстауда жаңа мұнай 
кәсіпшіліктері салынды. 1950 жылы мұнай өндіру 52 %- ға артты. 50-
жылдардың басында республикадағы кәсіпорын саны – 65 болды. 
Бесжылдық қорытындысында Қазақстан өнеркәсібінің жалпы өнімі 1940 
жылмен салыстырғанда 2,3 есе, оның ішінде көмір шығару 2,5 мұнай – 1,5 газ 
- 1,9 электр қуатын өндіру 4,1 есе артты.
Жеңіл және тамақ өнеркәсібі дамыды. Семей Илеу-сығынды заводы 
өнім бере бастады, Қызылорда тігін фабрикасы жұмысын бастады. 
Жамбылда, Қызылордада, Павлодарда тері заауыттары салынды. Көлік 
жүйесі кеңейе түсті: 1950 жылы ұзындығы 483 км. Мойынты – Шу темір 
жолы салынып, Жамбыл – Шолақтау темір жолы іске қосылды. Байланыс ісі 
жақсартылды. Барлық аудан орталықтары телефон байланысына қосылды. 


Қазақстан тарихы (он бес дәріс) 
1949 жылғы көктемде Алматында елдің 56 қаласымен байланыстыратын 
автоматтық станция салынды. Радио жүйесі, 40-жылдармен салыстырғанда 2 
есе артты. Маманданған жұмысшылар қатары өсті. 1945 жылы 1,044 мың 
болса, 1950 жылы – 1403 мың адам болды. 1950 жылы елімізде халық 
шаруашылығында еңбек ететін адамдардың саны 1 млн. 403000-ға жетті.
Соғыстан әлсіреп шыққан еліміздің ауылшаруашылығын қалпына 
келтіру жолында көптеген кедергілер кездесті. Олар: ауылшаруашылық 
техникасының жетіспеуі, жұмыс күшінің аздығы, әміршіл-әкімшіл жүйенің 
ықпалы, экономикалық заңдармен есептеспеу және тағы басқа.
1946 жылғы 16 қыркүйекте ауылшаруашылығында орын алған ауыр 
жағдайды жою туралы қаулы қабылданды. Осы қаулыға сәйкес совхоздар 
мен 
колхоздардың 
бұрынғы 
зардаптарын 
жою 
басталды. 
Ауылшаруашылығын жаңа техникамен қамтамасыз ету үшін мемлекет 
арнайы қаражат бөлді. Төртінші бесжылдықтың аяғына қарай Қазақстан ауыл 
шаруашылығында 50683 трактор, 16 мыңнан астам комбайн, ондаған мың 
автомашина, шөп шабатын және басқа машиналар болды. 1950 жылы 
еліміздегі колхоздарда 76% МТС-тер жұмыс істейді. Осы жылдарда ұсақ 
колхоздарды ірілендіру шаралары іске асырылып, республикада 1952 жылғы 
қантарда 3670 колхоз қалды немесе олардың жалпы саны 2 есеге жуық 
қысқарды. 1948 жылы республикада ауылдар мен селоларды жаппай 
электрлендіру жорығы басталды. Сөйтіп, төртінші бесжылдық тұсында 752 
колхоз, 317 МТС, 164 совхоз және 193 селолық аудан орталығы 
электрленді. Селолық электр станцияларының қуаты 1945 жылмен 
салыстырғанда 2,8 есе өсті.
Республикада төртінші бесжылдықта егіс көлемі бір миллион гектардан 
аса ұлғайды. Ауылшаруашылық дақылдарының шығымдылығы артты. 1950 
жылы астықтың жалпы түсімі 47654 центнерге жетіп, соғыстан бұрынғы 
дәрежесінен 89% -ға асып түсті. Ірі қара малдың, қой мен жылқының, жаңа 
тұқымдары өсіп жетілді. Малдың жалпы саны өсті, ірі қара мал 27, қой мен 
ешкі 70, жылқы 71%-ға көбейіп, шошқа 2,7 есе артты. Дегенмен, 
ауылшаруашылығын өркендетуде елеулі қиыншылықтар болды. 1946 жылы 
қуаншылық болып, астық шықпай, халық азық-түлік тапшылығының 
зардабын шекті. Колхоз, совхоз, МТС-тардағы техника ескірген, еңбек 
өнімділігі төмен еді. Ауылшаруашылық жарғысын (уставын) бұзушылық 
етек алды. Колхозшыларға еңбек күнге өнім өте аз мөлшерде бөлінді. 
Олардың еңбекке ынталылығы төмен болды. Осыған байланысты әкімшіл-
әміршіл жүйе қатал саясат жүргізіп, село тұрғындарын мәжбүрлікте ұстады. 
Жергілікті жағдаймен есептеспей, жоғарыдан жоспарлап, аппарат тарапынан 
бұйрық беріліп отырды. «Әскери коммунизм» кезеңінің азық-түлік салғырты 
саясаты жалғастырылды. Колхозшылардың еркін жүріп-тұруын шектейтін 
соғысқа дейінгі нормалар сақталды:
- Төлқұжаттары болмады. 
- Ауылдық кеңестердегі тізімге тіркелді.


Қазақстан тарихы (он бес дәріс) 
Осындай қателіктер мен қиындықтарға қарамастан, шаруалар елді 
асырап отырды.
Соғыстан кейін 1946-1953 жылдары халықтың әлеуметтік жағдайы үшін 
аса бір ауыр кез болды. Соғыстан кейін елімізде қалыптасқан орасан зор 
қиыншылықтарға, әсіресе ауылшаруашылығында болған орасан зор 
қиыншылықтарға қарамастан, кеңес халқының әл-ауқаты бірден-бірге 
жақсара берді. 1947 жылғы желтоқсанда елімізде бұрыннан қолданылып 
келген, халықты азық-түлікпен мөлшерлі қамтамасыз ететін карточкалық 
жүйе жойылды. 1947 жылғы ақша реформасының нәтижесінде сомның сатып 
алу қабілеті едәуір жоғарылады. Нан және наннан жасалған өнімдердің, 
еттің, сүттің, өнеркәсіп өнімінің бағасы арзандады. Кооперативтік сауданың 
дамуы нәтижесінде базар бағасы да төмендеді. Төртінші бесжылдықта жалпы 
алғанда баға үш рет арзандатылды. Сомның сатып алу құнының көтерілуімен 
қатар еңбекшілердің жалақысы да өсті.
Кеңес үкіметінің еңбекшілердің әлеуметтік жағдайларын жақсарту 
шаралары:
1. Соғыс мүгедектеріне, соғыста қаза тапқандардың отбасына әлеуметтік 
көмек көрсетілді.
2. Жасы ұлғайғандарға, асыраушысы қайтыс болғандарға және уақытша 
еңбекке жарамай қалғандарға зейнетақы тағайындалды.
3. Көп балалы және жалғыз басты аналарға жәрдемақы белгіленді. 
4. Шипажайлар, демалыс үйлеріне, балалар лагерьлеріне жолдамалар 
берілді.
5. Кезектен тыс жұмыс істеуге тыйым салынып, ақылы демалыс алу 
қалпына келтірілді. 
6. Тұрғын үй салу қарқыны арттырылды.
Бірақта соғыстан кейінгі бірінші бесжылдық жылдарында халықтың 
әлеуметтік жағдайы әлі ауыр болды. Тұрғын үйлер жетіспеді, халықтың 
өнеркәсіппен азық-түлік товарларын керек етушілігі толық қамтамасыз 
етілмеді. Республиканың сауда орындары жұмысты әлі нашар істеді. 
Медицина мекемелері санының өсуіне (39%) қарамастан, халыққа 
медициналық қызмет көрсетуде әлі елеулі кемшіліктер болды. 
2. 1953 жылғы қыркүйекте болып өткен КОКП-ның ОК Пленумы 
ауылшаруашылығында орын алған жағдайға талдау жасап, оның даму 
болашағын анықтады. Мемлекет тарапынан ауылшаруашылық саласына көп 
көңіл бөліне бастады. Колхоздарға біраз дербестік берілді, ауыл-село 
еңбеккерлерінің өнім өндіруге деген материалдық ынталылығы арттырылды, 
ауылшаруашылық өнімін дайындау және сатып алу бағасы көтерілді, 
аграрлық секторды техникамен жабдықтау біршама жақсарды, онда электр 
қуаты кеңірек қолданатын болды, колхоздар мемлекетке төлеуге тиісті 
қарыздарынан босатылды. Бірақ елде қалыптасқан басқару жүйесі 
ауылшаруашылығының дамуын экстенсивті жолмен жүргізе берді.


Қазақстан тарихы (он бес дәріс) 
Азық-түлік тапшылығын шешу, астық өндіруді арттыру мақсатында тың 
және тыңайған жерлерді идеясы пайда болды. 1954 жылы қантарда болып 
өткен Қазақстан Компартиясының VII съезінде Қазақстан Компартиясы ОК-
нің бірінші хатшысы Ж. Шаяхметов (1948-1954 жж.) қызметінен босатылды. 
Бірінші хатшылыққа П. Пономаренко (1954-1956 жж.), ал 1955-1956 жж.
Л.И. Брежнев сайланды.
1954 жылғы қантар-наурыз – КОКП ОК-нің Пленумы «Елімізде астық 
өндіруді одан әрі арттыру, тың және тыңайған жерлерді игеру туралы» қаулы 
қабылдады. Тың жерлер игерілетін аймақтар: Қазақстан, Сібір, Урал, 
Солтүстік Кавказ, Есіл бойы. 1954-1955 жылдары 1 млрд. 200 млн. пұт астық 
алу белгіленді. Қазақстандағы тың жерлерді игеретін аудандар: Көкшетау, 
Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Торғай, Павлодар облыстары.
Тың игеруге басқа республикалардан адамдар көшіріліп әкелініп, оларға 
көптеген жеңілдіктер жасалды: дүние-мүлкімен тегін көшірілді, әр отбасына 
500-1000 сом мөлшерінде бір реттік көмек көрсетілді, 10 жылдық мерзімге үй 
салу үшін 10 мың сом несие берілді, оның 35%-н мемлекет төледі. Бұдан 
басқа да материалдық, азық-түлік көмектер берілді. Тың игеруге келгендер 
ауылшаруашылық салығынан босатылды.
1954-1959 жылдары тың және тыңайған жерлерді игеруге 20 млрд. сом 
жұмсалды. 1954-1962 жылдары республикаға 2 млн.-ға жуық тың 
көтерушілер келді, оның ішінде механизаторлар мен партия, кеңес, 
ауылшаруашылығы мамандарының саны 600 мыңнан асты.
1954 жылы Кеңес Одағында 13,4 млн. гектар жаңа жер, оның ішінде 
Қазақстанда 6,5 млн. гектар жер игерілді. 1956 жылға қарай КСРО-да егістік 
көлемін 28-30 млн. гектарға жеткізу көзделді. Тың жерлерді игеру ісі ерекше 
қарқынмен, асығыс түрде жүргізілді. 1955 ж. 9,4 млн. гектар жер жыртылды. 
Ал жоспар бойынша 7,5 млн. гектар болатын. Тың игеру Қазақстанда ерекше 
қарқынмен жүргізілді. Тың игерудің пайдасы:
1. Тың игеру жылдары Қазақстанда 25 млн.га жер игерілді. (Одақ 
бойынша 41 млн. га). 
2. Қазақстанда егістік жерлердің көлемі артты. 
3. Астық өндіру көлемі жағынан Қазақстан одақта 2-орынға шықты. 
Соның арқасында Қазақстан Орта Азия мен Сібірді, Оралды астықпен 
қамтамасыз етті.
4. Тың игеру жылдарында Қазақстан көп ұлтты республикаға айналды. 
5. Экономиканың басқа салаларының дамуына әсер етті.
6. Қазақстан жерінде көптеген тұрғын үйлер, құрылыстар, мәдени 
объектілер салынды. Он мыңдаған шақырым жолдар төселді. 
7. Жүздеген совхоздар құрылды, (1954 ж. 120-дан астам) елді-мекендер 
көбейді.
8. Халықты азық-түлікпен қамтамасыз ету біршама жақсарды.
Көптеген жылдар бойы тың жерлерді игеру партия көрегендігі, мемлекет 
жеңісі ретінде дәріптеліп келді. Ал оның көлеңкелі жағы туралы ештеңе 


Қазақстан тарихы (он бес дәріс) 
айтылмады және айтылуы да мүмкін болмады. Ең алдымен Қазақстанға 
келген тың көтерушілер арасында арамтамақтар мен қылмыскерлер де 
болды. 1954-1955 жылдарда Қазақстанға келген 650 мың тың игерушінің 150 
мыңы ғана механизаторлар болды. Нәтижесінде, көптеген тәртіп 
бұзұшылдықтар, қылмыстар болып тұрды:
1. Тың игеруге байланысты жайылымдар мен жем-шөп дайындайтын 
алқаптардың көлемі тарылды. 
2. Мал шаруашылығының дамуы артта қалды. Мал шаруашылығының 
азаюына байланысты ет, сүт өнімдерінің көлемі де азайды.
3. 1956 жылы Отанға тапсырылған млрд. пұт Қазақстан астығы 
уақытында жиналмай қар астында қалды, біразы іріп-шіріп кетті. 
4. Сырттан келген мамандардың тұрақтамауы жаппай етек алды. 
5. Сырттан келушілер көп болып, қазақтар ата қонысында азшылыққа 
айналды: 1954-1962 жылдыры 2 млн. адам келді. Қазақтар республика 
тұрғындарының үштен бірінен де аз болды. Мысалы, 1897 жылы - 85%-ы 
болса, 1962 жылы - 29%- ғана болды.
6. Ауылшаруашылық өндірісі мен халық санының өсуінен тұрғын үй 
салу қырқыны және мәдени-тұрмыстық қызмет көрсету артта қалды.
7. Экологиялық жағдай күрт нашарлады. Аса көп территория 
жыртылып, нәтижесінде көп жерлер тіршілікке жарамсыз болып қалды. 
Топырақ эрозияға ұшырап, жердің құнарлылығы азайды.
8. Қазақ халқының ұлттық ерекшеліктері аяққа тапталды. Тың 
игерушілер арасында қазақ халқының ұлттық намысын қорлайтын теріс 
пікірлер тарады.
9. Тың игеру жылдары қазақ халқының салт-дәстүрлері, мәдениеті, 
ұлттық руханияттары ескерілмеді.
10. Қазақ мектептері, балабақшалар, қазақ тіліндегі газет-журналдар 
азайды. Қазақ тілінің қолдану аясы тарылды. Осының барлығы қазақ 
халқының бір бөлігінің өз ана тілін ұмытуына әкеп соғып, халықтың 
ерекшеліктері, ұлттық намысы біртіндеп жоғала берді. 
3. 50-жылдар мен 60-жылдардың ортасы Кеңес елінің өміріндегі 
маңызды кезең болды. КСРО ОК-нің Бас секретары, КСРО министрлер 
Кеңесінің төрағасы И.В.Сталин 1953 жылы 5 наурызда қайтыс болды. 
Сталиннің өлімімен тұтас бір дәуір аяқталды. Сталин қайтыс болысымен-ақ 
елде болуы мүмкін өзгерістердің мәні туралы үш бағыт айқын көрінді: 
бірінші бағыт үкімет басына Берияның келуімен байланысты болса, екінші 
бағыт Молотов немесе Булганин, үшінші бағыт Хрущевтің үкімет басына 
келуімен байланысты еді. Жағдай Хрущевтің пайдасына шешілді.
1953 жылы қыркүйекте Н.С. Хрущев КОКП Орталық комитетінің 
бірінші хатшылығына (1953-1964 жж.) сайланды. «Жылымық жылдары» 
аталған 50-жылдардың екінші жартысынан бастап елде игі істер атқарылды. 
1953 жылғы шілдеде КОКП ОК-нің пленумында бұрынғы КСРО-ның Ішкі 
істер халық комиссариатының халық комиссары, КСРО Министрлер Кеңесі 


Қазақстан тарихы (он бес дәріс) 
төрағасының бірінші орынбасары, қуғын-сүргінді ұйымдастырушы, саяси 
авантюрист Л. Берия (1899-1953 жж.) ісі қаралып, барлық лауазымды 
қызметтерінен босатылып, атылды. Осылай Кеңестер Одағында ширек 
ғасырға созылған тоталитарлық дәуір аяқталды. Бюрократ көсемдер биліктен 
кеткенімен, олардан мұраға қалған әміршіл-әкімшіл жүйе жойылмады.
1956 жылғы ақпанда болған КОКП XX съезінде КОКП ОК-нің бірінші 
хатшысы Н.С. Хрущев «Жеке адамға табыну және оның зардаптары туралы» 
баяндама жасады. Баяндамада жеке адамның басына табынудың жай – 
жапсарды туралы айтылды. Баяндамашы И.В. Сталин, Л. Берия, Н. Ежовты 
қатты сынай отырып, саяси қуғын-сүргінді жүргізудегі өз жауапкершілігі 
туралы ештеңе айтпады. Молотов, Каганович, Ворошиловты қорғады. Съезде 
«Жеке адамға табыну және осының салдары туралы» қаулы қабылдап, ол 
1956 жылы маусымда жарияланды, ал съездің басқа құжаттары, талқыланған 
мәселелері көп уақытқа (33 жыл) дейін құпия түрде сақталды.
1953-1955 жылдарда Н.С. Хрущевтің бастамасымен ГУЛАГ жойылды. 
Бұл кеңес қоғамын сталинизмнен құтқарудағы адамгершілік акт, маңызды 
қадам еді. Лагерьлерге жазықсыз отырғызылған мыңдаған адамдарды 
босатып, белгілі партия қайраткерлері Я. Рудзудақты, А. Рыковты, 
В. Губарьды 
ақтағаннан 
кейін 
мемлекеттік 
аппарат 
реформаны 
жалғастыруды тағы да аяқсыз қалдырды. Әлі де болса, өз қызметтерінің 
әділетті бағасын алмады. Кәрістердің, немістердің, қырым татарларының, 
месхіт түріктерінің құқықтары қалпына келтірілмеді. Мемлекеттік 
дәрежедегі көптеген маселелер тек қана бірінші адамның колында болды. 
Одақтас республикалардың құқығын кеңейтуге бағытталған реформа толық 
жүзеге асырылмады. Республикалардың құзырында ештеңе болмады.
Саяси көзқарасы үшін қудалау орын алып, халық жауы немесе ұлтшыл 
айыптарының орнына өзгеше ойлайтындар айыбы тағылды. Мысалы, Шығыс 
Қазақстан облысы бір мектебінің мұғалімі М. Елікбаев Н.С. Хрущевке ашық 
хат жазады. Хатта Қазақстанның тәуелсіздігі жоқ екенін, қазақ мектептері, 
қазақ тіліндегі оқу құралдары мен баспасөздің тым аз екені туралы айтылған. 
Осыдан кейін М. Елікбаев МҚК тарапынан қуғынға ұшырап, азап тартады. 
1957 жылы М. Елікбаев партия қатарынан шығарылып, жындыханаға 
тығылды. Н.С. Хрущев басқарған кезде де бюрократиялық жүйе өзгермеді. 
1959 жылы болған КОКП–ның XXI съезінде Н. Хрущев социализмнің толық 
жеңгені, енді коммунизмге аяқ басқаны туралы өз баяндамасында айтты. 
Елде осындай қияли болжамға сүйенген утопиялық социализм сақталды, ал 
1961 жылы өткен КОКП XXII съезде коммунизм 20 жылдық мерзімде 
орнайтындығы туралы тұжырым жасалды.
Соғыстан кейін қалпына келтірілген өнеркәсіп 50-жылдардан кейін жаңа 
өзгерістерді қажет етті. Бесінші бесжылдық (1951-1955 жж.) ішінде 200-ге 
жуық жаңа кәсіпорын салынды, экономиканың даму қарқыны өсіп, 1954-1958 
жылдары 730 өнеркәсіп орындары мен цехтар іске қосылды. 1957 жылы 
тұңғыш тепловоздар Қарағанды темір жолының Ерейментау депосында 


Қазақстан тарихы (он бес дәріс) 
пайда болды. Осы жылдары салынған өнеркәсіптер: Ақтөбе хром заводы
Шымкент гидролиззаводы, Семей цемент заводы, Жезқазған кен байыту 
фабрикасы, Соколов – Сарыбай комбинатының алғашқы кезектері, Өскемен 
таукен жабдықтарын шығаратын машина жасау заводының 1-кезегі.
1958 жылы жалпы өнім өндіруден Қазақстан КСРО-да 3-орынға шықты. 
1956-1958 жылдар аралығында елімізде көлік және коммуникация жүйелерін 
дамытуға 146,4 млн. сом жұмсалды. Республикада теміржол құрылысына 
ерекше көңіл бөлінді.
1960 жылы қазақ КСР теміржолының ұзындығы 11,42 км. болды. 1958 
жылы Қазақ КСР-де Қазақ теміржол басқармасы құрылып, республикадағы 
барлық теміржол осы басқармаға бағындырылды. 1951-1955 жылдар 
аралығында Одақта салынған теміржолдың 30%-ы Қазақстан аумағында 
салынды. 1960 жылға қарай Одақта өндірілген темір кенінің 5,4%-ы 
Қазақстанға тиесілі болды. Қазақстан «магниткасы» аталған Қарағанды 
металлургия заводы Қазақстан мен Орта Азияны, Сібір мен Оралды темір 
өнімдерімен қамтамасыз етті. Республикада электр энергиясы өндірісі де 
біршама жақсы дамыды. 1960 жылы Қазақстанда 10,5 млн. кВт/сағат энергия 
өндірілді. Дегенмен индустрияның дамуы болмаса, сапа жағы өзгеріссіз 
қалды.
КСРО Жоғарғы Кеңесінің 1957 жылғы мамыр айындағы сессиясы 
Н.С. Хрущевтің баяндамасы бойынша «Өнеркәсіп пен құрылысты басқару 
ісін ұйымдастыруды одан әрі жетілдіру туралы заң қабылдады, осыған орай 
экономиканы басқаруда реформа жүргізілді. Бұрынғы салалық министрліктер 
мен ведомстволардың көпшілігі таратылды». Өнеркәсіп пен құрылысты 
басқару ісінің негізіне территориялық принцип алынды. Экономикалық 
әкімшілік аудандарда халық шаруашылығы кеңестері (совнархоздар) 
құрылды, өнеркәсіп пен құрылысқа тікелей осылар (совнархоздар) басшылық 
етті. Сөйтіп, реформа негізінде 1) экономикалық әкімшілік аудандар 
ұйымдастырылды, 2) бұрынғы салалық министрліктері мен ведомстволардың 
орнына халық шаруашылығы кеңестері ұйымдастырылды. Сонымен 
басқарудың екі түрін көруге болады.
1. Орталықтандырылған басқару Территориялық басқару. 
2. Салалық халық шаруашылық министрлік Кеңестері.
1957 жылғы реформаның кемшіліктері :
1957 жылдан бастап аумақтық принциптер негізінде экономикаға 
басшылық ету ісін қайта құру ойдағыдай нәтижелер бермеді. Керісінше, 1) 
экономиканың жекелеген салаларына тұтастай басшылық жасауға мүмкіндік 
болмады, 2) жекелеген салаларды техникалық жағынан қайта жабдықтау 
ісіне нұқсан келтірді, 3) өндіруші мен тұтынушы арасында бұрыннан орын 
алған қатынастар өзгеріссіз қалды, 4) бұрын кәсіпорындар министрліктер 
тарапынан бақылауда болса, енді оларды халық шаруашылық кеңестері 
жүргізетін болды, 5) экономикалық тетіктер дұрыс жұмыс істемеді. 
Қазақстан коммунистік партиясының съездері мен пленумдарында кәсіпорын 


Қазақстан тарихы (он бес дәріс) 
жетекшілері жүзеге асырылып жатқан экономикалық реформалардың 
тиімсіздігін ашық айтып жүрді.
Сәтсіздіктер күйгелектік туғызды, экономиканы басқаруда ғылымға 
негізделмеген ойластырмай жасалған субъективтік шешімдерге жол берілді. 
Мұндай шешімдер көп жағдайда Н.С. Хрущевтің жеке басымен байланысты 
болды. 1962 жылы Қазақстанда халық шаруашылығын ірілендіру мақсатында 
реформа жасалды: партия орындары өндірістік белгі бойынша қайта 
құрылды. Олар өнеркәсіптік және ауылшаруашылық партия үйымдары 
болып бөлінді. 
Сөйтіп, 
жасалған 
реформалар 
басқару 
аппаратындағы 
абдыраушылықты, бесжылдық жоспардың орындалуындағы іркілістерді 
туғызды. 1956-1960 жылдарға арналған (6-шы) бесжылдық жоспар 1959-1965 
жылдарға арналған жетіжылдық жоспармен ауыстырылды. Жан басына 
шаққанда өнім өндіруден дамыған капиталистік елдерді ең қысқа мерзімде 
қуып жетіп, басып озу міндеті қойылды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   41




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет