Билет 1 Алаш әскерінің құрылуы, қызметі және Азамат соғысы кезіндегі іс-қимылдары. Қазақстандағы тоталитарлық жүйе: әлеуметтік-экономикалық негіздерінің жасалуы. Ф. Голощекиннің «Кіші Қазан» идеясы және тап күресі


-1907 жылдардағы революцияның Қазақстанның саяси дамуына әсері



бет53/93
Дата29.09.2022
өлшемі445.52 Kb.
#461565
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   93
Тарих билет

1905-1907 жылдардағы революцияның Қазақстанның саяси дамуына әсері. 

Қазақ елі өзінің отарлық езгідегі халін түсіне бастауы және ұлттық зиялы қауымның нақты әрекетке көшуі -1905-1907 жылдарда бірінші орыс буржуазиялық-демократиялық революциямен тікелей байланысты. Ғасырлар бойы қасық қаны қалғанша қорғаған жерінен айырылып, кіріптарлық күйге түскен қазақтың ауыр халі және патшалық Ресейдің қатал отарлық саясаты көзі ашық оқыған қазақтың азаматтарына ой салды.
Дәл осы тұста қазақ зиялылары Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынұлы, Мұхаметжан Тынъиипаев, Халел мен Жаһанша Досмұхамедовтер, Жақып Ақбаевтар саяси күрес сахнасына көтерілді. Ресейдегі алғашқы революциялық қозғалыс пен отарлық тәуелділіктегі халықтардың, соның ішінде қазақ елінің де өз азаттығы үшін күрес жолына түсуі арасында тікелей байланыстың бар екендігі рас.
Сонымен бірге метрополия мен отарлық тәуелділіктегі елдердің азаттық үшін қозғалыстарындағы айырмашылықтың табиғи сипатын да жоққа шығаруға болмайды. Ол айырмашылықтар бұл қоғамдық қозғалыстардың көздеген мақсатынан және оларға ат салысқан әлеуметтік күштердің құрамынан туындайды.
Егер орыс азаттық қозғалысының негізгі мақсаты Ресейдегі басыбайлылық тәртіп қалдықтарын біржола жойып еркін экономикалық және демократиялық өзгеру жолына алып шығу болса, ұлт зиялылары бастаған ұлт-азаттық қозғалысының басты мұраты ұлттық мемлекеттік дербестікті жаңғырту арқылы басқа елдермен тең құқықты өркендеуге жол ашу болды. Яғни ұлт-азаттық қозғалысы үшін бірінші кезекте ұлттық еркіндік және теңдік мәселесі тұрды.



  1. «Қазақстан Респубикасының Тәуелсіздігі туралы Конституциялық заңы» 1991 ж.16 желтоқсан.

1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы Конституциялық Заң қабылдады. Қабылданған тарихи құжаттың 1-ші бабында Қазақстан Республикасы тәуелсіз демократиялық және құқықтық мемлекет, ол өз өкімет билігін толық иеленеді, өзінің ішкі және сыртқы саясатын дербес белгілеп жүргізеді деп айтылғандай, осы күннен бастап Республика тарихында жаңа кезең басталды. Бірақ біреулер ойлағандай ел тәуелсіздігі құжатқа қол қою рәсімі арқылы қол жеткендей оңай келген жоқ.
Сонау «Ақтабан шұбырынды» жылдардан басталған, ел басына қауіп төнген ауыр кезеңнен бастап, орыс отаршылдығына қарсы жүргізілген ұлт-азаттық көтерілістер, ХХ ғасырдың басындағы ұлт зиялыларының тәуелсіздікке деген алғашқы ұмтылысы, тоталитарлық жүйенің нығаю тұсындағы наразылықтар мен көтерілістер, қазақ жастарының Желтоқсан оқиғасы кезіндегі саяси серпілісі және 90-жылдардың басындағы қызыл империяның тұяқ серпер алдындағы жанталасына қарсы ұлт республикаларының саяси күресі, осылардың бәрі ғасырларға созылған отаршылдықтан тәуелсіздікке жеткен баспалдақтар еді.
Қазір мәлім болғандай, КСРО мемлекетінің ұзаққа бармайтындығы туралы батыс саясаткерлерінің 80-жылдардың бас кезіндегі болжамдары расқа шықты. Өйткені, 80-жылдардың басына таман КСРО-дағы барлық республикаларда сас ауыр әлеуметтік-экономикалық жағдайлар қалыптасты. 1985 жылы қоғамның жаңа басшылығының елді дағдарыстан алып шығу жөніндегі қайта құру деп аталған бағыты да еллдегі жағдайды тұрақтандыра алмады. Аталған қайта құру бағыты терең терең ойластырылған ғылыми концепциясыз, айқын да, анық бағдарламасыз жүргізілді.
Дегенмен, кеңес саяси жүйесіндегі реформалар ұлт республикаларында әртүрлі бұқаралық ұйымдардың құрылуына жол ашты. 1989 жылдың көктемінде «Невада–Семей» қозғалысы дүниеге келсе, 1990-1991 жылдары «Азат» азаматтық қозғалысы, «Желтоқсан» партиясы, Қазақстан социал-демократиялық партиялары құрылды. Бұл партиялар мен қозғалыстар да Қазақстанның егемендігі үшін күресті. Сөйтіп, Қазақстан 1991 жылы өз тәуелсіздігіне қол жеткізді.
1989 жылы мамыр-маусым айларында өткен КСРО халық депутаттарының І съезінде саясаттағы, экономикадағы және қоғамдық өмірдің әлеуметтік-рухани салаларындағы жағдайларға өткір, сыни және табанды талдау жасалды. Кеңес қоғамына төнген дағдарыстың себептерін іздеу әрекеті жасалынды. Съезде барлық дәрежедегі партиялар және мемлекеттік органдар қызметтерінің арасын ажырату мәселесіне арнайы тоқталынды.
Еліміздің негізгі мемлекеттік мақсаты – Конституциямызбен бекітілген: «Қазақстан өзін демократиялық зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады: оның ең қымбат қазынасы – адам мен адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары» делінген. Демек, қоғамда тұрақтылықты татулықты қалыптастырып, елдің тұрмыстық әл ауқатын жақсарту басты мәселе болып табылады. Біз қазір шын мәнінде дербестігімізге даңғыл жол ашып, азат ойлауды қалыптастыру жолындамыз. Ата Заңымыздың арқасында еліміз либералды демократиялық даму жолына түсті. Сонымен қатар, ұлтаралық келісім мен саяси тұрақтылыққа негізделген сенімнің биік деңгейі сақталып отыр.
Тәуелсіздік – ол ұлттық мемлекеттік, оның тамыры – жасампаздық рух, ұраны – ел мен халық. Олай болса, өміршендік пен кемелділік аясында өмір сүріп, бейбітшілік, татулық туын биікке көтерген Қазақстан халықы жаңа әлемнің жаңалықтарына ұмтыла бермек.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   93




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет