Билет 1 Алаш әскерінің құрылуы, қызметі және Азамат соғысы кезіндегі іс-қимылдары. Қазақстандағы тоталитарлық жүйе: әлеуметтік-экономикалық негіздерінің жасалуы. Ф. Голощекиннің «Кіші Қазан» идеясы және тап күресі


Жұмабек Ташенов және ХХ ғасырдың 60-жылдардағы Қазақстандағы жер мәселесі



бет78/93
Дата29.09.2022
өлшемі445.52 Kb.
#461565
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   93
Тарих билет

2. Жұмабек Ташенов және ХХ ғасырдың 60-жылдардағы Қазақстандағы жер мәселесі.
Жұмабек Тәшенев 1915 жылы 20 наурызда Ақмола облысының Аршалы ауданындағы Танагүл ауылында дүниеге келген (қазіргі Береке және Қойгелді ауылдары ардасында). 1928‑1933 жылдары жергілікті Шаруашылық жастар мектебінде оқыған. 1934‑1939 жылдар аралығында Ақмола, Вишнев, Қарағанды облысы Нұра және Бейнетқор аудандық атқару комитеттерінде жауапты хатшы болып қызмет атқарған.
Кейін Солтүстік Қазақстан облысы жер бөлімі бастығының орынбасары қызметіне көтерілді. 1948‑1951 жылдар аралығында Солт. Қазақстан Облыстық атқару комитетінің төрағасы болып бекіді. 1952 жылы Ақтөбе облыстық партия комитетінің бірінші хатшылығы қызметіне тағайындалды. Облыста жақсы қызмет істеп, жоғары көрсеткіштерге жеткен Ж. Тәшеневті халық 1955 жылы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Президиумының төрағасы қызметіне сайлады.Кейін лайықты басшы болып саналған 45 жастағы Тәшенев 1960 жылы қаңтар айында Қазақ КССР Министрлер Кеңесі төрағасына тағайындалды.
Кейін Жұмабек Тәшенев алпыс жасқа жеткенде “ұлтшыл” деп айыпталып, Н.Хрущевтің нұсқауымен 1975 жылы наурыз айында мемлекеттік қызметтен шұғыл еңбегі сіңген дербес зейнеткерлікке босатылып жіберген. Ел ағасы болып танылып, халық құрметіне бөленді. Жанқиярлық еңбегі үшін Ленин орденімен, Еңбек Қызыл Ту және «Құрмет Белгісі» ордендерімен марапатталғаналған. Соқтықпалы соқпақсыз өмір жолын бастан кешірген аяулы азамат 1986 жылы қарашаның 18 күні 71 жасында дүниеден өтті.
Ол өмір сүрген кезеңде қасқайып тұрып, ұлттың намысын қорғау, жерін сақтаймын деп талпыну, жүрек жұтқандық пен азаматтық таныта білу кез-келгеннің қолынан келмейтін іс еді. Сол дәуірдегі саясаттың салқынынан қорықпай, қарсылық көрсетіп, қазақтың жерін сақтап қалған тұлға — Жұмабек Ахметұлы Тәшенев. Оның туған халқының алдындағы үлкен ерлігінің бірі — сұрапыл хрущевтік дәуренде Қазақстанның солтүстік аймағындағы бес облысын көрші Ресейге қосудан аман алып қалуы дер едік. Қазақтың ұлан-ғайыр киелі жерін талан-тараждан қорғап қалған Ж. Ташеневті халық арасында «Кісендеулі жолбарыс» деп атап кеткен.
Тың игеру жылдары Солтүстік Қазақстандағы бес облыста облыстық газеттер жабылып, қазақ журналистердің жұмыссыз қалғаны тарихи шындық. Сол жылдары республикалық қазақ тілді басылымдардың да басына қауіп төнді. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі төрағасы Тәшеневтің қарсылығының нәтижесінде «Қазақ әдебиеті», «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») және басқа қазақ газеттері жабылу қаупінен сақталып қалды.
1961 жылы республика үкіметі басшылығынан босатылғанда 46 жаста ғана еді. Бірақ, сол 1955-1961 жылдар Қазақстанның ғана емес, әлем тарихында айрықша маңызды кезең болатын.
Біріншіден, Азия мен Африканың халықтары азаттыққа қол жеткізіп, отарлық жүйе күйрей бастады. Кеңестер елінде Ганди, Неру, Мао, Фидель Кастро, Насер есімдері ауыздан түспейтін. Біразымен қазақ басшысы кездесті, келіссөздер жүргізді, пікір алмасты.
Екіншіден, тың игеру желеуімен қазақ ауылдарына ағылған славян ұлты өкілдерінің легі ай сайын артып, демографиялық ахуалды асқындырғаны, қазақ тіліне, мәдениетіне, баспасөзіне, оқу орындарына кереғар салмағын түсіргені көзге ұрып тұрды. Мұның арты ұлтсыздануға, тамырсыздануға ұласатынын қазақ оқығандары мен зиялылары ғана емес, дәстүрлі қоғам тәрбиесін көрген ауыл ақсақалдарына дейін сезінді. Ақмола өңірінің перзенті Ж. Тәшенов ауылдан басталған мәңгүрттенудің зіл батпан салмағын көрмей қалған жоқ. 
Үшіншіден, Қарт коммунист С. Кенжебаевтың айтуынша, Ж. Тәшенов “халық жаулары» ретінде айыпталып, 1937-1938 жылдары атылған арыстарды ақтау ісіне белсене қатысқан.
ХХ ғасырдың 50-60-шы жылдар межесінде қазақ халқы үшін өлім мен өмір бетпе-бет келгендей күн туды. Тың өлкесін құрап отырған солтүстіктегі бес облысты Ресей құрамына беру Кремльдегі талқылауға түсті. Соның алдында ғана Ж. Тәшеновтің келіспегеніне қарамастан оңтүстік өңірінің біраз жерін Өзбекстанға беріп жіберген Мәскеу билеушілері Қазақстан Конституциясын белден басқан болатын. Ел мен жер мүддесін жеке басының қаракетінен жоғары қоятын , Қазақстанның тұтастығы үшін жан беріп, тоталитарлық жүйеге ертедегі батырларша қарсы шыққан бірден-бір азамат осы Жұмабек Ахметұлы болды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   93




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет