Білім алушыларға арналған пәннің ОҚУ-Әдістемелік кешені



бет30/50
Дата02.01.2022
өлшемі164.91 Kb.
#452115
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   50
математика 1 к

Есепті талдау үлгісі:

  1. Есеп не жайында?

  2. Есепте не белгілі? (бұнда есептің шарты талданады)

  3. Есепте не білгісіз? Нені табуымыз қажет? (бұдан есептің сұрағы шығады)

  4. Алдымен нені табуға болады?

  5. Оны қандай амалмен табамыз? Неге?

  6. Есеп неше амалмен шешілді?

16- дәріс

Тақырыбы: «Алгебра элементтері» мазмұндық-әдістемелік желісінің материалдарын оқыту технологиясы

Бастауыш математика курсында қарастырылған алгебралық ұғымдар орта буынның «Алгебра» курсына алдын-ала (пропедевтикалық) дайындық ретінде қарастырылады.

Бастауыш сыныптарда мынадай алгебралық материалдар қарастырылады: өрнек және оның түрлері (санды және әріпті), санды теңдік және санды теңсіздік (тура және тура емес), теңдеу және оны шешу тәсілдері, амалдарды орындаудың рет тәртібі, теңбе-тең түрлендірулер. Осы аталған кез-келген алгебралық ұғымға анықтама остенсивті (көрсету арқылы) түрде беріледі.

«3 санының құрамы» тақырыбын қарастыру барысында «өрнек, өрнектің мәні» ұғымдарымен таныстыру жүзеге асырылады. Кейінірек оқушылар санды өрнек сандардың, арифметикалық амалдар, таңбалар мен жақшаның көмегімен, ал әріпті өрнек сандар мен әріптердің, арифметикалық амал таңбасының, жақшаның көмегімен жазылған жазу екендігін білсе жеткілікті.

Бұған қоса, өрнектердің оқылуын (айтылуын), жазылуын, оларды құра алуды, мәндерін таба алуын және әріпті өрнектің мәнін табу үшін әріптің мәнін білу керектігін игерулері тиіс.

Математиканың бастауыш курсында теңдеудің қарапайым және күрделі түрлері оқытылып үйретіледі, оларды шешудің тәсілдері қарастырылады. Кестелік жағдайға келтірілген және санның ондық құрамына негізделген теңдеулер «сынап көру» тәсілімен шешіледі.

Х+13=29, 29-х=13, х-17=13 сияқты теңдеулерді шешу кезінде «белгісіз қосылғышты табу үшін қосындының мәнінен белгілі қосылғышты шегереміз» немесе «азайтқышты табу үшін азайғыштан айырманың мәнін азайтамыз» т.б. қажетсіз ережелерден аулақ болу керек. Оның орнына тура теңдіктің қасиетіне және амалдардың өзара кері екендігіне сүйеніп шешу тәсілі үйретілуі тиіс.

Амалдарды орындаудың рет тәртібіне байланысты бастауыш сыныптарда мынадай екі ереже ғана таныстырылады: «жақшалы өрнектерде алдымен жақшаның ішіндегі амал орындалады»; «жақшасыз өрнектерде орналасу ретіне қарай алдымен көбейту және бөлу, содан соң орналасу ретіне қарай қосу мен азайту амалдары орындалады».

Теңбе-тең түрлендірулер бастауыш мектепте айқын емес түрде мысалдан мысалға немесе мысалдан нақты санға көшу кезінде қолданылады. Бұл материал ілгеріде өрнектерді ықшамдауға қарапайым дайындық жүргізуге арналған. Мысалы: 24+22=(20+4)+(20+2)=(20+20)+(4+2)=(40+6)-46.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   50




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет