Білім алушыларға арналған пәннің ОҚУ-Әдістемелік кешені


Тақырыбы:Оқу пәні ретіндегі математиканың мазмұндық-процессуалдық сипаттамасы



бет6/50
Дата02.01.2022
өлшемі164.91 Kb.
#452115
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   50
математика 1 к

Тақырыбы:Оқу пәні ретіндегі математиканың мазмұндық-процессуалдық сипаттамасы

Жаңа буын оқулықтары математиканы оқытудың бірегей, бұрынғы дайындалған құралдардан түбегейлі өзгерген құрал болып табылады. Жаңа бағдарлама және жаңа оқулықтарда бастауыш мектеп математикасы курсының төмендегідей мазмұндық-әдістемелік желілері бойынша ұғымдар мен әрекет тәсілдерін оқыту әдістемесі ашылады: «Қарапайым түсініктер»; «Сандар нумерациясы»; «Арифметикалық амалдар және есептеу біліктері мен дағды қалыптастыру»;«Есеп және оны шешу үдерісі»; «Алгебра элементтері»; «Геометрия элементтері»; «Шамалар және оларды өлшеу»; «Үлестер».

Кіші жастағы оқушыларды математиканы оқытудың әдістемелік жүйесінің өзіндік сипаттамалық ерекшеліктерін сипаттайтын әдістемелік сипаттағы ережелер, сондай-ақ оқытуға тұлғалық-әрекеттік және дамытушылық тұрғыдан қарау әдістемелік құрал мазмұнын құрайды.

Бастауыш сыныптардағы математиканың оқу материалы мазмұны кіші жастағы оқушылардың математикалық дайындығына, білім, білік және дағдылар деңгейіне қойылатын талаптардың өзгеруімен байланысты дәстүрлі модельге елеулі түзетулер енгізген жаңа мектеп бағдарламасымен анықталады.

Математикадан оқу материалы мазмүнындағы бес негізгі бөліктерді бөліп көрсетуге болады:


  1. Арифметикалық материал математиканың бастауыш курсының негізгі мазмұнын құрайды:

а) сандар нумерациясы:

ә) арифметикалық амалдар:

б) есептеу тәсілдерін;


  1. Алгебралық материал арифметикалық материалмен табиғи байланысты; бірақ математиканың бастауыш курсының негізгі тарауы болып табылмайды.

а) өрнектермен таныстыру:

ә) санды теңдік және санды теңсіздікпен таныстыру:

б) теңдеулермен таныстыру:


  1. Геометриялық материал да бастауыш курстың негізгі тарауы емес, бірақ арифметикалық та, алгебралық та материалмен табиғи байланыста.

а) қарапайым геометриялық фигуралармен таныстыру:

б) геометриялық фигуралармен таныстыру:

в) геометриялық денелермен таныстыру:


  1. Шамалар сандардың нумерациясы және сандарға арифметикалық амалдар қолданумен, яғни арифметикалық материалмен, сондай-ақ алгебра және геометрия элементтерімен тығыз байланыста оқытылып - үйретіледі:

  2. Есептер – бастауыш математика курсының түрлі тарауларындағы көптеген теориялық материалдардың мәнін ашуға, сондай-ақ теориялық білімді бекітуге көмектесетін арнайы және ерекше математикалық жаттығулар:

Математикадан оқу барысын жоспарлау оқу жоспары, оқу бағдарламасы, күнтізбелік жоспар және оқулықтарда көрсетілген математикадан бағдарламалық материалдардың мазмұнымен анықталады.

Оқу жоспары негізінде күнтізбелік-тақырыптық жоспар жасалады, онымен толық сәйкестікте белгілі бір тақырып бойынша математиканың әр сабағының жоспары дайындалады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   50




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет