Білім және ғылым министрлігі



бет3/5
Дата09.06.2016
өлшемі1.27 Mb.
#125687
1   2   3   4   5


Пайдаланатын әдебиеттер:

Негізгі:
1. Ә. Қоңыратбаев, Т. Қоңыратбаев. Көне мәдениет жазбалары.Алмати 1991ж

2.Ө. Күмісбаев. Парсы поэзиясы.

3.Р. Бердібаев . Гүлістанның бұлбұлдары. Алмати 1971ж

4.Ш. Құдайберді ұлы. Стамболдағы Османлы түрік һәм сұлтандары. А. 1991

5.Несин Әзиз Ахиреттен келген хаттар. Алтары 1965

6.Орхан кемал. Тұңғиықта. Роман. А: 1988

7.Турецкая ашыкская поэзия. Москва. 1983

8.Құран Кәрім. Қазақша мағына және түсінік. Міллади 1991ж

9.Шығыс жұлдыздары А. Жазушы. 1973 ж

10.Ө. Күмісбаев. Парся поэзиясы хрестоматиясы. А. 2003ж

11.С.Айни. Есте қалғандар. I . II бөлім А. 1953ж

12.Ш. Айтматов. Ақ кеме Посестер мен әңгімелер. А. 1975ж

13.Р. Бердібаев. Түркімен өлеңдерін оқығанда. А. 1970ж

14.С. Қирабаев. Шығыстың Шиллері. А. 1960ж

15.Сөз зергерлері. Алмати. 1966ж

Қосымшы әдебиеттер:

1.А. Жәми. Өлеңдері мен дастандары. А. 1969ж

2.М. Сағди. Гүлістан: нақылдар, хикаялар. А. 1961ж

3.Парся жазушыларының әңгімелері. А. 1958ж

4.Фирдоси. Рүстем дастан (Т.Ізтілеуов жырлаған нұсқа ) А. 1961

5.Н. Ғабдуллин “Шахнама” А. 1981

6.Ө. Күмісбаев. Иран әдебиетінің тарихы. А. 20001ж

7.Ө. Күм ісбаев. Абай және шығыс. А. 1995ж

8.Ө. Күмісбаев. Терең тамырлар. А. 1994 ж

9.С. Шарипов. Иранға саясат ІІ томдық шығарма жинағылар. А. 1982ж

10Шығыс жұлдыздары (Құрастырған Қ. Жұмағалиев. А. 1973ж)

25.Манас. Қырғыз халқының батырлық дастаны. І,ІІ,ІІІ,ІV кітап. А. 1951ж



Ескерту:

Студенттердің білімін бақылау, бағалау: СӨЖ, тестілік бақылау (Т), рефераттар (Р), коллоквиум (К), глоссарий (Г) ,Баяндама (Б) т.б. оқытушыға тапсыру кестесі әр аптаның

Сейсенбі –1500 – 1630

Бейсенбі - 1500 – 1630 күндері жүргізіледі.



БІРІНШІ АРАЛЫҚ БАҚЫЛАУ





Тақырыптар

Апталар

реті

Ұпайлар

Бақылау

түрі


1

VIII-Х ғасыр Кіші Азия тайпаларының қоныстана бастауы

1 апта

2

Сұрақ – жауап


2

Түрік революциялық поэзиясының негізін салушы

2 апта

3

Ой – бөліс

3

Парсы классикалық поэзиясының негізін салушы Рудаки Абу Абдоллах Жафар

3 апта

2

Баяндама

4

Парсы әдебиетінің ақын жазушылары.

4 апта

2

Сұрақ – жауап

5

ХІV-ХV ғ/ғы парсы (иран, тәжік) әдебиеті.

5 апта

2

Реферат

6

Парсы әдебиетінің көрнекті өкілі Әбілқасым Лахути

6 апта

2

Сөзжұмбақ

7

Тәжік әдебиетінде реалистік драманың негізін салушы –ақындар

7 апта

2

Тест

ОБСӨЖ 15 ұпай

1



Тақырыбы: VIII-Х ғасыр Кіші Азия тайпаларының қоныстана бастауы

Жоспар:

  1. VIII-Х ғасыр Кіші Азия тайпаларының қоныстана бастауы.

  2. Түрік әдебиетінің тарихи негізі.

  3. Байырғы түркі мәдениеті.

Түрік әдебиеті.

Тұранға жер жүзінде жер жеткен бе?

Түрікке адамзатта ел жеткен бе?

Кең ақыл, атты қайрат, жүйрік қиял

Тұранның ерлеріне ер жеткен бе..?

Мағжан Жұмабаев

Түрік елі Еуразиядағы ең құдіретті империяның ресми атауы. Тарихи деректерге қарағанда түркі тайпалары оқу-жандардың (тибеттердің) қол астында болған. 552 ж. түркі астында болған. Бумын қаған бытыраңқы, көшпелі түркі тайпаларының басын қосып; жу-жандарға қарсы шабуылдар жасайды. Соғыста жу-жандар үлкен шығынға ұшырап, түркілерден жеңіледі.

Бумын қаған өлген соң, 600 жылдар шамасында, түркі мемлекеті Шығыс және Батыс түркі қағанаты болып бөлінеді. Кең байтақ ұланғайыр өңірде түркі тайпаларын басқару оңайға түспеді. Оның үстіне ел арасында бірлік болмай, алауыздықтар күшейді. Түркі мемлекеті құлап, олар 630 жылдан 680 жылға дейін, Қытайдың бодандығына айналды. Сол кездері Қытай мемлекеті ішінде елеулі өзгерістер болды. Егін шықпай, халық аштыққа ұшырады. Бұл жағдай түркі тайпаларына пайдасын тигізді. Құтлығ қаған бастаған олар Қытайға қарсы шығып, 682 жылы Түркі мемлекеті екінші түркі мемлекетінің күш-қуаты артты. Бұл кезде Түркі мемлекетінің күш-қуаты артты. Дана Тоныкөк ел басқару ісіне араласады. 682 жылы Құтлығ қаған қайтыс болды. Ұлдары Күлтегін мен Могилян (Білге) жас болғандықтан туысы Мочжо (Қапаған) отырады 716 жылы Қапаған жарықтан келе жатқан шағында күтпеген жерден өлтіріліп, басын Қытай орталығына жеткізіледі.

Таққа Күлтегін отырмай Білге қаған отырады.

731 жылы Күлтегін қайтыс болады. Оның өлімін қағанға үлкен әсер етеді. Інісін өмірлік есте қалдыру үшін Конго-Қайдамнан оған ескерткіш орнатты. Ескерткішке Күлтегін жөнінде түркі қағанаты туралы туысы Иоллығ тегін көп деректер жазады.

734 жылы Білге қаған да дүниеден өтті. Содан кейін – ақ түркі қағанаты кем-кемнен ыдырай бастады.

Туркия Республикасының негізгі халқы – түріктердің әдебиеті туралы айтудан бұрын осы мемлекеттің өзі жайында қысқаша мәлімет бергеніміз жөн сияқты.

Туркия Республикасы – Батыс Азия мен Оңтүстік Шығыс Еуропадағы мемлекет. Территориясы негізінен Кіші Азия түбегінде, яғни Анадолы жеріне орналасқан.

Халықының саны 40,2 млн. халқының 90проценттен астамы – түріктер. Мемлекет тілі – түрік тілі. Ресми діни нанымы – ислам діні. Астанасы – Анкара қаласы.

Мемлекеттік құрылысы жағынан Түркия – Республика. Мемлекет және үкімет басшысы – президент. Бірден- бір заң шығаратын жоғарғы өкімет органы – екі палаталы парламент.

Түрік халқының ұлт-азаттық күресін (1918-1922) басқарып, туған елін сан ғасырларға созылған сұлтандар әулетінің езгісі мен империялистік мемлекеттердің қанауынан құтқарған – Мұстафа Кәмәл Ататүрік еді. Ататүрік бастаған күрестің нәтижесінде Батыс үлгісіндегі, Еуропалық сипаттағы демократияға негізделген бүгінгі Түркия Республикасы дүние келді. Оның тұңғыш президенті Ататүрік болды.

Түрік халықыны алдындағы орасан зор еңбегі ескеріліп, Ұлы Ұлттық Мәжілісінің арнайы қаулысымен Мұстафа Кәмәлға 1934 жылы “Ататүрік” фамилиясы берілген. Түркия Республикасы мен Қазақстан арасындағы мәдени, әдеби, саяси, экономикалық байланыстар күн сайын арта түсудегі Бұл игі іске екі елдің президенттері Сүлеймен Демирел мен Нұрсұлтан Назарбаев мол үлес қосып келеді.

Түрік әдебиеті өзінің қайнар – бастауларын бүкіл түркі тілдес халықтарға ортақ әдебиет – ежелгі түркі әдебиетінен алады.

Түрік қағандығы тұсында өмірге келген “Күлтегін” батыр туралы жыр, VI-IX ғасырлардың әдеби мұралы “Қорқыт ата кітабы”, “Оғыз неме”, Әл-Фараби өлеңдері т.б. ежелгі мұралар түрік жазба әдебиетінің де алғашқы бастаулары болып табылады.

Сонымен бірге, XV-XVII ғасырлар түрік поэзиясының дамуындағы классикалық дәуір саналады. Бұл кезде Түрік әдебиетінің дамуына, әсіресе, Месехи, Михри хатун, Махмұд Бақи сияқты ақындар мол үлес қосты.

Түрік әдебиетінде XVIII ғасырда сопылық бағыттағы поэзия мейлінше дами түсті Бұл бағыттағы ең көрнекті туынды – Шеих Галпттің (1757-1799) “Сұлулық пен махаббат” поэмасы еді. Бұл кезде түрік әдебиетінде жаңа жанрлар пайда болды. Түріктің жаңа әдебиетін дамытудағы Ибраhим (1826-1904), Намық Кемал (1840-1878) Шемсеттын Сами (1850-1904), Ахмет Мидхат (1844-1913) сияқты қаламгерлер атсалысты.

Абдулхақ Хамид Тархан (1852-1937), Реджаизаде Экрам (1847-1913), Теврик Фикрет (1867-1937), сияқты сөз зергенлері түріктің көркем сөз өнеріне көптеген жаңалықтар енгізді. Ең бастысы –түрік және қазақ әдебиетінің тарихи тамыры ортақ, ал шыққан тегі, яғни қайнар-бастауы бір екенін ескергеніміз жөн.

Ататүрік өсиеттері.

Әлем бізді құометтесін десек, өз ұлтымызды және ұлттық бейнемізді алдымен біздің өзіміз бар сезімімізбен, ақыл-ойымызбен, ісімізбен, бүкіл қимыл-әрекетімізбен құрметтеуіміз керек. Өзінің ұлттық бейнесін таба алмаған ұлттардың басқа ұлттарға жем болатынын біліп қойғанымыз жөн.

Тек өзінен кейінгілерді ойлай білетіндер ғана ұлттарды өмір сүру және алға басу мүмкіндіктеріне жеткізе алады; Өзі өмірден өткен соң ілгерілеу және даму қозғалысы тоқтайды деп ойлау жансақтық.

Көзімізді жұмып алып, оқшау өмір сүреміз деп ойламаймыз. Елімізді шеңбер ішінде ұстап, әлемнен қатынассыз өмір сүре алмаймыз. Керісінше, озат, өркениетті ұлт болып, өркениет алаңының бетінде өмір сүреміз. Мұндай өмірге тек ғылым мен техника арқылы жетуге болады. Ғылым мен техника пайда болса да аламыз және ұлтымыздың әрбір адамының миына қондырамыз. Ғылым мен техникаға уәж және шарттылық жүрмейді.

Ұлттарды басқаратын адамдар, әрине, алдымен өз ұлтының өміршеңдігі мен бақыттылығына себепкер болғысы келеді. Бірақ басқа ұлттар жайында да осындай тілекте болу қажет. Бүкіл әлем оқиғалары бізге мұны айқын аңғартады.

Дүние жүзінде өмір сүрген және өмір сүріп отырған ұлттардың ішінде рухы жағынан шынайы демократ болып туған жалғыз ұлт – Түріктер екеніне әбден сенулеріңізге болады.

Негізгісі – түрік ұлтының абыройы және құрметі ұлт болып өмір сүруі. Бірақ бұл толық тәуелсіздікке ие болғанда ғана қамтамасыз етілуі мүмкін. Қаншалықты бай және дәулетті болса да, тәуелсіздігі жоқ ұлт өркениетті адамзат үшін жалшылықтан басқаға жарасымды деп есептелмейді.

Жолда кетіп бара жатқан жолаушының көкжиекті ғана көруі жеткіліксіз. Міндетті түрде ол көкжиектің арғы жағын көруі және білуі қажет.

Бостандық және тәуелсіздік – менің мінез-құлқым. Мен ұлтымның және ұлы бабаларымның ең құнды мұрасы – тәуелсіздікке құштарлық сезімі кеудесін кернеген адаммын...

.Ұлттық тәуелсіздік, мен үшін өмірлік мәні бар мәселе ...



Бақылау сұрақтары

1. VІІІ – Х ғ/ғы Кіші Азия халықтарының әдебиетінде қандай ағым басым болды.

2. Кіші Азия мемлекеттерінің VІІІ – Х ғасырға дейінгі дүние танымы Орта Азия

мемлекеттерінің ішінде қайсысына ұқсас болды.

3. Кіші Азия халықтарының туындыларына ықпал еткен Х ғасырдағы

гнесологиялық бағытта бірінші мәселе не болды.

4.Түркі поэзиясындағы нәзирагөйлік қайсы ақындардың туындыларында басым

болды.


Студенттің аудиторияда тапсырмасы.

1. Кіші Азия халықтарының туындыларына ықпал еткен Х ғасырдағы

гнесологиялық бағытта бірінші мәселе не болды.

2. Түркі поэзиясындағы нәзирагөйлік қайсы ақындардың туындыларында басым

болды.

3. Реферат



Студенттің үйде орындайтын тапсырмасы

СӨЖ тақырыбына сәйкес

Глоссарий түзу.

Сұрақ – жауап

2

Тақырыбы:

Түрік революциялық поэзиясының негізін салушы

Жоспар:

1.Назым Хикмет Ранның /1902-1963/өмір жолы

2.Назым Хикмет Ран жазушы қоғам қайраткері

3.Назым Хикмет Ранның шығармашылығы

Назым Хикмет-түрік әдебиетінің көрнекті тұлғасы, түрік

революциялық поэзиясының негізін қалаушы. 1918 жылы КССРО-ға келеді, Бакуде болды. Мәскеудегі Шығыс халықтарының коммунистік университетінде оқиды.

1938 жылы соғыс қызметкерлерін көтеріліске шақырғандығы үшін әскери-соғыс трибуналы Назым Хикметті 15 жыл, одан кейін тағы да 13 жыл түрмеге отыруға үкім етеді. Бірақ Ғ.Мүсірепов айтқандай: «Бірақ халыққа арналған өмір-жыры өшкен жоқ, өрши берді, еңбек жұртының жүрегіне, ойына тарады, студенттердің қойнына, солдаттардың қонышына түсті. Хикметтің тиым салынған шығармалары офицерлердің чемодандарынан да табылды».

36 жастағы ақын Бурса қаласындағы түрмеге түскеннен кейін тағы да 27 жылдық түрме жазасы қосылады. Сонымен отыз алтыдағы Хикмет ақын табандатқан елу бес жыл түрмеде отырып, тоқсан бір жасында түрмеден құтылмақ еді.

Назым Хикмет 1950 жылы шілде айында түрмеден босатылады.

Назым Хикметке Бейбітшілікті жақтаушылардың дүниежүзілік екінші конгресінде агрессияға қарсы жазылған әдеби-шығармашылық еңбектері үшін Халықаралық Бейбітшілік сыйлығы берілді. Ол дүниежүзілік бейбітшілік қорғау Кеңесінің бюро /1950/ және Президиум мүшесі /1950/.

Жаңару, өркендеу жолындағы тәуелсіз мемлекет Туркияның ұлттық әдебиетінің дамуында, әрине, Назым Хикмет шығармашылығы-өзіндік өрнекті мұра. Олай дейтін себебіміз, оның шығармашылық өмірбаянын күресшіл, революцияшыл мазмұнға құрылады. Көркем шығармашылық әлемдегі көркемдік. Әдістер, романтизм мен релазим әдістерін егіз қолдана жазған, халқын сүйген талай-талай ақындар шығармашылығынан біз осыны танимыз. Үндістанның ұлы ақыны Рабиндранат Тагордың, 1922 жылға дейін Иранда өмір сүрген иран-тәжік әдебиеттерінің ақыны Әбілқасым Лахутидың, қазақ ақындары С.Сейфуллиннің, І.Жансүгіровтың, Қ.Аманжоловтың және қазіргі әңгіме арқауындағы ақын Назым Хикмет шығармашылығынан біз осындай ерекшеліктерді танимыз.

Назым Хикмет-әдебиет тарауындағы ұлы ақын. Сонымен қатар ол-көркем прозашы, драматург, киносценарииші. Шығармалары /жарияланған кітаптары/:


  1. «Күн нұрына суарылғандар жыры » /1928/

1. «835 тармақ» /1929/

2. «Даусын жоғалтқан қала » /1931/

3. «Адамдық кеңестік» /1941-61 ж.ж. Бұл түрік тілінде 1966-67 ж.ж. жарияланған эпопея/.

4. Драмалық шығармалары: «Елеусіз қалған есіл ер» /1935/; «Дарақы» /1955... т.б.

Назым Хикметтің шығармашылығы әдеби тек жағынан лирика, эпос, драма түрлерін түгелдей қамтиды. Назым Хикметтің әлемдік сөз өнеріндегі негізгі тұғыры-ақындығы. Ақынның лирикалық шығармашылық құдіретін әлемге танытқан ерекшелік-оның туған елін Туркияны, Анадолы жерін, Ыстамбулды, дүниежүзінің еңбекшілерін азаматтық, гуманистік жүрекпен жырланғандығы Хикметті түсіну үшін лирика табиғатына үңілу керек. «Лирика... шындықты адамның ішкі көңіл-күйіне бөліп, ойымен сезіміне астастыра суреттейтін терең психологиялық шығармалардың түрі»... «Ақынның көңіл-күйі әрқашан өзі өмір сүрген қоғамдық ортаның хал-жайына байланысты». Ол қуана шалқыса да, жабырқай толғанса да, - сол өз кезінің шындығымен сыры жатады.

... «Лириканың бас қаһарманы-ақынның өзі... Өлеңді жазған адам оқыған адамға айналып, ақынмен оқырманның көңіл-күйлері бір-біріне ұштасып, бірігіп, біте қайнасып кетеді... Сонда ақын көкірегінде сезім-оқырман сезімі, ақын көңіліндегі сыр-оқырман сыры болады да шығады». /Қабдолов З. Екі томдық таңдамалы шығармалары. А., Жазушы. т.2. 315-316, 319 беттер/ Бұл айтылған тұжырымдарды Н.Хикмет жырлары арқылы түсінеміз. Назым Хикметтің лирикалық шығармашылығын өлең тарихындағы қалыптасқан жіктеулер тұрғысынан саяси лирика, философиялық лирика, табиғат лирикасы, махаббат лирикасы түрлерінде қарастыруға болады.

Назым Хикметтің саяси лирикасына мынадай өлеңдері жатады:

«Лидия Ивановнамен сырласу», «Сендердің қолдарың хақында һәм жалғандық жайлы өлең», «Мадрид қақпасы алдында», «Шығыс адамы және СССР», «Үміт», «Сені ойлаймын», «Құрыш білектер», «Ағаштар», «Қайран, он тоғыз!», «Бес тәулік ашыққанда», «Мұнайстанға саяхат», «Мен түрмеге түскенге», «Ешбір ағаш берген жоқ мұндай ғажар жемісті», «Әлем достар, жаулар, сен және жер», «Поль Робсонга», «Айқас» және т.б.

Ақынның саяси лирикасынан адамзаттың бақыты жолындауы күреске өмірін арнаған лириканың қаһарманның асқақ мұраттары жырланды. Құрлықтарды мекендейтін барлық нәсілдегі адамдарда сүйетін гуманистік бауырмал үні шынайы қалпымен естіледі.

Африка не Азиядан,

Не Таяу Шығыс елінен.

Не Қиыр Шығыс,

Не Тынық мұхитының шегінен.

Қай тараптан да бол, мейлің,

Планетамның халқының төрттен үш бөлігі,

Бөрі де маған бауырлас туған ел деймін.

/ «Сендердің қолдарың хақында»/

Ал, «Өлген қыздың елесі» жырында Хиросимадан басталған атомдық зұламатқа қарсылық үнін танимыз. Мәңгілік апат, қырғын атаулыға жаны түршіге қарсы ақынның күрескерлік жырының қуаты айқын.


Бақылау сұрақтары

  1. Түрік поэзиясының негізін салушы Н.Х.Ран

  2. Назым Хикмет Ранның өмір жолы.

  3. Н.Х.Ран жазушы қоғам қайраткері.

  4. Ранның өлең жинақтары.

Студенттің аудиторияда орындайтын тапсырмасы

1. Назым Хикметтің саяси лирика жайлы жазған өлеңдері.

2. Драмалық шығармалары.

3. Н.Х.Ран жазушы қоғам қайраткері.

4. Н.Ранның өлең жинақтары.

Студентің үйде орындайтын тапсырмасы

1.Сұрақ жауап.

2.Реферат.

3



Тақырыбы: Парсы класикалық поэзиясының негізін салушы

Рудаки Абу Абдоллах Жафар

Жоспары:

1. Рудаки Абу Абдоллах Жафар (860-941) өмірі, шығармашылығы.

2. Рудакидің парсы ( иран, тәжік) әдебиетіне шығыс әдебиеттеріне көркемдік

әсері
Абулхасан Рудаки иран – тәжік әдебиетінің негізін салушы, сол әдебиеттің көркейіп ілгері дамуына зор ықпал жасаған ақынның бірі. Сондықтан данышпан ақынды әдетте “ақындардың Адам-атасы” деп атайды. Ол данышпан ойшыл, сөз зергері, көркем сөзді маржандай төгілткен ақын, асқан әнші шығармалары сан тілге аударылып, аты әлемге жайылған қайраткер.

Бұдан –1100 жылдан астам әріде өмір сүрген Рудаки жайлы тарихи, өмірбаяндық мәліметтер көнеріңкі бұлдырлау, әр қилы.

Рудак ақынның туған қыстағы, ол тәжікстанның Пенджикент деген жерінде. Ақынды қыстағындағылар “Рудак” деудің орнына “и” қосымшасын қосып Рудаки деп атап кеткен. “Рудаки ” ақынның фамилиясына айналып кеткен. Ақынның есімі түрліше аталады бір деректе “Абулхасан”, екінші деректе “Абуабдалла”, үшіншісінде Абуғабдулла Жағфар Мұхаммад Рудаки.

Негізінде көп аталып жұрт аузында қалыптасып кеткен есімі - Абулхасан Рудаки.

Рудаки еңбектерінің бағалануы, зерттелуі жайында, және ол туралы тұңғыш мәлімет Самарқанд пен Астрабад қалаларын зерттеуші ғалым Аль-Идрисидің кітабында кездеседі.

Аль – Идрисидің астрабатық, Самарқанда 1015 жылы қайтыс болған.

Ақын туралы бірқыдыру тәуір мәліметтер тадж ул- Ислам ас –Саманидің (1167 ж.өлген) «Ата тектер кітабында» да бар. Рудаки жайлы бағалы пікірді ақынмен замандас немесе оған ілесе шыққан ақындар: Абумансұр Дакаки, Абдухасан Шахид, Унсури еңбектерінен кездестіреміз.

Абулфазл Балами саманидтер әулетінен шығып, Хорасанда әмірлік құрушы, өз заманындағы ірі ғалымдардың бірі болған. Ол: «парсы тіліндегі позияда Рудаки осы күнгі ақындардың бәрінен озық, арабтарда да, ирандықтарда оған теңдес ешкім жоқ», - деп жазады.

Европа ғаламдары Рудакиді ХІХ ғасырда ғана зерттей бастада. Бұл салада ең алдымен еңбек сіңірген неміс ғалымы Г.Эте. (Г.Эте Рудаки самантдтер ақыны. «Геттенген хабаршысы», 1873 жыл, 663-742 беттер). Ол Рудакидің шығармашылығын сипаттап, өзі Рудакиді деп санаған қолжазбаны талдаған. 1930 – 41 жылдары иран ғалымы С.Нафиси (Нафиси, Талиф Сағид.Самарқандық Абуғабдулла Жағфар бин Мұхамад Рудакидің өлеңдері. Тегеран, хажарияның 1309 жылында басталып, 1319 жылында тәмам болды), Рудаки жасаған дәуірді, ақынның өмірін, шығармашылығын жан – жақты зерттеп, көлемді үш томдық еңбегін шығарды; соңғы томында ақынның шығармаларын қоса жариялады.

Кеңес Одағында Рудаки еңбектері кеңінен зерттелуде (Е.Э. Бертельстің, С.Айнидің, А.Дехотидің, А.Мирзоевтің, И.С.Браганскийдің, Х.М.Мирзозаденің т.б еңбектері) 1924 жылы Дж Дармстердің «Парсы поэзиясының шығуы» деген үлкен зерттеуі орысшаға аударылды.

Алайда Рудакиді зерттеуде біраз мәелелер күңгірт қалып келді.

Жүздеген жылдар бойы ақынның туып өскен жері жалпы болжаммен айтылып келген. Бір болжамда Рудак қыстағы Самарқанның төңірегінде, екінші болжамда – Бұқар төңірегінде деп айтылды. ХІІ ғасырда жасаған Мерв қаласының тұрғыны Тадж уль Ислам ас – Самани өзінің «Ата тектер кітабы» деген шығармасында Бандж, Рудак деген қыстаққа жақын екенін, онда Абу Абдаллах ар – Рудакидің моласы барын барын, мола Бандж Рудак бақшасына жуық екенін, бәрі Самарқандокругіне жататынын айтады.

Тәжік кеңес әдебиетінің классик жазушысы және ғалымы Садриддин Айни (1878 1954) иран – тәжік әдебиетінің әлемге аян басқа классиктерімен (Фердоуси, Абуғали ибн – Сина, Омар Хаям, Насир Хұсрау, Сағди, Хафиз, Жәми т.б) қатар Рудакидің өмірбаянын да терең зерттеді. Соның нәтижесінде С.Айни арнаулы экспедиция шығарып, Абулхасан Рудакидің туған, өскен қыстағын, ауданын анықтады. Бұл – даңқты ақынның өмірбаянын айқындай түсу үшін зор рол атқарды.

Одан кейінгі жылдары орыстың атақты ғалымы М.М Герасимов Рудакидің сүйегін қазып көріп, бас сүйегінің мөлшеріне бітіміне қарай оның бюстін – кеудесінен жоғары пішінін жасады. Рудакидің бюсті және фотосы жер - жерге тарап, ұлы ақынның бейнесімен жұртшылықтың мүмкіндік жасалды. Кейінірек қосымша деректер де табылып 1958 жылы ақынның туғанына 1100 жылға толуы аталып, тойланды.



Бақылау сұрақтары

  1. Парсы классикалық поэзиясының негізін салушы Рудаки Абу Абдуллах Жафар өмірі мен шығармашылық жолы.

  2. Рудаки парсы әдебиетіне шығыс әдебиеттеріне көркемдік әсері.

  3. Ә.Рудакидің рубайлары көбінесе қандай мәселені көтереді.

  4. Ә.Рудакидің «Өмір маған ақыл айтты» өлеңі.

  5. Европа ғалымдары Рудакиді 19 ғасырда зерттеуі.

Студенттердің аудиторияда орындайтын тапсырмалары

1.Рудакидің бюсті мен фотосы жер-жерге тарап ұлы ақынның бейнесі мен жұртшылыққа мүмкіндік жасауы.

2. «Ата тектер кітабы» деген шығармасы.

3.Рудаки еңбектері.



Студенттердің үйде орындайтын тапсырмалары

1.Тест.


2.Сұрақ-жауап.
4

Тақырыбы: Парсы әдебиетінің ақын жазушылары

Жоспары:

1. Әбілқасым Фирдоуси (940-1020 немесе1030 ж) өмірі әдеби мұралары

2. «Шахнаме» дастанының мазмұны

3. Омар Хаям (1048-1122ж ) өмірі, парсы пэзиясының көрнекті ақыны
Шығыс поэзиясының осы жарық жұлдыздарының ішінде айрықша даңқты, әсіресе жарқын саңлақтарының бірі - Әбілқасым Фирдоуси. Фирдоуси өмір сүріп отырған, шығармашылығы гүлдене бастаған шақ Х ғасырдың бірінші жартысы болды. Фирдоуси жазған ұлы дастан –«Шахнаме» болды. Әбілқасым Фердоуси 940 жылы дүниеге келіп , 1020-1030 жылдар аралығында дүниеден озған. Туған жері ирактағы осы күнгі Фирдоус (бұрынғы - Тус) қаласының төңірегі болса керек. Оның шын есімі Әбілқасым Туси ал, Фердоуси лақап аты. Балалық шағының қалай өткен туралы ешқандай дәйекті дерек жоқ. Дегенмен Фирдоусидің парсы, араб тілдерін жақсы білгеніне қарағанда, ерте заманның ертегі, аңыздарын, бұрын соңды жасалған екі тілдегі поэзия байлығын және мұсылман дінінің қағидаларын жақсы біліп, жетік игергеніне қарағанда оны жақсы оқып ізденген дейді. Х ғасырда тәжік парсы поэзиясының үздік дамып, өсуі кездейсоқ құбылыс емес еді. Оның негізінде бас себепкер болған тарихи жағдай.

Халық арсындағы әділетсіздікті сынай отырып пәктік пен адалдықты биіктікті дәріптейді. Фирдоусиді ұлы Абайда С.Торайғыровта, М.Сералин ақын мен Ораз молда да қадір тұтқан. Айтарлықтай аса талантты С.Торайғыровта өз шығармаларында Фердоуси жырлаған кейіпкерлерді жыр жолына қосып мадақтаған. Кейбір деректерге қарағанда Фердоуси ауыз әдебиетінің үлгісінен мол мағлұмат алып, араб тілін жете меңгерген дейді. Бірақ ақын «Шахнаме» дастанын 30 жасында жазған көрінеді. Сөйтіп «Шахнамені» 970-75 ж аралығында жазған деседі.

«Шахнамені» екі түрде түсінуге болады.

А) Патшаларға арналған кітап делінсе.

Б)Кітаптарпадишасыделінеді.


Өйткені «Шахнамеге» дейін бұндай дастандар болған жоқ. Осындай шығармаға ақын 35 жыл өмірін арнаған Кейбір деректерде Фердоуси дастандарын 994 жылы енді аяқтай бастағанда сәтінде Саманит мемлекеті ыдырай бастайды. Сөйтіп ол мемлекет 994 ж құлайды. Алғашқы өз еңбектерін Саманидтер сарайының басшысына арнап жазған Фердоуси енді қайта өңдеу 2-ші вариантын жазады. Сөйтіп 1010-1041 жылдары аяқтайды.

Кейбір деректерде Фердоуси өз дастанын Ғазына қаласының әкімі, сұлтан Махмұт Ғазнауйдің тапсырмасымен жазған. Сөйтіп дастанды бітіре келе санағы 1020 мың жолдан тұрды.

1934 жылы ұлы тұлғаның 1000 жылдығына орай Т.Ізтілеуов «Шахнаменің» сюжеттік желісін түгелдей сақтай отырып «Рүстем - Дастан» атты шығарманы кітап етіп шығарады. Бұл шығарманы 1961 жылы «Рүстем - Дастан» қазақ тілінде кітап етіп шығарды.

2.Омар Хаям (1048-1122ж ) өмірі, парсы пэзиясының көрнекті ақыны.

Омар Хаям негізінен мамематика, астрономия ғылымын өте жетік меңгерген кісі болады. Нәтижесінде 1039 жылы 15 наурызында тұңғыш рет «Күн календарын» жасап ғылыми тұрғыда дәлелдеп 1жылда 365 күн барын дәлелдеп айтады. Содан соң 1082 жылы 13-ші Григори папаның тұсында ғана жыл санау қолға алынады. Бірақ бұлда Омар Хаямның жыл санауынанары асып кете алмайды. Ал ұлы тұлғалардың ақындығына назар аударар болсақ, ол әділетсіздік, теңсіздікті сынай отырып үстем тап өкілдерін сынға алады. Омар Хаям ұстап, тілін бұрап жұлып алған үстем тап өкілдері.

Ешқашан налына, сұлулыққа, адалдыққа бас и дейді.

Сен неге кедейлікке боласың дал

Артынбай тіршіліктен аласыңды ал

Бірі саған шаттық артық мың қажыдан

Меккеде сенің қандай нағашың бар.

Оның өлеңдерінде адамның ұлылығы тазалығы 1-ші орында тұрады.

Қоғамдық өмірде адам баласы қоғаушы күш дейді.

Масалы,


Дүниенің сап асылы біз сабасы біз

Мақсатты майса гүлді санасы біз

Бұл жақан дөп – дөңгелек жүзім болса

Жаухардай жанған оның шіресіміз

дейді.

Яғни ақын өлеңдерінде көз –қарастарында ұлттық, кемеңгерлік, пәктік адалдықпен келетінін жырға қосады.



Мысалы,

Біз өлсек, жер орнынан қозғалмайды

Бетінде бізден белгі із қалмайды

Біз жоқта болған жоққой күн қараңғы

Сонда бізді ажалдан қызғанбайды.

Немесе ақын,

Көктемде шешек атса гүл жарқырап

Шарапты іште қанда жүр балдырап

Ойлама пейіш тозақ қордың қызын

Бәріде біле – білсең құр сандырақ.

Омар Хаям өз дәуіріндегі үстем тап өкілдерін ұсқынсыз әркетсіздіктен сынға ала отырып,

Жететін екі күнге наның болса

Салқын су, қымыраннан арылмаса

Өзіңнен төмендерге басыңды име

Еркін жүр надандарға жалынғанша.

Рухани таяз жандарды сын астына алады. Ақын адал махаббатты, сүйіспеншілікті жоғары бағалайды.

Сұлуды қанша сүйсем көпсінбеймін

Өмірің шарап ішіп өтсіндеймін

Өлгенде құдай күнаңды кешпейді дейді

Кешпесе кергі жоқ кештірмеймін.



Бақылау сұрақтары

1. О. Хаям рубайларында ең негізгі сұлулық өмір көркі не деп есептеді.

2.Ақындар неліктен Иран бақтардағы сұлулар мен қорларды не деп дәріптеді.

3.Фирдауси, Физули шығармаларын әлемге жайюшы нәзирагөйлік шоқтығын танытқан қандай ақынды білесіз.

4.Иран әдебиетінің 13 ғасырдағы өкілі саяси қоғам қайраткері Қайқауыс патшаның бізге қалған қандай мұрасы бар.

5. Омар Хаям өз дәуіріндегі үстем тап өкілдерін ұсқынсыз әркетсіздіктен сынға алып отыруы.

6. Фирдоусиді ұлы Абайда С.Торайғыровта, М.Сералин ақын мен Ораз молда да қадір тұтуы.

Студенттің аудиторияда орындайтын тапсырмасы

1.Иран әдебиетінің 13 ғасырдағы өкілі саяси қоғам қайраткері Қайқауыс патшаның бізге қалған қандай мұрасы бар.

2. Омар Хаям өз дәуіріндегі үстем тап өкілдерін ұсқынсыз әркетсіздіктен сынға алып отыруы.

3. Фирдоусиді ұлы Абайда С.Торайғыровта, М.Сералин ақын мен Ораз молда да қадір тұтуы.



Студенттің үйде орындайтын тапсырмасы

1. Глоссарий түзу

2. Сұрақ – жауап

3. Хронологиялық кесте түзу

5

Тақырыбы:

ХІV-ХV ғ/ғы парсы (иран, тәжік) әдебиеті

Жоспары:

1. Хафиз (Хафиз Ширази) Шәмседдин (1325-1389 немесе 1390) өмір жолы

2. Ғазал жанрының шебері – Хафиз

3. Парсы әдебиетінің көрнекті ақыны Әбдірахман Жәми (1412-1492ж) өмірі,

шығармашылығы.

Парсы тәжік әдебиетінің аса ірі өкілі дүниежүзі әдебиетіндегі асқан лириктің бірі- Шәмседдин Мұхаммед Хафиз Ширази. Иранның оңтүстігінде орналасқан Шираз қаласында кедей саудагердің отбасында дүниеге келген.

Ақынның дәл туған жылы белгісіз. Шамада 1300 жыл деуге болады, Ал кейбір деректерде 1325 жылы делінген. Дегенмен оның 14 ғасырдың алғашқы ширегінде туғаны анық. Ақынның өз аты Шәмседдин Мұхаммед, әкесініңи аты Бахойдин, ал Хафиз оның лақап аты. Ширази деп аталуы ақынның Шираз қаласында туып өскенін білдіреді. Хафиздің әкесі оның өте жас кезінде қайтыс болады. Ақын тым жастай жетім қалады. Тұрмыс тауқыметін оның ауыртпалығымен азабын ерте тартады.

Біз жоғарыда Хафиз деген ақынның лақап аты дедік. Хафиз ол кезде құранды басынан аяғына дейін жатқа білген адамды айтады екен. Сондықтан Шәмседдин Мұхамедті құранды түгелдей жатқа білген ол Хафиз деген атақа ие болған.

Хафиз өлеңді жазуды өте жас кезінен бастаған. Оның өлеңдері көбінесе Парсы мемлекетінің басшыларына арналған. Хафиздің шығармашылық талантын дүниежүзіне танытқан ақындық даңқын әлемге таратқан лирикалық шығармалары, ғазалдары болған. „Ғазал” шығыс әдебиетінде де көлемі 14-18 жол немесе 20-24 өлең жолдарынан тұратын лирикалық өлеңді айтады. Ғазал мазмұны мен формасы жағынан батыс Европа поэзиясындағы сонатаға немесе романсқа ұқсайды. Хафиздің қауырсын қаламынан туған міне осы ғазалдар ақынның даңқын көзі тірісінде –ақ өзінің еліне тіпті одан сыртқы жерлерге әйгілі еткен. Оны „Шираз Бұлбұлы” деп атаған.

Хафиз 1389 жылы туған қаласы Ширазда дүние салады. Сүйегі қала маңындағы Мусалла бағына қойылады.



Парсы әдебиетінің көрнекті ақыны Әбдірахман Жәми (1412-1492ж)

өмірі, шығармашылығы.

Әбдірахман Жәми өз дәуірінің ілім жетістігінің жете меңгерген адам екендігін шығармаларынан айқын танылады.

Оның Әлішер Науай мен өмір бойы дос пікірлес болуы бүкіл Хорасандағы әдебиетшілер қауымына зор ықпал жасады. Жәмидің 100-деген ғазалдары әр түрлі өмірлік тақырыптарды қозғайды. Ол махаббат іңкәрлігімен айнымас достық адамгершілікпен парыз барлықпен жоқтық жауыздықпен шапағаттылық тағы да басқа мәселелер меруерттей өлең төгілткен.

Жәмидің ең үлкен ғазалы ғашықтық құштарлығына арналған оның сыршыл өлең жолдарынан теңдесі жоқ сұлу қыз оны қалтықсыз пәк адалдық пен сүйген жігіттің асыл бейнесі рухани тазалығы елестейді. Шайырдың өлеңдері қазақтың ескі қиссаларымен өлеңдерімен шағыс әдебиетімен сіңіскен талай- талай танымалы сөз оралымдарын табамыз. Мысалы: „ Махаббат тұтқыны”,”Күміс мойын”,”Тас жүрек ”,”Жібек шаш”, „Мұңды жүрек”,”Өмір көшесі” тағы басқа .

Шайырдың даңқыншығарған дастандары олар: „Жақсыларға тарту”,”Алтын тізбек”,”Саламан мен Әбсаль”, „Жүсіп Злиха”, ”Ләйлі мен Мәжнүн”, ”Ескендірдің даналық кітабы”. Жәмидің шығармалары ғасырларды аттап өтіп, барша көркімен, нақылмен әсемдігімен жеткен өміршең шығармаларының өзі қаншама. Оларды болашақтада ескірмей, әлсіремей , ұрпақтан- ұрпақ игілігіне жарайтынына, поэзия сүйетін талай қауымға көркемдік тәрбиет бере алатынына күман жоқ.
Бақылау сұрақтары

1. Хафиз оның шығармашылық жолы.

2. Шығармаларының сыршылдық сезімі мен көркемдік шеберлігі жөнінде өз тұсында

Хафизбен тең түсетін ақындар.

3. Хафиз қай қалада, қандай отбасында дүниеге келді.

4. Хафиз ақынның өлеңдерін әркімдер тамсана тыңдап, оны кім деп атаған.

5. Кеңес Одағында кезінде Хафиз жырлары қай тілде, неше рет баспадан шықты (жылы).

6. Хафиз өмір сүрген ғасыр, ол кездегі халықтың хал – ахуалы.

7. Хафиз шығармаларын немістің ұлы ақыны Гетенің аударуы.

8. Ә.Жәми өмірі, шығармашылығы.

9. жәмидің өмір сүрген ортасы.

10. Жәми ғазалдары қандай тақырыпқа арналған. (махаббат)

11. Жәмидің „Алтын тізбек” дастанының мазмұны.

13. Жәмидің ең даңқты, кемелді шығармасы „Жүсіп – Злиха” дастанының мазмұны



Студенттің аудиторияда орындайтын тапсырмасы

1. Хафиз оның шығармашылық жолы.

2. Шығармаларының сыршылдық сезімі мен көркемдік шеберлігі жөнінде өз тұсында

Хафизбен тең түсетін ақындар.

3. Хафиз қай қалада, қандай отбасында дүниеге келді.

4. Хафиз ақынның өлеңдерін әркімдер тамсана тыңдап, оны кім деп атаған.

5.Ә.Жәми өмірі, шығармашылығы.

6. жәмидің өмір сүрген ортасы.

7. Жәми ғазалдары қандай тақырыпқа арналған. (махаббат)

8. Жәмидің „Алтын тізбек” дастанының мазмұны.

9. Жәмидің ең даңқты, кемелді шығармасы „Жүсіп – Злиха” дастанының мазмұны.

Студенттің үйде орындайтын тапсырмасы


  1. Хронологиялық кесте түзу.

  2. Сөзжұмбақ

  3. Конспект

6

Тақырыбы: Парсы әдебиетінің көрнекті өкілі Әбілқасым Лахути

Жоспары:

1. Ә.Лахути (1887-1957) өмір жолы

  1. Ә.Лахути поэзиясында көңіл – күй лирикасы

Әбілқасым /Ғасем/ Лахути /1887-1957/- Иран әдебиетінің XX ғасырының басындағы ірі ақыны. Ол Ирандағы кедей Керманшахтың кебіс тігушінің отбасында дүниеге келген. Балалық шағынан бастап жоқшылықты, зорлық-зомбылық, әлеуметтік теңсіздікті көзімен көріп есейген ол қарапайым халық тұрмысын реалиетікпен жырлай білетін жыршыға айналды. Ол 1905-1911 жылдардағы Ирандағы революциялық қозғалыстарға қатысты. Ол 1922 жылға дейін туған елі Иранда тұрды. Лахути шығармашылығы - ежелгі парсы поэзиясының шығармашылығындағы жырларды тақырыптық жағынан бірнеше топтарға бөлеміз. Олардың ең бастысы -туған елі, Иранның қайғы-қасірет шеккен тағдыры туралы толғаныстар. Мысалы, "Қирады ғой жұрты - Иран" /1909/, "Қалталының шаңырағы" /1909/, "Керемет қой адам бұл" /1910/, "Шығыс" /1914/, "Отанға қайтып оралу" /1914/, "Біреу Рим, Эллада құдайларын" /1916/, "Иран халқына" /1950/, "Иранның әнші қызына"/1950/т.б.

Туған елі, тағдырлас Шығас халықтарының жат жұрттықтарға тәуеллді болған мүшкіл халіне күйінген ақын жырлары перзенттік махаббаттан ең кіршіксіз тазалық, мөлдірлік қалпымен жыр болып төгілді. "Қирады ғой жұртым - Иран" атты жырын парсы поэзиясындағы газел жанрының ежелгі пішінінде жазады да, сол газел-жырдың мазмұнында Туған халқының мұңлы-шерлі тағдырын лирикалык сезім тереңдіктерімен жырлайды:

Қирады ғой жұртым - Иран,

бақшадайын жайнап қашан тұрады?

Мұсылман ба, кәпір ме әлде,

халқының бұл қайғысына кінәлі?

— Білмеймін.

Бәрі-дағы өз Отанын

сүйем деуді қайталайды әрқалай,

Сүйем ме, жоқ сүю жайлы

ғаламға тек жар салу ма бұл әлі?

-Білмеймін

Отанымды кім құтқармақ?

Ақсүйектер жиыны ма қалаулы?

Әлде жауды аяу білмес,

тіліп түсер қанжарым ба қайраулы?

— Білмеймін.

Ә.Лахути жырларының алтын арқауы — адам. Адамның еңбек ету арқылы жер-жаһанды жайнатқаны, талай-талай ғажайыптарды жасағаны, ақын тілімен өрнектеледі. "Керемет қой адам бұл" жырында ақын туған ел тақырыбындағы ойларының гуманизмдік биіктігін онан сайын айқындайды.

Ә.Лахути шығармашылығындағы басым жырланған тақырыптардың бірі — махаббат мәселесі. Әлемдік әдебиеттің арқауы болып келген махаббат тақырыбы Ә.Лахути жырларында Шығыс поэзиясының дәстүрлі нақыштарымен түрлене көз тартады. Мысалы, "Шырағдан мен көбелек" /1914/, "Пәренжімен көздің нұрын" / 1917/, "Иран қызына" /1918/, "Жан жүректі" /1918/, "Сүйгеніне берік сенген" /1918/, "Тордан қарап тұрған бұлбұл" /1919/, "Жайдарылау қарасаңшы" 1919/, "Таң қаламын" /1920/, "Сүйіктімді ертерек" /1921/, "жарқ етіп бір қарағаның" /1921/ деген жырлардағы лирикалық кейіпкер — Ақынның ғашықтық, ынтызарлық сезімдері шынайы, нәзік көңіл-күй үрісіде шарқ ұрады. Ақынның ғашықтық-сүйіспеншілік сезімдеріне арқау болғандар — иран, түрік, араб қыздары. Бұлар — ақын жырларының мазмұнында сыртқы кескін-келбеттерімен де, ішкі жан-дүниелік мінез-құлық қалыптарымен де бейнеленеді. Шығыс сұлулары — әлем әдебиетіндегі сұлулық тақырыбындағы дара тұрған кейіпкерлер. Ә.Лахути жырларындағы Шығыс қыздары — еркек жынысының мәңгілік ардақталатын асылдары. Мысалы, "Иран қызына" жырындағы аруды ақын "Иранның алтын айы", "Жақұты Шығыстың", "Сымдай түзу сымбатың", "Хош иісті қолаң шашың", "Оқтай өткір отжанарың және т.б. дәстүрлі баламалы бейнелеу сөздермен мадақтай отырып Шығыс аруының халық болашағына тірек боларлық азаматты парасат биіктігіңді уағыздайды:

Ұл мен қызың алсын сенен ұлағатты тәрбие,

Лайық Ана болу үшін өзің де бол Арға ие!

Ұл мен қызың ұлы еңбектің сырына әбден қанықсың,

Ел алдында еңбек ету — парызы ғой, соны ұқсын!

Біле-білсін — тоңмойындық —. жанын қолдау екенің,

Біле-білсін — адал еңбек — арын қолдау екенін.

Біреулерге үстемдік қып, біреуге көз алартып,

Еңбек етпей нан жегенше, өлгенінің өзі артық!

Сүйсін балаң бостандықты, ғылым, шындықты, еңбекті,

Елге деген жан алауы жарқыратсын жер-көкті!

Сонда ғана ұлы анасың, қонды дей бер қолға құт,

Айың туып, әкелгенің Отаныңа мол бақыт!

Ә.Лахути поэзиясыңда көңіл-күй лирикасы да бар. Бұндай өлеңдерінде ақынның заман, тұрмыс, адамдармен қарым-қатынас мәселелерінің ортасында жүріп, алуан сырлы көңіл-күй әуендерінің теңсізінде жүзетіндігі байқалады. Мысалы, "тағдыр маған қаталдығын" /1921/, "Құдіретті екі қол бар біздерде" /1921/деген өлеңдерінде өмірді сүйген өршіл гуманизм рухындағы күрескер жігерлі ақын көңіліңнің табиғатына қанығамыз. Мысалы, "Тағдыр маған қаталдығын" деген жырындағы философиялық мағынада алынған бейнелі сөздердің астарында тағдырдың асу-белестерінде өмірді сүйген ер бейнесін еңкейтпей өтерлік Ақын қайсарлығына сенеміз.

Дауыл — менің желпеуішім, соққан кезде аңызақ,

Түні бойы жүріп келем... әлі алдымда жол ұзақ.

Түні бойы жүріп келем, бағдар табам жасыннан,

Ал, қоп-қою қараңғылық шөлді қымтап жасырған...

Отаршылық езгінің қараңғылығы тұмшалған елінің жағдайы түндей болса, сол елінің бақытты күндерге жетуге ербір елдің абыз ақындары аңсап өткен емес пе? Халқы үшін Жерұйық — болашақ іздеген ақындар дәстүрімен сол жолда Ә.Лахути да қиындықтан тайсалмаған. Сондықтан да ол "Құдіретті екі қол бар біздерде" деген өлеңінде адамдардың бақытты болашағы үшін күресте жүрген сапарында өзінің Азаматтық тұлғасын айқындай жырлайды:

Суық қанжар тірелсе де алқымға,

Бола алмаспыз салқын жүрек — сыз кеуде!

Көмек күту жараспайды мәрт ұлға,

Құдіретті екі қол бар біздерде!

Әбілқасым Лахутидың шығармашылық өмірбаянындағы 1922-1956 жылдарындағы кезең Тәжікстанда өтті. Кеңестер Одағындағы саяси-әлеуметтік оқиғалардың, коммунистік идеологияның қалың ортасында жүріп Ә.Лахути халықтық мазмұндағы шығармашылығы тоқтаткан жоқ. Халықтар достығы, жер бетіндегі баянды бейбітшілік, адам еңбегінің ұлылығы және т.б. тақырыптар ауқымында лирикалық өлеңдер, эпикалық дастаңдар да жазды.

Әбілқасым Лахути шығармашылғы — иран-тәжік әдебиеттерінде ортақ тұлға ретінде қарастырылатын мұра. Қазақ поэзиясындағы ауызша дәстүрлі ақындардың алыбы ұлы Жамбыл да Шығыс әдебиетіндегі осы тұлға туралы арнау жыр шығарған еді. Ә.Лахути ұлы Жамбылға үкімет наградасы берілген кезде "Жамбылға" деген құттықтау жырын жазғанда туысқан иран-тәжік халықтары перзентінің жүрек-лебізіне ұлы Жамбыл қуана, тебірене жыр арнайды:

Сорғалат, көтер даусың, әидет әсем,

Ұрпағы Фердаусидің ақын Ғасем.

шындардың астын қуған бұлақтай боп,

Сылдырлар бізбен бірге миллион шешен...

Газелі парсы елінің, қазақ жыры,

Қосылып толтырады бірін-бірі.

Мадақтап ел ағасын, жұрт данасынш.

Шырқаған азат елдің шығады үні.

Ә. Лахути - Иран және тәжік халықтары әдебиеттерінде ортақ тұлға. Әрине, ақынның 1922-1956 жылдар арасындағы шығармашылығы да тақырыптық, жанрлық, көркемдік мәселелері тұрғысынан талдауға тиісті.

Бақылау сұрақтары

1. Ә.Лахути өмір жолы.

2. Ә.Лахути поэзиясында көңіл-күй лирикасы.

3. Лахути жырларының алтын арқауы-адам.



Студенттердің аудиторияда орындайтын тапсырмалары

1. Ә.Лахути-Иран және тәжік халықтары әдебиеттеріде ортақ тұлға.

2. Ә Лахути шығармашылығындағв басым жырланған тақырыптардың бірі

махаббат мәселесі.

3. Туған халқының мұңлы-шерлі тағдырын лирикалык сезім тереңдіктерімен жырлауы.

Стденттің үйде орындайтын тапсырмасы


  1. Тест

  2. коспект

7



Тақырыбы: Тәжік әдебиетінде реалистік драманың негізін салушы ақындар

Жоспары:

  1. М.Тұрсынзада (1911-1977) өмірі, шығармашылығы

  2. М.Тұрсынзада тәжік әдебиетінде реалистік драманың негізін салушы



Мырза Тұрсын Заде – тәжік поэзиясының ұлы өкілі.Есімі дүние жүзіне тараған жыр саңғылы ол 1911 жылы Виссар өлкесіндегі Қаратақ деген қыстақта туған. Бастауыш білімді ауылдағы мектептен алып кейін Душанбе қаласындағы пндагогткалық техникумды бітіреді.Жоғары дәрежелі білімді Ташкенттегі ағарту инистутынан алады. Оқуды бітіргенне кейін тәжік комсомол газетінде қызмет етеді. Мырза Тұрсын Зада әдебиеттке еліміздегі Ұлы өзгерістер тұсындла 20 жылдың соңы мен 30 жылдың басында келеді. Алғашқы шығармашылық жолын өзіне замандас ақын жазушылар сияқты үгіт – насихат , тап жаулырымен күрес әйел теңдігі тақырыптарына өлең, әңгіме, очерк жазудан бастады. Тұңғыш өлеңдер жинағы 1932 жылы жарық көреді. Ақын осы кездің өзінде – ақ іздену жолына түсіп тақырып шеңберін кеңейтеді. “Бақытсыздар” деген очеркінде бас – бостандығы үшін күресіп жатқанда үндістан, Ауғаныстан қалаларынан үн қосады. Мырза Тұрсын Зада өз мүмкіндігін драматурлгия саласында дамытып “Үкім” пьессасын жазып(1934) онда халықтарды буржуазия ұлтшылдықтың қамдығымен күреске шақырады. Бұл шығармасы үшін республикалық конкурста бірінші дәрежелі силық алады.Ақын көлемді эпикалық жанырға да қамандырады.1937 жылы “күз” деген позма соның алғашқы бастамасы еді. 1940жылы Виссар өлкесі деген лирикалық дастаны баспадан шығады. Онда халық басынан кешкен ауыртпалық суреттеліп,одан құтқарған Октябр жеңісі екендігі көрсетіледі.осы жылы Александр Ветохомнен бірігіп “Босе қозғалысы” операсының либертосын жазады. Мырза Тұрсын Зада 30 – жылдардығы шығармасын “Машликат” Совет әйелдерінің және Боссия тәрізді тарихи бейнесін жазап Тәжіс Совет әдебиетінің жаңа кейіпкерлерімен толықтырады. Ұлы отан соғысы жылдарында ақын патриоттық идеядағы шығармалар жазып халықты достыққа отанын қорғауға шақырады.капитан Гастелло деген шығармасы жарық көреді. Сюжеті ел аузындағы аңыз негізінде жазылған ”Тахир мен Зухра ” деп аталатын драмалық поэзия жазады. Мұнда белгілі адал махаббат жолында күрескен екі жастың трагедиялы тағдырын суреттеп отырып халықтың әділетсіздікке деген өшпенділігін арттырады, кегін оятады. Ақынның бұл тақырыпқа ұлы отан соғысы кезінде оралуы кездейсоқ емес еді. Онда әділетсіздікке жауыздықа қаталдыққа қарсы суреттелді. Қашанда әділеттілік батылдық басым болатындығын жеңтіндігін көрсетеді. 1947 ж Мырза Тұрсын Заде кеңес делегациясының құрамында Үндістанға барады. Елге қайта оралғаннан кейін үнді жерінде өзінің байқағандарын “Үндістан хиссасы” деген сиклды өлең жазады. Онда жүздеген жылдар бойы ағылшын отаршыларының езгісіне жаншылып келген үнді халықтарының сол кездегі ауыр тұрмысын іргелі елдің сынбаған рухын күресін тамаша өлеңмен шабыттана жырлайды. Бұл өлең кеңес одағынан көптеген тілдерге және де үнді ағылшын, португал, қытай, испан тілдеріне аударылды. Ақынға осы шығарма үшін социалистік сыйлық берілді. Мырза Тұрсын Заде шығармаларының тақырыбы жан- жақты, ақын елде болып жатқан жетістіктердің қайсысы болсын өзінің тамаша поэтикалық шығармаларымен үн қоып отырды. Ол тәжік жерінде деген өлеңінде мол даланы суландыру жайында айта келіп кеңес халықтарының қажырлы еңбегін баян етеді. Ел байлығын оның сұлу табиғаты да патриот ақынның тамаша жырларына арқау болады. Ақын шығармаларының бір саласы социалистік құрылысы социализм орнату жолдарына жаңа адамдарды халық психологиясындағы өзгерістермен жаңалықтар көрсетуге арналады. Сондай шығармаларының бірі “Хасан арбакеш” поэмасы.
Бақылау сұрақтары

1.М.Тұрсынзаденің өмірі, шығармашылығы.

2. М.Тұрсынзаденің өмір сүрген ортасы.

3. М.Тұрсынзаденің шығармаларының бірі “Хасан арбакеш” поэмасының

мән - мазмұны.

4. Мырза Тұрсын Зада өз мүмкіндігін драматургия саласында дамытып “Үкім” пьессасын жазып (1934) жарыққа шығарды.

5. “Бақытсыздар” очеркінің жазылу себебі.

6. Сюжеті ел аузындағы аңыз негізінде жазылған поэзиясы. (”Тахир мен Зухра ”)


Студенттің аудиторияда орындайтын тапсырмасы

1..М.Тұрсынзаденің өмірі, шығармашылығы.

2. М.Тұрсынзаденің өмір сүрген ортасы.

3. М.Тұрсынзаденің шығармаларының бірі “Хасан арбакеш” поэмасының

мән - мазмұны.

4. Мырза Тұрсын Заде – тәжік поэзиясының ұлы өкілі.


Студенттің үй тапсырмасы

СӨЖ тақырыбына сәйкес

Хронологиялық кесте түзу.

Сұрақ – жауап



ЕКІНШІ АРАЛЫҚ БАҚЫЛАУ





Тақырыптар

Апталар

реті

Ұпайлар

Бақылау

түрі


1

Жапон әдебиетінің өкілдері.


8

2


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет