Билингвизм жјне интерференция


Болат ходит в спорткомплекс два раза в неделю –



бет14/20
Дата19.07.2022
өлшемі319 Kb.
#459737
түріДиплом
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   20
Билингв орыстардың қазақша сөйлеу тіліндегі интерференция көріністері

Болат ходит в спорткомплекс два раза в неделю –
Болат спорт кешеніне аптасына екі рет жүреді
Бұл жерде объектіге бағытталған қимылды білдіретін бару етістігінің орнына әр бағытты білдіретін ауыспалы осы шақтағы жүру лексемасы қолданылған.


Друг идет в театр – Досым театрға жүр
Ана тілінің ықпалы сөйлеу кезіндегі қимылды білдіру үшін жай нақ осы шақтағы жүр етістігін күрделі нақ осы шақтағы бара жатыр етістігінің орнына пайдаланған.


Я учусь в школе – Мен мектепте оқиды
Дұрысы – «Мен мектепте оқимын». Инофонның берген жауабындағы ескермеген жайы қазақ тілінде жақ категориясында әр жақ етістіктеріне жалғанатын қосымшалары болады. Қосымшаларының шақ категориясына байланысты әртүрлі болуы тағы бір ерекшелігі. Жоғарыда көрсетілген мысалдағы етістік I жақтағы ауыспалы осы шақта көрсетілуі керек еді.


3.3 Синтаксистік интерференция

Көп таралған интерференциялық қателерді қатарына сөздерді орын тәртібінің бұзылуын жатқызуға болады. Сөздердің орын тәртібі дегеніміз – сөйлемде сөйлем мүшелерінің орналасуы. Сөздердің орын тәртібі тілдің грамматикалық құрылысына қатысты болады.


Орыс тілінің сөйлемдеріндегі сөз тәртібін қазақ тілінде қолдану, біріншіден, сөйлемнің бұрыс сөз тәртібіне әкелсе, екіншіден, инофон өз ойын дұрыс дәрежеде жеткізе алмайды.


На улице стояла прекрасная погода, которая радовала всех –
Көшеде тамаша ауа райы болды, бәрін көңілдендірді
Бұл сөйлемнің аудармасы – «Далада бәрін қуантқан тамаша ауа райы болды». Инофонның жіберген интерференциялық қателер өте көп. Орыс тіліндегі екі бөлімнен тұратын сөйлемді қазақ тіліне де екі бөлім қылып аударды. Алайда қазақ тілінде бұл сөйлем тек толымды жай сөйлем. Информант қазақ тілінің сөз тәртібін ескермей, сөйлемді орыс тілінде қалай орналасса, қазақ тіліне семантикасына мән бермей тура аударған.
Аскар через год пойдет в школу – Аскар арқылы бір жыл мектепке барады
Сөйлемдегі сөздер емес, жалпы сөйлемнің құрылысы дұрыс аударылмаған. Семантикасы мүлде айқын емес. Қазақ тілінде ойын жеткізу үшін инофон сөйлемнің семантикасына мән бермей, сөйлемдегі сөздерді тура баламасымен қолданды. Дұрыс аударылуға тиісті нұсқасы – «Асқар бір жылдан кейін мектепке барады».
Орыс тілінде жай сөйлемді айтқан кезде арнайы сөз тәртібін қолдану жоқ, яғни әр сөйлем мүшенің анықталған орны болмайды.
Ал қазақ тілінде сөздердің орын тәртібінің бұзылуы қатеге саналады. Мысалы, бастауыш баяндауыштың алдында тұрады; баяндауыш сөйлем соңында келеді; толықтауыш пен анықтауыш өздеріне қатысты сөздің алдында тұрады; ал пысықтауыш көп жағдайда баяндауыштың алдында келеді.
Информанттар қазақ тілінде сөйлем құрастырғанда, орыс тілі сөздерінің орын тәртібін қолданды:




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   20




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет