Біздің дәуірімізге дейінгі ғасыр мен біздің дәуіріміздің ғасыры аралығындағы Ұлы Дала аумағындағы елдердің құрылуы тарихтағы маңызды және өзгермелі кезең болды



бет3/4
Дата07.12.2023
өлшемі30.34 Kb.
#485853
1   2   3   4
СӨЖ 1 — копия

Қаңлылар
Қаңлылар - қазақ халқының негізін құраған ежелгі тайпалар- дың бірі. Олар туралы деректерді негізінен қытай жазбаларынан аламыз. Шығыстанушы Н.Аристов «қаңлылар — ежелгі түркі руы» деп көрсетеді. В.Востров олардың ежелгі тайпа жəне түркі тілдес екенін нақтылап берді. А.М. Бернштамның пікірінше де қаңлылар түрік тілді халық болған. Қаңлы мемлекеті (б.з.д. ІІ ғ.—б.з. V ғ.) — Оңтүстік Қазақстанда құрылған алғашқы мемлекеттік бірлестіктердің бірі. Қытай деректері бойынша астанасы Битянь қаласы болған. Қаңлының билеушісіне 5 иелік бағынышты болды. Кангюй мемлекеті мен оның иеліктерінің орналасу мəселелерінің тарихы И.Бичуриннен басталады, ол оның орналасқан жерін Сырдария өзенінің солтүстік жағындағы далалар деп белгілеген. «Шицзи» мəтініне «Давань туралы хикаяда» берген түсініктемесінде ол «Кангюй иелігі қазіргі қазақтың Ұлы жүзі мен Орта жүзі көшіп жүрген Сырдарияның солтүстік жағындағы далаларды алып жатыр» деп атап өткен. «Шицзиде» кангюйдің орналасуы туралы былай делінген: «Кангюй Даванның солтүстік-батысында шамамен алғанда 2000 ли жерде жатыр. Бұл — əдетте 20 000 əскері бар юечжиліктерге ұқcайтын көшпелі иелік. Кангюй Даваньмен шектес жəне күшінің аз болуына қарай оңтүстікте юечжилердің билігін, шығысында ғұндардың билігін таниды». Б.з.д. ІІ—І ғғ. қаңлылар батыс өңірдегі белді мемлекеттердің бірі болды. Үлкен Хань əулетінің келесі хроникасы «Цянь Ханьшудың» «жерге орналасуды суреттеу» деген тарауында кангюйге арналған бөлім бар, онда сөзбе-сөз келтіргенде былай делінген: «Кангюй билеушісі Лоюень елінде, Уананнан 12 300 ли жердегі Битянь қаласын мекендейді. Ол наместникке тəуелді емес. Əміршінің жазда болатын жеріне Лоюеннен жеті күнде жетуге болады. Халқы 120 000 отбасынан, 600 000 адамнан тұрады; əскер саны 120 000 адам. Əдет-ғұрпы үлкен юечжимен бірдей. Кангюй шығыс жағында ғұндарға бағынады...». Осы ғасырдың ортасына қарай олардың орналасу мəселелері жөнінде негізінен екі көзқарас: 1. Кангюйлер Ташкент жазирасынан Хорезмге дейінгі қос өзен арасындағы кең-байтақ жерді алып жатты; 2. Кангюй иелігі Сырдария өзенінің сағасынан Ташкентке дейінгі алқапта шоғырланған, ал байырғы жерлері Сарысу өзенінің орта ағысынан сол өзен мен Шу өзенінде, Ұлытауға дейін орналасқан деген көзқарастар қалыптасты. Алайда кангюйлердің байырғы жерлері Сырдарияның орта ағысы бойындағы жерлер болған. А.Н.Бернштамның пікірі бойынша, неғұрлым ертедегі тарихи ескерткіштер — Авестада, Махабхаратада, Пехлевилердің бундахишні мен эпикалық Шахнамада аңызға айналдырылған Кангха нақ осында орналасқан. Ол ежелгі түріктердің руналық ескерткіштерінің Кенгутарбант елін де осында орналасқан деп көрсетуді ұсынған еді. Кейіннен бұл көзқарасты Қазақстан зерттеушілері мен ежелгі Орта Азия тарихының саласындағы басқа да мамандар негізге алды. С.Г. Кляшторный мен Л.М. Левинаның еңбектері кангюйлердің орналасу мəселелерін зерттеуге қосылған елеулі үлес болды. Біріншісі кангюйлер туралы жазбаша деректердегі хабарларды қорытып, кангюй жерлерінің орналасуы жөніндегі негізгі пікірлерге сын көзбен талдау жасады. Л.М.Левина сол кезге қарай жинақталған археологиялық деректерді жүйеге келтіру мен қорытуда көп еңбек етті. Ол кангюйлер заманындағы Сырдария алқабының негізгі үш мəдениетін сипаттап, оларды кезеңдерге бөлуді ұсынды. Жан-жақты талдау негізінде автор өзі қарастырған жетіасар, отырар-қаратау, қауыншы мəдениеті кангюй мемлекеті тұрғындары мəдениетінің нұсқалары болып табылады деген қорытындыға келді. Сонымен, Кангюйлер Сырдария өзенінің орта ағысының солтүстік жағын мекендеген жəне Кангха мемлекетінің ұйтқысы болған тайпалар одағы деп айтуға болады. Егер б. з. б. II ғасырдың екінші жартысында қытай елшісі Чжан-Цянь Кангюй жерлерінің оңтүстігінде юечжиге, ал солтүстігінде ғұндарға тəуелді екенін айтса, біздің заманымыздағы I ғасырда мұндағы жағдай өзгереді. Егер Чжан-Цянь юечжи əскерін 100—200 мың, ал кангюй əскерін 90 мың деп хабарлаған болса, Цанб-Хань-Шу енді кангюй əскерін 120 мың, юечжи əскерін 100 мың дейді. Бұл кезеңде Орта Азиядағы қос өзен аралығында юечжилердің негізгі бөлігінің оңтүстікке, сол жағалаудағы Бактрияға ығысуы, жерге отырықшылық орын алып, жеке-жеке бес иелікке бөлінгенін, мұның өзі кангюймен салыстырғанда олардың əлсіреуіне əкеп соқпай қоймағанын, ал кангюйлердің алдынан оңтүстік пен батысқа басқыншылық жорық жасау үшін мүмкіндік ашылғанын атап өткен жөн. Қаңлы тайпаларының негізгі кəсібі көшпелі мал шаруашылығы болған. Олардың бір бөлігі егіншілік жəне бау-бақша өсірумен айналысқан. Қолөнер едəуір дамыды. Олар Ұлы Жібек жолы арқылы көп елдермен сауда жасасқан, халықаралық саудаға қатысқанын археологиялық жұмыстар кезінде өзге елдерде жасалған заттардың табылуы дəлелдейді. Сол заманға сай қалалары да болды. Қаңлылар өрмекпен жүн мата тоқыған, алуан түрлі қыш ыдыстар істеген.
Қоладан жəне темірден құрал-саймандар мен қару-жарақтар жасаған. Зергерлік бұйымдар мен əшекейлерді алтын, күміс жəне қоладан жасады. Ерте замандағы қаңлылардың жазу мəдениеті болған. Қаңлылар негізінен ата-аналарының аруағына, ал бір бөлігі отқа, айға, күнге табынған. Қаңлы ескерткіштерінің жарқын көріністерін қауыншы, отырар-қаратау, жетіасар мəдениеттерінен көруге болады. Олар Сырдария сағасынан Ферғанаға дейінгі өңірге тараған. Қауыншы мəдениеті Ташкент аймағын қамтиды. 1958—1963 жж. А.Г.Максимова жетекшілік еткен Шардара археологиялық экспедициясы Оңтүстік Қазақстаннан қауыншы мəдениетіне жататын бірқатар ескерткіштер ашты. Олардың ең үлкені — Көкмардан. Жетіасар мəдениеті Қуаңдария мен Жаңадария аңғарын қамтиды. Бұл кездегі қала орындары біртектес. Қалалар мен обалардан Жетіасар мəдениетіне жататын түрлі бұйымдар табылды. Археологиялық қазбалар барысында табылған əшекей бұйымдар, шаруашылық заттар қаңлылардың егіншілікпен, мал шаруашылығымен, қолөнер кəсібімен, саудамен айналысқанын жəне өз тұсындағы Қытай, Парфия, Рим жəне Кушан империясы сияқты ірі мемлекеттермен саяси, экономикалық, мəдени байланыста болғанын дəлелдейді. ІІІ—V ғғ. Қытай деректері бойынша кангюйлер өзінің Орта Азиядағы қос өзен аралығындағы, Арал өңіріндегі иеліктеріне үстемдік етуінен айырылып, бірқатар тəуелсіз иеліктерге бөлініп кетеді. V ғасырда ол император сарайына елшілік жіберген елдер тізімінде ғана белгілі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет