Біздің елімізде автомобильдер санының үнемі өсуі бензин тұтынудың сөзсіз өсуіне және соның салдарынан мұнай өнімдерін жеткізу қажет жанармай құю станциялары санының көбеюіне себеп болады


Мұнай құбырларының коррозиясы әсерінен қоршаған ортаның ластануы



бет17/20
Дата20.05.2022
өлшемі332.5 Kb.
#458089
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20
Коррозия рамки для теории

4.4 Мұнай құбырларының коррозиясы әсерінен қоршаған ортаның ластануы

Кәсіпорындардағы мұнай жинау жүйесі топырақ пен ауа ресурстарын ластаудың негізгі көзі болып табылады. Oғaн төмендегі жағдайлар себеп болады:


а) құбыр арқылы жүргізілген желілердің өте ұзындығынан — ол орта кәсіпорын үшін 100 км. дейін барады;
б) коллекторлардың екпінді қарқынының қай жерде болатынын алдын ала білу мүмкін емес;
в) коллекторлардың, әсіресе шағын коллекторлардың екпіндерінің лезде пайда болуын тауып отыру мүмкін емес. Соның әсерінен басқа ластанудың көлемінен төгілген мұнайдың мөлшepi асып түседі.
Мұнайды жинау мен тасымалдауда саңылаусыздандырылған жүйені енгізу қондырғылары мен коммуникациялардың тоттануын азайтқанмен, мұнай мен суды дайындау кезінде тоттанудың әсерінен саңылаудың бұзылуы жиі болады. Соның салдарынан қабат сулары мен мұнай кемидi, ал қоршаған орта нысандары ластанады. Мұнай кәсіпорындарының территориясы мұнай құбыр-лары мен су жолдарының (ысырма, сальниктер арқылы ағуы, фланецты байланысулардан, тоттанудан, эррозиядан, құбыр денесінің механикалық зақымдалуынан т.б) тығыз бекітілмеуінен ластануы мүмкін.
Ғылыми - зерттеу институттарының мәлімдемелеріне сүйенсек, мұнай газ кен аумақтарының су жолдарындағы апаттар негізінен металдардың тоттануынан болады.
Мұнай өнеркәсібіндегі кәсіпшілік қондырғыларының жұмысы өте жайсыз жағдайда жүргізіледі. Топырақтан тоттанып, шіріп тұрған ұңғыма қондырғылары арқылы шығатын өнімдер де тоттанады. Мұнайды дайындау кәсіпорындарының тораптары (газ сепарациясы, қабат суын алдын ала жіберу, жансыздандыру және тұзсыздандыру блоктары) және жалпы кәсіпшілік қондырғылары парктері кәсіпорындардағы мұнайды жинау мен тасымалдаудың соңғы бекеті болып есептеледі. Әдетте, олар бір территорияда орналасып, бір шаруашылыққа біріктіріледі. Сондықтан, қондырғылар паркі канализациясы және сұйықтан мұнайды ажыратқыш қондырғылар да бір жалпы жүйеге біріктіріледі. Бұл қондырғыларды пайдалануда тұндырғыш аппаратураларда, резервуарларда жиналған 0,5 – 12 ж/тн. дайындалған мұнай өнімдерінің жиынтықтары ластанудың көзі болып отырады.
Мұнай дайындаудағы қалдықтар мен мұнай шламдарының (кенді байытқандағы соңғы ұнтақ) физикалық, химиялық қасиеттеріне қарай мұнайдан көп айырмашылығы бар. Сондықтан, аппаратурадан үнемі алып тастауды қажет етеді. Соның салдарынан аппаратты тазалау кезінде территория ластанады. Эмульсияны интенсификациялау үшін мұнайды дайындау және жекелеген ұңғымаларда беттік әрекеттік заттар – деэмульгаторлар (БӘЗ) мөлшерленеді.
Деэмульгаторлар беткі қабатының үлкен белсенділігінің химиялық реагентті мұнай – су эмульсияларды механикалық (сүзгілеу, тұндыру, центрифигурациялау), қызулылық (қыздыру, ыстық сумен жуу), электр тогымен (тұрақты немесе айнымалы токты электр өрісінде өңдеу) және т.б бұзу әдістері қолданылады.
Химиялық құрамы қандай болса да мұнай кәсіпшілігі бұралқы суларының бетон, металл және басқа да материлдарды әр түрлі қажауы, жегіштігі, мүжу қасиеті басым болады. Бұралқы сулардың негізгі тоттандырғыш агенттеріне әр түрлі құрамды ерігіш тұздар, оттегі, күкүртсутегі және басқалары жатады. Құбырлар мен қондырғылар тоттануының жылдамдығы кең ауқымда өзгеріп отырады. Бұралқы су жүретін құрыш құбырлар, егер су температурасы өте жоғары болса (700 С дейін), құрамында 100 мг/л күкүртсутегі болған жағдайда 1-2 жылдан кейін істен шығып қалады. Тоттанудың салдарынан құбыр тесіледі. Әсіресе, пісірілген тігістер тез тесіледі. Ғылыми- зерттеу институттарының мәліметтері бойынша, құрамындағы оттегі агрессивті сулардың тоттандырғыш қасиетінің жоғары болуының негізгі себебі болып табылады. Мысалы, су дайындайтын орында 1 мг/л оттегінің болуы буфер ыдыстарынан 10 шақырым қашықтықта болса да оттегі 5 мг/л- ге дейін өседі, ал буфер ыдысы жоқ көрші канализациялық сораптық станцияларында (КСС) оттегі 0,5 мг/л. болып тұрады. Сондықтан, екпін мөлшері де 100 атм. КСС қысымда 0,5-0,1-ден 1,5-1,0 км.ге (60 атм. КСС – 3 қысыммен) өзгеріп отырады.
Башқұртстанда 1979 жылдары құбырлардың тоттанып шіруі – 1 км-де 0,88 жағдай болды, Татарстанда – 1,48, Куйбышевта – 0,74, Азербайжанда – 1,24 жағдай тіркелген.
ВНИИСПТ мұнай ақпараттары бойынша барлық мұнай өндіру кәсіпорындарындағы су жолдарында жұмыс істеп тұрған құбырлардың әр шақырымында – 0,447, айдайтын су жүйелерінде – 0,341 жағдай болған. Апаттың кесірінен төгілген мұнайдың мөлшері құбыр тоттанып бұзылуынан - 50,1 %, құрылыс монтаж жұмыстары сапасыз жүргізілгендіктен – 19,8 % басқа да әр түрлі себептерден – 30,1 % болған. Бұралқы суларды айдайтын су жолдарында да кездейсоқ апаттар саны өсу үстінде.
Мұндай жағдайлар көптеген мұнай аудандарына тән болып отыр. Мұнай өнеркәсібінде әр жыл сайын тоттанудан келетін шығын жүздеген миллион теңгеге жетіп отыр. Оған метал шығынын, апат салдарынан мұнай өндірілуін, қоршаған ортаның ластанған нысандарын қосса қоршаған ортаға келетін зиян мөлшерінің орасан зор екені байқалады. Төгілген қабат сулары топырақты, жер бетін тұздандырады да, өсімдіктерді қурап қалуына әкеп соқтырады, ал шегендеу құбырлар тізбегі арқылы жер асты қабат сулары ластанады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет