Бұл еңбек оқырманын ізгілікке, адамгершілікке, туыстық қарым-қатынасты сақтауға үндейді. Кітап жалпы көпшілікке арналған. Ббк 86,2 д 80


кетті және келе жатқан бәлекетті қайтарады»



Pdf көрінісі
бет2/21
Дата09.04.2024
өлшемі0.83 Mb.
#498161
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21
Дұға өміріңді озгерт

кетті және келе жатқан бәлекетті қайтарады» деген. 
Дұға жүрекке тыныштық сыйлайды. Мысалы: сіздің ба-
сыңызға бір жамандық келсе, сіз жанашыр жан іздейсіз, со-
нымен сырласқыңыз келеді. Бірақ сізге келген қиыншылықты 
пенде жеңілдетсін бе? Сондай сәттерде құбылаға қарап Алламен 
сырласып, қол жайып керегіңізді сұрасаңыз, кеудеңіз кеңіп
жүрегіңіз тыныштық табады. Себебі, сіз мәселеңізді шешіп 
беретін әлемдердің раббысы Алла Тағаламен байланыс орнат-
тыңыз.
Бір дұғаңыз қабыл болса, бүкіл өміріңізді өзгертуге себеп 
болуы мүмкін.
Бабаларымыз дұғаны алтыннан, батаны байлықтан жоға-
ры қойған. «Атаңнан бота қалғанша, бата қалсын», «Алтын 
алма, дұға ал» деген нақылдар сөзімізге дәлел болмақ.
Ендеше, бұл кітап сіздер мен біздердің дұға етуге құлшы-
нысымызды арттырсын!


6
Аллаға жайған алақан бос қайтпайды
 
Қазіргі таңда мыңдаған мотиваторлардың сабағына жа-
зылып, дәрістерінен дәптер толтырып жүрген ағайын аз емес. 
Ол сабақтардың белгілі бір деңгейде пайдасы бар шығар. Бірақ 
көбісі шариғатымызға жат, табиғатымызға қайшы болып жа-
тады. Пайдасыз ілімнің жолына түсіп уақытын да, бақытын 
да жоғалтқандар қаншама. Адамзатты адастырмайтын асыл 
дінімізден дүниенің де, ақыреттің де бақытын табасыз. Бір 
ғана қабыл болған дұға екі өміріңізді игілікке толтыруы мүм-
кін. Тіпті Раббымыздың өзі бізді дұға жасауға құлшындырады. 
Алла Тағала Бақара сүресінде:
«Ал, қашан құлдарым сенен Мен туралы сұраса, күмән-
сіз, Мен өте жақынмын. Қашан Менен тілесе, сұраушының 
тілегіне жауап беремін», – дейді.
Пайғамбарымыз (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): 
«Сендердің Раббыларың – Ұялшақ және Жомарт. Ол 
өзіне қол жайып сұраған құлының қолын бос қайтаруға ұя-


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет