Бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдардың бюджеттік есептілікті жасау және беру ережесі 1-тарау. Жалпы ереже


Бюджеттердің атқарылуы жөніндегі уәкілетті органдардың бюджеттердің атқарылуы туралы есептердi беру тәртiбi



бет2/3
Дата29.02.2016
өлшемі445.87 Kb.
#33068
1   2   3

8. Бюджеттердің атқарылуы жөніндегі уәкілетті органдардың бюджеттердің атқарылуы туралы есептердi беру тәртiбi
42. Түрлі деңгейдегі есепті айға (жылға) жергілікті бюджет көрсеткіштерінің атқарылуы туралы деректерді осы Ережеде белгіленген тәртіппен және осы Ережеге 8-қосымшаға сәйкес 1-27-нысан бойынша ведомствоның аумақтық бөлімшесі жасайды.

43. Ведомствоның аумақтық бөлімшесі бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органға:

1) есепті айдағы жергілікті бюджет көрсеткіштерінің атқарылуы туралы деректер - толық көлемде электрондық дерек қоры түрiнде және бiрiктiрiлген нысанда қағаз тасушыда есептiден кейiнгi айдың 2 күнiнен кешiктiрмей ондағы бюджетке түсетiн түсiмдердi қамтитын жергілікті бюджеттiң атқарылуы туралы есептiң бөлiмi бюджет түсiмдерi сыныптамасы түсiмдерiнiң санаттарын және сыныптарын ұстауы тиiс, ал бюджет шығыстарын қамтитын есептiң бөлiмдерi бюджет шығыстары сыныптамасының функционалдық тобын және кіші тобын ұстауы тиiс;

2) есепті жылғы жергілікті бюджет көрсеткіштерінің атқарылуы туралы деректер - санаттар, сыныптар, кiшi сыныптар және бюджет түсiмдерi сыныптарының ерекшелiктерi, бюджеттiк бағдарламалар, бағдарламалар, кiшi бағдарламалар әкiмшiлерi және бюджет шығыстары сыныптамасының ерекшелiктерi бойынша бюджет түсiмдерiн және функционалдық топтар, функционалдық кiшi топтар бойынша бюджет шығыстарын көрсете отырып электрондық дерек қоры түрiнде және қағаз тасушыда есептi қаржы жылынан кейiнгi жылдың 8 қаңтарынан кешіктірмей ұсынады.

Бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті орган жергілікті бюджет көрсеткіштерінің атқарылуы туралы ұсынылған деректермен бірге оның билігіндегі есеп көрсеткіштерін салыстыруды жүргізеді.

Бұл ретте осы Ереженің 18-қосымшасынаа сәйкес нысан бойынша бюджет қаражаты түсімдерінің, шығыстарының және қалдықтарының сомасын салыстыру актісі жасалады.

Содан кейін алшақтық себептерін анықтау және оларды жою бойынша бірлескен жұмыс жүргізіледі.

44. Төмен тұрған деңгейдегі бюджеттiң атқарылуы туралы есепті оның атқарылуы жөніндегі уәкілетті орган жоғары тұрған деңгейдегі бюджеттің атқарылуы жөніндегі уәкілетті органға қағаз тасушыда және бюджеттiң түсiмдерi мен шығыстары туралы электрондық дерек қоры түрiнде (бұдан әрi - электрондық дерек қоры) бередi.

45. Қағаз тасушыдағы бюджеттің атқарылуы туралы есептің деректері электрондық дерек қоры түрінде ұсынылған есепке сәйкес келуі тиіс.

46. Облыс, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттiң атқарылуы жөнiндегi жергiлiктi уәкілетті органдары бюджеттiң атқарылуы жөнiндегi орталық уәкiлеттi органға мыналарды ұсынады:

1) облыс, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетiнiң атқарылуы туралы толық көлемдегі айлық есептiк электрондық дерек қоры түрiнде – онда бюджетке түсетін түсімдерді қамтитын жергілікті бюджеттің атқарылуы туралы есептің бөлімі бюджет түсімдерінің санаттарын, сыныптарын, кіші сыныптарын және сыныптама ерекшелігін, ал бюджеттің шығыстарын қамтитын есептің бөлімі функционалдық топтарды, функционалдық ішкі топтарды, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерін, бағдарламаларды, кіші бағдарламаларды қамтуы тиіс қағаз тасушыда оны кейiннен осы Ереженің 7 және 8-тармақтарына сәйкес қалыптасқан есептi айдың соңына дейiн растай отырып есептiден кейiнгi айдың 12 күнiнен кешiктiрмей;

2) облыс, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетiнiң атқарылуы туралы толық көлемдегі жылдық есептi - онда бюджетке түсетін түсімдерді қамтитын жергілікті бюджеттің атқарылуы туралы есептің бөлімі бюджет түсімдерінің санаттарын, сыныптарын, кіші сыныптарын және сыныптама ерекшелігін, ал бюджеттің шығыстарын қамтитын есептің бөлімі функционалдық топтарды, функционалдық ішкі топтарды, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерін, бағдарламаларды, кіші бағдарламаларды қамтуы тиіс толық көлемдегі электрондық деректер қоры түрiнде есептіден кейінгі жылдың 15 ақпанынан кешіктірмей, сондай-ақ қағаз тасушыда осы Ереженің 7 және 8-тармақтарына сәйкес қалыптастырылған есептiден кейінгі жылдың 15 наурызға дейін.

Қағаз тасушыдағы облыс, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетiнiң атқарылуы туралы есепке тоқсан сайын қол жеткізілген нәтижелерді көрсете отырып, бюджет түсімдері мен шығыстары бойынша іс жүзінде қалыптасқан соманы түсіндіре отырып, түсіндірме жазба қоса беріледі.

47. Бюджеттiң атқарылуы жөнiндегi облыстың жергiлiктi атқарушы органына аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетiнiң атқарылуы туралы айлық (жылдық) есептi беру мерзiмi соңынан белгiленедi.

48. Ведомство мемлекеттік бюджеттің атқарылуы туралы есепті қалыптастыру үшін жауапты бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның құрылымдық бөлімшесіне мынаны ұсынады:

 1) сыртқы қарыздар есебiнен есептi кезеңнiң соңғы айының кассалық операцияларын есептемегендегі есепті айдағы республикалық бюджет көрсеткіштерінің атқарылуы туралы айлық есеп деректері - сыртқы қарыздар есебiнен есептi кезеңнiң соңғы айының кассалық операцияларын ескере отырып есептiден кейiнгi айдың 3 күнiнен кешiктiрмей - электрондық дерек қоры түрiнде және бiрiктiрiлген нысанда қағаз тасушыда есептiден кейiнгi айдың 10 күнiнен кешiктiрмей ондағы бюджетке түсетiн түсiмдердi қамтитын республикалық бюджеттiң атқарылуы туралы есептiң бөлiмi бюджет түсiмдерi сыныптамасы түсiмдерiнiң санаттарын және сыныптарын ұстауы тиiс, ал бюджет шығыстарын қамтитын есептiң бөлiмдерi бюджет шығыстары сыныптамасының функционалдық тобын және кіші тобын ұстауы тиiс;

2) есепті жылғы республикалық бюджет көрсеткіштерінің атқарылуы туралы деректер - санаттар, сыныптар, кiшi сыныптар және бюджет түсiмдерi сыныптарының ерекшелiктерi, бюджеттiк бағдарламалар, бағдарламалар, кiшi бағдарламалар әкiмшiлерi және бюджет шығыстары сыныптамасының ерекшелiктерi бойынша бюджет түсiмдерiн және функционалдық топтар, функционалдық кiшi топтар бойынша бюджет шығыстарын көрсете отырып электрондық дерек қоры түрiнде және қағаз тасушыда есептi қаржы жылынан кейiнгi жылдың 15 ақпанынан кешiктiрмей.

49. Жергілікті бюджеттер бойынша бюджеттік даму бағдарламаларының атқарылуы туралы айлық (жылдық) есепті заңды тұлғалардың жарғылық капиталын қалыптастыруға және арттыруға инвестициялық жобалар және инвестициялар бойынша қорытынды деректерді көрсете отырып, осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тиісті қаржы жылына арналған жергілікті бюджет туралы мәслихаттың шешіміне қоса берілетін бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыруға және заңды тұлғалардың жарғылық капиталын қалуптастыруға немесе арттыруға бағытталған бюджеттік бағдарламаларды бөле отырып, Бюджеттік бағдарламаларды дамыту тізбесіне сәйкес бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органдар қалыптастырады.

Республикалық бюджет бойынша бюджеттік инвестициялық жобалардың атқарылуы туралы айлық (жылдық) есепті осы Ережеге 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тиісті қаржы жылана арналған республикалық бюджет туралы заңды іске асыру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қалуысына қоса берілетін объектілер бойынша Бюджеттік инвестициялық жобалар тізбесіне сәйкес мемлекеттік бюджеттің атқарылуы туралы есепті қалыптастыруға жауапты бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның құрылымдық бөлімшесі қалыптастырады.

Жергілікті (жиынтық) бюджеттер бойынша бюджеттік даму бағдарламаларының атқарылуы туралы айлық (жылдық) есепті жергілікті бюджеттер жөніндегі бюджеттік даму бағдарламаларының дамуы туралы есептердің негізінде мемлекеттік бюджеттің атқарылуы туралы есепті қалыптастыру үшін жауапты бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның құрылымдық бөлімшесі қалыптастырады.

50. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрi өкiмiмен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiне ақпараттық материалдарды беру кестесiне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметiне және Қазақстан Республикасы Президентi Әкiмшiлiгiнiң басшысы бекiткен Қазақстан Республикасы Президентi Әкiмшiлiгiне ақпараттық материалдарды беру кестесiне сәйкес Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгiне бюджеттiң атқарылуы жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган республикалық бюджеттiң атқарылуы туралы айлық есептi бередi, бiрақ мемлекеттiк және жергiлiктi бюджеттердiң атқарылуы туралы есептiден кейiнгi айдың 15 күнiнен ерте емес - есептiден кейiнгi айдың 20 күнi.

Республикалық бюджеттiң атқарылуы туралы есептiден кейiнгi айдың 15 күнi, сондай-ақ Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылайтын есеп комитетiне және бюджеттiк жоспарлау және iшкi бақылау жөнiндегi орталық уәкiлеттi органдарға, мемлекеттiк және жергiлiктi бюджеттердiң атқарылуы туралы айлық есеп есептiден кейiнгi айдың 20 күнi - бюджеттiк жоспарлау және iшкi бақылау жөнiндегi орталық уәкiлеттi органдарға берiледi.

51. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң және Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылайтын есеп комитетiнiң өткен қаржы жылына арналған республикалық бюджеттiң атқарылуы туралы есептерiн Қазақстан Республикасының Парламентi бекiткеннен кейiн он жұмыс күнiнiң iшiнде Қазақстан Республикасының Үкiметiне, Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгiне, бюджеттiк жоспарлау және iшкi бақылау жөнiндегi орталық уәкiлеттi органдарға бюджеттiң атқарылуы жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган мемлекеттiк және жергiлiктi бюджеттердiң атқарылуы туралы жылдық есептi бередi.

52. Мемлекеттік, республикалық және жергiлiктi (облыстық, республикалық маңызы бар қаланың, астананың) бюджеттердiң атқарылуы туралы, республикалық, жергiлiктi (жиынтық) бюджеттер бойынша бюджеттік инвестициялық бағдарламалардың атқарылуы туралы айлық (жылдық) есептерді бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган тиісті мемлекеттік органдарға осы Ережеге 6, 7-қосымшаларға сәйкес (қол қоюмен бекітілмеген) нысандар бойынша қағаз тасығышта және электрондық түрде жібереді. Қағаз тасығыштағы есептер ілеспе хатпен беріледі.

Мемлекеттік, республикалық және жергiлiктi (облыстық, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттерінің атқарылуы туралы жиынтық есептің) бюджеттердің атқарылуы туралы есептердің бюджет түсімдерін қамтитын бөлімдері бюджет түсімдері сыныптамасының санаттары, сыныптары, кіші сыныптары мен ерекшеліктері жөніндегі деректерді қамтуға тиіс.

Есептердің бюджет шығыстарын қамтитын бөлімдері бюджет шығыстары сыныптамасының функционалдық топтар, функционалдық кіші топтар, бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері, бюджеттік бағдарламалар мен кіші бағдарламалар жөніндегі деректерді қамтуға тиіс.

53. Облыстық, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттерінiң атқарылуы туралы есептерді бюджеттi атқару жөнiндегi уәкiлеттi орган тиісті мемлекеттік органдарға біріктірілген нысанда жіберіледі, онда облыстық, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттерінiң бюджет түсімдерін қамтитын бөлімдері бюджет түсімдері сыныптамасының санаттарын қамтуға тиіс, ал бюджет шығыстарын қамтитын бөлімдері бюджет шығыстары сыныптамасының функционалдық топтарын қамтуға тиіс.

54. Мемлекеттік, республикалық, жергiлiктi (облыстық, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттерінің атқарылуы туралы жиынтық есеп) бюджеттердiң, облыстық, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттерінің атқарылуы туралы айлық (жылдық) есептер электрондық нысанда, бюджеттердің түсімдері көрсетілетінде бюджет түсімдері сыныптамасының санаттары, сыныптары, кіші сыныптары мен ерекшеліктері бойынша және бюджеттердің шығыстары көрсетілетінде бюджет шығыстары сыныптамасының функционалдық топтар, функционалдық кіші топтар, бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері, бағдарламалар, кіші бағдарламалар мен бюджет шығыстары сыныптамасының ерекшеліктері, бюджеттің осы Ережеге 10-тармаққа сәйкес құрылымы бойынша, сондай-ақ бюджет шығыстары мен бюджеттік бағдарламалардың әкімшілерінің экономикалық сыныптамасының санаттар, сыныптар, кіші сыныптар мен ерекшеліктері бөлігінде қалыптастырылады.

55. Шоғырландырылған бюджеттің атқарылуы туралы айлық (жылдық) есептерді мемлекеттік бюджеттi атқару туралы есепті қалыптастыруға жауапты бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi органның құрылымдық бөлімшесі осы Ережеге 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша және:

1) ведомство берген, республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есеп;

2) облыстық, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттерінің атқарылуы туралы есептер негізінде құрылымдық бөлімшенің өзі қалыптастырған, бюджетті атқару жөніндегіс облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті уәкілетті органдары ұсынған жергiлiктi (облыстық, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттерінің атқарылуы туралы жиынтық) бюджеттердің атқарылуы туралы есеп;

3) ведомство берген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Қорының ҚБШ-сындағы ақша қозғалысы туралы есеп.

56. Шоғырландырылған бюджеттің атқарылуы туралы айлық (жылдық) есепті осы Ереженің мемлекеттік және жергілікті бюджеттердiң атқарылуы туралы есептер үшін белгілеген мерзімінде бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган жасайды және Қазақстан Республикасының Президенті әкімшілігіне, Қазақстан Республикасының Үкіметіне, мемлекеттік жоспарлау және ішкі бақылау жөніндегі орталық уәкiлеттi органдарға (біріктірілген) электрондық түрде және қағаз тасығышта, қолдармен растамай-ақ ілеспе хатпен жібереді.

3-тарау. Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры қолма-қол

ақшасының бақылау шотындағы ақша қозғалысы туралы

есепті жасау мен ұсыну тәртібі
57. Қазақстан Республикасы Ұлттық Қорының ҚБШ-сындағы ақша қозғалысы туралы айлық (жылдық) есепті ведомство осы Ережеге 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қалыптастырады және өзіне мынадай бөлімдерді қамтиды:

1) кірістер (І);

2) қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер (ІІ);

3) Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының ҚБШ-сына түскен түсімдердің жиыны (ІІІ);

4) Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының ҚБШ-сынан аударымдар (IV);

5) түсімдер мен аударымдар сальдосы (V);

6) қаржы жылының басындағы Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының ҚБШ-сындағы ақша қалдығы (VI);

7) есепті кезеңнің аяғындағы Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының ҚБШ-сындағы ақша қалдығы (VIІ).

58. І «Кірістер» бөлімі бекітілген тізбе бойынша мұнай секторы ұйымдарынан түсетін салықтық түсімдердің, мұнай секторы ұйымдарынан түсетін салықтық емес түсімдердің сомасын, және бюджет түсімдері сыныптамасы түсiмдерiнiң санаттары, топтары, кіші сыныптары мен ерекшеліктері бойынша негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдерді көрсетеді.

59. ІІ «Қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер « бөлімі бюджет түсімдері сыныптамасы түсiмдерiнiң санаты, тобы, кіші сыныбы мен ерекшелігі бойынша республикалық меншіктегі және тау-кен және өңдеу салаларына жататын мемлекеттік мүлікті жекешелендіруден түсетін түсімдердің сомасын көрсетеді.

60. ІІІ «Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының ҚБШ-сына түскен түсімдердің жиыны» бөлімі кірістер мен түсімдердің жалпы сомасын көрсетеді.

61. IV «Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының ҚБШ-сынан жасалған аударымдар» бөлімі Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының ақшасын есепке алу үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде ашылған Қазақстан Республикасы Үкіметінің шоттарына функционалдық тобы, ішкі тобы, бюджет бағдарламасының әкімшісі, бюджеттік бағдарламасы (кіші бағдарламасы) және бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасының ерекшелігі бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының ҚБШ-сынан жүргізілген аударымдардың сомасын көрсетеді.

62. V «Түсімдер мен аударымдар сальдосы» бөлімі ІІІ «Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының ҚБШ-сына түскен түсімдердің жиыны» мен IV «Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының ҚБШ-сынан аударымдар» бөлімдерінің арасындағы айырма сомасын көрсетеді.

63. VI «Қаржы жылының басындағы Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының ҚБШ-сындағы ақша қалдығы» бөлімі қаржы жылының басындағы Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының ҚБШ-сындағы ақша қалдығының сомасын көрсетеді.

64. VIІ «Есепті кезеңнің аяғындағы Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының ҚБШ-сындағы ақша қалдығы бөлімі V «Түсімдер мен аударымдар сальдосы» мен VI «Қаржы жылының басындағы Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының ҚБШ-сындағы ақша қалдығы» бөлімдерінің қорытынды сомасын көрсетеді.

65. Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының ҚБШ-сындағы ақша қозғалысы туралы есепті ведомство бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның мемлекеттік бюджеттің атқарылуы туралы есепті қалыптастыруға жауапты құрылымдық бөлімшесіне электрондық дерек қоры түрiнде және қағаз тасығышта есептi айдан кейінгі айдың 5 күнінен кешiктiрмей береді.



4. Тарау Мемлекеттік, республикалық және жергілікті бюджеттер бойынша мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуінен түсетін, олардың иелігінде қалатын ақша түсімдері мен шығыстары жоспарларының орындалуы туралы, демеушілік және қайырымдылық көмектен түсетін ақшаның түсімі мен жұмсалуы туралы есепті жасау мен ұсыну тәртібі
66. Тоқсан сайын ағымдағы қаржы жылының 1 шілдесіндегі, 1 қазанындағы және жаңа қаржы жылының 1 қаңтарындағы жағдай бойынша бюджетті атқару жөніндегі облыстың, республиукалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті уәкілетті органдары және ведомство бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің теңгерімдері деректерінің негізінде тауарларды (жұсымтарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуінен түсетін ақша түсімдері жоспарының атқарылуы және шығыстары туралы, осы Ережеге 10 және 11-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша жергілікті және республикалық бюджеттер демеушілік және қайырымдылық көмектен түсетін ақша түсімдері мен оларды жұмсау туралы есептерді жасайды және оларды мемлекеттік бюджеттің атқарылуы туралы есепті қалыптастыру үшін жауапты бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның құрылымдық бөлімшесіне мынадай мерзімдерде:

ағымдағы қаржы жылының 1 шілдесіндегі және 1 қазанындағы жағдай бойынша – есепті тоқсаннан кейінгі екінші айдың 20 күнінен кешіктірмей;

есептіден кейінгі жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша - есепті қарж жылынан кейінгі үшінші айдың 1 күнінен кешіктірмей ұсынады.

67. Төмен тұрған бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органдар жоғары тұрған бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органға соңғысы белгілеген мерзімде мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуінен түсетін, олардың иелігінде қалатын ақша түсімдері мен шығыстары жоспарларының орындалуы туралы және демеушілік және қайырымдылық көмектен түсетін ақшаның түсімі мен жұмсалуы туралы есептерді ұсынады.

Демеушілік және қайырымдылық көмектен түсетін ақшаның түсімі мен жұмсалуы туралы есеп заңды және жеке тұлғалардан демеушілік және қайырымдылық көмек түрінде түсетін ақшаның түсімі мен олар бойынша жұмсалу сомаларын көрсетеді. Мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуінен түсетін, олардың иелігінде қалатын ақша түсімдері мен шығыстары жоспарларының орындалуы туралы есеп тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуінен түсетін және ол бойынша жұмсалу сомаларын көрсетеді.

68. Мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуінен түсетін, олардың иелігінде қалатын ақша түсімдері мен шығыстары жоспарларының орындалуы туралы және демеушілік және қайырымдылық көмектен түсетін ақшаның түсімі мен жұмсалуы туралы есептер толық көлемде электрондық дерекқор түрінде ұсынылады және бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасының ерекшеліктері бойынша деректерсіз қағаз түріндегі есептермен расталады.

69. Қағаз түріндегі есептер тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуге байланысты және демеушілік және қайырымдылық көмек түрінде алынған ақшаның қозғалысына әсер ететін негізгі факторлар жазылған түсіндірме жазбасы бар ілеспе хатпен беріледі.

70. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның мемлекеттік бюджеттің атқарылуы туралы есепті қалыптастыруға жауапты жауапты құрылымдық бөлімшесі облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органдар және ведомство ұсынған есептердің негізінде мемлекеттік, республикалық және жергілікті бюджеттер (жиынтық) бойынша осы Ережеге 10 және 11-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша мемлекеттік, республикалық және жергілікті (жиынтық) бюджеттер бойынша (қолдармен бекітусіз) тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуден түсетін ақша түсімдері мен шығыстары жоспарларының орындалуы туралы және демеушілік және қайырымдылық көмектен түсетін ақшаның түсімі мен жұмсалуы туралы есептерді қалыптастырады.

71. Мемлекеттік, республикалық және жергілікті бюджеттер бойынша тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуден түсетін ақша түсімдері мен шығыстары жоспарларының орындалуы туралы есептер осы Ережелерге 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жасалады және мынадай бөлімдерді қамтиды:

 1) түсімдер (І);

 2) шығыстар (ІІ);

 3) қаржы жылының есепті кезеңінің аяғындағы ақша қалдығы (ІІІ).

72. І «Түсімдер» бөлімі тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуден түсетін түсімдердің жалпы көлемін және хронологиялық  тәртіппен көрсетілетін және түсімдердің жалпы көлемі бойынша да, түсімдердің әрбір коды бойынша да және әрбір әкімші бойынша да қаржы жылының басындағы ақша қалдығының сомасын көрсете отырып, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бөлінісінде бекітілген Сыныптамаға сәйкес тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуден түсетін түсімдердің кодтары бойынша түсімдер сомасын көрсетеді.

73. ІІ «Шығыстар» бөлімі түсімдердің жалпы сомасының есебінен ақша шығыстарының жалпы көлемін, тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) әрбір коды бойынша, бекітілген Сыныптамаға сәйкес, оның ішінде бюджетке есептелген соманы көрсете отырып бюджет шығыстарының функционалдық және экономикалық сыныптамалары бойынша түсімдердің есебінен шығыстар сомасын көрсетеді.

74. ІІІ «Қаржы жылының есепті кезеңінің аяғындағы ақша қалдығы» бөлімі тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуден түсетін түсімдер кодтарының және бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің (хронологиялық тәртіппен) бөлінісінде тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуден түсетін ақшаның іс жүзіндегі түсімінің сомасы мен олардың есебінен жүргізілген шығыстар сомасы арасындағы қорытынды айырманы көрсетеді.

75. Мемлекеттік, республикалық және жергілікті бюджеттер бойынша демеушілік және қайырымдылық көмектен түсетін ақшаның түсімі мен жұмсалуы туралы есептер осы Ережелерге 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жасалады және былай толтырылады:

1 және 2-бағандарда бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің коды мен атауы көрсетіледі;

3-бағанда жыл басына қалдық сомасын ескере отырып, жыл басынан бастап өсу қорытындысымен ағымдағы қаржы жылының есепті кезеңіндегі ақша түсімінің сомасы көрсетіледі;

4-бағанда қаржы жылының басындағы ақша қалдығы көрсетіледі;

5 және 6-бағандарда бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасы ерекшелігінің коды мен атауы көрсетіледі;

7-бағанда жыл басынан бастап өсу қорытындысымен ағымдағы қаржы жылының есепті кезеңіндегі ақшаның жүргізілген жұмсалуының сомасы көрсетіледі;

8-бағанда бюджет кірісіне аударылған сома көрсетіледі;

9-бағанда есепті кезеңде түскен және мақсатына сай жұмсалған ақша сомасының айырмасы ретінде анықталатын есепті кезең аяғындағы ақша қалдығы көрсетіледі.

76. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган осы Ереженің 66-тармағында белгіленген мерзімнен кейін он күнтізбелік күннен кешіктірмей мемлекеттік жоспарлау және ішкі бақылау жөніндегі орталық уәкілетті органдарға мемлекеттік, республикалық және жергілікті бюджеттер (жиынтық) бойынша тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуден түсетін ақша түсімдері мен шығыстары жоспарларының орындалуы туралы және демеушілік және қайырымдылық көмектен түсетін ақшаның түсімі мен жұмсалуы туралы есептерді береді.



Мемлекеттік, республикалық және жергілікті бюджеттердің кредиторлық берешегі туралы есепті жасау және беру ережесін бекіту туралы

77. Осы Ережемен кредиторлық берешек туралы есеп берудiң мынадай нысандары белгiленедi:

КБ-Б Бюджет қаражаттары есебінен, (осы Ережеге 12-қосымша) ол бойынша мемлекеттік және республикалық бюджеттердің, облыс, республикалық маңызы бар қала, астана және аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджеттерінің кредиторлық берешегі туралы есеп жасалады;

КБ-Б Басқа қаражаттар есебінен (осы Ережеге 13-қосымша) ол бойынша мемлекеттік және республикалық бюджеттердің, облыс, республикалық маңызы бар қала, астана және аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджеттерінің кредиторлық берешегі туралы есеп жасалады;

78. КБ-Б нысаны бойынша кредиторлық берешек туралы есеп мынадай түрде толтырылады:

1-бағанда бюджеттік бағдарлама әкімшісінің коды көрсетіледі;

2-5-бағандарында бюджет шығыстарының функционалдық және экономикалық сыныптамасының кодтары - функционалдық топ, бағдарлама, кіші бағдарлама, ерекшелік толтырылады.

6-бағанда 1-4-бағандардағы кодтарға сәйкес келетін Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасына сәйкес бюджет шығыстары кодтарының атауы көрсетіледі.

7-бағанда ағымдағы қаржы жылына арналған бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) қаржыландыру жоспары көрсетіледі.

8-бағанда ағымдағы қаржы жылының 1 қаңтарына арналған жағдай бойынша өткен жылдардың кредиторлық берешегі көрсетіледі. Бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органға бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі бюджеттік бағдарламаларды қаржыландыру жоспарының орындалуы туралы жылдық есепті тапсырған сәттен бастап 8-бағанда көрсетілген кредиторлық берешектің сомасы ағымдағы қаржы жылының ішінде өзгермеуі тиіс.

9-бағанда ағымдағы қаржы жылы берешек бөлігін өтегеннен кейін өткен жылдардың кредиторлық берешегінің қалдығы көрсетіледі.

10-бағанда ағымдағы қаржы жылы пайда болған кредиторлық берешектің сомасы көрсетіледі.

11-бағанда есепті күнге қалыптасқан жалпы кредиторлық берешек көрсетіледі (8 және 9-бағандардың сомасы);

12-бағанда төлеу мерзiмi басталмаған мiндеттемелер бойынша берешектің сомасы көрсетiледi.

13-бағанда қуыну мерзiмi аяқталған кредиторлық берешегiнiң сомасы көрсетiледi.

14-бағанда төлеу мерзімі басталмаған міндеттемелер бойынша берешек сомасын (12-баған) шегере отырып есепті күнге қалыптасқан берешектің сомасы көрсетіледі (11-баған).    

15-бағанда бюджеттік бағдарламаны (кіші бағдарламаны) қаржыландырудың жылдық жоспарына кредиторлық берешек сомасының проценттік қатынасы көрсетіледі.

79. КБ-Б нысаны бойынша кредиторлық берешек туралы есеп мынадай түрде толтырылады:

1-5 бағандарда шығыстардың сыныптау кодтарына және бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган бекіткен Ақылы қызметтердің тізбесіне сәйкес, тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуінен түсетін, мемлекеттік мекемелердің иелігінде қалатын ақша есебінен құрылған берешектер бойынша шығыстардың кодтары көрсетіледі.

Басқа қаражаттар (демеушілік және қайырымдылық көмек және т.б.) есебінен құрылған кредиторлық берешектер бойынша КБ-Б нысаны бойынша есепті толтыру тиісінше 5 және 6-бағандардан басталады.

Кейінгі бағандарды толтыру КБ-Б нысаны бойынша есептерді толтыру үшін осы Ереженің 78-тармағында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

80. Кредиторлық берешек туралы шұғыл есепті ай сайын:

1) ведомство қағаз тасығышта және электрондық дерекқор түрінде есептіден кейінгі айдың 20-і күнінен кешіктірмей;

2) бюджетті атқару жөніндегі облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті уәкілетті органдары - электронды дерек қор түрінде, есептіден кейінгі айдың 20 күнінен кешіктірмей, есептіден кейінгі айдың аяғына дейін қағаз тасығышта растай отырып, бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға береді.

81. Қағаз тасығыштағы КЗ-Б нысан бойынша кредиторлық берешек туралы ай сайынғы есепке кредиторлық берешектің құрылу себептері туралы ақпарат осы Ереженің 16-қосымшасына сәйкес, әрбір бюджеттік бағдарлама (кіші бағдарлама) бойынша олардың құрылу себебін түсіндіре отырып, қоса беріледі.

82. Жарты жылдық, 9 айға және өткен қаржы жылы үшін кредиторлық берешек туралы деректер бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органға бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі есепті кезең үшін бюджеттік бағдарламаларды қаржыландыру жоспарының орындалуы туралы есепті бергеннен кейін нақтыланады және кредиторлық берешек туралы есеп қайта жасалады.

83. Бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi органның құзыретi шегiнде мемлекеттiк бюджеттiң атқарылуына қызмет көрсетудi жүзеге асыратын ведомство және бюджетті атқару жөніндегі облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті уәкілетті органдары жарты жылдық, 9 айға және өткен қаржы жылы үшін кредиторлық берешек туралы нақтыланған есептерді есептiден кейiнгi екінші айдың 20 күнiнен кешiктiрмей, жаңа қаржы жылының 1 қаңтарындағы жағдай бойынша – есепті қаржы жылының үшінші айының 1 күнінен кешiктiрмей, бюджеттік бағдарламалардың әкімшілерінің теңгерімдерін есептеу баптары бойынша тиісті кезеңдерге есеп кредиторлық берешектің жағдайы туралы талдамалық деректермен бірге бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi органның құрылымдық бөлiмшесiне бередi.

84. Кредиторлық берешек туралы есептер атқарушы туралы мәлiметтер көрсетiле отырып, ресми бланкiге жазылған, басшының қолы қойылған ілеспе хатпен жiберiледi.

85. Бюджеттік бағдарламалардың әкімшілерінің теңгерімдерін есептеу баптары бойынша тиісті кезеңдерге есеп кредиторлық берешектің жағдайы туралы талдамалық деректер осы Ережеге 17-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жасалады және мынадай түрде толтырылады:

1-бағанда бюджеттік бағдарлама әкімшісінің атауы көрсетіледі;

2-бағанның бағаншаларында әрбір қосалқы шот бойынша есепті кезеңде қалыптасқан кредиторлық берешек сомаларын көрсете отырып, бухгалтерлік есепке алудың қосалқы шоттарының атаулары мен кодтары көрсетіледі;
      3-бағанда есепті күнгі жағдай бойынша бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша тұтастай алғанда кредиторлық берешектің сомасы көрсетіледі;
      4-бағанда қаржы жылының басында қалыптасқан бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша кредиторлық берешектің жалпы сомасы көрсетіледі;

5-бағанда ағымдағы жылы қалыптасқан кредиторлық берешектің сомасы көрсетіледі (3 және 4 бағандар айырмасы);

«Есепті күнге жиыны» және «Жылдың басына жиыны» деген жолдарда есепті күнге және қаржы жылының басында қалыптасқан әрбір қосалқы шот бойынша тұтастай алғанда кредиторлық берешектің жалпы сомалары көрсетіледі;

«Ауытқу» деген жолда ағымдағы жылы қалыптасқан әрбір қосалқы шот бойынша кредиторлық берешектің сомасы көрсетіледі («Есепті күнге жиыны» және «Жылдың басына жиыны» деген жолдар айырмасы).

86. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган республикалық бюджеттің кредиторлық берешегі және өзге де қаражат есебінен пайда болған берешек туралы айлық (шұғыл) есепті ай сайын есептіден кейінгі екінші айдың 1 күнінен кешіктірмей 9 айлық және өткен қаржы жылы үшін нақтыланған есеп мемлекеттік қаржы бақылау органдарына, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган мен бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның тиісті құрылымдық бөлімшесіне қолдармен бекітпей-ақ, ілеспе хатпен – ведомствоның осы Ереженің 83-тармағында мемлекеттік қаржы бақылау органдарына, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган мен бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның тиісті құрылымдық бөлімшесіне белгіленген нақтыланған есепті беру мерзімінен кейінгі бес жұмыс күні ішінде береді.

87. Мемлекеттік, республикалық және жергілікті (облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің кредиторлық берешегі туралы жиынтық есеп) бюджеттердің кредиторлық берешегі туралы есептерді және өзге де қаражат есебінен пайда болған кредиторлық берешек туралы жиынтық есептерді КБ-Б-жиынтық және КБ-Ө-жиынтық нысандары бойынша бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган жасайды.

88. Мемлекеттік және жергілікті бюджеттердің (облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қала және астана бюджеттерінің кредиторлық берешегі туралы жиынтық есеп) кредиторлық берешегі және өзге де қаражат есебінен пайда болған кредиторлық берешек туралы айлық (шұғыл) есептерді бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган ай сайын есептіден кейінгі екінші айдың 1 күнінен кешіктірмей нақтыланған есеп мемлекеттік жоспарлау және ішкі бақылау жөніндегі орталық уәкілетті органдарға қолдармен бекітпей-ақ, ілеспе хатпен, жарты жылдық, 9 айлық және өткен қаржы жылы үшін нақтыланған есеп мемлекеттік жоспарлау және ішкі бақылау жөніндегі орталық уәкілетті органдарға, бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның тиісті құрылымдық бөлімшесіне ведомство және бюджетті атқару жөніндегі облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті уәкілетті органдары осы Ереженің 86-тармағында, мемлекеттік жоспарлау және ішкі бақылау жөніндегі орталық уәкілетті органдар мен бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның тиісті құрылымдық бөлімшесіне белгіленген нақтыланған есепті беру мерзімінен кейінгі бес жұмыс күні ішінде береді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет