Дайындық тест. 10-сынып 1-3 тақырып. Рессей империясы кезінде «Орта Азия»



бет16/21
Дата22.12.2022
өлшемі0.69 Mb.
#467733
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21
Джандосова тест

Дайындық тест. 10-сынып
42-45 тақырып

1. Қазақтар «дұрыс патша» өздеріне аңсаған еркіндік пен жер силайды деген үмітпен 1773-1775 жж. қатысқан көтерілісі:


A) С.Датұлы көтерілісі B) Бөкей ордасы көтерілісі C) Е.Пугачев көтерілісі D) Ж.Нұрмахамбетұлы көтерілісі E) К.Қасымұлы көтерілісі
2. 1783-1797 жж. кіші жүздегі көтеріліс басшысы:
A) Сырым Датұлы B) И.Тайманұлы C) Ж.Тіленішұлы D) Ж.Нұрмахамбетұлы E) К.Қасымұлы
3. С.Датұлы көтерілісі кезіндегі кіші жүз хандарының ретін сәйкестендіріңіз:
I. Нұралы. II. Есім. III. Айшуақ. IV. Ералы.
A) I, II, IV, III. B) I, IV, II, III. C) I, IV, III, II. D) II, III, I, IV. E) IV, I, III, II.
4. 1797 жылы С.Датұлы көтерілісі кезінде, көтерілісшілер қолынан қайтыс болған кіші жүз ханы:
A) Нұралы. B) Қаратай. C) Айшуақ. D) Ералы. E) Есім.
5. 1823 жылы Жаңаелек шебінің құрылысынан және Арынғазы хан мен кіші жүздің кейбір старшындарының тұтқында ұсталуына және басты себеп хандық биліктің жойылуына байланысты көтеріліс жасаған батыр:
A) С.Датұлы B) И.Тайманұлы C) Ж.Тіленшіұлы D) Ж.Нұрмұхамедұлы E) К.Қасымұлы
6. «Сібір қырғыздары туралы жарғыға» қарсы көтеріліс жасап, хан билігін қалпына келтіру үшін 12 жыл күрес жүргізген орта жүз сұлтаны:
A) Саржан Қасымұлы B) Жоламан Тіленшіұлы C) Ғұбайдолла Уәлиұлы D) Исатай Тайманұлы E) Жанқожа Нұрмұхамедұлы
7. 1836 жылы Қоқандық Ташкент билеушісінің қолынан қаза тапқан көтеріліс басшысы:
A) Саржан Қасымұлы B) Қасым Абылайұлы C) Ғұбайдолла Уәлиұлы D) Жоламан Тіленшіұлы E) Жанқожа Нұрмұхамедұлы
8. 1836-1838 жылдары Бөкей ордасында Жәңгір хан кезінде болған көтеріліс:
A) Сырым Датұлы көтерілісі B) Е.Көтібарұлы көтерілісі C) Ж.Тіленшіұлы көтерілісі D) Ж.Нұрмұхамедұлы көтерілісі E) Исатай мен Махамбет көтерілісі
9. 1837-1847 жылдары болған көтеріліс басшысы:
A) Саржан Қасымұлы B) Қасым Абылайұлы C) Есет Көтібарұлы D) Кенесары Қасымұлы E) Жанқожа Нұрмұхамедұлы
10. 1838 жылы Кенесары Қасымұлы шабуыл жасаған бекініс:
A) Ақтау B) Ақмола C) Омбы D) Орынбор E) Семей
11. К.Қасымұлы хандықты билікті қалпына келтірді:
A) 1837 жылы B) 1839 жылы C) 1841 жылы D) 1843 жылы E) 1845 жылы
12. XX ғ. басындағы батыстық жаңғыртуға қарсы, ислам шеңберіндегі реформаның жақтастары саналды:
A) эсерлер B) муфтияттар C) жәдидтер D) ақшамшылар E) сәждешілер
13. ХХ ғасырдың басындағы (патшалық ресей тұсында) қазақ зиялылары үшін негізгі мәселе болып табылды:
A) тіл мәселесі B) мектеп мәселесі C) ұлт мәселесі D) жер мәселесі E) баспасөз мәселесі
14. І мемлекеттік думаға Семей округі бойынша депутат болып сайланған тұлға:
A) Ахмет Бірімжанов B) Шәймерден Қосшығұлұлы C) Әлихан Бөкейханов D) Алпысбай Қалменов E) Дәуіт Ноян Тұндыт
15. Орал облысынан ІI мемлекеттік дума депутаты, Петербург университетінің заң факультетін бітірген, «Айқап» журналы редакторларының бірі:
A) Ахмет Бірімжанов B) Шәймерден Қосшығұлұлы C) Темірғали Нұрекенов D) Мұхамеджан Тынышбаев E) Бақытжан Қаратаев
16. 1911-1915 жж. М.Сералинның шығарған, қазақ прозасының орнығуына үлкен рөл атқарған журнал:
A) «Балапан» журналы B) «Садақ» журналы C) «Айқап» журналы D) «Абай» журналы E) «Алаш журналы»
17. Ұлттық сананың қалыптасуында маңызы зор болған, 1913-1918 жж. Ә.Бөкейхан, А.Байтұрсынұлы, М.Дулатовтар шығарып тұрған газет:
A) «Есіл даласы» газеті B) «Алаш» газеті C) «Қазақстан» газеті D) «Қазақ» газеті E) «Серке» газеті
18. 1906 жылы озбыр қоныс аударушылық саясатқа негізделген реформа авторы:
A) Л.П.Берия B) П.А.Столпин C) М.Т.Меликов D) Д.А.Милютин E) Б.Игельстром
19. 1906-1912 жылдары Далалық өлке мен Жетісуға көшіп келген славяндық отбасы шамамен:
A) 200 мыңдай B) 300 мыңдай C) 500 мыңдай D) 700 мыңдай E) 800 мыңдай
20. 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліске себеп болған патша жарлығы:
A) Қазақтарды тыл жұмысына алу. B) қазақ жастарынан атқыштар полкн жасақтау. C) қазақ жігіттерін Башқұрт құрама двизиясына қосу D) қазақ жігіттерін атты әскер бөлімдерінің жауынгерлік күші ретінде пайдалануды E) қазақ жігіттерін жаяу ателерия күші ретінде пайдалану.
21. 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісте Торғай облысында хан болып сайланды:
A) Амангелді Иманов B) Кейкі батыр C) Әбдіғапар Жанбосынов D) Әліби Жангелдин E) Оспан Шоңов
22. Ресей империясы халықтарының ұлттық сезімінің өсуіне әкелген 1917 жылғы төңкеріс:
A) ақпан төңкерісі B) қаңтар төңкерісі C) наурыз төңкерісі D) қазан төңкерісі E) желтоқсан төңкерісі
23. Әлихан Бөкейхан басқарған «Алаш» ұлттық партиясы құрылды:
A) 1917 жылы наурыз B) 1917 жылы сәуір C) 1917 жылы шілде D) 1917 жылы қазан E) 1917 жылы желтоқсан
24. Орынборда өткен ІІ жалпықазақ сьезде құрамына қазақ халқы басым облыстар енген Алаш аумақтық-ұлттық автономиясы жарияланды:
A) 1917 жылы наурыз B) 1917 жылы сәуір C) 1917 жылы шілде D) 1917 жылы қазан E) 1917 жылы желтоқсан
25. Алашорданың орталығы болған қала:
A) Орынбор B) Семей C) Омбы D) Алмаы Е) Қызылорда
26. 1917 жылы І және ІІ жалпықазақ съезі өткізілген қала:
A) Орынбор B) Семей C) Омбы D) Алмаы Е) Қызылорда
27. Алашорда өкіметі азамат соғысы жылдары қолдады:
A) қызыл армияны B) ақ гвардияны C) бейтарап болды D) жапондардан көмек күтті. E) ағылшындармен келісті.
28. 1917 жылы қарашада құрылған Түркістан автономиясының орталығы болған қала:
A) Ташкент B) Бұқара C) Қоқан D) Самарқан E) Бішкек
29. 1917 жылы қарашада құрылған Түркістан автономиясының жетекшісі болды:
A) Ә.Бөкейханов B) Т.Рысқұлов C) К.Тоғысов D) Б.Қаратаев E) М.Шоқай



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет