Дамира Өмірзаққызы Ибрагим



Pdf көрінісі
бет129/274
Дата04.04.2023
өлшемі2.95 Mb.
#471676
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   ...   274
Адамзаттың Асыл Тәжі @ebooks kaz1

Хижра жыл санауы 
Сүйікті 
Пайғамбарымыз 
(с.а.у.) 
Мәдинаға 
көшкенге 
дейін 
мұсылмандардың 
нақты 
жыл 
санауы 
жоқ 
еді. 
Хижреттен 
кейін 
"Пайғамбардың келгенінен бір ай кейін, екі ай бұрын" деген сияқты 
сөздермен уақытты айыратын. 
Бір күні Хазіреті Омар сахабаларды жинап нақты жыл санау мерзімін 
белгілеу мақсатымен кеңесті. Әр түрлі пікірлер айтылды. Біреулер Хазіреті
Мұхаммедке (с.а.у.) пайғамбарлық келген мезгілді, енді біреулері 
Расулаллаһтың дүниеге келген жылын, үшіншілері Мәдинаға хижретті тарих 
бастауы ретінде ұсынды. Көп тартыстан соң Хазіреті Әлидің ұсынысы қабыл 
болып, мұсылман жыл санауы хижрет уақытынан ай календарына негізделіп 
бастау алды. 
МЕККЕ КЕЗЕҢІН ТҮЙІНДЕЙТІН БОЛСАҚ ... 
Мұхаммед (с.а.у.) Мәдинаға хижрет етті. Он үш жылға созылған Мекке 
кезеңі артта қалды. Исламды уағыздауда маңызды орны болған бұл кезеңнің 
тобықтай түйінін осы жерде тағы бір түйіп, Расулулланың басынан өткерген 
жайттарын қысқаша атап өткенді жөн көрдік... 
Пайғамбарымыз б.ә. 610 жылы Аллаһ Тағала тарапынан пайғамбар 
ретінде жіберілген кезде араб қоғамы тас түнек қараңғылық ішінде еді. Өз 
жерлестерімен қоса күллі адамзатты осы қою қапастан құтқару міндеті 
Хазіреті Мұхаммедке (с.а.у.) жүктелді... 
Оны пайғамбар етіп жолдаған Ұлы Жаратушымыз Исламды қалай 
уағыздап, қалай тарату керек екендігін ұдайы ескертіп отырды. Пайғамбар 
осы әмірлерге мойынсұнып қызмет етті. 
Тұрмысты жаңа, бұрын-соңды болмаған принциптермен жаңғырту 
оңай емес, әрине. Айналасындағылар салтына берік, ерегісте алдына жан 
салмайтын араб қоғамы болса, бұл істің ауырлығын ойша шамалай беріңіз. 
Өзі өмір сүріп отырған ортаның ерекшеліктерін өте жақсы білетін 
Расулуллаһ пайғамбарлық міндетін қабылдап ала салысымен ашықтан-ашық 
насихатқа кіріскен жоқ. Пайғамбар екендігін құпия ұстады. Исламды да 
жария етуге асықпады. Ш

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   ...   274




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет