Декоративті гүлдендіру



бет18/26
Дата09.05.2023
өлшемі249 Kb.
#473429
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   26
ДЕКОРАТИВТІ ГҮЛДЕНДІРУ

4.Геснериелер – бөлме өсімдіктері. Олар Еуропа мен солтүстік Американың көп елдерінде бағалы өсімдік ретінде өсіріледі. 300 жыл ішінде ботаниктар 1800 түрін анықтады.
Ахименесшөптесін, көпжылдық өсімдік. Гүлдері ірі, ақ, қызыл, көгілдір түсті болып келеді. Жылы, жарық бөлмеде жақсы өседі. Жаз айларында көп су құю керек, ал қыс айларында аздап су құйып отыру қажет. Көктемде ахименестің орнын ауыстырып, шымтезек қосу керек. Тұқым арқылы көбейтеді. Тұқымды қаңтар айының соңында егіп, 14-16 күннен кейін 20-22 0С температура жағдайында дамып өсе бастайды.
Глоксиния шөптесін өсімдік, жапырағы бархатты. Ақ, қызыл түсті гүлдері бар. Американың тропикалық аймағынан шыққан. Бөлмеде көбіне гибридтелген түрлері өсіріледі. Голиаф – гүлдері қызыл, ірі болып келеді. Чедвич – гүлдері күрең қызыл түсті. Эвелина – көгілдір-қызыл түсті гүлі бар. Глоксинияны Ахименесті көбейткендей көбейтіледі.
Колерия. Жарық көп түспейтін бөлмеде өсіріледі. Күзге қарай аздап суарыду қажет етеді. Гүлдеп болған соң, оның жапырағы түсіп қысқыға дайындық жүреді. Ал көктемде қайтадан гүлдеп, жайнап өседі. Топырағы өте құнарлы болуы қажет. Оған құм, қарашірік, шымтезек қосып араластырады.
Сенполия – шығу тегі Шығыс Африка. Бөлмеде сенполияның екі түрін өсіреді: локанта, конфуза және оның мындаған гибридтері. Бұлар өте жақсы бейімделгіш, бір жылға жуық гүлдеп тұрады. Сенполия сорттарында гүлдері қарапайым, ақ, көк түсті болады. Көбею түрі – тұқым, сабақ рақылы. Практикада жапырақ арқылы көбейту үлкен орын алады. Алдымен жапырақты кесіп алып, оны дымқыл топыраққа, 2-2,5 см тереңдікке отырғызады. Бөлме температурасында 14-18 күн аралығында тамырланып, бір екеуі өсіп шыға келеді. Бұл өскінді шымтезек, қара шірік қосылған топыраққа отырғызады. Жас өскін 20-22 0С температурада жылдам өсе бастайды. Қыс айларында Сенполияны жарығы жеткілікті, жылы бөлмеде өсіреді және суарғанда суы жылы болуы керек.
Стрептокарпус – аз таралған, құмыралы өсімдік. 100-ге жуық түрі белгілі. Оңтүстік Африка мен Оңтүстік-Шығыс Азия аймағында өседі. Гүл өсірушілердің көбінде стрептокарпустың гибридтелген түрлерін кездестіруге болады. Олар жаз және күзде гүлдейді, ақ, көк, қызыл түсті гүлдері болады. Жапрағының түсі – ашық жасыл, тұқымдары ұсақ. Көбею түрі – тұқым, сабақ, жапырақ арқылы. Ақпан айында тұқымды егеді, ол 6 айдан кейін көктеп шығады. Жылу сүйгіш, дымқылды ортада тез өсе бастайды.
Тапсырма:

  1. Әр түрлі топтағы өсімдіктерге күтім көрсету ерешеліктерін айтып беру

  2. Қырыққұлақтыларға, Пальмаларға, Бромелилерге, Геснерилерге осы топтағы өсімдіктерге күтім көрсету ерешеліктерін білу



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   26




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет