Дене шынықтыру және спорт саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы



Дата24.02.2016
өлшемі157.67 Kb.
#15982
Дене шынықтыру және спорт саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 17 сәуірдегі № 139 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 5 маусымда № 11276 тіркелді

      «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған:

      3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес «Спортшылар мен жаттықтырушыларға өмiр бойы ай сайынғы материалдық қамсыздандыруды төлеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бекітілсін.


      2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті (Е.Б. Қанағатов) заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министрі С.Ж. Мұсайбековке жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы


      Мәдениет және спорт министрі          А. Мұхамедиұлы

      «КЕЛІСІЛДІ»


      Қазақстан Республикасы
      Инвестициялар және даму министрі
      ___________ Ә. Исекешев
      2015 жылғы 4 мамыр

      «КЕЛІСІЛДІ»


      Қазақстан Республикасының
      Ұлттық экономика министрі
      ___________ Е. Досаев
      2015 жылғы 5 мамыр

Қазақстан Республикасы     


Мәдениет және спорт министрінің
2015 жылғы 17 сәуірдегі    
№ 139 бұйрығына       
3-қосымша           

«Спортшылар мен жаттықтырушыларға өмір бойы ай сайынғы


материалдық қамсыздандыруды төлеу» мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. «Cпортшылар мен жаттықтырушыларға өмір бойы ай сайынғы материалдық қамсыздандыруды төлеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
      3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Министрліктің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
      Мемлекеттік қызметті көрсету өтінішті қабылдау және нәтижесін беру:
      Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – ХҚО);
      «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі



      4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:
      1) құжаттар топтамасын ХҚО тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде – күнтізбелік 20 (жиырма) күн.
      ХҚО жүгінген кезде құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді.
      Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік көрсетілетін қызмет мерзімінің аяқталуына бір күн қалғанда мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ХҚО жолдайды;
      2) құжаттар топтамасын ХҚО тапсыру үшін рұқсат етілетін ең ұзақ күту уақыты – 15 (он бес) минут;
      3) ХҚО жүгінген кезде рұқсат етілетін ең ұзақ қызмет көрсету уақыты – 20 (жиырма) минут.
      5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (жартылай автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
      6. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі өмір бойы ай сайынғы материалдық қамсыздандыруды төлеу туралы хабардар ету болып табылады.
      Порталда – мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін ХҚО алу үшін уәкілетті лауазымды адамның электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырған мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесінің әзірлігі туралы хабардар ету.
      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.
      7. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.
      8. Жұмыс кестесі:
      1) ХҚО – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі мен сенбі аралығын қоса алғанда белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес түскі үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін.
      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетілетін қызметті алушының таңдауы бойынша жеделдетілген қызмет көрсетусіз «электрондық кезек» күту тәртібімен көрсетіледі, портал арқылы электрондық кезекті броньдауға болады;
      2) порталда – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндерінде, көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсетуге өтініштерді қабылдау және оның нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
      9. Көрсетілетін қызметті алушы (не уәкілетті өкілі) мемлекеттік қызметті көрсету үшiн жүгінген кезде қажетті құжаттардың тізбесі:
      ХҚО:
      1) спортшылар үшін:
      көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат және (немесе) көрсетілетін қызметті алушының өкілі жүгінген кезде – жеке тұлғаның нотариалды куәландырылған сенімхаты (сәйкестендіру үшін);
      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
      дене шынықтыру және спорт саласындағы жиырма жыл еңбек өтілін растайтын еңбек кiтапшасының нотариалды расталған көшірмесі не төменде көрсетілген кез келгені құжат:
      тоқтату күні мен оны тоқтатудың негіздемесі туралы жұмыс берушінің белгісі бар еңбек шарты;
      еңбек шартының жасалуы және тоқтатылуы негізінде еңбек қатынастарының туындауын және тоқтатылуын растайтын жұмыс беруші актілерінен үзінді көшірме;
      қызметкерлерге жалақы төлеу ведомосінен үзінді көшірме;
      жұмыс берушінің қолы қойылған, ұйымның мөрімен куәландырылған қызметтік тізім (қызметкердің жұмысы, еңбек қызметі туралы мәліметтер тізбесі);
      қызметкердің еңбек қызметі туралы мәліметтерді қамтитын мұрағаттық анықтама;
      Олимпиада, Паралимпиадалық және Сурдлимпиадалық ойындардың чемпионы және жүлдегері, және (немесе) олимпиадалық спорт түрлерi бойынша әлем чемпионы екендiгiн растайтын жарыстар хаттамасының көшiрмесі;
      банктік шоттың болуы туралы анықтама;
      2) жаттықтырушы үшін:
      көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат және (немесе) көрсетілетін қызметті алушының өкілі жүгінген кезде – жеке тұлғаның нотариалды куәландырылған сенімхаты (сәйкестендіру үшін);
      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
      жаттықтырушылық жұмысының жиырма жылдық өтілін растайтын еңбек кiтапшасының нотариалды расталған көшірмесі не төменде көрсетілген кез келгені құжат:
      тоқтату күні мен оны тоқтатудың негіздемесі туралы жұмыс берушінің белгісі бар еңбек шарты;
      еңбек шартының жасалуы және тоқтатылуы негізінде еңбек қатынастарының туындауын және тоқтатылуын растайтын жұмыс беруші актілерінен үзінді көшірме;
      қызметкерлерге жалақы төлеу ведомосінен үзінді көшірме;
      жұмыс берушінің қолы қойылған, ұйымның мөрімен куәландырылған қызметтік тізім (қызметкердің жұмысы, еңбек қызметі туралы мәліметтер тізбесі);
      қызметкердің еңбек қызметі туралы мәліметтерді қамтитын мұрағаттық анықтама;
      Олимпиада, Паралимпиадалық және Сурдлимпиадалық ойындардың чемпионы және жүлдегері, және (немесе) олимпиадалық спорт түрлерi бойынша әлем чемпионы атағын жеңiп алған спортшының шын мәнiнде жаттықтырушысы болып табылатынын растайтын жұмыс орнынан (өтініш берген кезде жаттықтырушы болып жұмыс істемеген жағдайда – Қазақстан Республикасының Ұлттық олимпиада комитетінен) анықтама;
      өзi жаттықтырған спортшының Олимпиада, Паралимпиадалық және Сурдлимпиадалық ойындардың чемпионы және жүлдегері, және (немесе) олимпиадалық спорт түрлерi бойынша әлем чемпионы атағын растайтын жарыстар хаттамасының көшiрмесі;
      банктік шоттың болуы туралы анықтама.
      Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттың, аударылған міндетті зейнетақы жарналары туралы жинақтаушы зейнетақы қорынан үзінді көшірмені, жүргізілген әлеуметтік аударымдар туралы Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші және ХҚО қызметкері тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден «электрондық үкімет» шлюзы арқылы алады.
      Құжаттарды қабылдау кезінде ХҚО қызметкері түпнұсқалар дұрыстығын құжаттардың шығарылған электрондық көшірмелерімен салыстырып тексереді, содан кейін түпнұсқаларды көрсетілетін қызметті алушыға қайтарады.
      Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзге көзделмесе, мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушы келісім береді.
      Құжаттарды қабылдау кезінде ХҚО қызметкері құжаттардың электрондық көшірмелерін шығарады, содан кейін түпнұсқаларды көрсетілетін қызметті алушыға қайтарады және тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі.
      ХҚО дайын құжаттарды жеке басын куәландыратын құжатын көрсеткен кезде қолхат негізінде (не оның нотариалдық куәландырылған өкілі бойынша) береді.
      ХҚО мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін бір ай бойы өзінде сақтауды қамтамасыз етеді, содан кейін көрсетілетін қызметті берушіге одан әрі сақтау үшін жібереді. Көрсетілетін қызметті алушы бір ай өткен соң жүгінген кезде, ХҚО сұрау салуы бойынша көрсетілетін қызметті беруші бір жұмыс күні ішінде көрсетілген қызметті берушіге беру үшін бір жүмыс күн ішінде дайын құжаттарды ХҚО жібереді;
      порталға:
      1) спортшылар үшін:
      көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салуы;
      дене шынықтыру және спорт саласындағы құжаттың электрондық көшірмесі нысанындағы жиырма жыл еңбек өтілін растайтын еңбек кiтапшасының нотариалды расталған көшірмесі не төменде көрсетілген кез келгені құжат:
      тоқтату күні мен оны тоқтатудың негіздемесі туралы жұмыс берушінің белгісі бар еңбек шарты;
      еңбек шартының жасалуы және тоқтатылуы негізінде еңбек қатынастарының туындауын және тоқтатылуын растайтын жұмыс беруші актілерінен үзінді көшірме;
      қызметкерлерге жалақы төлеу ведомосінен үзінді көшірме;
      жұмыс берушінің қолы қойылған, ұйымның мөрімен куәландырылған қызметтік тізім (қызметкердің жұмысы, еңбек қызметі туралы мәліметтер тізбесі);
      қызметкердің еңбек қызметі туралы мәліметтерді қамтитын мұрағаттық анықтама;
      электрондық көшірмесі нысанындағы Олимпиада, Паралимпиадалық және Сурдлимпиадалық ойындардың чемпионы және жүлдегері, және (немесе) олимпиадалық спорт түрлерi бойынша әлем чемпионы атағын растайтын жарыстар хаттамасының құжаттың көшірмесі;
      құжаттың электрондық көшірмесі нысанындағы банктік шоттың болуы туралы анықтама;
      2) жаттықтырушы үшін:
      көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салуы;
      құжаттың электрондық көшірмесі нысанындағы жаттықтырушылық жұмысының жиырма жылдық өтілін растайтын еңбек кiтапшасының нотариалды расталған көшірмесі не төменде көрсетілген кез келгені құжат:
      тоқтату күні мен оны тоқтатудың негіздемесі туралы жұмыс берушінің белгісі бар еңбек шарты;
      еңбек шартының жасалуы және тоқтатылуы негізінде еңбек қатынастарының туындауын және тоқтатылуын растайтын жұмыс беруші актілерінен үзінді көшірме;
      қызметкерлерге жалақы төлеу ведомосінен үзінді көшірме;
      жұмыс берушінің қолы қойылған, ұйымның мөрімен куәландырылған қызметтік тізім (қызметкердің жұмысы, еңбек қызметі туралы мәліметтер тізбесі);
      қызметкердің еңбек қызметі туралы мәліметтерді қамтитын мұрағаттық анықтама;
      құжаттың электрондық көшірмесі нысанындағы Олимпиада, Паралимпиадалық және Сурдлимпиадалық ойындардың чемпионы және жүлдегері, және (немесе) олимпиадалық спорт түрлерi бойынша әлем чемпионы атағын жеңiп алған спортшының шын мәнiнде жаттықтырушысы болып табылатынын растайтын жұмыс орнынан (өтініш берген кезде жаттықтырушы болып жұмыс істемеген жағдайда – Қазақстан Республикасының Ұлттық олимпиада комитетінен) анықтама;
      құжаттың электрондық көшірмесі нысанындағы өзi жаттықтырған спортшының Олимпиада, Паралимпиадалық және Сурдлимпиадалық ойындардың чемпионы және жүлдегері, және (немесе) олимпиадалық спорт түрлерi бойынша әлем чемпионы атағын растайтын жарыстар хаттамасының көшiрмесі;
      құжаттың электрондық көшірмесі нысанындағы банктік шоттың болуы туралы анықтама.
      Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын, аударылған міндетті зейнетақы жарналары туралы жинақтаушы зейнетақы қорларынан үзінді көшірмені, жүргізілген әлеуметтік аударымдар туралы Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден «электрондық үкімет» шлюзы арқылы алады.
      Порталда электрондық сұрау салуды қабылдау көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» жүзеге асырылады.
      Портал арқылы жүгінген жағдайда мемлекеттік қызметтер көрсету үшін сұрау салуды қабылдау туралы қызмет алушының жүгіну тарихындағы «жеке кабинетінде» мәртебе, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін алу күнін көрсете отырып, хабарлама көрінеді.
      10. Көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, ХҚО қызметкері өтініш қабылдаудан бас тартады және осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қолхат береді.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін


қызметті берушінің, ХҚО және (немесе) олардың қызметкерлерінің
шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      11. Көрсетілетін қызметті беруші қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымданған кезде шағым көрсетілетін қызметті берушінің www.sport.gov.kz интернет-ресурсындағы «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде көрсетілген мекенжайы бойынша көрсетілетін қызметті берушінің басшысына не Астана қаласы, «Министрліктер үйі» әкімшілік ғимараты, Орынбор көшесі, 8-үй, 15-кіреберіс, 263-кабинет мекенжайы бойынша Министрліктің басшысына беріледі, байланыс телефондары: 8 (7172) 740429, 740454.


      Шағымдар жазбаша нысанда пошта арқылы не көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі.
      Шағымның көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде қабылданғанын растау оның тіркелуі болып табылады (мөртабан, кіріс нөмірі және тіркелген күні).
      ХҚО қызметкері дұрыс қызмет көрсетпеген жағдайда, шағым ХҚО филиалының, бөлімінің басшысына www.con.gov.kz интернет-ресурсында көрсетілген мекенжайлар мен телефондар арқылы беріледі.
      ХҚО кеңсесіне қолма-қол, сол сияқты пошта арқылы келіп түскен шағымның қабылданғанын растау оның тіркелуі болып табылады (мөртабан, кіріс нөмірі және тіркелген күні шағымның екінші данасына немесе шағымға ілеспе хатқа қойылады).
      Көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің немесе ХҚО мекенжайына келіп түскен шағымы оны тіркеген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
      Шағымды қарау нәтижелері туралы уәжделген жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошта байланысы арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің немесе ХҚО кеңсесінде қолма-қол беріледі.
      Сондай-ақ көрсетілетін қызметті беруші, ХҚО қызметкерінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі туралы ақпаратты Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс-орталығының: 1414 телефоны немесе портал арқылы алуға болады.
      Портал арқылы электрондық жүгінген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінен» оны өңдеу барысында жаңартылатын (жеткізілгені, тіркелгені, орындалғаны туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) өтініш туралы ақпарат қолжетімді болады.
      Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.
      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
      Жеке тұлғаның шағымында, оның тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), пошталық мекенжайы және байланыс телефондары көрсетіледі.
      12. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгіне алады.

4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті, оның ішінде электрондық


нысанда және ХҚО арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып
қойылатын өзге де талаптар

      13. Заңнамамен белгіленген тәртіппен көрсетілетін қызметті алушыларға толық немесе ішанара қабілетін жою немесе өзіне-өзі қызмет көрсету, дербес жүру, құжаттарды қабылдауға бағдарлау мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттарды қабылдауды бірыңғай байланыс-орталығының 1414 телефонына жүгіну арқылы көрсетілетін қызметті алушының тұрғылықты жеріне шыға отырып, ХҚО қызметкерлері жүргізеді.


      14. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары көрсетілетін қызметті берушінің www.sport.gov.kz интернет-ресурсындағы «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде орналастырылған.
      15. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ бар болған жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызметті электрондық нысанда портал арқылы алуға мүмкіндігі бар.
      16. Көрсетілетін қызметті алушының қашықтықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдағы «жеке кабинет», сондай-ақ Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.
      17. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі туралы ақпаратты көрсетілетін қызметті берушінің 8 (7172) 741394 телефоны арқылы не Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс-орталығының: 1414 телефоны бойынша анықтамалық қызметтен алуға болады.

«Спортшылар мен жаттықтырушыларға 


өмір бойы ай сайынғы материалдық  
қамсыздандыруды төлеу» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандартына 
1-қосымша           

Нысан


Кiмге ________________________________
(дене шынықтыру және спорт саласындағы
______________________________________
уәкiлеттi орган басшысының лауазымы, 
______________________________________
тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
кiмнен _______________________________
(өтiнiш берушiнiң тегі, аты, әкесінің аты
_______________________________________
(болған жағдайда)            
_______________________________________
______________ мекенжайы бойынша тұратын
өтініш берушінің ЖСН ___________________

Өмір бойы ай сайынғы материалдық қамсыздандыруды төлеуге


ӨТІНІШ

      Сiзден маған _________________________________________________


___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
                      (себебi көрсетiледi)
байланысты өмiр бойы ай сайынғы материалдық қамсыздандыру төлемін
төлеуiңiздi сұраймын.
      Маған тиесілі соманы (банктiң аты, банктiң МФО-сы, өтініш
берушінің есеп шотының нөмірі немесе ақша пошта арқылы аударылған
жағдайда, оның мекенжайы көрсетiледi) аударуыңызды сұраймын.
      Өтiнiшке мынадай құжаттарды қоса беремiн:
      1. ____________________________________________________________
      2. ____________________________________________________________
      3. ____________________________________________________________
      4. ____________________________________________________________
      5. ____________________________________________________________
      «Спортшылар мен жаттықтырушыларға өмір бойы ай сайынғы
материалдық қамсыздандыруды төлеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандартында көзделген ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен
қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісем беремін.

      Өтiнiш берушiнiң қолы ______________

«Спортшылар мен жаттықтырушыларға
өмір бойы ай сайынғы материалдық 
қамсыздандыруды төлеу» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандартына  
2-қосымша            

Нысан


______________________________________
(Көрсетілетін қызметті алушының    
_______________________________________
тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
_______________________________________
не ұйымының атауы)           
_______________________________________
(көрсетілетін қызметті алушының     
_______________________________________
мекенжайы)               

Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат

      «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15
cәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 20-бабының 2-тармағын
басшылыққа ала отырып, «Халыққа қызмет көрсету орталығы»
республикалық мемлекеттік кәсіпорны филиалының №__ бөлімі (мекенжайы
көрсетілсін) мемлекеттік қызмет көрсетуге (мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы
көрсетілсін) құжаттарды қабылдаудан Сіздің мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық
топтамасын, атап айтқанда:
      Жоқ құжаттардың атауы:
      1) _______________________________;
      2) _______________________________;
      3) ....
ұсынбауыңызға байланысты бас тартады.

      Осы қолхат әр тарапқа бір-бірден 2 данада жасалды.

ХҚО қызметкері: _______________________________   ________________
             (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) (қолы)
Орындаушы: _____________________________          _______________
           (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) (қолы)
Телефоны: ____________________

Алды: ________________________________         ________________


(көрсетілетін қызметті алушының                       (қолы)
тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

20__ жылғы «___» _________

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет