«Альфа-Банк» еб ақ


Бөлім. «ҒАЛАМТОР-БАНК» ЖӘНЕ «АЛЬФ-КЛИК» ҚАШЫҚТАН ҚОЛ ЖЕТКІЗУ ЖҮЙЕСІ БОЙЫНША ОПЕРАЦИЯЛАРДЫ ЖҮРГІЗУ



бет5/7
Дата17.06.2016
өлшемі0.49 Mb.
#141954
1   2   3   4   5   6   7

9 Бөлім. «ҒАЛАМТОР-БАНК» ЖӘНЕ «АЛЬФ-КЛИК» ҚАШЫҚТАН ҚОЛ ЖЕТКІЗУ ЖҮЙЕСІ БОЙЫНША ОПЕРАЦИЯЛАРДЫ ЖҮРГІЗУ

9.1. Жедел қызмет көрсету мақсатында Банк жеке тұлғаларға арналған - «Альфа-Клик» және заңды тұлғаларға арналған «Ғаламтор-Банк» жүйесін орнату жолымен Клиенттерге қашықтан компьютерлік қызмет көрсетуді Банк жүйесіне қосуды ұсынады.

9.2. Заңды тұлғалар үшін «Ғаламтор-Банк» қызметін қолданумен банктік қызмет көрсетуге жасалған шарт негізінде банктік шот бойынша операцияларды жүргізу мүмкіндігі.

9.3. «Ғаламтор-Банк» жүйесі Банк пен Клиент арасындағы электронды құжаттармен (төлем құжаттарын, айырбастауға арналған өтініштер, Клиенттің банктік (ағымдағы) шоты бойынша көшірмелерді және ақпаратты хабарламаларды) автоматтандырылған ауысуды қамтамасыз етеді.

9.4. «Ғаламтор-Банк» жүйесін орнату, пайдаланушы үшін қажетті нұсқамаларды ұсына отырып, Клиенттің кеңсесінде жүзеге асады.

9.5. Дәстүрлі банктік қызмет көрсету алдында «Ғаламтор-Банк» жүйесін қолданудың артықшылықтары:



  • Ақпараттық: Клиенттің банктік (ағымдағы) шоттарының жағдайы туралы және басқа қаржылық ақпаратты жедел түрде алу;

  • Жеделдік: алынған ақпарат негізінде шешімді жылдам қабылдау мүмкіншілігі және шынайы уақыт талабында аударымдар мен төлемдерді жүзеге асыру;

  • Қол жетімділік: пайдалану туралы нұсқаулық Клиент жұмысшыларына қысқа мерзімде «Ғаламтор-Банк» жүйесімен жұмыс істеуді үйренуге мүмкіндік береді;

  • Қолайлылық: Ғаламтор желісіне қосылған әлемнің кез-келген бөлігінен төлемді жүзеге асыру мүмкіншілігі;

  • Клиент қорларын үнемдеу: көлік шығындарының төмендеуі, жұмыс уақытын тиімді пайдалану;

  • Мұрағаттарды сақтау: электронды түрде Клиенттің құжаттарын мұрағаттарын жүргізу;

  • Хат-хабармен алмасу: Банкпен әр-түрлі сипатағы (хат, есеп және т.б) ақпараттармен алмасу мүмкіндігі;

  • Қауіпсіздікті көтеру: банктік транзакциялардың құпиялылығын және оларды электронды сандық қолдарының көмегімен аутентификациялауды қамтамасыз ету үшін криптографиялық қорғау құралдарын пайдалану.

«Ғаламтор-Банк» жүйесі ұсынатын банктік қызметтердің кешені мыналарды қамтиды:



  • Ұлттық және шет ел валютасымен аударымдар мен төлемдер;

  • Зейнетақы қорына төлемдер, бюджетке төлемдер және әлеуметтік аударымдар;

  • Жалақы бойынша төлемдер;

  • Шет ел валютасымен айырбастаулар (сатылым/сатулар);

  • Банктік шоттың (ағымдағы) жағдайы туралы көшірмені ұсыну (бір күн үшін шығыс, кіріс қалдықтарының операциялары);

  • Валюталар бағамы туралы ақпаратты және басқа қаржы-анықтамалық ақпаратты ұсыну;

  • Банкпен хат алмасу.

«Интернет- Банк» қызметін ұсыну үшін қажетті талаптар:



  • Банкте банктік (ағымдағы) шоттың болуы;

  • Электронды тәсілмен нұсқаулар беру туралы Шарт жасау;

  • Клиенттің Windows Операциялық жүйесі бар компьютерінің болуы және Ғаламтор желісіне қосылуы.

9.6. Клиенттердің – жеке тұлғалардың Жүйеге кіруі, Ғаламтор желісіне кіре алатын, жеке байланыс құралдарын немесе басқа құралдарды пайдалану арқылы «Альфа-Клик» Жүйесі ұстайтын, кіру арналары бойынша жүзеге асырылады.

9.10. Қосылу үшін Клиент Банкке келуі қажет, «Альфа-Клик» Жүйесіне қосылу үшін Өтінішке қол қоюы, кіру үшін ID алуы қажет.

9.11. «Альфа-Банк» ЕБ АҚ жеке тұлғалары үшін «Альфа-Клик» Ғаламтор Банк жүйесін пайдалану жөнінде қосылу туралы жасалған Келісім негізінде Клиенттерге келесідей мүмкіндіктер беріледі:


  • банктік шоттардың (ағымдағы және жинақ), Төлем карточкаларының, қолданыстағы несиелердің жағдайлары туралы және басқа ақпаратты дистанциялық жолмен алу;

  • шоттар бойынша көшірмелерді қалыптастыру.

«Альфа-Клик» қызметін ұсыну үшін қажетті талаптар:



  • Банктегі банктік шоттың және қолданыстағы төлем карточкасының болуы;

  • «Альфа-Клик» қызметін пайдаланумен қызмет көрсетуге Келісім жасау;

  • Клиенттің Windows Операциялық жүйесі бар компьютерінің болуы және Ғаламтор желісіне қосылуы.

9.12. Клиент Банкке «Альфа-Клик» жүйесіне қосылғанын төлеуге міндетті. Клиентке Идентификаторды тіркеген және берген күні Банк Банктің Тарифтеріне сәйкес, Өтінішке сәйкес ашылған, Өтініште, Шотта оның көрсеткен, Клиенттің Шотынан «Альфа-Клик» жүйесіне қосылғаны үшін төлемді даусыз есептен шығарады.

9.13. «Альфа-Клик» Жүйесін пайдаланғаны үшін төлем мөлшерін Банк анықтаған Тарифтер белгілейді және олар Келісімге сәйкес бір жақты тәртіппен өзгертілуі мүмкін.
10 Бөлім. КАССАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ
10.1. Клиенттерге кассалық қызмет көрсету ҚР заңнамасына сәйкес анықталған операциялар тізімін қамтиды.

10.2. Клиенттердің шоттары бойынша қолма-қол ақшаны беру ҚР заңнамасына сәйкес берілетін чектердің негізінде, немесе шығыс кассалық ордердің негізінде жүзеге асырылады.

10.3. Заңды тұлғалардың қолма-қол ақшаларын беру ҚР заңнамасының талаптарына сәйкес, қолма-қол ақша алуға алдын-ала берілген өтінім бойынша жүзеге асырылады. Қолма-қол ақша алуға тапсырыс алу сомасына байланысты беріледі:


  1. қолма-қол ақша алу күні қарсаңында;

  2. қолма-қол ақша алған күні.

10.4. Қолма-қол ақша қабылдау кіріс кассалық ордері негізінде/Банктің жауапты жұмысшысының қолы мен мөрімен жасалған, қолма-қол ақшаларды енгізуге берілген хабарландыру негізінде жүргізіледі. Клиент кіріс кассалық ордерге/қолма-қол ақшаларды енгізуге берілген хабарландыруға қол қояды.

10.5. Қолма-қол ақшаларды алу кезінде Банк Клиентке кіріс кассалық ордер мен бақылау-кассалық машинасының чегін беруге міндетті, шығыс кассалық операцияны орындау кезінде – шығыс кассалық ордер мен бақылау-кассалық машинасының чегін. Жоғарыда көрсетілген құжаттар кассалық операцияларды жүзеге асыруды растаушы құжаттар болып табылады.

10.6. Кассалық операцияларды орындағаны үшін Клиенттерден осы Ережелердің № 3, 4, 5, 11 Қосымшаларында көрсетілген, Банктің қолданыстағы тарифтеріне сәйкес комиссиялар алынады.
11 Бөлім. ШЕТ ЕЛ ВАЛЮТАСЫМЕН ОРЫНДАЛАТЫН ОПЕРАЦИЯЛАР
11.1. ҚР заңнамасына сәйкес Банкке валюталық бақылау агентінің қызметі жүктелген.

11.2. Валюталық операцияларды орындау кезінде Банк ҚР валюталық заңнамасының талаптарына сүйенеді.

11.3. ҚР резиденттері мен бейрезиденттері арасындағы шет ел валютасымен орындалатын барлық операциялар қолма-қол ақшасыз тәртіппен олардың банктік шоттары арқылы, егер басқасы ҚР заңнамасымен белгіленбеген болса, орындалады.

11.4. Банк қолма-қол шет ел валютасын сатып алу, сату жөніндегі операцияларды жүзеге асырады.

11.5. Шет ел валютасын сатып алу, сатуды Банк күн сайын Банктің Қазынашылығы бекіткен, валюта бағамы бойынша жүзеге асырады.

11.6. 10 000 (Он мың) АҚШ доллары баламасынан асатын сомаға қолма-қол шет ел валютасын сатып алу немесе сату кезінде, айырбастау орнының кассирі міндетті түрде тізімдер жорналында Клиенттің фамилиясы, аты-жөні және жеке басын куәландырушы құжат деректері тіркеледі.

11.7. Банк шет ел монеталарымен операцияларды (айырбастау, ұсақтау, қабылдау) орындамайды.

11.8. Айырбастау операциясын жүргізу кезінде кассир теңгенің/басқа шет ел валютасының сатып алу, сату немесе бағам кроссы бойынша сомасын көрсете отырып, шет ел валютасын сатып алу-сату жөніндегі мәмілені орындау дерегін растаушы, бақылау-кассалық аппараттың чегін жасайды.

11.9. Шет ел валютасымен операциялар орындағаны үшін осы Ережелердің № 3,4,5,11 Қосымшаларында көрсетілген, Банктің қолданыстағы тарифтеріне сәйкес комиссиялар алынады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет