Байыту жабдықтарының өнеркәсіптік қауіпсіздігінің жалпы салалық талаптары 1 – тарау. Жалпы талаптар


– тарау. Көлік және қосалқы жабдықтар



бет9/9
Дата13.06.2016
өлшемі0.96 Mb.
#132689
1   2   3   4   5   6   7   8   9

5 – тарау. Көлік және қосалқы жабдықтар

1 - параграф. Құм және топырақ сорғылары
764. Осы талап құм және топырақ сорғыларға таралады.

765. Сорғыларды пайдалану кезінде келесілер тексеріледі:

1) сальниктік тығыздағыштардың күйін – егер су ол арқылы жеке тамшылар түрінде өтетін болса, онда қалыпты деп саналады;

2) түйісе жалғастырулардың тығыздалуын, бекіткіш арқаулардың күйін.

766. Тораптардың 765 көрсетілген ақаулары аңғарылған жағдайда ауысымды қабылдаушы оларды жөндеу бойынша шаралар қолданады. Ақауларды жою мүмкін болмаған жағдайда бақылаушы тұлғаның келісімімен (ауысым шеберінің) сорғыны тоқтатылады.

767. Сорғыны іске қосу алдында қосымша келесі шаралар жүргізіледі:

1) сальниктік тығыздағышқа және ішке сору жағындағы тығыздағышқа су беру;

2) сорғы корпусына гидроқоспа құю;

3) қысымдық тасымалдау құбырындағы жапқыштың орналасу күйін тексеру, жапқыш жабық күйде болады.

768. Сорғыны іске қосу келесі ретте жүргізіледі:

1) электрқозғалтқышты іске қос;

2) сорғыны қалыпты режімге шығара қысымдық тасымалдау құбырындағы ысырманы баяу ашады, Гр-8000/71 (28Гр-8Т) сорғылары үшін қалыпты режімге шығу уақыты 15 минуттан артық болмайды.

Алдын-ала электрқозғалтқыштың айналу бағытын тексермей сорғыны іске қосуға тыйым салынады.

769. Сорғыны тоқтатуды келесі ретте жүргізеді:

1) қысымдық тасымалдау құбырындағы кері клапан болған жағдайда - электрқозғалтқышты ажырату, қысымдық тасымалдау құбырындағы ысырманы жабу, сора тасымалдау құбырындағы бекіткіш құрылғыны жабу, сальниктің гидротығыздағышына су беруді тоқтату;

2) қысымдық тасымалдау құбырындағы кері клапан болмаған жағдайда - қысымдық тасымалдау құбырындағы ысырманы жабу, электрқозғалтқышты ажырату, сора тасымалдау құбырындағы бекіткіш құрылғыны жабу, сальниктің гидротығыздағышына су беруді тоқтату.

770. Сорғының жұмысы кезінде қызмет көрсетушілер келесілерді уақытылы тексереді:

1) сальниктік тығыздағыштың ақаусыздығын;

2) зумпфтағы гидроқоспаның деңгейін;

3) мойынтіректердің температурасын;

4) гидротығыздағышқа техникалық таза судың берілуін;

5) түйісе жалғанған жерлердің саңылаусыз қымталуын.

Ұсақ ақауларды жөндеу (сальниктік толтырманы ауыстыру, түйісе жалғанған жерлердегі ағуларды және с.с.) ағымдағы пайдалану ретінде орындалады.

771. Сальниктік тығыздағышы жарамсыз болған жағдайда келесілерсіз сорғының жұмыс істеуіне рұқсат етілмейді:

1) сальниктік тығыздағышқа таза техникалық су бермей;

2) қысымдық және сору тасымалдау құбырларындағы бекіткіш арқау жарамсыз болғанда.

772. Қысымдық тасымалдағыштардағы ысырма жабық болған кезде сорғылардың ұзақ уақыт жұмыс істеуіне рұқсат етілмейді.

773. Сору және қысыммен айдау құбырларында сорғыға тасымалдау құбыры салмағынан қосымша күш түсуіне жол бермейтін жеке тіректері болады.

774. Фундаментке орнатылған насос көлденең жазықтықта салыстырыла тексерілген болады.

775. Сорғы корпусының тік орнатылуы сору қақпағының астындағы егелген жерден немесе сору келте құбырынығ өңделген бетінен ілмемен тексеріледі.

776. Қорғаныстық төлкелердің сальниктің толтырамамен түйіскен жерлерінде радиальдық тербелісі кіру келте құбырының диаметрі 200 мм-ге дейінгі сорғлары үшін 0,08 мм және 200 мм-ден жоғарылар үшін - 0,15 мм-ден артпайды.

777. Сорғы және электрқозғалтқыш осьтерінің фундаментте радиальдық ығысуы 0,2 мм артпайды, ал біліктерінің қисаю бұрыштары 1° артық болмайды.

778. Сорғы қапталдарының жалғастырылу өлшемдері ҚНжЕ 12815-80*. Біріктірілетін бөліктердің және тасымалдау құбырларының қапталдары арқауларының қысымы 0,1-ден 20,0 МПа-ға ( 1-ден 200 кгс/см2) дейін. Түрлері. Біріктірілу өлшемдері және тығыздалатын беттердің өлшемдері.

779. Сорғының ағызатын бөлігінің бөлшектері негізгі механикалық қасиеттері кестеде келтірілген, төзуға төзімді материалдардан жасалады.



Құмдық және тереңдік сорғылардың ағымдық бөлшектерін дайындау үшін пайдаланылатын материалдардың негізгі механикалық қасиеттері


Материал

Механикалық қасиеттері

Нормалары

Материалды қолданудың ұсынылатын саласы

1

2

3

4

Шойын

Бринелль бойынша қаттылығы

Кем емес

450


Гидроқоспа қатты қоспаның орташа ірілігі 3 – 4 мм артық емес

Болат

(бөлшектің жұқа қи-масында)



Соқпалы тұтқырлығы, (кгс- см/см2) Нм/м2

Үзілу кезіндегі беріктік шегі МПа (кгс/мма)



Кем емес (3) 0,3

Кем емес 600 (60)



Гидроқоспа ірілігі 6 мм жоғары абразивтік қосындылары бар

Резіңке

Серпімділіктің динамикалық модулі, МПа (кгс/см2)

ТМ-2 бойынша қаттылығы

Ыршымалығы бойынша иілгіштігі, %


Артық емес

5(50)


65-70

Кем емес


40

Гидроқоспа қатты қосындыларының ірілігі

6 мм дейін



Органикалық байланыста-ғы абразивтік материалдар

Құмдық ағым бойынша қаттылығы Нтп, мм

Үзілу кезіндегі беріктік шегі МПа (кгс/см2)



Артық емес

2,5


Кем емес

13(130)


Гидроқоспа қатты қосындыларының ірілігі

1 мм кем емес


780. Болат тозатын беттерге тозуға төзімді электродтармен балқыма қабатын төсеуге рұқсаттама беріледі.

781. Біліктер беттерінің немесе қорғаныш төлкесінің сальниктік толтырмалармен байланысып, бекітілетін жерлерінің бұдырлылығы ҚНжЕ 2789-73. Беттердің бұдырлылығы. Параметрлері және сипаттамалары. бойынша 8-ші кластан төмен болмайды.

782. Жұмыстық дөңгелектердің қатар орналасқан қалақтарының арасындағы шектік адымдық ауытқу дөңгелектің ішкі диаметрінің кірісі бойынша 0,01-ден және сыртқысы бойынша 0,02 – ден артпайды.

783. Гуммирленген жұмыстық дөңгелектердің жұмыстық дөңгелектері және арқаулары (қаңқасы) статикалық теңгерілген болады. Материалды босатып алу орындары және рұқсаттама берілетін теңсіздің мәні жұмыстық сызбаларда көрсетілген болады.

784. Сальниктік тығыздағышына беру үшін құрамында жүзгіндері немесе кальцинирленуге бейім айналымдық суды пайдалануға рұқсат етілмейді.

785. Сальниктік тығыздағышқа берілетін техникалық таза судың қысымы құм және топырақ сорғылар беретін қысымнан 0,05-0,1 МПа-ға артық болады (0,5-1,0 кгс/смг). Көрсетілген шарттар орындалмаған жағдайда сорғылардың жұмыс істеуіне рұқсат етілмейді.

786. Жұмыстық дөңгелек пен сору дискісінің арасындағы қапталдық саңылау сорғының типтік өлшеміне байланысты 1-5 мм-ден артық болмайды. Ең кіші саңылау сорғының ең кіші типтік өлшеміне, ең үлкені - ең үлкеніне сәйкес болады.

787. Қызмет көрсетушілер технологиялық регламентке сәйкес сорғылардың жұмысындағы болуы мүмкін ақауларды біледі және оларды жөндей алады.

788. Сорғының конструкциясын өзгерту және бөлшектерінің материалдарын ауыстыруға сорғының технологиялылығы, параметрлері сенімділігі және пайдалану сапасы сақталып немесе жақсартылатын жағдайда рұқсат беріледі.



2 - параграф. Таспалы конвейерлер
789. Осы талап байыту фабрикаларында қолданылатын таспалы конвейерлерге таралады.

790. Ауысымды қабылдау және тапсыру кезінде: редуктордың керу станциясы, реттеуші роликтірегіштер, барабандар мойынтіректері жұмысының ақаусыздығына көз жеткізу, жалғастырылатын түйіскен жерлердің және таспа жиектерінің күйін, кесілген жерлерінің болмауын, роликтердің эксцентриситеттігі үлкен, айналмайтын санын, сондай-ақ ылғалды және жабысқақ материалдарды тасымалдайдын конвейерлердің түсіру ағызымындағы жазықтықтардың тазалық дәрежесін сырттай қарап тексеріледі.

791. Тораптарда 790 тармақта көрсетілген ақаулар аңғарылған жағдайда ауысымды қабылдаушы оларды жөндеу шараларын қолданады. Аңғарылған ақауларды жою мүмкін болмаған жағдайда ол бақылаушы тұлғаның келісімі бойынша конвейерді тоқтатады.

792. Конвейерді және онымен бірге жұмыс істейтін агрегаттарды іске қосу және тоқтату тәртібі технологиялық регламентпен анықталады.

793. Конвейерді жөндеуден немесе ұзақ уақыттық тоқтатулардан кейін іске қосу алдында:

1) оның жетегі, майлау құрылғылары қарап тексеріледі және оларда жағар майдың болуына көз жеткізіледі;

2) сақтандыру қоршауларының болуы және жарамдылығы және аспирациялық құрылғылардың ақаусыздығы тексеріледі;

3) келесі құрылғылардың (механизмдердің) жұмысқа жарамдылығы және шанаптарды бос сыйымды ыдыстардың болуы.

794. Келесі жағдайларда конвейерді іске қосуға рұқсат етілмейді:

1) дыбыстық және жарықтық дабылдамалары, қозғалыстағы бөлшектерінің қорғаныстық қоршауларының, редукторда майдың болуын бақылап тұратын аспаптар мен құрылғылардың ақаулары болған кезде;

2) таспада ұзын бойына немесе көлденең жыртықтар мен кесілулер болған кезде;

3) редуктордан май аққан жағдайда;

4) конвейер жиегіне материал үйіліп қалған жағдайда.

5) толтырылған конвейер болған кезде.

795. Материалды таспаға беруге конвейер бос жүрісте 5-10 минут бойы жұмыс істеген соң ғана рұқсат етіледі.

796. Конвейерлерді пайдалану кезінде қызмет көрсетушілер келесілерді орындайды:

1) конвейердегі таспаның орналасу күйін бақылауға және ол бір жағына шығып кеткен жағдайда қажетті шаралар қолдануға, төгінділерді уақытылы жинастырып отыруға;

2) роликтік пар жетектік және керу станциясының және тазалау құрылғыларының ақаусыз жұмыс істеуін, таспаға материалдың дұрыс тиелуін қадағалауға.

797. Конвейер келесілер аңғарылған жағдайда дереу тоқтатылады:

1) таспаның ұзыннан немесе көлденең жыртылып, үзілуі және тарту қаңқасының оның көлденең қимасына қарағанда 10 %-дан артық мәнге зақымдануы;

2) айналмайтын роликтердің мөлшері олардың орнатылған жалпы санынан 10 % және одан артық болса;

3) тежегіш немесе тазалау құрылғылары, барабан мойынтіректерінің ақаулы болуы;

4) таспаның жетектік барабанда сырғанап кетуі;

5) қозғалмалы түсіру арбашасының рельстен шығып кетуі;

6) түсіру арбашасы тежегішінің немесе жетегінің ақаулы болуы.

798. Таспаға берілетін материалдың жылдамдығы таспаның қозғалу жылдамдығынан артпайды, ал кесектердің құлау биіктігі төмен болады.

799. Конвейерге материалдың кестеде көрсетілген шектік рұқсаттама берілетін мәндерге қарағанда жоғары температурамен және үлкен кесектермен берілуіне рұқсат берілмейді.



Конвейерлердің жұмыстық шарттарын жіктеу


Конвейердің жұмысына әсер ететін факторлар



Жұмыс шарты

жеңіл

орташа

ауыр

1

2

3

4

Ауаның температурасы, °С

–5+25

–20-дан+30д-н

45-тен +45 д-н

Ауаның шартты ылғалдылығы, %

70 дейін

90 дейін

100 дейін

Шаңның болуы

жоқ

Аздаған

Көп

Атмосфералық жауын-шашынның әсері

жоқ

жоқ

Мүмкін

Тиеу шарты(жүк пен таспаның жылдамдық мәні және бағыты)

Сәйкес келеді

жақын

Өте әртүрлі

Тиеу биіктігі, мм

200-300

800 дейін

800 жоғары

Материал кесектерінің өлшемдері, мм

0-80

0-150

0-400

Материалдың температурасы, °С

+5-тен+25д-н

+60 дейін

+100-ден - 20

Материалдың абразивтік қасиеті

Абразивтік емес

Абразивтік

Жоғары абразивтік

Қызмет көрсету шарты

Жақсы

Жақсы

Күрделі

800. Таспа, құлайтын кесектердің соққысында болатын тиейтін жерлерде роликтері резіңкеленген амортизациялы роликтік тірегіштер орнатылады. Роликтік тірегіштер арасындағы ара қашықтық 250-300 мм артық болмайды.

801. Роликтерді қозғалыс үстінде тазалауға және жөндеуге рұқсат етілмейді.

802. Конвейерді жөндеу үшін тоқтату материал берілу тоқтатылып, таспадан жүктеме алынған соң жүргізіледі.

803. Конвейерді апаттық және қысқа мерзімдік тоқтатуларды таспада материал болған кезде жүргізуге рұқсат беріледі.

804. Конвейерде таспаның түсіп кетуін көрсететін дабылдағыштар, ал тиеу құрылғыларында – ағызымдағы материалдың деңгейін көрсететін дабылдағыштар орнатылады.

805. Конвейердің түскен таспасын жөндеу үшін сүйменшелер, металдық немесе ағаш тіректер орнатып, сондай-ақ тарту барабанын қисайтуға рұқсат етілмейді.

806. Орталықтандыратын роликтік тіректерін, сол сияқты жетектік және тарту барабандағыларды, 8-10 тұрақты роликтерінен кейін орнатады.

807. Конвейер онымен байланысқа жабдықпен автоматты түрде блокталған болады.

808. Көлбеу таспалы конвейерлер автоматты тежегіш құрылғылармен жабдықталады.

809. Ауыр жүктемелі көлбеу үлкен ұзындықтағы конвейерлерде тежегіш құрылғы редуктордың жылдам жүрісті білігіне орнатылады.

810. Ұзын емес және аз жүктемелі көлбеу конвейерлерді таспалы тоқтатқыштармен жабдықтауға рұқсат етіледі.

811. Ролик ортасының конвейердің ұзын осінен ығысуы 5 мм - ден артық болмайды.

812. Таспаның жылдамдығы 3,15 м/с-ке дейін болған кездегі роликтердің тербелуі роликтің 0,015 сыртқы диаметрінен артық болмайды. Жылдамдық 3,15 м/с үлкен болған кезде тербелу мәні техникалық регламентпен регламенттеледі.

813. Түсіру арбашалардың рельстік жолдарының түзу сызықтықтан ауытқуы 1 м рельстік жолға 2 мм-ден және конвейердің толық ұзындығына 15 мм-ден артық болмайды.

814. Түсіру және тарту арбашалары рельстік жолдарының ауытқуы жол ені бойынша 2 мм-ден артық болмайды.

815. Рельстердің жұмыстық беттерінің түйіскен жерлеріндегі кертпештер 0,3 мм-ден және саңылаулары 3 мм-ден артық болмайды.

816. Керу станциясы жолының симметриялық осі конвейердің негізгі осімен сәйкес келеді.

817. Жетектік барабанның ені таспа енінен үлкен болады:

1) 100 мм-ге – ені 650 мм-ге дейінгі таспа үшін;

2) 150 мм-ге – ені 800-1000 мм-ге дейінгі таспа үшін;

3) 200 мм-ге – ені 1200-2000 мм-ге дейінгі таспа үшін.

818. Ұзындығы 50 м артық тұрақты конвейерлердің, ұзындығы 30 м артық жылжымалы реверсивтіктердің жетектік барабандарын (резіңке, ағаш немесе материалмен, шегеннің барабанға сенімді бекітілуін қамтамасыз ететін әдіспен) шегенделеді.

819. Жетектік барабанның диаметрі кестеде көрсетілгеннен кіші болмайды.



Маталардың әртүрлі түрлерінен жасалғантаспалар үшін барабанның ең кіші диаметрі (мм)


Аралық қабаттың саны

Б-820,

БКНЛ-65


ЛХ-120

ТА-100,

ТА-150,


ТВ-80

К-10-2-3Т,

А-10-2-3Т



ТК-300,

ТА-300,


ТК-400

1

2

3

4

5

6

3

375

450

540

570



1

2

3

4

5

6

4

500

600

720

760

800

5

625

750

900

950

1000

6

750

900

1080

1140

1200

7

875

1050

1260

1330

1400

8

1000

1200

1440

1520

1600

9

1125

1350

1620

1710

1800

10

1250

1500

1800

1900

2000

820. Қисаятын барабанның диаметрі 0,6 болады, ал керу барабанының диаметрі жетектің диаметрінің 0,8-не тең болады.

821. Таспаның ең үлкен иілуінің стреласының жұмыстық тармақтағы роликтер осі арасындағы ара қашықтыққа қатынасы керу құрылғысының кез келген конструкциясында 0,025-тен кіші болады.

822. Барабандар тұтас немесе ұяшықтары 25 мм-ден үлкен емес торлық қоршаумен қоршалады.

823. Жылжымалы конвейерлердің дөңгелектік парларының адымы 3 м артық болмайды.

824. Конвейердің жылжу механизмі тежегіш құрылғымен қамтамасыз етілген болады.

825. Механикалық тежеусіз еркін жүріс ұзындығы бос конвейер үшін 0,6 м-ден артық емес және жүгі бар конвейерлер үшін 0,45 м болады.

826. Конвейер таспасы жылдамдығын өзгерту технологиялық регламентке сәйкес жүргізіледі.

827. Таспа қозғалысының жылдамдығы кестеде көрсетілген мәндерден артпайды.

Таспа қозғалысының максималдық рұқсаттама берілетін жылдамдығы (м/с)


Тасымалданатын материал

Таспаның ені, мм

400

дейін


500

650

800

1000

1200

1400


1600

1800


2000

1

2

3

4

5

6

7

8

9

Абразивтік және шаңданбайтын (ылғалды концентрат)

2,0

3,0

3,5

4,0

4,0

4,5





Аз абразивті (көмір, ұсақ қиыршық тас, кендік концентрат және с.с.)

1,5

1,75

2,0

2,25

3,0

3,5

3,5

4,0

Абразивтік (ұсақ тас, ұсақ кен, қож және с.с.)

1,25

2,0

2,0

2,5

2,5

2,5

3,0

3,0

Өте абразивті және ірі (кокс, сұрыпталатын агломерат және с.с.)

1,25

1,5

1,6

1,75

2,0

2,0

2,0

2,5

Ірі кесекті (кен, тас және с.с.)





1,75

2,0

2,0

2,5

2,5

3,0

Ескертпе. Жетілдірілген тиеу, түсіру және жалғау тораптары бар жаңадан жобаланатын конвейерлер үшін тасымалдау жылдамдығын үлкен мәндерде алуға болады.

828. Түсіретін құрылғысы бар конвейерлер таспасының жылдамдығы келесілерден артпайды:

1) түсіру арбашасы барлардікі - 2 м/с;

2) соқа тәрізді лақтырғышы бар үшін - 1,6 м/с.

829. Конвейерді монтаждау және жөндеу кезінде келесілерге тыйым салынады:

1) осы шарттар үшін тағайындалмаған конвейерлік таспаларды орнатуға;

2) олардың қаркастылығын қамтамасыз ету қажеттілігімен талап етілген жағдайлардан басқа кездерде беріктік қоры үлкен конвейерлік таспаларды қолдануға;

830. Таспаны сақтау ҚНжЕ 20-85. Резіңкелі маталы конвейерлік таспалар. Техникалық шарттарға сәйкес жүргізіледі.

831. Қызмет көрсетушілер таспалы конвейерлердің технологиялық регламентке сәйкес болуы мүмкін ақауларын, олардың туу себептерін біледі және оларды жөндеу әдістерін біледі.

Қолданылған қысқартулар
БӨАжА – бақылау - өлшеу аспаптары;

ШРҚ – шекті – рұқсат қосылымы;

ТТС – тез тұтанатын сұйықтық;

ҚНжЕ – құрылыс нормалары және ережелері;

ЭМЖ – электромагнитті жиек;

КҰУ – конусты ұсақтау уатқышы;

ҮҰУ – үлкен ұсақтау уатқышы;

ОҰУ – орташа ұсақтау уатқышы;



КҰУ – кіші ұсақтау уатқышы.

_______________________

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет