Бекітемін
ҰТО директоры
___________ Әбдиев Қ.С.
«___»__________2015 ж.
«5В060600» – «Химия» мамандығы үшін
«Органикалық химия» пәні бойынша
Тест спецификациясы
1. Құрастырылу мақсаты:
Тест Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарынының бітіруші курс студенттерінің оқу жетістіктерін сырттай бағалау жүргізуге, оқыту бағыттары бойынша оқу бағдарламаларын игеруін бақылау мақсатында құрастырылған.
2. Міндеті:
ҚР ЖОО бітіруші курс студенттерінің білім деңгейін анықтау.
3. Тест мазмұны мен жоспары:
Тест «Органикалық химия» пәнінің типтік оқу жоспарына сәйкес оқу материалының келесi тақырыптарынан тұрады:
№
|
Мазмұны
|
Тапсырма саны
|
1
|
Органикалық химия пәніне кіріспе. Органикалық химия пәні. Органикалық қосылыстар химиясының даму тарихы.
|
1
|
2
|
Органикалық молекулалардың құрылыс теориясындағы электрондық көзқарастар. Химиялық байланыстың электрондық теориясы. Валенттіліктердің бағытталу теориясы. Электрондардың ығысу теориясы. Изомерия. Органикалық реакциялардың классификациясы. Органикалық заттардың классификациясы. Органикалық қосылыстардың алифатты қатары.
|
2
|
3
|
Көмірсутектердің ациклді қатары. Алкандар. Номенклатурасы, құрылысы, алыну жолдары, қасиеттері, қолданылуы. Радикалды орынбасу реакциясы, механизмі
|
2
|
4
|
Алкендер.Номенклатурасы, құрылысы, алыну жолдары, қасиеттері, қолданылуы. Электрофильді қосылу реакциясы. Полимерлену, полимерлер туралы түсінік.
|
2
|
5
|
Алкиндер.Номенклатурасы, құрылысы, алыну жолдары, қасиеттері, қолданылуы. Алкиндердің қышқылдық қасиеттері. Электрофильді орынбасу реакциясы. Алкадиендер. Номенклатурасы, құрылысы, алыну жолдары, қасиеттері, қолданылуы. Каучуктер.
|
2
|
6
|
Көмірсутектердің галоген туындылары. Галогеналкандар. Номенклатурасы, құрылысы, алыну жолдары, қасиеттері, қолданылуы. Нуклеофильді орынбасу реакциялары.
|
2
|
7
|
Нитроқосылыстар және алифатты қатардың аминдері. Номенклатурасы, құрылысы, алыну жолдары, қасиеттері, қолданылуы.
|
2
|
8
|
Алканолдар (көмірсутектердің окситуындылары). Бір атомды, екі атомды, үш және көп атомды спирттер. Жай эфирлер. Тиоспирттер. Номенклатурасы, құрылысы, алыну жолдары, қолданылуы.
|
3
|
9
|
Альдегидтер және кетондар (көмірсутектердің оксотуындылары). Номенклатурасы, құрылысы, алыну жолдары, қасиеттері, қолданылуы. Нуклеофильді қосылу реакциялары.
|
3
|
10
|
Монокарбон қышқылдары. Номенклатурасы, құрылысы, алыну жолдары, қасиеттері, қолданылуы. Карбон қышқылдарының туындылары.Карбон қышқылдарының хлорангидридтері, ангидридтері, амидтері, күрделі эфирлер. Майлар. Номенклатурасы, құрылысы, алыну жолдары, қасиеттері, қолданылуы.
|
3
|
11
|
Амин қышқылдары. Белоктар. Номенклатурасы, құрылысы, алыну жолдары, қасиеттері, қолданылуы. Таутомерия. Оптикалық изомерия
|
3
|
Бір нұсқадағы тапсырмалар саны:
|
25
|
4. Тапсырма мазмұнының сипаттамасы:
“Органикалық химия» пәні бойынша тест тапсырмаларының құрылымы мен мазмұны курстың ғылыми және теориялық базаларын толығымен қамтиды студенттердің білімді меңгеруін бағалауға мүмкіндік береді.
5.Тапсырманың орташа орындалу уақыты:
Бір тапсырманың орындалу уақыты – 1,5 минут.
6. Тестiнiң бiр нұсқасындағы тапсырмалар саны:
Тестiнiң бiр нұсқасында – 25 тапсырма.
Күрделілік деңгейі бойынша тесттік тапсырмалар жеңіл (1-ші деңгей) - 8 тапсырма (32%), орташа (2-ші деңгей) - 11 тапсырма (44%), қиын (3-ші деңгей) - 6 тапсырма (24%) деп бөлінеді.
7.Тапсырманың формасы:
Тест тапсырмалары берілген жауаптар нұсқасының ішінен бірнеше дұрыс жауапты таңдауды қажет ететін жабық формада ұсынылған.
Нұсқау: Таңдалған жауап Жауап парағындағы тиісті дөңгелекшені толық бояу арқылы белгіленеді.
8. Тапсырманың апробациясы:
Тест Қазақстан Республикасының әр аймағындағы жоғары оқу орындарының бітіруші курс студенттеріне апробацияланады.
Достарыңызбен бөлісу: |