Жоба ШЕШІМІ 2014 жыл 25 сәуір №___/
Қалалық мәслихаттың 2013 жылғы
12 желтоқсандағы № 16/152
«2014-2016 жылдарға арналған
қалалық бюджет туралы» шешіміне
өзгерістер мен толықтырулар енгізу
туралы
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына және облыстық мәслихаттың 2014 жылғы 16 сәуірдегі №16/246 «Облыстық мәслихаттың 2013 жылғы 10 желтоқсандағы №13/188 «2014-2016 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2014 жылғы 7 наурыздағы №2366 болып тіркелген) сәйкес, қалалық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
-
Қалалық мәслихаттың 2013 жылғы 12 желтоқсандағы №16/152 «2014-2016 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2327 болып тіркелген, 2013 жылғы 31 желтоқсандағы №208-209 «Маңғыстау» газетінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
2014-2016 жылдарға арналған қалалық бюджет 1 қосымшаға сәйкес, соның ішінде 2014 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:
-
кірістер – 17 849 262,4 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер бойынша – 13 298 772,4 мың теңге;
салықтық емес түсімдер бойынша – 196 813 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 627 562 мың теңге;
трансферттер түсімі бойынша – 3 726 115 мың теңге;
-
шығындар – 18 394 115,1 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу – 4 290 500 мың теңге, соның ішінде:
бюджеттік кредиттер – 4 290 500 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу – 0 мың теңге;
4) қаржы активтерiмен операциялар бойынша сальдо – 67 000 мың теңге, соның ішінде:
қаржы активтерiн сатып алу – 67 000 мың теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – 4 902 352,7 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 4 902 352,7 мың теңге, соның ішінде:
қарыздар түсімі – 3 537 500 мың теңге;
қарыздарды өтеу – 0 мың теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 1 364 852,7 мың теңге.
Көрсетілген шешімнің 1 қосымшасы осы шешімнің 1 қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
-
2 тармақтағы:
2 абзацтағы «20,8» саны «22,5» санымен ауыстырылсын;
3 абзацтағы «20,8» саны «22,5» санымен ауыстырылсын;
3. 4 тармақтағы:
5 абзацтағы «5715» саны «5917» санымен ауыстырылсын;
7 абзацтағы «5209» саны «5413» санымен ауыстырылсын;
8 абзацтағы «18996» саны «10607» санымен ауыстырылсын;
11 абзацтағы «2746» саны «1138» санымен ауыстырылсын;
келесі мазмұндағы 12,13,14 абзацпен толықтырылсын:
«31524 мың теңге – мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек төлеуге;
591 мың теңге – 18 жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақы төлеуге;
268 515 мың теңге – мемлекеттік мекемелердің мемлекеттік қызметшілер болып табылмайтын жұмыскерлерінің, сондай-ақ жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік кәсіпорындардың жұмыскерлерінің лауазымдық айлықақысына ерекше еңбек жағдайлары үшін ай сайынғы үстемақы төлеуге».
4. 5 тармақтағы «2 194 161» саны «2 694 161» санымен ауыстырылсын;
5. Қалалық мәслихаттың аппараты басшысы (Д.Телегенова) осы шешім Маңғыстау облыстық әділет департаментінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінің интернет-ресурсында жариялануын қамтамасыз етсін.
6. Осы шешімнің орындалуын бақылау қалалық мәслихаттың экономика және бюджет мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына (С.Кутепов) жүктелсін.
7. Осы шешім 2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы,
қалалық мәслихат секретарының м.а. Ы. Көшербай
«КЕЛІСІЛДІ»
«Ақтау қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы
______________А. Ким
2014 жыл «26» сәуір
Достарыңызбен бөлісу: |