Курстық ЖҰмыс мамандығы бойынша


Курстық жұмысты/жобаны дайындау КЕСТЕСІ



бет2/9
Дата17.05.2023
өлшемі89.56 Kb.
#473854
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Жоба22

Курстық жұмысты/жобаны дайындау КЕСТЕСІ



Бөлімдерінің атауы, әзірленетін мәселелер тізімі

Ғылыми жетекшіге және кеңесшілерге ұсыну мерзімдері

Қолы

  1. Кіріспе







  1. Теориялық бөлім







  1. Практикалық бөлім







  1. Қорытынды







КЖ жетекшісі ______ Абылхасанов Т. Ж.
(қолы) (аты-жөні, тегі)

Тапсырманы орындауға қабылдаған ______ ______________


Білім алушы (қолы) ( аты-жөні, тегі)
Күні 2023 жылы ____ _______
Мазмұны






Кіріспе

5

1
2

Жеміс ағаштарын зақымдайтын зиянкестер
Тау пісте жемісінің зиянкестері мен аурулары және олармен күресу шаралары

7
9

3

Орманның аса қауіпті зиянкестері мен ауруларын бақылау
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

14
18
19









































































Кіріспе

Зиянкестер – мәдени және жабайы өсімдіктерді зақымдайтын не мүлде құртып жіберетін омыртқасыз жануарлар. Түр құрамы, сондай-ақ жануарлар дүниесінің жүйесінде алатын орны жағынан ауылшаруашылығы дақылдарының зиянкестері өте көп алуан түрлі. Оларға омыртқасыз жануарлардан нематодтар, өсімдік қоректі кенелер, бунақденелілер, бауыраяқты моллюскалардың өкілдері – жалаңаш шырыштар және ұлулар, ал омыртқалы жануарлардан зиянды кеміргіштер жатады. Өсімдік аурулары –


ауылшаруашылық, мәдени өсімдіктерге зиян келтіретін вирустық, бактерялық, саңырауқұлақтық аурулар тобы. Өсімдіктерде кездесетін патологиялық өзгерістердің бірнеше себептері бар, негізінен оны екі үлкен топқа бөлуге болады. Біріншіден, өсімдіктердің қалыпты өсіп-дамуына қоршаған ортаның қолайсыздығынан болатын ауытқулар немесе инфекциясыз, яғни жұқпайтын аурулар. Бұған абиотикалық әсерлер, немесе температураның қолайсыздығы, ылғал мөлшері мен қоректік заттардың жетіспеуі, немесе шамадан тыс артық болуы, қоршаған орта мен топырақтың өндіріс қалдықтары мен радиоактивті заттар, ауыр металлдармен ластануы және т.б. жатады. Өсімдік ауруларының екінші себебі – бұл фитопатогенді микроағзалардың әсерінен туындайтын патологиялық өзгерістер немесе жұқпалы аурулар.
Зиянкестер өсімдік пен қоса жануарларға , адамдарға тағы да басқа тірі ағзаларға кесірін тигізіп, тіршілігіне қауіп төндіреді. Олардың түрлері сан алуандаған. Соның ішінде менің қарастыратыным ағаштарды зақымдайтын зиянкестер туралы болмақ. Ағаштардың бізге, табиғатқа тигізер пайдасы мол. Әсіресе адамзатқа жеміс беретін пайдалы ағаштар зардап шегеді. Сол үшін оның алдын алу күресу міндетіміз. Жеміс ағаштарымен қоса, орманға да қауіп төнетіні білеміз.
Орман екпелерінің тұрақтылығы олардың фитосанитариялық жай-күйіне байланысты болады. Аса қарқынды қоқыстанып кету салдарынан орман ағаштарында аурулар туындап, фитозиянкестер қарқынды дамиды, оның салдарынан орман өнімділігі төмендейді және олардың эстетикалық түріне нұқсан келеді. Ормандар су ағынының басты реттеушісі және тазалаушысы болып табылады, эрозияға жол бермеудің тиімді табиғи құралы, топырақтың құнарлылығын сақтау және арттыру, организмдердің генетикалық әртүрлілігінің ең көлемді резервуары, жаһандық оттегі мен көмірқышқыл алмасуының маңызды қатысушысы, әуе бассейнін ластанудан тазалайтын күшті құралы болып табылады. Орман фитоценоздарының зақымдану дәрежесі мен жай-күйін анықтайтын әмбебап көрсеткіш туралы сұрақ әлі шешімін таппаған. Осы міндеттерді шешу үшін сүрекдіңдердің жай-күйін анық тайтын сипаттамалары болып сүрекдіңнің жыл ерекшеліктері, сипаты және құлау жиілігі, сүрекдіңдердің қоры, ағаш шымылдығының түзілу ерекшелігі, өзгерген түр құрамы және жаңарудың орналасуы табылады [1]. Сондай-ақ, жалпы қолданылатын критерийлер болып мыналар саналады: биіктігі, диаметрі, радиалды өсуі, қылқан жапырақтының жасы, басты және бүйірден сызықтық өсуі. Ағаш өсімдіктердің зақымдану дәрежесін анықтау бонитеттің өзгеруі немесе желектердің түрлік құрамын және құрылымын өзгерту, қураған ағаштарды есепке алу және дің диаметрі бойынша ұсынылады. Басқа жоғарыда аталған өлшемдер ағаш түбіртектерінің бұзылуын және қисаюын бағалауда ескеріледі [2]. Екпелердің жай-күйінің динамикасының болжамы тұрақты сынақ алаңдарындағы биологиялық тұрақтылығы бұзылған екпелердің ұзақ мерзімді бақылауларының деректеріне сүйенеді. Осы деректер бойынша ағаштың жағдайының әрбір санаты үшін, кеуіп кету ықтималдығы анықталады. Орнықты екпелердегі ағаштар үшін бұл ықтималдық төмен онда зиянкестер мен аурулар ошақтарында, күйген жерлерде, техно-гендік бұзылған ормандарында және тағы басқаларда ол үдей түседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет