Пәнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені



бет2/7
Дата01.09.2022
өлшемі65.01 Kb.
#460118
1   2   3   4   5   6   7
Силлабус қаз. 2022-2023

Қорытынды бақылау – ______



Пән бойынша апталық-тақырыптық сабақ жоспарын
жоспарлау және құрастыру бойынша түсініктемелер


Аудиториялық сабақтар
1. Дәріс (п.2.1):

  • жалпы білім беретін пәндер (ЖБП) циклі бойынша дәстүрлі дәрістер жоспарланады;

  • бейіндеуші пәндер (БНП) және кейбір базалық пәндер (БП) циклдері бойынша БАОӨЖ сағаттарының есебінен Проблемалық дәрістер (3-5 сағат көлемінде) жоспарланады;

  • Проблемалық дәрістерді өндірістің тәжірибелі мамандары, басқа университеттердің жетекші ғалымдары, с.і. шетелдік ғалымдар оқиды;

  • жекелеген (ерекше) жағдайларда базалық пәндер циклі бойынша дәстүрлі дәрістер жоспарлануы мүмкін.



2. Практикаға бағытталған сабақтар (п.2.2):

  • білім беру бағдарламасы (БББ) пәндерінің жалпы көлеміндегі практикаға бағытталған пәндердің үлесі бейіндік және базалық пәндер циклінің кемінде 30 %-ды құрайды;

  • жоғары мектеп жетекшісі практикаға бағытталған сабақтарды өткізу үшін база құрады; институт директорымен және қамқоршылық кеңеспен бірлесіп сабақтарды ұйымдастыруға жәрдемдеседі;

  • оқытушы өндірісте сабақ өткізу кестесін жасайды; сабақ өткізуге стейкхолдерлерді тартады; өндірісте өткізілетін сабақтарды ұйымдастырады және білім алушыларға ілесіп жүреді; техникалық қауіпсіздікті сақтау жөніндегі шаралармен таныстырады; білім алушылардың білімін бағалауға өндірісшілерді тартады;

  • практикаға бағытталған сабақтар өндіріс базалары мен зертханаларда, с.і. университет зертханаларында (ҒЗИ, ОӨО, Ветеринарлық клиника, жиһаз цехы, пластикалық терезелер мен есіктер жасау цехы, металл өңдеу сыныбы, компьютерлерді жөндеу және құрастыру сыныбы, бизнес-мектеп және т. б.) өткізіледі;

  • оқу кестесінде пәннің ерекшелігіне және сабақты өткізу үшін өндірістің мүмкіндігіне байланысты практикаға бағытталған сабақтарды өткізу уақыты (кезеңі) көрсетіледі;

  • практикаға бағытталған сабақтарды келесідей жоспарлау ұсынылады: семестр бойы апта сайын – аптасына 1 күн; бір апта ішінде – семестрде 3 аптаға дейін;

  • сабақтарға шығу (өткізу) кезінде зерделенетін процестердің (проблемалардың) жалпы (ортақ) сипаты бар практикаға бағытталған сабақтарды пәнаралық тәсілді қолданып өткізуге рұсат етіледі;

  • білім алушылар өндіріске (уағдаластық бойынша): топпен немесе жеке-жеке жіберіледі (жолданады).





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет