Сборник научных статей международной научно-практической конференции Байтанаевские чтения 9 :«Образование, наука и воспитание в процессе глобализации»



Pdf көрінісі
бет4/7
Дата19.11.2023
өлшемі0.9 Mb.
#483670
1   2   3   4   5   6   7
Байтанаев-9 окулары макала

Сарсенбиева Н.Ф. э.ғ.к., доцент 
Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті 
Альтаев Е.Б. магистрант
Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті,
№89 ІТ мектеп-лицейінің информатика пәні мұғалімі 
Сарсенбаева А.С. 
Назарбаев зияткерлік мектебінің мұғалімі 
Резюме 
Цифровизация подразумевает полную автоматизацию процессов и этапов 
производства, начиная с проектирования продукта и заканчивая его поставкой к конечному 
потребителю, а также последующим обслуживанием продукта. 
 
Summary 
Digitalization involves the complete automation of processes and production stages, starting 
with the design of the product and ending with its delivery to the end user, as well as subsequent 
maintenance of the product. 
Қазіргі заманғы технологиялар біздің өмірімізге сенімді қарқынмен 
енгізілуде, "цифрландыру" ұғымын ғылыми конференцияларда ғана емес, 
күнделікті өмірде де жиі естуге болады. Кейбір адамдар цифрландыру 
процесінің пайдасы мен зияны туралы әлі де дауласып жатқанда, көптеген 
мемлекеттерде заманауи технологияларды енгізу үрдісі әдеттегідей болып 
келеді. Ғылымның қарқынды дамуы кезінде көптеген корпорацияларға өз 
өндірістерінің барлық деңгейлерінде жаңа технологиялармен жұмыс істеуге 
дайын қызметкерлер қажет және арнайы дағдылары жоқ қызметкерлерге 
қажеттілік жоқ [1]. 


217 
Білім беруді цифрландыру реформасы білім беру мекемелерін сапалы 
бағдарламалық қамтамасыз етумен, мысалы, білім беру ресурстарына, заманауи 
ғылыми зерттеулер мен әзірлемелердің нәтижелеріне, әлемнің әртүрлі 
тілдеріндегі электрондық ғылыми кітапханаларға қол жеткізуге мүмкіндік 
беретін ақпараттық жүйелермен жабдықтаудан тұрады. Алайда, бұл үшін 
алдымен білім беру мекемелерін заманауи техникамен, атап айтқанда, 
интернетке қосылу мүмкіндігі бар компьютерлермен қамтамасыз ету қажет. 
Цифрлық 
білім 
берудің 
артықшылықтары 
әлемде 
зерттеліп, 
танылғандықтан, соңғы уақытта Қазақстан әріптестерінің тәжірибесін қабылдай 
отырып, оқытуда заманауи технологияларды пайдалануды көздейтін кейбір 
жобаларды іске асыруда. Қазақстанда 2014 жылы электрондық оқу контенті бар 
бірыңғай платформа BILIMLand.kz құрылған. Бұл жүйені тек мектептер мен 
колледждердің оқушылары ғана емес, мектеп жасына дейінгі балалар да 
пайдалана алады. Білім алушылардың ресурстары үш тілде (қазақ, орыс және 
ағылшын) қолжетімді [2]. Ресурстар онлайн және офлайн режимінде де қол 
жетімді. Интернетке қол жетімділігі жоқ немесе байланыс жылдамдығы 
жеткіліксіз мектептерде барлық материалдар мектеп серверіне жазылады. 
Қазіргі уақытта мектепте қашықтан білім беру процесінде отандық 8 
онлайн платформа BilimLand, Daryn.Online, Kundelik.kz, iMektep т.с.с. 
қолданыста. Олардан бөлек, шетелдік WhatsApp, Telegram мессенджерлері, 
Zoom видеоконференциясы, Microsoft Teams, Google Classroom платформалары 
қосымша қолданыста.
BilimLand 
OnlineMektep-BilimLand төмендегідей негізгі 12 бөлімнен тұрады: 
1. 
OnlineMektep 
2. 
Мұғалімдерге 
3. 
Мектепті басқару 
4. 
Мемлекеттік қызметтер 
5. 
Көмек 
6. 
Жаңалықтар 
7. 
BilimCenter 
8. 
BilimLand 
9. 
Компьютерлер 
10. iTest 
11. Twig-Bilim 
12. iMektep 
1. 
OnlineMektep бөлімі мынадай бөлімшелерден тұрады: 
Кесте, Үй тапсырмасы, Оқушымен байланыс, Менің сабақтарым, 
БЖБ/ТЖБ, Журнал, Бейненұсқаулықтар. 

Кесте бөлімшесінде мұғалімнің сабақ кестесі шығады және мұғалім бұл 
бөлімде сабақ кестесін редакциялайды және үй тапсырмасын өзі жасап 
оқушыларға жібере алады. 


218 

Үй 
тапсырмасы 
бөлімшесінен 
оқушылардың 
орындаған 
тапсырмаларын тексеруді және 1 мен 10 балдық бағалау шкаласы 
арқылы бағалай аласыз. Тексерілген үй тапсырмалары жасылмен 
боялады. Тексерілмеген үй тапсырмалары тізімнің басында қызыл 
түспен боялып тұрады.

Оқушымен байланыс бөлімшесі арқылы сыныпты таңдап содан соң 
оқушыны таңдап хабарлама жазуға болады. 

Менің сабақтарым бөлімшесі арқылы «Сабақты құрастыру» 
батырмасын басып мұғалім өзінің сабағын құра алады. 

БЖБ/ТЖБ бөлімшесі арқылы мұғалім БЖБ/ТЖБ жинақтарынан керекті 
сыныпты таңдау арқылы БЖБ немесе ТЖБ жұмыстарын алу мүмкіндігі 
бар және мұғалім өзі құрастырған БЖБ немесе ТЖБ жұмыстарын енгізе 
алады. 

Журнал бөлімшесі арқылы керекті сыныпты таңдау арқылы сынып 
оқушыларының тоқсанда алған балдарын көре аламыз және бұл 
бөлімшеде оқушылардың орта балдары да автоматты түрде есептеліп 
тұрады. Оқушыны жеке іздеу мүмкіндігі және Excel-де үлгерім кестесін 
жүктеп алу мүмкіндіктері бар. 

Бейненұсқаулықтар бөлімшесі арқылы OnlineMektep-ті пайдалану 
нұсқаулықтарын 
ютуб 
каналындағы 
видео 
түсірілімді 
көру 
мүмкіндіктері қарастырылған. 
2. 
Мұғалімдерге бөлімі мынадай бөлімшелерден тұрады: 
Мұғалімдердің рейтингі, Байқаулар, Сабақтар жинағы, БЖБ/ТЖБ жинағы, 
Әдістемелік кабинеттен тұрады. 

Мұғалімдердің рейтингі бөлімшесі арқылы республика бойынша 
мұғалімдердің рейтінгісін және өзіңіздің мектебіңіздің рейтингісін көруге 
мүмкіндік береді. 

Байқаулар бөлімшесі арқылы 
«OnlineMektep-тегі ең белсенді 
мұғалім», «Online Mektep-тегі үздік БЖБ», «Жаңашыл мұғалім – 2020», 
«Үздік Online Mektep 2020», «Online Mektep-тегі үздік БЖБ» байқауларға 
қатысып жүлделі сыйлықтар ұтып алуға мүмкіндіктер бар. 

Сабақтар жинағы бөлімшесі арқылы тоқсанды және пәнді таңдап 
республика мұғалімдерінің салған сабақтарын өзімізге жүктеп алуымызға 
мүмкіндік береді.

БЖБ/ТЖБ жинағы бөлімшесі арқылы тоқсанды және пәнді таңдап 
республика мұғалімдерінің салған БЖБ/ТЖБ жұмыстарын өзімізге жүктеп 
алуымызға мүмкіндік береді.

Әдістемелік кабинет бөлімі арқылы білім саласындағы заңдарға 
енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды және әдістемелік нұсқау 
хаттарды алуымызға болады. 
3. 
Мектепті басқару бөлімі «Статистика», «Оқушылар», 
«Кесте», «КТЖ» бөлімшелерінен тұрады. 


219 

«Статистика» бөлімшесі арқылы оқушылардың тәулік бойынша, апта 
бойынша және бүкіл кезең бойынша оқушылардың үй тапсырмаларын 
орындаған немесе орындамағандығын тексеру мүмкіндігін береді. 

«Оқушылар» бөлімшесі арқылы оқушыларды сыныпқа қосуға/шығаруға, 
оқушыларды топтарға бөлуге, оқушының деректерін өзгертуге және 
құпия сөзін өзгертуге мүмкіндік береді. 

«Кесте» бөлімшесі арқылы сыныптың сабақ кестесін 1-ші аптасын құрып 
содан соң «Кестені көшіру» батырмасын басып тоқсанның барлық 
аптасына көшіріп қою мүмкіндігі бар. Құрылған кестені «Excel-де 
жүктеу» командасы арқылы жүктеп алуға да болады. 

«КТЖ» бөлімшесі арқылы сыныптың КТЖ-сын «Кестеге жариялау» 
батырмасы арқылы кестеге орналастыруға болады, «КТЖ-ны қайтару» 
батырмасы арқылы енгізілген КТЖ-ны толығымен жойып қайта құруға 
мүмкіндік береді, «КТЖ-ны көшіру» батырмасы арқылы КТЖ-ны көшіріп 
алып басқа параллель сыныпқа қоюға және «Excel-де жүктеу» 
мүмкіндігін береді. 
4. «Мемлекеттік қызметтер» бөлімі арқылы «Конкурстық комиссия 
нәтижелерін», «Мемлекеттік қызметтер», «Білім беру ұйымдарының 
каталогы», «Жеңілдікпен тамақтану», «Лагерьге жолдама» т.с.с. 
қызметтерге өтініш бере аласыз. 
5. «Көмек» бөлімі арқылы мұғалімдерге және оқушыларға OnlineMektep-ті 
түсіндіруге арналған видеолар орналастырылған. 
6. «Жаңалықтар» бөлімінен OnlineMektep-тегі жаңалықтарды біліп отыруға 
болады. 
7. «BilimCenter» бөлімі BILIMCENTER.kz цифрлық білім беру порталы 
маңызды құзыреттер мен технологияларды қысқа уақытта игеру 
мүмкіндігін туралы толық ақпараттар берілген олар төмендегідей: 
Қосымша білім беру
Интеллектуалды, рухани және физикалық тұрғыдан жетілуде:

білімді одан әрі жетілдіру, 

жаңа білім мен дағдыларды игеру,

шығармашылық қабілетті дамыту,

жеке қажеттіліктеріңді қанағаттандыру мақсатында тез 
және сапалы қызмет ұсынатын бағдарламалар. 
Оқу жетістіктерін бағалау және мониторингілеу 

қазіргі дайындық деңгейін анықтау,

оқудың әртүрлі кезеңдеріндегі деңгейін анықтау,

дайындық деңгейінің өзгеріс динамикасын қадағалау 
мақсатында тез және сапалы қызмет ұсынатын бағдарламалар 
[3]. 
Халықаралық салыстырмалы зерттеулерге дайындық 


220 

PISA (Programme for International Student Assessment) 
Функционалды сауаттылық деңгейін анықтау

TIMSS (Trends in Mathematics and Science Study) 
Математика және жаратылыстану-ғылыми пәндері бойынша 
мектеп білімінің сапасын анықтау 

PIRLS (Progress in International Reading Literacy Study) 
Оқу және мәтінді түсіну деңгейін анықтау 
Халықаралық стандартталған емтихандарға дайындық 

ACT (American College Testing) 

SAT (Scholastic Aptitude Test) 

GRE (Graduate Record Examination) 

GMAT (General Management Admission Test) 
Шет тілін меңгеру деңгейін анықтайтын халықаралық емтихандарға 
дайындық

IELTS, APTIS, TOEFL 

TestDaF, BULATS 

TCF, DELF-DALF 
Мектептердің қабылдау емтиханына дайындық 

НЗМ, BIL 
8. 
BilimLand 
бөлімінде 
«Пәндер», 
«Мұғалімге», 
«Жаңалықтар» бөлімшелері бар. 

«Пәндер» бөлімшесі арқылы пәнді, тарауды және 
тақырыпты таңдап сабақ кестесіне енгізуге мүмкіндік береді. 

«Мұғалімге» бөлімшесінен сабақтар және сынып 
сағаттарын, вебинарлар, сабақ жоспарларын жүктеп алу 
мүмкіндігі бар. 

«Жаңалықтар» 
бөлімінен 
OnlineMektep-тегі 
жаңалықтарды біліп отыруға болады. 
9. 
«Компьютерлер» 
бөлімінде 
«BilimBook» 
оқу 
құрылғыларының прайстары көрсетілген. «BilimBook» планшет, 
ноутбук, компьютер т.с.с. техникалық мінездемесі мен бағалары 
көрсетілген. Яғни бұл бөлімнен компьютер, ноутбук, планшеттерді 
сатып алушыларға толық ақпараттар берілген. 
10. iTest бөлімі ҰБТ, қорытынды аттестаттау, ОЖСБ 
бөлімшелерінен тұрады. Бұл бөлімшелерде тараулар бойынша 
конспектілер, бақылау сұрақтары және тест тапсырмалары 
берілген. Бұл тапсырмаларды орындау үшін 7, 30, 90, 180, 365 
күнге ақылы тіркеліп ҰБТ, қорытынды аттестаттау, ОЖСБ-ға 
дайындық жасауға болады. 
11. Twig-Bilim бөлімінде биология, химия, география, 
физика және математика пәндерінен видео сабақтарды алу үшін 
ақылы түрде тіркелуіңіз қажет. 


221 
12. iMektep бөлімінің бейне сабақтарын алу үшін ақылы 
түрде тіркелуіңіз қажет. 
OnlineMektep-BilimLand-те 42 пәннен 5700 сабақ пен 140 мыңнан астам 
тапсырма әзірленген. Компания мәліметінше, күн сайын 1,5 млн бірегей 
қолданушы кіріп, сайт 30 млн рет қаралады. 3 500 мектеппен платформаны 
пайдалану туралы келісімшарт жасалған [4]. 
"Bilimland" платформасының интерактивті контентін, соның ішінде 
Microsoft, Intel, Global University Systems және Discovery Education сияқты 
цифрлық 
оқыту 
орталығының 
әлемдік 
жетекші 
провайдерлерімен 
ынтымақтастық арқылы одан әрі байыту жоспарлануда. 
Осылайша, Қазақстан 4.0 индустриясын дамыту үшін перспективалы ел 
бола алады. Бірақ оны белсенді енгізу үшін білім беруді цифрландыру талап 
етіледі, өйткені бұл процесс білім беру сапасына әсер етеді, бұл оқушылар мен 
студенттерге нақты әлеммен, әсіресе заманауи технологиялармен жақсы 
танысуға мүмкіндік береді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет