Султанова нургуль камильевна



бет6/17
Дата16.06.2016
өлшемі5.12 Mb.
#139120
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17

Қоланылған әдебиеттер:

  1. Арчажникова Л.Г. Профессии – учитель музыки/ книга для учителя. – М.: Просвещение, 1984.

  2. Баренбойм Л.А. Музыкальная педагогика и испольнительство. – Л., 1974.



Тақырып 7. RWCT әдістерін музыка сабағында қолдану – 6 сағ.
Жоспары:

  1. RWCT – пайда болу тарихы.

  2. Фазаның түрлері.

  3. RWCT жобасы бойынша сабақ үлгісі.

Бүгінгі күн біз - әлем халқы бір кісідей Жаңа дәуір – Жаңа ғасыр – Жаңа мың жылдыққа аяқ басып отырмыз. Тәуелсіздік туын тіккен жас мемлекетіміздің болашағына тұтқа болар білімді де білгір, білікті азаматтар даярлау – бүгінгі күннің келелі мақсаттарының бірі. Сондықтан да мектептердегі оқу-тәрбие жұмыстары мен педагогикалық ғылым жүйесінде бұрыннан жинақталған мол тәжірбиелердің тиімді жақтарын сұрыптай пайдалану – оқу орындарындағы басты міндеттердің бірі.

Сонымен қатар, қазіргі қоғамдық-әлеуметтік үрдістерге сай, жаңаша түсінік-таныммен жан-жақты білім беру, келешектің әмбебап маман мұрагерлерінің дайындау міндеті қойылып отыр. Елімізде жас ұрпаққа кең ауқымда жан-жақты тәрбие беру мәселесіне аса зор мән берілуі – уақыт талабы. Мемлекетіміздің ертеңі мен болашағына иелік етіп, тұтқа болар жеткіншектерімізді білікті де білімді, алғыр да арлы, ізгілік парасаты биік, ой-санасы терең, қажырлы да қайратты нағыз бесаспап азамат етіп тәрбиелеу біздің басты мақсатымыз. Әр баланың бойындағы талап-талғамдарын арттырып, өмірге, жақсы қасиеттерге құштарлық сезімдерін байытып, әсіресе рухани сезімдерін барынша молайтып, күш-қуатын, жігерін шыңдау – абыройлы міндетіміз.

Мақсаты: Студенттерді болашақта ұстаз болып, тәжірбие жинауына инновациялық қызмет жасау арқылы, кәсіби өсуіне, сондай-ақ мектептегі білім беру сапасының көтерілуіне зор үлес қосуы

Дамытушылық: Жас мамандарды болашақта ой-өрісі жоғары, шығармашылық қабілеті мол, оқу жүйесіне жаңаша көзқарас қалыптастыру

Тәрбиелік: Сыни тұрғысынан ойлай білетін, инновациялық санасы бар, алған білімдерін мектеп оқушыларына жеткізе алатын жеке тұлғаны тәрбиелеу

Әдіс-тәсілдері: RWCT әдістерін сауатты қолдану

Көрнекіліктер: теледидар, бейне таспа, сызбалар, үлестірмелі тапсырмалар, орамал тастау және оркестр ұйымдастыру ойындары.

Ұйымдастыру жұмыстары:

1. Инновация терминіне анықтама

2. Үлестірмелі тапсырмалар

3. RWCT фазасымен жұмыс

4. Сырнай, домбыра тобымен жұмыс

5. Қортындылау

6. Өзін-өзі бағалау

Сабақтың барысы:

Бүгінгі таңда білім берудің ұлттық жүйесі өте маңызды, қарқынды өзгерістердің сатысында тұр. Қазіргі кезде қоғам дарынды, қабілетті адамдарды қажет етеді. Сондықтан да қазіргі уақытта мамандық атаулының барлығы дерлік бейімділікті, ептілікті, ерекше ой қызметін ғана емес, жоғары мектеп, мектеп ұжымынан үлкен жауапкершілікті, қызу белсенділікті талап етеді.

Үздіксіз жаңалық еңгізу білім беру мекемелерінің, соның ішінде жалпы білім беретін мектеп жұмысының дамуының ең басты факторы болып отыр. Инновацияның мәні неде және оның қажеттілігі қандай сепептермен түсіндіріледі?

Бірінші кезекте инновацияның өмірге келуі мектептің өзінің жұмыс істеуіне себепші болатын ішкі жағдайларға байланысты.

Білім беру мекемесінің алға қойған мақсатына жетуі үшін басқаруға ықпал жасайтын (мұғалімдер, мектеп оқушылары) және өзінің басқарушы ішкі жүйесі (әкімшілік, педагогикалық ұжым) біртұтас жүйе болғандықтан, инновацияға үнемі орын табылады. Ал жаңа өзгеріс нәтижесінде білім беру мекемелері үздіксіз өзгеретін және дамитын жаңа қайшылықтардың көздері болады. Сонымен қатар басқарудағы маңызды орын үнемі қозғалыс пен дамуда болатын педагогикалық және балалар ұжымының қажеттілігіне беріледі.

Инновациялық қажеттілігі сыртқы себептермен де анықталады, ол мынадай бірқатар себептерге байланысты: адамдардың мұқтаждылығын қамтамасыз ету қажеттілігі, мектеп оқушыларының білімге, дағдыға, шеберлікке деген ұмтылысты, жоғары сапалы білім алудағы жеке тұлғаның дамуы. Демек, жаңалықтың ену қажеттілігі білім алуға деген (бір нәрсеге әсерін тигізетін жағдайлардың кездесуі) мұқтаждығынан пайда болады. Ол сұраныс пен ұсыныс арасындағы қатынаспен, жалпы білім беруге дайындық деңгейімен, педагогика қызметкерлерінің кадрлық әлеуметімен және басқа да факторлармен анықталады.

Технологияны, ұйымдастыруды, әдістерді үнемі жаңғырту жағдайында ұстап тұрып қана мектеп өз бағытын нығайта алады. Сондықтан да жаңалық енгізу кез-келген білім беру мекемесінің дамуы мен жоғары жетістікке жетуінің негізгі факторы болып табылады.

Келер ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруде инновациялық іс-әрекетінің ғылыми-педагогикалық негіздерін меңгеру-маңызды мәселелердің бірі.

Инновация мәселелерімен айналысып жүрген бірқатар ғалымдардың еңбектерін, жазған анықтамаларын қарастырып, талдай келе бұл ұғымның түп-төркіні белгілі бір уақыт арасында жаңашыл идеяны қайта қарау, жаңалау деп айта аламыз. Сәл ертерек кездің өзінде белгілі қолданылып жүрген идеялар жаңа бағытта ұсынылса, мұның өзі инновация деп атаған. Инновация - «инновацияны»-«жаңалық», «жаңа әдіс», «өзгеріс», «әдістеме», «жаңашылдық», ал инновациялық үрдісті «жаңа әдістеме құралы» деп атауға болады.

Инноваиця білім деңгейінің көтерілуіне жағдай туғызады. Кейінгі кезеңде ғалымдар өз зерттеулерінде оқу-тәрбие ісіне жаңалықтарды енгізу, тарату мәселелерін қарастыруда. Педагогикалық инновацияның негізгі міндеті-«енгізіліп отырған жаңалықтарды топтау, жіктеу-деп көрсетеді. Енгізіліп отырған жаңа әдістеменің ерекше жағын көре білу, түсіне білу және оның басқа әдістемелерімен қандай байланыста екенін білу керек. Сонымен мұғалімнің инновациялық әрекетіне көшуі бірден-бір көкейкесті мәселе деп қарастырамыз. Білімнің ағартушылық жүйесінде нысанның динамикалық үрдісі мұғалімнен шығармашылықты, инновациялық әрекетті талап етеді. Мұндай талап мұғалімнің дәстүрлі деңгейі, қазіргі мектеп, қоғам қажет ететін шығармашыл, жаңашыл мұғалім арасында қарама-қайшылық туындатады.

Қазіргі кезеңдегі педагогикалық инновация білім беру жүйесіндегі жаңалықтарды топтастырады. Ал білім беруде енгізілген жаңалық тек педагогикалық қана емес, қоғамдық мәселе бола отырып, бір мақсатты көздейді. Озық инновациялық әдіс-тәсілдердің көрсеткіш модулін төмендегі 1- кестеден көруге болады:




Кесте – 1. Инновациялық әдіс тәсілдердің түрлері.




Инновациялық әдіс тәсілдердің түрлері.

1

Жаңалығы

2

Көкейкестілігі

3

Ғылыми негіздемесі

4

Болашақтығы

5

Қажеттілігі

Қазіргі кезеңдегі педагогикалық инновация білім беру жүйесіндегі жаңалықтарды топтастырады. Ал білім беруде енгізілген жаңалық тек педагогикалық қана емес, қоғамдық мәселе бола отырып, бір мақсатты көздейді.Өзіміздің пәніміз бойынша осы инновациялық әдіс-тәсілдердің модулдерінің үлгілерін топтастырайық. Оны мына 2-кестеден көруге болады:



Кесте – 2. Инновациялық әдіс-тәсілдердің түрлері.


Модульдік технология

Оқу мен жазу арқылы сыни тұрғыдан ойлауды дамыту

Саралап оқыту

Шаталовтың тірек сызбалары

Тестпен жұмыс, жүйелілік, бірізділік.

RWCT жобасымен жұмыс, қызығушылықты ояту, мағынаны тану, ой толғаныс.

Деңгейлеп оқыту, топпен жұмыс, кездесу, конференция.

Көрнекілік арқылы оқушылардың көзбен көріп, қолмен ұстау технологиясы

Модульдік технология – мөлшер, шамамен оқыту, оқытудың тиімді жолдарын қарастыру, пән мазмұнын тереңірек меңгерту, белсенділік туғызу, білім алушылардың біліктілігін көтеру, өз бетімен іздену қабілеттілігін қалыптастыру, соның ішінде тест түрлерін күнделікті сабақтарда қолданып жүрміз.

Қазақстандағы RWCT жобасы 1997 жылдардың басында бастау алды. Сол кезден бері жоба гүлденіп, Соростың Ашық Қоғамдық Институты мен Халықарлық Оқу Ассоциациясының (ХОА) үш жылдық гранты арқылы, Американың халықаралық Дамудағы Көмегі, шелл және Шеврон мұнай компагиялары бөлген гранттар арқылы өрісін кеңейтті.Өзінің қызметінің 7-жылында RWCT жобасы 5000-нан астам мұғалімдерді оқытып шығарды. Жоба елдің барлық аймақтарында ендіріліп, түрлі деңгейдегі білім алушылар RWCT оқу семинарлары мен тренингтеріне қатысуда. Бұл жоба мұғалімдерді ашық талқылаулар мен сын тұрғысынан ойлауды талап етеді.

RWCT жобасы қызметіне байланысты 3-фазадан тұрады (бұл жобалар тақтада сызба-кесте арқылы түсіндіріледі):

- алғашқы фаза – Қызыушылықты ояту «Миды ояту»-әдісінде бұрынғы студенттердің білімдері мен сезімдеріне немесе жаңа білімге мазмұн қалап, өз еркімен санлы түрде алға жылжитындықтарын, жаңа идея мен мәліметтерді үйренуге және оны өзіндегі білім негізімен ұштастыруда іштей немесе сырттай белсенді болатын-болмайтындықтарын шешуі де алғашқы фазада іске асады.

- 2-фаза Мағынаны тану «Түртіп алу әдісі» - INSERT - әдісінде студенттердің негізгі міндеті – мазмұнмен айналысып, жаңа идеяның бұрынғы білім мен сенімдермен байланысқандығы жөнінде хабардар болу, жаңа білімді бұрынғымен біріктіре отырып және ақпараттық жаңа мазмұнға қолданбалылығы мен қолайлығын қарастыра отырып, белгісізден белгіге қарай жүретін ақпарат пен идеяның маңыздылығы жөнінде шешім қабылдаулары қажет.

- 3 фаза Ой толғаныс «Қорытындылау әдісі» - үйрену процесінің соңғы фазасы болады да, бұл кезде студенттер алған білімдерін сыртқа шығарып, түсінгендерін өз сөздерімен жеткізіп бере бастайды. Осы RWCT жобасының қызметін 3-кестеден көруге болады:
Кесте – 3. RWCT жобасының қызметі


RWCT жобасының қызметі


Қызығушылықты ояту

Мағынаны тану


Ой толғаныс

Студенттердің алған білімдері ұзағынан, мазмұнды болып, шындыққа ұласуы үшін бұрынғы мәліметтермен жаңа мәліметті біріктіре алудағы уақытпен, құрылыммен қамтамассыз ету – бұл фазаның мақсаты.

Саралап оқыту – студенттердің топпен, ұжыммен бірлесе отырып, өз беттерінше іздену, талпыну болса осы қазіргі қатысып отырған П-343 топ студенттері де осы әдіске қатыса отырып, өздерін ІІ-топқа бөлді, І-топ «Сырнай», ал ІІ-топ «Домбыра». Бұнда әр топ өздері қойған аттарын қорғау керек, сол бойынша шығармашылық жұмыстар жүргізіледі, жұмбақтар, ребустар шешіліп балл жинайды.

Шаталовтың тірек сызбалары - Көрнекілік арқылы оқушылардың көзбен көріп, қолмен ұстау технологиясы студенттер алдын ала силлабуста берілген өздік жұмыстары бойынша ойындарға «Орамал тастау» және «Оркестр» көрсетіп, өздерін бағалайды. Әр топ қорабшаға қанша жауап салса сонша балл қосылып, өз білімдерін тексереді, білмегендерін үйренеді.

Қорытындылау – Қазақстанда жаңашылдық дамудың қызық та шығармашылық көріністері жетерлік. Жалпы алғанда бүгін жоғары оқу орындары студенттерін инновациялық бағытта оқыту және оларды жүзеге асыруға арнайы дайындау қажеттілігі туындап отыр. RWCT Қазақстандағы білім беру жүйесінде инновациялық деп саналады. Сондықтан біздің студенттер болашақ ұстаз ретінде аталмыш жобада жұмыс істеу барысында оқытудың инновациялық үрдесінен білім алып қана қоймай, өздерінің инновациялық ой-санасын, инновациялық бағытын қалыптастыра отырып, инновациялық қызметін жүзеге асыра білді. Бұл бүгінгі таңда болашақ мұғалімді дайындаудың басты шарты – қазіргі кезде мектептің жаңа моделін құрудағы мәселе қарастырылуда. Жаңа мектеп – ол жаңа бағытпен жұмыс істейтін, яғни жаңаша сыни тұрғыдан ойлайтын, шығармашылық жағынан жоғары дамыған, қай кезеңде болмасын ізденісте жүретін мұғалім. Бұл мұғалімге де және студентке де біржақты өзекті болғандықтан әрі қарай кәсәби өсуінің мотиві болып табылады.

Тақырыбы: «Қазақстандағы музыкалық өнердің дамуына Құрманғазы, Дәулеткерей, Тәттімбет шығармашылығының мазмұны мен маңызын инновациялық әдістер арқылы түсіндіру»

Негізгі мақсатым: Студенттерді жаңа бағдарламамен таныстырып, қалыпты оқу жүйесіне жаңашыл көзқарас қалыптастыруына қолайлы жағдай жасау, инновациялық бағытты оқыту және оларды жүзеге асыру.

Сабақтың жоспары:



  1. Ұйымдастыру кезеңі.

  2. Жаңа бағдарлама RWCT жобасымен танысу.

  3. Әр фраза бойынша жұмыс: І-фаза (Қызығушылықты ояту)

ІІ-фаза (Мағынаны тану)

ІІІ-фаза (Ой толғаныс)

4. Қорытындылау.

5. Өзін-өзі бағалау.

Қолданылған көрнекіліктер:

1.Бейне таспада: Құрманғазы, Дәулеткерей, Тәттімбет туралы бейне сюжет

2. Домбыра аспабының сүйемелдеуіндегі күйлер:

а) Құрманғазының: «Адай», «Сарыарқа»

ә) Дәулеткерейдің: «Жігер»

б)Тәттімбеттің: «Қосбасар», «Сылқылдақ»

4. Плакат-сызбалар әр фазаға байланысты

5. Ұлы күйшілердің суреттері, еңбектері жайлы бұрыш

6. Үлестірмелі карточкалар

Сабақтың барысы:

Республикамызда алғашқы мәдени құрлықты әкелген ойшылдарымыз, отандық халық ағартушылар, педагог музыканттар, композиторларымыздың музыкалық тәрбиеге қосқан үлестері, соның ішінде қазақ халқының музыкалық мәдениетіне, қабілетіне қалыптасуына ықпал тигізген атақты күйшілеріміз: Құрманғазы, Дәулеткерей, Тәттімбет, олардың шығармаларындағы музыка-поэтикалық мұраларындағы тәрбиелік бағыттары, педагогикалық жүйедегі оқушылардың музыкалық дамуында алатын орны мен маңызы жайлы әңгіме қозғамақпыз.

Бүгінгі сабаққа өздеріңізге осы күйшілер жайлы деректер, мағлұмат жинап келу тапсырылған. Енді біз RWCT жобасы, яғни оқыту мен жазуды сыни тұрғыдадан ойлауды дамыту жобасы бойынша, жаңа бағыт, инновациялық бағытта оқыту, оның белсенді қатысушылары студент қауым өздеріңсіздер, себебі сіздер болашақта ұстаз болып, инновациялық қызмет жасау арқылы кәсіби өсуіне, білім саласының көтерілуіне үлкен үлес қосатындарың анық. Енді осы жоба бойынша жұмыс жасаймыз. RWCT жобасына ІІІ – фаза енгізілген, әр фазада өзінің әдістері бекітілген, оны 4-кестеден байқауға болады:


Кесте – 4. RWCT жобасының фазалары


RWCT жобасының фазалары

Миды ояту


INSERT


Қорытындылау

Қызығушылықты ояту сабаққа қатысудағы алғашқы қадам, жаңа идея мен мәліметтерді үйренуге, өз білгендерін тексеруге, ойлау, талпыну, іздену, яғни бұл «Миды ояту» әдісі. Алғашқы фазада «Қызығушылықты ояту», яғни миды ояту әдісінің сызбасы:



«Қызығушылықты ояту»


«Миды ояту»-әдісі


Талпыну, іздену, ойлау

Енді осы әдіс бойынша ұлы күйшілер жайлы өз білгендеріңізді ортаға салыңыздар. Әр топ өздерін таныстырып: І-топ «Жігер», ІІ-топ «Адай», ІІІ-топ «Сылқылдақ» екендіктерін, не себептен олай қойылғаны жөніндерінде айтып, топ жетекшілері таныстырып өтеді де, осы аты аталған күйшілердің өмірі мен шығармашылықтарына қысқаша мағлұмат беріп өтейік: тақтада Тәттімбет Қазанғапұлы (1815-1860 ж.ж.), Құраманғазы Сағырбайұлы (1818-1889 ж.ж.) және Дәулеткерей Шығайұлы (1820-1887 ж.ж.) жазылған плакаттар ілінеді де, әр топ жекелей өздері қойған аттарын не себепті қойғандықтарын, оны топ алдына шығып баяндайды. «Сылқылдақ» - тобы: Тәттімбет Қазанғапұлы, қазіргі Қарағанды облысының Қарқарлы аймағында туып-өскен, айналасы тамаша табиғат – Арқаның мөлдір сулы, шалғынды жайлауы еді. Той жасап, ат шаптырып, балуан күрестіріп, қазы-қартаға, қымызға қарық болып жатқан елде ержетті Тәттімбет. Құдайберген дарынның арқасында Тәттімбет ауыл ішіндегі күйшілерден тәлім-тәрбие алып, өзі де өрен жүйрікке айналады. Бір домбырашы қызбен жарысқанда 39 күй орындаса да жеңілмеген қызды бір аяғын шешіп тастап, қырқыншы күйді башпайымен тартып сүріндірген екен дейді. Ол кездегі салт бойынша, қыз бала аяқ киімін шешіп, башпайларын көрсете алмай, жеңіледі. Осындай ойын-сауықтарда кездескен қыздардың өнеріне, сұлулығына қызығып, көңіл шалқыған Тәттімбет «Былқылдақ», «Сылқылдақ» деген тамаша күйлер шығарған, сол себепті де біз өз тобымызды күйшінің «Сылқылдақ» күйіне арнап атадық. «Адай» - тобы: қазақ елі өз жерінің қазына-байлығымен ғана емес, әлемді аузына қаратқан атақты талант иелерімен де белгілі. Елді өзінің өзгеше өнерімен оятқан жасампаз күйші Құрамнғазы Сағырбайұлы болды. Ол ХҮІІІ ғасырдың басында, Батыс қазақстан өңірінде, орал облысы, Жанғали ауданының Жиделі елді мекенінде, кедей шаруа жанұясында дүниеге келді. Құрманғазыны күй өнеріне баулыған және оның ұстазы болған Ұзақ күйші еді. Сонымен қоса күйшінің шығармашылық табыстарға қол жеткізіп, өрлеуіне Бөкей ордасының Байжұма, Баламайсаң, Байбақты, Соқыр Есжан сынды атақты күйшілері зор ықпал еткен. Олардан тәлім-тәрбие алған Құрманғазы қазақ халқының ұлы сазгері атанды. Құраманғазының күйлері қазақ елі өмірінің әлеуметтік жыр-сыры, азаткерлік рух ұраншысы іспетті. Ұлттық тарихымыздың әуен тілінде жазылған ұлы эпопеясы деуге болатындай. Күйші шығармашылығындағы өзекті мәселелер – халықтың азаттығы мен жеке тұлға бостандығы. Өз туындыларында ХІХ ғасырдың 30-жылдары Исатай Тайманұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліске ерекше назар аударған. Осы көтерілістен кейін өзінің алғашқы туындыларының бірі «Кішкентай», «Ақбай», «Ақсақ киік», «Түрмеден қашқан», «Адай» күйлерінде ол халықтың азаттықты көксеген арманын, әділетсіздікке қарсылықты, қоғамдық мүдделердің өзара қақтығысын білдіреді, осы шығармаларының мазмұнына қарай тобымызды «Адай» деп ақылдастық. «Жігер» - тобы: Дәлеткерей Шығайұлы 1820 жылдар шамасында қазіргі Орал облысының орда ауданында ауқатты отбасында дүниеге келген.Атақты музыка зерттеушісі, академик ахмет Жұбановтың айтуына қарағанда, дәулеткерейдің туған жиені, кеңес өкіметінің тұсында өмір сүрген науша Бөкейханов күйшінің елу шақты күйін тартады екен. Даңқты сазгер туралы, құнды деректер берген де сол кісі көрінеді. Дәулеткерей орысша үйреніп, оқи да, жаза да алатын болған. Домбыраны тамаша орындаушы мүсірәлі деген күйшіден шеберлікті үйренген.

Дәулеткерей 1861жылы Қызылқұрт елінің билеушісі боп тағайындалған соң, бір жылдан кейін күй атасы Құрманғазымен кездескен. «Дәулеткерейдің Құрманғазымен әңгімелесіп, халық дәстүрі үлгісіндегі басқа да домбырашыларды көріп тануы, оның музыкалық творчествосына қатты әсер етті»,-деп жазады академик Ахмет Жұбанов. Құрманғазы және оның шәкірттерінің ең үздік музыкалық шығармалары дауылдатқан екпінімен, тастай тегеурінділігімен, өршіл батылдығы, кең тыныстылығымен ерекшеленеді. Дәулеткерейдің халық тағдырын, елдің еркіндікке ұмтылу сезімін бейнелеген «Топан», «Жігер» атты күйлері ержүрек адамның салмақты, салиқалы тебіреніс-толғанысын бейнелейді. Бұл күй – дыбыстық мүмкіндігі аз домбыраның тар көмейіне сыймай, тасып жатқан терең де мол, көтеріңкі лептегі мән маңызы зор шығарма болғандықтан тобымыздың атын

«Жігер» деп қойдық. Сол арқылы «Миды ояту» әдісі бойынша талпынып, ізденіеді.

ІІ –фаза «Мағынаны тану», жаңа ақпаратпен танысу, өздері осы фазада сахналық көрініс, бейне сюжет көрсетіп, оны өздері бағалайды, оны мына сызбадан көруге болады:


«Мағынаны тану»


«Түртіп алу әдісі»- INSERT


Ақпараттар, өнер қойылымдары, техникалық құралдар
Бұнда «Түртіп алу» әдісі INSERT - өз ойын білдіріп, сұрақ-жауап алып, білмегенін сұрауға көмектеседі. Бұл әдісте мына үлестірмелі карточка қолданылады, оны 5-кесте арқылы бақылауға болады:
Кесте – 5. Түртіп алу әдісі - INSERT


Білемін (Ү)

Жаңа ақпарат (+)

Мен олай ойламаймын(-)

Сұрағым бар (-)

Құрманғазы, Дәулеткерей, Тәттімбет, олардың шығармашылығынан алған, білгендерін түртіп белгілеп отырады.

ІІІ-фаза «Ой толғаныс» - «Қорытындылау» әдісінің тірек сызбасы:

«Ой толғаныс»




«Қорытындылау әдісі»

Ойын нақтылайды


«Ой толғаныс» үйрену процесінің соңғы фазасы болады, бұл кезде алған білімдерін ортаға салып, түсінгендерін өз сөздерімен жеткізіп, өз ойларын нақтылайды. Сонымен бүгін біз жаңа технологияның RWCT жобасында жұмыс істеу барысында оқытудың инновациялық үрдісін ғана біліп қоймай, инновациялық бағытты қалыптастыра отырып, инновациялық қызметті жүзеге асыра білдік. Осы әдістерді қолдана отырып ұлы күйшілер Құрманғазы, Дәулеткерей, Тәттімбет шығармашылығмен терең танысып, олардың қайталанбайтын жеке тұлға екенініне көзімізді жеткіздік.Сабақты қорытындылай келе елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «2030» бағдарламасында оқу мен білімге ерекше көңіл бөлді – «Бірде бір оқуға қамтылмаған бала болмауы керек, сонда ған біз өркениеттке жетеміз»,-деген. Біз оқыта отырып тәрбиелеп, тәрбиелеу арқылы жеке тұлғаны оқытамыз. Сабақ соңында студенттер «Өздік жұмыстарын» яғни, жасалынған буклет, ребус, сөзжұмбақтарын, мақал-мәтелдерден жарысып, алған білімдерін сарапқа салып, өздерін-өзі бағалайды, барлық топ бірігіп Құрманғазының «Сарыарқа» күйін ойнап, келген қонақтарды қошеметпен шығарып салдық.

СӨЖ тапсырмалары:

  1. Озық инновациялық әдіс-тәсілдердің көрсеткіш модулін атаңдар?

  2. Инновациялық әдіс-тәсілдердің түрлері.

  3. RWCT жобасының модулі.

Қоланылған әдебиеттер:

  1. Беспалько В.П. Слогаемые педагогические технологий. М, Педагогика1989

  2. Қараев Ж., Қуанбаев Б. Жетілдірілген педагогикалық жүйені жобалаудың дидактикалық шарттары. \\ Ізденіс № 1 2004

  3. Бұзаубақова Қ.Ж. Жаңа педагогикалық технология. Тараз, ТарМУ, 2003

Тақырып - 8. Интерактивті тақтаның мүмкіндіктерін қолдану
Жоспары:

  1. Интерактивті тақта –дегеніміз не?

  2. Интерактивтік оқыту технологиясы 

  3. ACTIVboard - ACTIVstudio программасы

Қазақстан Республикасының Білім туралы  заңында: «Білім беру  жүйесінің басты міндеттерінің бірі - білім беру бағдарламаларын меңгеру үшін жағдайлар жасау керек »- деп көрсетілген. Солардың бірі білім беруді ақпараттандыру барысында дидактикалық және оқыту құралы болып компьютер саналады. Сондықтан кез келген білім беру саласында  мультимедиялық электрондық оқыту құралдарын барлық пәндерді оқытуда пайдалану керек. Ақпараттық технологияның жаңа құралдардың бірі -бағдарламалық – техникалық кешен болып саналатын «Интерактивті тақта» болып табылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет