Дәріс №1. Информатика және білім беру. Білім берулді басқаруда және оқытуды ақпараттық технологияларды қолданудың негізгі бағыттары


Ақпараттық және коммуникациялық технология құралдары (АКТ құралдары)



бет2/3
Дата22.01.2023
өлшемі18.2 Kb.
#468615
1   2   3
Дәріс 1 (1)

Ақпараттық және коммуникациялық технология құралдары (АКТ құралдары) – микропроцессорлық және есептеуіш техникалық құралдарының негізінде қызмет ететін бағдарламалық, бағдарламалық-аппараттық және техникалық құралдар. Сонымен қатар, ғаламдық және жергілікті желілердегі ресурстардың сақтауға, өңдеуге, жинауға, әртүрлі операциялар жасауға, ақпарат жүйесін трансляциялауға мүмкіндік беретін заманауи құралдар.
АКТ құралдарына жатады:ЭЕМ, ДЭЕМ; ЭЕМ барлық класстарына арналған терминалдық құралдарының комплектісі; ақпараттық желілер; ақпаратты енгізу-шығару құрылғылары; тексттік, графикалық, аудиовизуалды ақпараттарды манипуляциялау құрылғылары; үлкен көлемді ақпараттарды мұрағаттау құралдары; тесттік, графикалық немесе дыбыстық ақпараттарды сандық және кері түрлердіру құралдары; машиналық графика жүйесі; бағдарламалық кешендер (бағдарламалау тілдері, трансляторлар, компиляторлар, операциялық жүйелер, қолданбалы бағдарламалар пакеті және т.б.); ғаламдық (Интернет) және жергілікті (мысалы, бір немесе бірнеше ұйымдар) түрде қолданушылардың ақпараттық қарым-қатынасын қамтамасыз ететін байланыстың заманауи құралдары; телекоммуникация, гипермедиа, гипертекст, мультимедиалық технологиялар негізінде құрастырылған білім беру мақсатындағы электрондық құралдар[23, 24, 30].
Білім беру мақсатындағы ақпараттық және коммуникациялық құралдар – педагогикалық қолданылуды және оңтайлы технологияны таңдауды қамтамасыз ететін, нормативті-техникалық және ұйымдастыру-инструкциялық материалдармен, оқу-әдістемелік құралдармен бірге қолданылатын ақпараттық және коммуникациялық құралдар.
Білім беруді ақпараттандыруды дамытудың негізгі бағыттары
Қазіргі таңда сипатталуы отандық және шет елдік педагогикалық еңбектерде үлкен орын алатын білім беруді ақпараттандыруды дамытудың басты бағыттары анықталды. Олардың мазмұнына қысқаша тоқталайық.

    1. Ақпараттық қоғам заманында білім алушының тұлғалық дамуына сай білім беру мазмұнының стратегиялық қалыптасуы мен әдістемесі, оқытуды және тәрбиелеуді ұйымдастырудың әдістері

Бұл кезеңінде білім берудің мазмұны мен әдістемесін жетілдіру білім алушының белгілі бір көлемдегі танымын кеңейту ғана емес, ең бастысы дағдыны, интеллектуалды потенциалын, өз бетімен мультимедиа, гипертекст, гипермедиа, телекоммуникация сынды ақпараттық технологияларды қолдана отырып білім алуын көздейді.
Бұл бағыт біріншіден, оқытудың сызықтық формасынан кейінгі оқу материалдарының мазмұнын қайта құруды, екіншіден, заманға сай ғылым мен технологияның дамуын бейнелейтін жаңа тақырыптарды қосуды, үшіншіден, дәстүрлі болып кеткен немесе пәнаралық аймақтардың интеграциясын қалыптастыруды, телекоммуникация негізінде қызмет ететін реттелген білім берудің ақпараттық ресурстары мен білім беру жүйесіндегі мекемелердің корпоративті ақпараттық жүйелерінің мазмұны мен құрылымын құрастыруды қарастырады.

    1. Білім алушының интеллектуалды мүмкіншілігін кеңейтуге, өзіндік білім алуды қалыптастыруға, оқу ақпараттарын жіберу, өңдеу, сақтау түрлерін іске асыруға бағытталған педагогикалық технологияларды жобалау сәтті түрде оқытудың әдістемелік жүйесікелесі аймақтарда сипатталады: а) электронды түрдегі ақпаратты жинау (әдеби қайнар көздер, ғылыми-әдістемелік және оқу-әдістемелік материалдар, құжаттардың электронды көшірмесі және т.б.) сонымен қоса Интернет ресурстарын қолдану; б) геоақпараттық технологиялар, мультимедиалық технологиялар негізінде авторлық жұмыстарды, компьютерлік презентацияларды жасау; в) компьютерлік желілер қызметі кезінде және виртуалды немесе шынайы түрдегі үрдістер мен уақиғаларды объектілік зерттеудегі ақпараттық қарым-қатынастың түрлерін іске асыру;

Педагогикалық мақсаттар: оқытудың интенсивті формаларын іске асыру мүмкіндігімен, қарастырылып отырған уақиғаларда қолданушының эмоционалды және ақпараттық көлемділігімен ынталандыруды көтеруімен; ғаламдық Интернет желісінің көмегімен өзіндік жұмыстың түрлі формаларын іске асруымен анықталады.

    1. Түрлі пәнаралық аймақтарды оқу барысында АКТ-ды реттеу және қолдануды іске асыру пәнді оқытуда АТК қолдану ерекшелігінің жекелеген формаларын қалыптастыруды қарастырады. Ол АКТ қолданылатын пәніне немесе пән аймағына байланысты арнайы стандартты құрастыруды талап етеді.

Жалпы білім беретін пәндер тобын оқыту барысында оқыту стандарттарын енгізу де көп үміт күттіреді. Бұл ғылымда және техникада зерттеу үрдісі уақытында ортақ заңдылықтарды табу, мазмұндық ұқсастықтарды анықтайды. Мектеп бағдарламасы мен оны қамтамасыз етуді қалыптастыруда мәліметтер ұсынылуы керек. Бағдарламалық қамсыздандыру кезінде жалпы мақсат базалық, құралдық және қолданбалы бағдарламалық қамсыздандыруға бағытталуы дұрыс (мысалы, мәліметтер қоры, электронды кестелер, мультимедиа, мәтіндік редактор, графикалық редактор мүмкіндіктерін іске асыратын бағдарламалық құралдар және т.б.).
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет