Дәріс 1 кіріспе. Жеке даму биологиясының ҚЫСҚаша тарихы


Өзін-өзі тексеру сұрақтары



бет2/18
Дата29.02.2024
өлшемі1.23 Mb.
#493360
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
Дәріс жеке даму биологиясы 2023

Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

1. Анти дəуірінде адам мен жануарлардың эмбриональдық даму жайындағы білімдер мен


пікірлер. Гиппократ пен Аристотельдің көзқарастары
2. Қайта өрлеу дəуіріндегі эмбриологиялық зерттеулер мен теориялар. У. Альдрованди,
В. Койтер, Д.Фабриций, В.Гарвей, А.Левенгук жəне т.б жұмыстары
3. Преформистік жəне эпигенетикалық концепциялардың мəні
4. К.Ф.Вольф жəне К.М. Бэрдің жұмыстары
5. Ұрықтық жапырақшалар теориясын дайындау
6. Ч.Дарвиннің эволюциялық теориясының эмбриологияның дамуына əсері. «Пангенезис»
теориясы
7. Эволюциялық эмбриология. А.О. Ковалевский жəне И.И. Мечниковтың еңбектері
8. Г.Дриш, В.Гис, В.Ру, Г.Шпеман жұмыстары жəне экспериментальды эмбриологияның
пайда болуы
9. Дамушы ұрықтағы индукциялық өзара əсерлерді зерттеу (С.Тайвонен, Л.Саксен,
П.Ньюкуп, К.Гробстайн, А.Г. Гурвич)
10. Клеткалық теорияның негізгі қағидалары
11. Эволюцияда Metazoa-ң пайда болуы. Қазіргі даму биологиясының негізгі
проблемалары жəне «өсу нүктелері»


ДӘРІС 2
ЖЕКЕ ДАМУ БИОЛОГИЯСЫНЫҢ ӘДІСТЕРІ. ОМЫРТҚАЛЫЛАР ОНТОГЕНЕЗІНІҢ ДӘУІРЛЕУІ

Жеке даму биологиясында классикалық сипаттамалық əдіс қазіргі заманымызда да өзінің маңызын жойған жоқ жəне кеңінен қолданылады. Алғашқы кезде эмбриогенездің əр түрлі кезеңдеріндегі ұрық организмінің жалпы құрылысын қараған болса, соңынан зерттеушілер даму процесі кезінде ішкі мүшелердің бастамаларының салынуы мен нəзік құрылыстарына көңіл аудара бастады.


Салыстырмалы эмбриология XIX ғасырдың ортасында Ч.Дарвин еңбегі жарық көргеннен кейін дами бастаған. Қазіргі біздің заманымызда да салыстырмалы эмбриология өзекті болып қалып отыр, себебі, адам эмбриогенезінің көптеген нəзік механизмдерін жақсы түсіну үшін салыстырмалы əдістер арқылы алынған мəліметтер көп көмегін тигізуде.
Кино жəне видеотүсірмелер арқылы тірі ұрықтарды бақылау (негізі экспериментте қолданылады). Бұл үшін дамып жатқан ұрығы бар термокамерамен бірігетін арнайы микрофотоқұрылым қолданылады. Мысалы, тауық эмбрионын зерттегенде жұмыртқа қабығында мөлдір пластинкамен жабылатын саңылау жасалады. Бұл əдіс даму процесі кезіндегі ұрықтың өсіп, өзгеруін анықтап қадағалауға мүмкіндік береді.
Ұрықтың бекітілген кесінділерін жарық жəне электронды микроскопия, гисто-радиоавтография, гисто жəне иммуно-цитохимия əдістерімен зерттеу.
Алғашқы екі əдіс ұрық бөліктерінің даму динамикасында ұлпалық жəне клетка ішілік өзгерістерді талдауға мүмкіндік береді; гисто жəне иммуноцитохимиялық əдістердің көмегімен ұрықтың клеткаларындағы биохимиялық процестердің ерекшеліктері – ДНК, РНК, белок, арнайы (спецификалық) рецепторлық белоктардың синтезі зерттеледі. Осы əдісті қолданудың арқасында омыртқалылардың эмбриогенезіндегі клеткалық жəне ұлпалық дифференцировкасы туралы мəлімет алынды. Флуоресцентті микроскоптың көмегімен бояғыштың таралуын жəне ұрықтың дамып келе жатқан ұлпаларындағы белок синтезінің динамикасы зерттеледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет