Дәріс №3 «Шәді Жәңгірұлының (1855-1933) өмір жолы мен шығармашылығы» Жоспары: Жоспары



бет3/3
Дата12.01.2024
өлшемі484.32 Kb.
#488971
түріӨмірбаяны
1   2   3
3-презентация

Н.Келімбетов


Шәді Жәңгірұлының көп жыл ізденіп, көз майын тауысып
жазған атақты дастаны –
«Назым сияр Шәриф» атты туындысы. Бұл шығармада
Мұхаммедтің (Ғ.С.) туғаннан өлгеніне дейінгі барлық өмір жолы суреттелген.
Ол кісі кіммен дос, кіммен күреңқабақ болды, кәпірлермен қалай күресті, мұсылмандарды қалай қолдады, қанша баласы
болды, кімнің тәрбиесін көрді, қанша рет некеленді, әке-шешесі
кім еді, туған туысы – бәрі-бәрі түп-түгел жырда көрініс табады.
«Тарихнама» дастаны
«Шыңғыс ханның тарихы»
«Абылай ханның тарихы»
II тараудан

«Шер дәруіш» («Төрт дәруіш») дастаны


Шығарма сюжеті «жеті ықылым жер жүзінің бәрін кезген» төрт жиһангездің басынан кешкен оқиғалары арқылы өрбиді. Ақын дастанында адамның рухани мүмкіндігіне, күш-құдіретіне шексіз сенім білдіреді, адам бойындағы ең асыл қасиеттерді, ақыл-ойды, махаббатты, әділдікті, бауырмалдықты мадақтайды. Бұл дастан сюжеті бұрын да өзге түркі халықтары арасына қисса болып кең тараған.

«Хатымтайдың хикаясы» дастаны


«Атымтай Жомарт хикаясы» деген атпен қазақ арасына тараған әңгіме сюжетіне құрылған. Ақын бұларда жұртты адамгершілікке, мейірімді, бауырмал болуға үндейді. Сараңдық пен дүниеқұмарлықты тәрк етеді.

«Хикаят Орқа-Күлше» лиро-эпикалық дастаны


Бір-бірін сүйген екі жас арасындағы мөлдір махаббатты жырлады, шынайы достық, ізгі адамгершілікті мадақтады. Бұл дастан оқиғасы да ертеректе Шығыс халықтары арасында кең тараған әңгіме сюжетінен алынған.

«Хикаят Қамарзаман» дастаны


Дастанда қиял-ғажайып оқиғалар адамдардың өміріндегі әдеттегі реалдық істерімен, күнделікті тұрмыста кездесетін көріністерімен ұштасып, тығыз байланысып жатады.

(«Россия патшалығында Романов нәсілінен хұқмыранлық қылған патшалардың тарихтары һәм ақтабан шұбырыншылық заманнан бері қарай қазақ халқының ахуалы», Орынбор, 1910 поэмасы


Шәді бұл шығармасында Қазақстанның өз еркімен Ресейге қосылуының прогрессивтік мәнін нақтылы тарихи деректермен, білгірлікпен көрсеткен
Сонымен қорыта айтқанда, кезінде түрлі діни мектеп-медреселерде оқып, араб, парсы, шағатай тілдерін жетік меңгерген, сол арқылы араб поэзиясынан еркін сусындаған, Ислам тарихы мен араб әдебиетін терең білетін қазақтың ғұлама шайыры Шәді төре Жәңгірұлы қазақ көркем сөз өнерін мазмұн мен норма жағынан байыта түсуге өзіндік үлес қосты. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет