Дәріс 4 Тақырыбы


Математиканы оқытудың қоғамтанумен байланысы



бет7/7
Дата21.02.2024
өлшемі251.39 Kb.
#492772
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7
4 апта

6. Математиканы оқытудың қоғамтанумен байланысы. Бұл байланыс негізінен ұғымдық байланыстарға негізделген. Қоғамтану сабақтарында табиғат құбылыстарының даму заңдылықтарын оқытып үйрету оқушылардың математикадан, физикадан, химиядан, биологиядан және т. б. алған білімдеріне сүйенеді. Диалектика заңдарын оқыту кезінде «қосу», «азайту», «логарифмдеу», «потенцирлеу», «интегралдау», «дифференциалдау» және т. б. математикалық амалдар нақты мысал бола алады. Математикалық формулалар табиғат құбылыстарының өзара байланысын сипаттайтын ерекше формасы екеніне баса назар аударған жөн.
Қоғамтану материалдарын жете түсіндіру үшін математика сабақтарында оқушылардың диалектикалық ойлауын дамыту мен диалектика категорияларының математикадағы көрінісін түсіндірудің маңызы ерекше.
§ 5. Пән ішіндегі байланыстар
Математиканы оқыту тиімділігін арттыру, басқа пәндерді оқыту сияқты, көптеген факторларға байланысты. Солардың бірі пән ішіндегі байланыстарды нығайту.
Пән ішіндегі байланыс мектеп математикасының жеке курстарын ұштастыра оқытуды, оқушылардың дүниетанымын қалыптастырудағы сабақтастықты қамтамасыз етуді көздейді. Мектеп математикасының әрбір курсын жасағанда, біріншіден, сүйеніш болатын ұғымдарды үйрету, екіншіден, сол ұғымдарды одан әрі дамытып, кәдеге жарату басшылыққа алынады.
Мәселен, А.В.Погореловтың оқу кұралында келтірілген жарты жазықтықта салынған бұрыштардың қасиеттері жайындағы (2.4) теореманы қарастырайық. Бұл теоремада «бұрыш», «қосымша жарты түзу», «үшбұрыш», «сәуле», «іргелес бұрыш» ұғымдары бой көрсетеді. Бірақ осы ұғымдардың әрқайсысы жеке дара теореманың табиғатын аша алмайды. Сондықтан олардың анықтамалары мен тиісті логикалық байланыстарын оқушылар білуі қажет. Одан әрі, дәлелдеу жолдары мен қажетті қосымша салулар іздестіріледі.
Теореманы дәлелдеуге (П2) және (ІП2) аксиомалар пайдаланылады. Одан соң, құралдағы (1.2) және (2.1) теоремалары қолданылады.
Дәлелдеу барысында ескерілетін ұғымдар мен сүйенетін үйғарымдардың байланысын схема түрінде былай көрсетуге бо лады:

Оқулықта берілген әрбір тақырыптың немесе ұғымның өз орнын анықтап, оларды басқа ұғымдармен байланыстыра білу, оқу процесін жоспарлауға, тиімді әдістемелік тәсілдерді орынды қолдануға және сабақты жандандыруға игі ықпалын тигізеді.
Пән ішіндегі байланыстарды жүзеге асыру үшін мұғалім:
а) келешекте кәдеге асатын бұрын оқыған ұғымдарды, математикалық сөйлемдерді және т. б. үнемі еске салып отыруы немесе оқушылар ұмытпауы қажет;
ә) бұрын меңгерген білімді қолдануға мұқтаж есептерді оқушыларға ұқыпты шығартып, жаңа фактілерді талдауға жаттықтырғаны дұрыс;
б) оқытудың әр түрлі сатыларында игерілген білімді, іскерлікті және машықтарды жандандыратын проблемалық ахуал туғызуы керек;
в) дайындықтары әр түрлі оқушылармен жеке жұмыс жүргізіп, жетістіктерін мадақтау арқылы оларға дем беріп отырғаны жөн.
4 апта
Практикалық сабақ №7,8
Тақырыбы: Математикадан орта мектепке арналған бағдарламамен,оның түсінік хатымен танысу. (2 сағат)
Мазмұны: Математикадан орта мектепке арналған бағдарламамен,оның түсінік хатымен танысу.
Мақсаты: Орта мектепке арналған математикадан оқулыұтар мен көмекші құралдармен жете танысу.
Әдебиет: [9],



1 Бұл тақырыпты жазғанда Ө.3.Зікриннің материалдары пайдаланылды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет