Дәріс. Биогеоценология. Ұғымдары



бет3/5
Дата21.09.2022
өлшемі23.52 Kb.
#461061
1   2   3   4   5
3лекцЭиУР2022каз

3.4 Экологиялық пирамида дегеніміз - табиғи экожүйелердегі продуцент (туындаушылар), консумент (тұтынушы), редуценттердің (ыдыратушылардың) арасындағы - солардың салмақтарымен және бейнелеу кейіптерімен көрсетілетін арақатынасы. Пирамида тәрізді осындай кейіптерді (модельдерді) құрастырған Ч. Элтон еді. Бұлар үш түрлі болады:
1. Жеке ағзалардың санын бейнелейтін сандық пирамидасы.
2. Биомасса пирамидасы тірі заттың жалпы құрғак салмағы, нәрлілігі (калорийность) немесе басқа жалпы сандық мөлшерін сипаттайды.
3. Энергиялық ағымды немесе энергияның трофиялық дәйекті деңгейдегі өнімділігін көрсететін қуаттың пирамидасы.
Линдеманның 10% ережесі мынаны айтады: экологиялық пирамидада бір трофиялық деңгейден басқа деңгейге энергияның 10% астамы өтпейді, демек, сонымен бірге биомассаның да (тірі заттың да) 10% астамы өтпейді.
«Энергияның енгізілген үлесі көбейткенмен, соған сай өнімділігін (егіннің шығымдылығын) көтермейді» деген А.Тюрг-Т.Мальтустың қайтарымның кему (убывающей отдачи) заңы.
Жасушаның ішкі ортаны өзгертпей сақтау үшін зат алмасу үрдістері реттеледі. Осы орнықтылығына қарай беталысты гомеостаз деп атайды.
Өнімділік. Уақыт бірлігінде шыққан ауданың бірлігіне сай өнім (биосалмағы) экожүйенің өнімділігін анықтайды. Бастапқы (первичная) немесе туынды (вторичная) өнімділігін айырады. Дербес қоректілермен (автотрофтылармен) жасалған биомассаның жиналу жылдамдығы бастапқы өнімділігі болып табылады. Тыс қоректілер (гетеретрофтылар) өндірген биосалмақтың көбею жылдамдығы туынды өнімділігі болып табылады.
Берілген кеңістікте орын алып бір-бірін алмастыратын қоғамдастықтарды сукцессия (бірізділік) дейді.
Сыртқы себептер әсер еткен кезде өзіннің қызмет ету қабілетін және құрылымын сақтап қалған экожүйелердің сипаты тиянақтылық деп аталады. Экожүйенің тепе-теңдіктен шығарып жіберетін себепкер шарттардан кейін өзінің бастапқы күйіне (немесе соған жақын) қайту қабілеті тұрақтылық деп аталады.
3.5 Демэкология - көбею экологиясы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет