Дәріс конспектілері (тезистері) уе-10-21 фр 03


Жеткіншек жас кезеңіне ену фактісін қабылдаудағы дағдарыс



бет11/73
Дата18.05.2022
өлшемі0.79 Mb.
#457070
түріКонспект
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   73
Дәріс

3.Жеткіншек жас кезеңіне ену фактісін қабылдаудағы дағдарыс.
Жеткіншек балада жекеленудің екінші кезеңі, Блос пікірі бойынша екі өзара өрілу процесінің қосылуы: бөліну немесе оңашаланудан тұрады.
Жеткіншек өзі осы жыныстық сәйкестік дағдарысының өкілі болып өтуі қажет. Үлкендер өміріне бейімделіп араласуы үшін әлеуметтік ұл-қыз рөлі деген сөздер мағанасы жеткіліксіз. Нәтижесінде, сыртта отбасынан бөлек, әлеуметтік байланыстар өрісін кеңейтумен қатар, өмір сүрудің жаңа моделін табады. Бұл процесті оңайлататын фактор ата-анасының қолдауы, оның тұрақты әрі берік болуына сенім беруі. Екіншіден, жекелену тұрғысынан қарауда ата-анасының дәріптеуі. Балада ішкі тұлғалық қақтығыс туындайды, оны отбасынан оңашаланудың қажеттігі, сондай-ақ ата-анасына деген сүйіспеншілігі әрі оның құнсыздануы уайымдатады.
Жеткіншектерді зерттеуге психология ғылымындағы базалық теориялар мен тұжырымдар негізге алынады. Психиканың онтогенезде дамуы мен тұлғаның қалыптасуы жайлы Л.С.Выготский мен А.Н.Леонтьевтің ғылыми мектебінде қалыптасқан теориялары жеткіншек жасының ерекшеліктерін зерттеген негізгі жұмыстар еді. Тұлғаның өзіндік сана-сезімдерін зерттеген тұжырымдар қатарында Э.Береннің трансактілік талдауы, С.М.Жақыповтың бірлескен диалогты танымдық іс-әрекет тұжырымдамасы зерттеудің методологиялық –теориялық негізін құрады.
Жеткіншек – әлеуметтік даму кризисі байқалатын шақ, бұлда үш жастағы «Мен өзім», бірақ енді әлеуметтік мағанада қолданылады. Әдебиеттерге жүгінсек, бұл жастытағы екінші рет кіндік кесу жасы депте қарастырады. Негізгі сипаты өткірлік деңгейдег, оның белгілері төмендегідей : баланың оқу әрекетіндегі жемісі, дарынды жағының көрінуі төмендейді. Дағдарыстың екінші белгісі –жағымсыздық . Мұны кейде үш жастағы дағдарыспен ұқсас қарастырады. Бала өзін шектейді, ұрысқа дайын тұрады, сенімсіздік танытып, жалғыздыққа қарай мойынсынады. Ер балада жағымсыздық ерте және ашық байқалады, ал қыз балада 14-15 жаста көрінеді. Осы ретте Л.С.Выготский мінез-құлықты үш нұсқада қарастырған.
Бірінші нұсқасы- жеткіншекте жағымсыздық барлық жағынан ашық байқалады. Оның мерзімі бір-екі аптадан, бірнеше айға дейін созылу мүмкін, бұл құбылыс 20 пайызға жуық жеткіншекте көрінеді. Екінші нұсқада балада күшті жағымсыздық байқалады. Ол қоршаған ортаның ұнамсыз құбылысынан : отбасындағы қақтығыс, үлкендер жағынан қысым көрсетілуі, қолайсыз жағдай негізінде туындайды, оған 60 пайыз жеткіншектер жатады. Ал үшінші жағдайда жағымсыздық жағдай жалпы байқалмайды немесе жоқтың қасы. Ол 20 пайызға жуық жеткіншектер кездеседі.
Дағдарыс кезеңінде жеткіншектің сезгіштігі артады, ол қақтығысты, жоғалтуды, жағымсыз, психологиялық соққы деңгейін меңгереді. Созылмалы сипатта маңызды орында екі топ факторы алады: дұрыс тәрбие бермеу және қақтығыс жағдайлары. Екінші топтағы эмансипатция ( құқығын меңгеру) қақтығыс еркіндікке бағытталған, онда құрбы-құрдастары арасындағы топтасу, зорлап мұқтаждық көрсету, көшбасшылыққа таласу, жеткіншек негізінде өзін бүтін емес сезінуден (шын мәнінде немесе қияли түрде), өзіне қойған талаптың орындалмаудан пайда болады.
Жеткіншектердің агрессиялық мінез-құлықын зерттеген жұмыстар зерттеудің теориялық мәнділігін негізінде, оларға Н.Д.Левитов, Л.И.Божобич және поляк психологі М.Земскаяның отбасы ынтымағына әсер ететін жағымды және жағымсыз фаторларды бөліп қарастыруы қажет. Жағымды факторлар: топтың қорғану қажеттілігінің эмоционалды тыныштықты қанағаттануы; тұлға аралық қатнаста жағымды-жағымсыз жақтардың тепе-тең таразыға түсірілу : жалпы идеялары мен қызығушылығы: ахуалдың әділдігі мен тепе-теңдігі: жалпы әрекеті: барлық құндылықтар бағыты отбасы мүшелеріне бірден бөлінуі: эмоционалды қажеттілігін қанағаттандыру. Жағымсыз жақтары: эгоцентризмнің көрінуі; қызғаншақтық пен бәсекелестік; қанағаттанбау сезімі; топқа немесе көшбасшыға талаптың күшейтілуі. Біздің елімізде әлеуметтік психологиялық отбасы мәселесін шағын топ ретінде қарап, айналысқанына аз уақыт болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   73




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет