Дәріс мәтіндері 1- тақырып. Қазақ тілін деңгейлік оқыту әдістемесі: әдіснамалық негіздері Жоспары: Типтік оқу бағдарламасынан көшірме


- тақырып. Қазақ тілін деңгейлік оқытудағы интерактивтік әдістер



бет21/34
Дата28.09.2023
өлшемі167.11 Kb.
#479081
түріБағдарламасы
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   34
1 lektsiya kazak tilin ok tu adistemesi kurmanova a.k-1

8- тақырып. Қазақ тілін деңгейлік оқытудағы интерактивтік әдістер.
Жоспары:
Типтік оқу бағдарламасынан көшірме
Интеративті әдістер білім алушылардың түрлі топтық, жұптық, ұжымдық тапсырмаларды орындау барысындағы өзара әрекетін ұйымдастырудың тиімді жолы ретінде қолданылады.
Оқытудың интерактивті моделін қолдану өмірлік жағдаяттарды модельдеуді, рөлдік ойындарды пайдалануды, мәселені бірлесіп шешуді көздейді. Мұнда оқу үрдісінде белгілі бір тұлғаның немесе идея иесінің тілді білу деңгейі мен қабілетіне мән беріледі. Тіл үйренуші өз ұстанымы бар әрекет субъектісіне айналады.
Интерактивті оқыту кезінде білім алушының тілді меңгеру барысындағы ойлау жүйесіне, қоршаған ортаны қабылдау, пайымдау, талдау бағамына көңіл бөлінеді. Интерактивті әдістермен сабақ өткізу кезінде мұғалім тек кеңесші, серіктес рөлін атқарады. Мұғалім жаңа білім берумен бірге білім алушыларды өз беттерінше ізденуге жетелейді. Мұғалім белсенділігі тіл үйренушінің ойлау белсенділігімен алмастырылып, оның міндеті сөйлесім әрекетінің барлық түрлерін қамтамасыз ететін оңтайлы жағдай тудыру болып табылады.
Білім алушыларға қазақ тілін меңгерту бағытындағы ұйымдастырылатын жұмыс түрлері тіл үйренушілердің санына, оқыту мақсатына қарай үш топқа жіктеледі: дербес, топтық, ұжымдық. Ұжымдық жұмыстарда «Дөңгелек үстел» , ойталқы, пікір алмасу, іскерлік ойындар қамтылады. Топтық жұмыстар аясында рөлдік ойындар, ойкөкпар, пікірсайыс, тренинг ұйымдастырылады. Ал дербес орындалатын жұмыстар жүйесіне синектика, деңгейлік тапсырмалар, өздік жұмыстар, шығармашылық жұмыстар біріктіріледі.
Қазақ тілді емес мектептерде тілді деңгейлік оқыту аясында интерактивті әдістер білім алушылардың тілді үйренуін қамтамасыз етіп, олардың оқу мотивтерін, қажеттіктерін, қызығушылықтарын, құндылық бағдарларын қалыптастыруға мүмкіндік беретін мұндай әдістер сабақ сапасын арттырады. Бұл әдістер шығармашылық, проблемалық және жағдаяттық тапсырмалар, пікірталас түрлері, креативтік, іскерлік ойындар, синектика, «ойға шабуыл» және т.б. әрекеттік жұмыстар арқылы іске асырылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   34




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет