Дәріс тақырыбы: Зертханалық зерттеу әдістері: қан, нәжіс,қақырық, несеп,плевра сұйықтығы. Жоспар



бет2/23
Дата29.01.2022
өлшемі88.08 Kb.
#454937
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23
Зертханалық зерттеу әдістері!

Қанның түстік көрсеткіші.
Гемоглобин саны мен эритроцитгердің саны арасындағы қатынас
«түс көрсеткіш» деп аталады. Түс көрсеткіш 0,8 - 1,10 аралығында
ауытқиды, қалыпты жағдайда 0,98 - 0,99. Гиперхромия бірэритроцитте гемоглобиннің көп мөлшерде болуы. Гипохромия бір эритроцитте гемоглобин мөлшерінің төмендеуі. Түс көрсеткіштің 1,2 -1,3 жоғары болуы гиперхромды анемияда кездеседі. Мысалы; Аддисон Бирмер анемиясы мен Витамин В-12 тапшы анемиясында. Егер түс көрсеткіш 0,5 - 0,6 төмен болса гипохромды анемияда кездеседі. Мысалы; темір жетіспеушілігі анемиясында.

Лейкоциттер қанның ақ түйіршіктері, эритроциттенайырмашылығы оларда гемоглобин жоқ, бірақ ядросы бар қозғалғыш жасушалар. Лейкоциттер қалыпты жағдайда ер адамдарда 1 мкм қанда 4300-11300, әйелдерде 1 мкм қанда 3200-10200.



Лейкоциттер 2 топқа бөлінеді:

1.Цитоплазмасы түйіршікті лейкоциттер-гранулоциттер.
2.Цитоплазмасы түйіршіксіз лейкоцитгер-агранулоциттер.
Гранулоциттер бұлар - нейтрофильдер, эозинофильдер,базофильдер.
Агранулоциттер бұлар - моноциттер, лимфоциттер.

Нейтрофильдер. Нейтрофильдер 3 топқа бөлінеді; жас, таяқша тәрізді, сегмент тәрізді нейтрофильдер. Лейкоциттер организмде қорғаныс қызметін атқарады яғни фагоцитоз процесіне қатысады. Лейкоциттердің көбеюі - лейкоцитоз деп аталады, лейкоциттердің азаюы лейкопения деп аталады. Лейкоцитоз түрлі қабыну процесстерінде, инфекциялық процесстерде, іріңді ауруларда, еткір және созылмалы лейкоздарда,лимфосаркомаларда,лимфогранулематозда кездеседі. Лейкопения уланғанда, қан
ауруларында, бауыр циррозында, Аддисон - Бирмер анемиясында,
рентгенотерапия (сәулемен емдеу) нәтижесінде, қабынуға қарсы
стероидты емес дәрілер мен сульфаниламидті дәрілерқабылдағанда, іш сүзек, грипп, Боткин ауруы сияқты инфекциялық патологияларда байқалады.

Лейкоцит формаларының жалпы лейкоциттер санына


проценттік қатынасы лейкоцитарлық формула деп аталады.
Қалыпты жағдайда лейкоцитарлық формула төмендегідей:
Нейтрофильдер 65 - 75 процент, эозинофильдер 0,5 - 5 процент,
базофильдер 0 - 1 процент, лимфоциттер 19-37 процент, моноцит 3 -
11 процент. Нейтрофильдер қанда лейкоциттердің басым бөлігін
құрайтын ақ түйіршіктер, олардың 3 түрі бар; жас нейтрофильдер
0-1 процент, таяқша тәрізді нейтрофильдер 1 -6 процент, сегмент
тәрізді нейтрофильдер 47-72 процент. Нейтрофильдер өлшемі (көлемі ) 12 мкм, құрамында ферменттер; амилаза, трипсин,
оксидаза, пероксидаза, лейкопротеаза болатындықтаннейтрофильдер организмде зат алмасу процесіне қатысады және
қорғаныс қызметін атқарады. Нейтрофильдердің көбеюінейтрофилез деп аталады , ол қабыну процесстерінде әсіресе іріңді инфекцияларда байқалады. Инфекциялық процесстерде жас, таяқша тәрізді нейтрофильдердің көбеюі (нейтрофильдердің солға ығысуы) организмде қорғаныс реакциясының күшті екендігін көрсетеді. Нейтрофильдердің азаюы ауыр патология «агранулоцитозға» әкеледі.

Эозинофильдер. Эозинофильдер түйіршікті лейкоциттер,


қалыпты жағдайда 0,5-5 процент, өлшемі 12 - 15мкм.
Эозинофильдерде темір, гистамин, ферменттер бар, (оксидаза,
антигиалуронидаза, антигистамин, пероксидаза ) сондықтан,
эозинофильдердің көбеюі эозинофилез деп аталады, ол аллергиялық
ауруларда (бронх демікпесі), коллагеноз, гельминтоз,лимфогранулематоз және жедел жұқпалы ауру -скарлатинада байқалады. Эозинофильдердің азаюы эозинофилия деп аталады, ол іш сүзек ауруында, туберкулезде, висцеральді лейшманиозда кездеседі.

Базофильдер. Базофильдер түйіршікті , лейкоциттер, қалыпты мөлшері 0-1процент, өлшемі 8-10 мкм. Базофиль қанның ұюын кемейтетін, қабыну процесін тудыратын биологиялық белсенді зат бөлетіндіктен гепариннің пайда болуына, иммундық реакциялар мен қабыну және аллергиялық реакцияларға қатысады.



Базофильдердің көбеюі - базофилез деп аталады, ол созылмалы миелолейкозда, гипотиреозда, нефритте кездеседі. Базофильдердің азаюы - базофилия деп аталады, ол гипертиреоз, өткір лейкоз, бруцеллез ауруында кездеседі.

Лимфоциттер. Лимфоциттер түйіршіксіз лейкоцит, өлшемі 7-9 мкм,
қалыпты жағдайда 19-37 процент, лимфоцитерде ферменттерден
липаза, амилаза, нуклеаза және гамма глобулиндер бар екендігі
анықталған. Лимфоцит астың қорытылуына, иммунитет процесіне
қатысады. Лимфоциттердің көбеюі - лимфоцитоз деп аталады, ол
созылмалы лимфолейкоз, гипертиреоз, туберкулез ауруында байқалады.
Лимфоциттің азаюы - лимфоцитопения деп аталады, ол ісік процесінің
соңғы сатысында, қан аурулары лимфосаркома менлимфогранулематозда кездеседі.

Моноциттер.Моноцит түйіршіксіз лейкоцит, қалыпты жағдайда 3-11 процент, өлшемі 12 - 20 мкм, фагоцитоз процесіне қатысып, организмде қорғаныс қызметін атқарады.

Моноциттердің көбеюі - моноцитоз деп аталады, ол туберкулез, безгек ауруында, сепсистік эндокардитте, созылмалы сепсисте, инфекциялық мононуклеозда кездеседі. Моноциттің азаюы -моноцитопения деп аталады, ол іш сүзек ауруының ауыр формасында, сепсистің өте ауыр формасында кездеседі.

Тромбоциттер. Тромбоцит қан пластиналары, өлшемі (көлемі ) 2 -3,5 мкм, қалыпты жағдайда 1 мкл қанда мелшері 180000-320000 .Тромбоциттер қанның ұюына және тромбтың пайда болуына қатысады. Тромбоциттер мөлшері физиологиялық жағдайларда өзгеріске ұшырайды; мысалы - жүктілік кезеңде, етеккірден алдын, ас қорытылуда.

Тромбоциттердің көбеюі - тромбоцитоз деп аталады, ол қан жоғалтқанда, спленэктомиядан соң, қан ауруы эритремияда, қатерлі ісіктерде, ал тромбоциттердің азаюы - тромбоцитопения деп аталады, бұл Верльгофа ауруында, Аддисон Бирмер ауруында, өткір және созылмалы лейкозда, бензолмен уланғанда, инфекциялық ауруларда кездеседі.

Эритроциттердің тұну жылдамдығы. ЭТЖ-н анықтауда Панченкова аппараты қолданылады. Қалыпты жағдайда ЭТЖ (ЭШЖ ) 5-10 мм.сағ. Әйелдерде 3-15 мм.сағ, ер адамдарда 2-10 мм.саг. ЭТЖ көрсеткішіне қанның құрамындағы белок фракцияларының қатынасы әсер етеді. Қан құрамындағы белок фракцияларының өзгеруімен сипатталатын патологияларда ЭТЖ жоғары болады. ЭТЖ-ң жоғарылауы қабыну процесстерінде, инфекциялық ауруларда, ревматизмнің белсенді фазасында, туберкулез және бүйрек ауруында, әсіресе нефротикалық синдромда, миокард инфарктының 2-3 күнінде, миеломды ауруда, қатерлі ісіктерде байқалады. ЭТЖ баяулауы жүрек ауруларында, эритремияда (полицитемияда), азық түліктермен уланғанда және оба ауруында байқалады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет