Бірінші ретті реакциялардың жылдамдығы: (2)
Бірінші ретті реакция жылдамдығының теңдеуі арқылы бір молекулалық (мономолекулалық) реакциялардың, сол сияқты күрделі механизм бойынша жүретін кейбір реакциялардың, мысалы, фруктоза мен глюкоза молекулаларына ыдырайтын сахарозаның гидролиздену реакциясы жылдамдықтары өрнектеледі. Соңғы реакция екі молекулалық (бимолекулалық) болса да, онда су өте көп болғандықтан бұл реакцияның жылдамдығы тек сахароза концентрациясымен анықталады.
Екінші ретті реакция жылдамдығы: (3)
Жылдамдығы екінші ретті реакция теңдеуімен анықталатын реакциялар:
галогендердің сутекпен әрекеттесіп, галогенсутек түзуі; ацетосірке эфирінің сабындалуы; кез келген екі химиялық элементтің өзара әрекеттесуі, т. б.
H3CCOOH+C2H5OH→CH3COOC2H5+H2O
Үшінші ретті реакция жылдамдығы: (4)
Мысалы, азот (II) оксидінің тотығу реакциясы үшінші ретті реакция болады:
2NO+O2→2NO2
Нөлдік, бірінші, екінші, үшінші және одан да жоғарғы ретті реакцияларға арналған концентрацияның уақытқа байланысын көрсету үшінС = С0 және t=0 шартындағы бұл реакциялардың дифференциалды түрдегі жылдамдығын интегралдау қажет.
Нөлдік ретті реакция теңдеуді интегралдасақ:
C0C=k·t (5а) Бұдан әрекеттесетін зат концентрациясы уақыт өткен сайын түзу сызықты байланыс бойынша кемитіні көрінеді. Мұндағы константа өлшемі жылдамдық өлшемімен бірдей. Теңдеуіне С = С0/2мәнін қойып, жартылай әрекеттескен зат мөлшері арқылы, оған кеткен жартылай уақытты (τ1/2 ) табады.
(5b)
теңдеуді интегралдасақ:
(6а) Бұдан жылдамдық константасының уақытқа кері тәуелділікте, ал концентрацияға тәуелсіз екені көрінеді. Теңдеуге С=С0/2 мәнін қойып, осы өзгеріске кеткен жартылай уақытты табатын теңдеуді аламыз:
(6b) Бұдан жартылай түрленуге кеткен уақыттың реагент концентрациясынан тәуелсіздігі көрінеді.