Дәріс тезистері № апта Дәріс тақырыбы және тезистер Сағат көлемі 1 №1-дәріс. Тақырыбы: Психология ғылымының жалпы мәселелері



бет10/51
Дата12.11.2022
өлшемі0.79 Mb.
#464642
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   51
Дәрістер тезистері

Полимотивация феноменi. Бұл ұғым негiзiнде адам жүрiс-тұрысындағы бiрнеше қажеттiлiктердiң анықтау тенденциясы жатыр. Л.И Божович пiкiрiнше, түрлi обьектiге бiр ғана қажеттiлiк емес, сол обьектiге әртүрлi өзара әрекеттесушi, шиеленiсушi көп жағдайда бiр-бiрiне қарама-қарсы қажеттiлiктердi; мұғалiмнiң қостауына, өзiндiк бағалауының жоғарылауына, жолдастарының назарына iлiгу, болашақ жұмысында творчестволық жоғары жетiстiкке жету нақтылы iске асыра алады.
Полимотивация түрлерi: Жүрiс-тұрысты анықтайтын түрлi талаптану күштерiнiң өзара әрекеттестiгi мен жиынтығы бiрқатар түрлер мен формаларға бөлiнiп кетедi. Белсендiлiктiң полимотивациясы кем дегенде екi түрлi жағдайды қамтиды. Бiрiншiден, нәтижесiнде тiркелген тұрақты полимотивациялық және поливаленттi қажеттiлiктердiң онтогентикалық орталықтандырылуы және олардың негiзiнде тiкелей дамитын жаңа мотивациялық құрылымындағы мотвациялық қатынас болады. (В.С.Магул). Екiншi, нақты ситуациялық жағдайда адамның бiр мезгiлдiк өзара әрекеттесуiнен немесе қарама-қарсы қажеттiлiктердi бастан кешiруi немесе оларды бiрден-бiр мәмiлеге келтiруде қалыптасатын полимотивация.
Сонымен, мотивация–бұл iс-әрекеттiң бiрнеше түрлерiнде жүзеге асатын, адамның қажеттiлiктерiн анықтайтын мотивтердiң жиынтығы ретiнде қарастырылатын күрделi психологиялық құбылыс. Адамның iс-әрекетiнiң әрбiр түрi көп мағыналы мотивтерден тұрады. Мотивтердiң пайда болуы, өзара қатынасқа түсуi, құрылымдық деңгейi нақты адамның түлғалық ерекшелiктерiне және iс-әрекеттiң өзiндiк ерекшелiгiне байланысты болады.
Мотивтi адамның белсендiлiгiнiң себептерi ретiнде түсiндiрудiң алғашқы талпыныстары антикалық дәуiрден басталады. Аристотель өзiнiң “Жан туралы” трактатында жан функцияларының iшiнен “бiр нәрсеге” деген немесе “бiр нәрседен” адамның ұмтылысын бөлiп көрсетедi. Платон мотивтердiң шиеленiсiн жанның ақылды бөлiгi мен ашкөз бөлiгi арасындағы күрес ретiнде қарастырады.
Мотивация туралы теориялар ежелгi грек философтары мен теологтары iлiмдерiндегi рационализм және ирррационализм бағыттарымен бiрге дамыды. ХIХ ғасырдың ортасына дейiн ықпалы басым болған рационалистiк позициясы бойынша, адам жануарларға еш қатысы жоқ ерекше жаратылыс ретiнде қарастырылды. Тек адам ғана сана, ақыл-ой, ерiк-жiгерге ие бола алады. Бұл бағыт бойынша мотивацияның қозғаушы күшi- адамның ақыл-ойы мен санасы және еркiмен байланысты. Иррационализм негiзiнен жануарлар әлемi туралы iлiм болды. Мұнда жануардың адамнан ерекшелiгi оның жүрiс -тұрысы ерiксiз, санасыз, биологиялық жоспарда жүзеге асып, органикалық қажеттiлiктерге сүйенедi.
Мотивация туралы психологиялық теориялардың дамуында ХVII-ХVIII ғасырда жоғарыдағы аталған идеялар (рационалистiк, иррационалистiк) негiзiнде құрылған екi теорияның маңызы зор болды.
Бiрiншi, адам iс-әрекетi мен жүрiс-тұрысын рационалистiк тұрғыда түсiндiрушi “Шешiм қабылдау” теориясы-экономика саласына математикалық бiлiмдердiң енгiзiлуiне байланысты адамның экономикалық жүрiс- тұрыстық шешiм қабылдауы. Кейiннен, бұл адам iс-әрекетiнiң барлық сферасына қатыстырылды.
Екiншiсi- адам iс-әрекетi мен жүрiс-тұрысын иррационалдық тұрғыда түсiндiрушi “Автоматизм” теориясы- осы ғасырдағы механика жетiстiктерi нәтижесiнде пайда болып, кейiннен тiрi организмнiң сыртқы әсерге тума, автоматты, механикалық жауабын қарастыратын рефлекс идеясымен жалғасты. Бұл теориялардың бiрi-адам, екiншiсi-жануар жүрiс-тұрысын түсiндiруге бағытталған, бiр-бiрiне тәуелсiз, жеке және философиялық iлiмдердiң екi үлкен лагерiне негiзделген, жеке адамның мотивациясының қозғаушы күшi туралы бұл теориялар ХIХ ғ. аяғына дейiн өмiр сүрдi.
З.Фрейд бойынша, мотивация биоэнергетика емес, психоэнергетиканы көрсетедi, бұл жүрiс-тұрыстың психикалық себептiлiгiн бейнелейтiн оның динамикалық сипаттамасы. Ол құрастырған мотивацияның бастапқы 3 компонентi бар: “Мен”- жеке адамның өзiндiк санасы. “Оно”- санадан тыс құмарлық. “Жоғарғы-Мен” өмiр әрекетi барысында жеке адам санадан тыс игерген моральдық стандарттары, тыйымдары, ынталандырулары. Жеке адамның бағыттанған белсендiлiгi болып жоғарыда аталған компоненттердiң арасындағы қарама- қайшылықтардың нәтижесi табылады.
Мотивация механизмдерiн зерттеу бихевиористiк мектепте орталық орын алған. Мотивация мазмұнын анықтау үшiн бихевиоризм iлiмiнде “драйв” деген арнайы түсiнiк енгiзiледi, яғни ол- адамды немесе жануарды белсендi болуға мәжбүр ететiн стимул немесе қозғаушы. Өзiнiң психологиялық мазмұны бойынша, инстинкт түсiнiгiмен сай келедi.
Мотивациялық теориялардың дамуының келесi күрделi кезеңi- ХХғ. 30-шы жылдарынан басталды. Бұл тек адам мотивациясының қозғаушы күшiн түсiндiруге бағытталған мотивацияның арнайы психологиялық теориялары. Бұл сол кездегi психология ғылымындағы негiзгi психологиялық бағыттар немесе мектептердiң ғылыми зерттеу жұмыстарымен тiкелей байланыста дамыды.
К.Левин мотивация динамикасын алғаш индивидуалды жүрiс-тұрыста, кейiннен коллективтi жүрiс-тұрыста қарастырды. Өз теориясындағы “өрiс” ұғымын “психологиялық кеңiстiк” ұғымымен сәйкестендiрдi. К.Левин концепциясы бойынша; адам жүрiс-тұрысының негiзгi қозғаушы күшi өмiрлiк психологиялық кеңiстiктегi адамдардың мотивтерiнiң iшкi шиеленiсi. К.Левин және Э.Толмен көзқарастары негiзiнде жүрiс-тұрыс екi өзгермелiден: а) бiр нәрсенi күту; б) мотивтерге айналатын құндылықтар ретiнде қарастырылады.
Психологиядағы мотивацияға байланысты күрделi теориялардың бiрi- американдық психологтар Д.Макклелланд, Д. Аткинсон және немiс психологы Хекхаузен ұсынған iс-әрекет түрлерiндегi “Табысқа жету мотивi”. И.Аткинсон және К.Берчтiң- ңаисторическая и афизиологическаяң мотивациялық теориялары.
Үшiншi күші ретiнде танылған жеке тұлғаны зерттеудiң тағы бiр бағыты -ңөркендеу теориясың деп аталады. Бұл теорияны гуманистiк психология өкiлдерi А.Маслоу, К.Роджерс және К.Голдштейн ұсынды. Өркендеу теориясы адамның жетiлуге талпынуын, өз мүмкiндiгiн жүзеге асырылуын белгiледi.
А.Маслоу концепциясы бойынша, әрбiр адамда өмiрге келген сәттен бастап, белгiлi бiр қажеттiлiктер жүйесi бiрге дамып отырады. Олар өзара иерархиялық деңгейлерге бөлiнiп орналасқан. Қажеттiлiктердiң деңгейi неғұрлым төмендеген сайын оның адам өмiр сүруi үшiн маңызы күрделiленiп, адам жүрiс-тұрысының қозғаушы күшi ретiндегi маңызы артады. Осы төменгi деңгейдегi қажеттiлiктер өтелген кезде ғана одан жоғары орналасқан қажеттiлiктерi бой көрсете бастайды.

  • Физиологиялық қажеттiлiктер; (тамақ, демалу, шөл, жыныстық қатынас)

  • Қауiпсiздiк қажеттiлiктерi;(өзiн, сәтсiздiк, қорқыныш жағдайларынан қауiпсiз сезiну, өз-өзiн қорғау қажеттiлiгi),

  • Сүйiспеншiлiк және өзiн қабылдау қажеттiлiгi; (өзiнiң белгiлi бiр ортада қабылдануы, танылуы, ұнатуы сезiмдерiне бөлену қажеттiлiгi),

  • Өзiн құрмет тұтуға қажеттiлiк (өзiнiң қажеттiлiгiн сезiну, бiлiктiлiк, табысқа жету, құптау, жетiстiгiн мойындату).

  • Өзiн жүзеге асыруға немесе жетiлдiруге қажеттiлiк; (өз мақсатын, қабiлеттерiн жүзеге асыру, жеке тұлғасын дамыту).

Бұл теория бойынша, ең маңыздысы- өз-өзiн актуализациялауға деген қажеттiлiк. Қажеттiлiктердiң иерархиялық жүйесi бастапқы мотивацияның -өзiн-өзi актуализациялауды жүзеге асыруға бағытталған. Өзiн-өзi актуализациялау олар арқылы адамның даралылығының қалыптасуы үшiн бастапқы мотивациялық негiз ретiнде анықталады. Өзiн-өзi актуализациялаудағы қажеттiлiк негiзiнде, адамда белгiлi бiр жеке адамдық қасиеттердiң жиынтығын дамытуға мүмкiндiк беретiн мотивацияның ерекше типi қалыптасады. Жүрiс-тұрыс қажеттiлiктер мен қабiлеттерге тәуелдi және iшкi, сыртқы мотивтер арқылы анықталады.
ХХғ. 2-шi жартысында адам жүрiс-тұрысының мотивациясын түсiндiруде “әлеуметтiк қажеттiлiктер” мен “гуманистiк” теорияларының маңызы зор болды. Оның өкiлдерi Д.Аткинсон, Ю.Роттер, Г.Хекхаузен, Г.Маррей Г.Келли, А.Маслоу т.б. мотивация сферасының жан-жақты феномендерiн қарастырғанымен олардың келген тұжырымдары мен жасаған қорытындыларының бәрiне бiрдей ортақ жақтары бар. Олар:

  • Адам және жануар жүрiс-тұрысын бiрдей түсiндiретiн бiртұтас, әмбебап мотивациялық теория жасау мүмкiн еместiгiн мойындау;

  • Адамның мотивациялық қозғаушы күшi тек iшкi шиеленiсу деңгейiмен сипатталмайтындығына сендiру;

  • Адам мотивациясының қозғаушы күшi оның белсендiлiк принципiнiң негiзiнде адам психологиясына байланысты екенiн бекiту;

  • Адам жүрiс-тұрысының сана арқылы реттелiп отыратындығы;

  • Адам мотивациясына ғана тән ерекшелiктердi (әлеуметтiк қажеттiлiктер, мотив, өмiрлiк мақсат, танымдық фактор) бөлiп шығару;

  • Адамның мотивациялық сферасын зерттеу үшiн жануарлардың жүрiс-тұрысын зерттеуде қолданылатын әдiстердi терiске шығару;

  • Адам мотивациясын зерттеуге арналған әдiстердi iздеу және оны санамен, тiлмен байланыстыра отырып жүргiзу.

Мотивацияның адам жүрiс-тұрысын түсiндiрудегi жаңа психологиялық концепциялары арасында адам бiлiмi мен санасына ерекше маңызды орын беретiн мотивацияның когнитивтi теориялары жоғары орын алады. Iс-әрекетке ынта адамдарда тек эмоцияның әсерiнен ғана емес, сонымен бiрге танымның ықпалымен де пайда болуы мүмкiн.
Осы кезде дүниеге келген қазiргi кезге дейiн адам жүрiс-тұрысын түсiндiруде көп қолданылатын теориялардың бiрi-“Мотивацияның когнитивтi “ теориясы. Бұл теория бойынша, негiзгi мәселе адам санасы мен бiлiмiне, оның танымымен байланысты феномендерге тiкелей байланысты болып саналады.
А.Н.Леонтьевтiң “Адам мотивациясының iс-әрекеттiк тегi” теориясының маңызы зор. Бұл теория адамның мотивациялық сферасының өзгеру динамикасы мен шығу тегiн түсiндiруге бағытталған. А.Н.Леонтьев теориясы бойынша, адамның мотивациялық сферасы оның басқа да психологиялық ерекшелiктерi сияқты өзiнiң практикалық iс-әрекетiнен басталады. Адам жүрiс-тұрысының қозғаушы күшi осы iс-әрекет барысында жүзеге асатын қажеттiлiктерiмен сипатталады. Бұл теория бойынша, iс-әрекет құрылымы мен адамның мотивациялық сферасы изоморфизм қатынасына, яғни өзара сәйкестiлiкке негiзделедi. Адамның мотивациялық сферасында болатын динамикалық өзгерiстер өз кезегiнде қоғамның объективтi заңдарына бағынатын iс-әрекет жүйесiнiң даму бағытына байланысты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   51




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет