Дәрістер мазмұны 1-дәріс. «Педагогикалық зерттеулердің әдістері»



бет72/127
Дата04.10.2023
өлшемі1.69 Mb.
#479729
түріДиплом
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   127
Дәрістер мазмұны

Артығымен тестілеу.
Артығымен тестілеу (Избыточное тестирование; redundancy) — күрделірек тестіні пайдаланып қайта тестілеу.
Бета-тестілеу.
Бета-тестілеу (Бета-тестирование; (3- testing) — программалық өнімді келешек өзгертулерге тегін таратып, нақтылы тапсырмалармен тестілеу. Табылған қателер мен ескертулер жайлы программалаушыға хабарлайды.
Кездейсоқ тестілеу.
Кездейсоқ тестілеу (Стохастическое тестирование; stochastic testing) — құрылғыларды, программа]арды жөне жүйелерді кездейсоқ мөндерді тест ретінде қолдану арқылы тестілеу. Берілген мөліметтердің барлық мүмкін комбинацияларьін шолып шығу қиын болған жағдайларда күрделі жүйелерді тестілеу.
Құрылымдық тестілеу.
Құрылымдық тестілеу (Структурное тестирование) — программаның ішкі құрылымын зерттеу арқылы тестілеу.
Қызметтік тестілеу.
Қызметтік тестілеу (Функциональное тестирование) — программаның ішкі құрылымы қарастырылмастан, функционалдық мүмкіндіктерін тестілеу.
Өрлемелі тестілеу.
Өрлемелі тестілеу (Восходящее тестирование; ascending testing) — программалық өнім төменнен жоғары тексеріліп жинастырылатын программаны тестілеу әдісі. Мұнда алдымен төменгі модульдер жеке-жеке тексеріліп, олардың интерфейстеріодан жоғарырақ деңгейдегі модульдермен бақыланады, сонан соң осы деңгейдің модульдері тексеріледі және т.б. 
Тестілеу әдісі көптеген дамыған елдерде қазіргі білімнің ажырамас бөлігіне айналған жастардың дайындық деңгейін және жалпы білім сапасын болжаудың тиімді құралы ретінде пайдаланылады.
«Педагогикалық тест» деп белгілі мазмұны бар, ерекше формадағы тапсырмалардың жүйесін атайды. Тест сынаққа түскендердің бір пән бойынша білімінің құрамы мен құрылымын анықтайды. Басқа сынақ жұмыстарымен салыстырғанда, тесттің артықшылығы — оның объективті, сенімді, көп варианттылығы болып табылады. Тесттің міндетті түрде бірнеше варианты болуы керек. Бұл тексеру кезіндегі тиімділікті арттырады, өйткені мұнша тапсырманың барлығын жаттап алу, есте ұстау немесе көшіріп алу мүмкін емес. Тест тапсырмалары тек бақылау ретінде емес, оқушыларды үйрету, машықтандыру үшін де тиімді. Педагогикалық тест арқылы әрбір оқушының білім деңгейін нақты және тез анықтауға болады. Педагогикалық тест нәтижелі болу үшін оның қорытындысын міндетті түрде статистикалық өңдеуден өткізу керек.
Педагогикалық тестіні құрастыру күрделі іс саналады, бірақ мектеп мұғалімі тест тапсырмаларының кешенін жасай алады. Ал, тест тапсырмалары сабақ барысында оқушылардың білімін тексерудің қатаң формасын машықтандырады.
Жалпы педагогикада тестік бақылау бір-бірімен тығыз байланысты 3 қызметті орындайды: диагностикалық, оқыту және тәрбиелік.
Диагностикалық қызмет бұл тестілеудің ең негізгі және ең айқын атқаратын қызметі, оқушының білім деңгейін, пән бойынша тақырыпты қалай меңгергенін анықтайды. Сонымен қатар, оқушының білім, білік дағдыларының деңгейін анықтау. Диагностиканың объективтілігі, ауқымы және жылдамдығы бойынша, тестілеу педагогикалық бақылаудың барлық қалған үлгілерінен асып түседі. Объективтілігі жағынан тест педагогикада үлкен орын алады.
Оқыту қызметі оқушылардың оқу материалдарын меңгеруге деген белсенділігін арттыру. Оқыту функциясының ролін арттыру үшін қосымша сұрақтар қайталауға арналған, өз бетімен оқуға арналған тақырыптарды, ұқсас тесттердің, орындалған тесттің қорытындысын талдау.
Тәрбиелеу қызметі оқушылардың есте сақтау, қайталау, белгілі уақытта тапсырманы орындап үлгеру қасиеттерін тәрбиелейді. Тестті талдау кезінде оқушы өз біліміне сын көзбен қарауға үйренеді, білімдерінде кемшіліктерді анықтап, жоюға көмектеседі, өз қабілеттерін дамытуға тырысуды қалыптастырады.
Білімді бағалаудың басқа түрлеріндей тестік бақылаудың артықшылығы да, кемшілігі де болады. Тестілеудің артықшылықтары:
Тестілеу барынша сапалы және объективті бағалау әдісі болып табылады, өткізілуі стандартты түрде, жалпы білім тексеріледі. Оның объективтілігі – тестілеу үрдісінің стандартизациялау және тапсырмалардың жалпы тестердің сапасын көрсету жолымен жүзеге асады.
Тестілеу – барынша әділ әдіс саналады, себебі тестілеу кезінде, әсіресе бақылау және бағалау үрдісінде барлық оқушылардың жағдайы бірдей болады да, мұғалімнің субъективтілігіне жол берілмейді.
Тесттер – барынша әмбебап, себебі тестілеуде курстың барлық тақырыптары бойынша тапсырмалар берілуі мүмкін, ал ауызша емтиханда 2-4 тақырып қана алынатын болса, жазбаша емтиханда 3-5 тақырып қарастырылады. Осылайша, тестілеу арқылы оқушының курстың барлық тақырыптарын қалай меңгергенің байқауға болады. Тестілеу арқылы оқушының жалпы пәнді немесе бөлек тақырыптарды қалай меңгергенің анықтауға болады. Тест барынша нақты құрал болып табылады, мысалы 20 сұрақтан тұратын тестің бағалау көрсеткіші 20 бөлімшеден тұрады, ал біз қолданатын бағалау көрсеткіші тек қана 4 ғана.
Ол уақытты тиімді қолдануға, үлкен көлемді мазмұнды қамтуға, оқушылармен тез екіжақты байланыс орнатуға, материалды игеру нәтижесін анықтауға, жіберілген қателерді түзетуде назар бөлуге және қажетті түзетулер енгізуге көмектеседі. Тест түрінде бақылау топтың оқушыларын бір уақытта тексеруге мүмкіндік береді және тәртіпке келтіреді. Экономикалық жағынан тиімді (тексеретін адамдар саны, уақыты).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   127




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет