Дипломдық жұмысты (жобаны) дайындау бойынша тапсырма мамандығы 5В 100100 «Өрт қауіпсіздігі»



бет8/8
Дата13.06.2016
өлшемі0.95 Mb.
#131179
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8

Диплом жоба бойынша қорытынды

Берілген дипломдық жобада мен Қызылорда қаласындағы орталық мешіт ғимаратының автоматты өртке қарсы қорғанысын қарастырдым. Автоматты өрт сөндіру дабылдамасының сараптамасы өткізілді. Белгілі бір үй-жайларды қорғау үшін жұқа шашылған сумен автоматты өрт сөндіру қондырғысы типті өрт сөндіру автоматикасы ұсынылды.

Қорғалатын объектінің өрт қауіпсіздігі анализі жасалды. Үй-жайдың өрт қаупі мен микроклиматына, өрт сөндіру затының түрі мен сөндіру тәсілін таңдауға қарап, жұқа шашылған сумен өрт сөндіретін спринклерлі қондырғыны пайдалануды ұсындым.

ТРВ жүйелерінің негізгі артықшылықтары. Жоғарыдағы аталғаннан дәстүрлі өртті сумен сөндіру жүйелерімен салыстырғанда ТРВ жүйелерінің негізгі артықшылықтарын тұжырымдайық:

1. Өрт сөндірудің анағұрлым жоғары меншікті тиімділігі, сол себепті соғұрлым қажетті ОТВ-ның төмен меншікті көлемі. Сөйтіп п.4.4 НПБ 88-01 [1] тиіс, 2 кат. үй-жай үшін әдеттегі спринклерлік қондырғылар үшін меншікті су шығыны 432 л/ш.м, «Аквамастер» типті қондырғылар үшін 144 л/ш.м (суландыру қарқындылығы 3есе кем) құрайды. Сонымен бірге төмен қысымды ТРВ үшін меншікті су шығыны 1 л/ш.м аспайды. Сол себепті ТРВ пайдалану қорғалатын үй-жайда орналасқан материалдық құндылықтардың анағұрлым төмен екінші мәрте зақымдануына әкеледі.

2. ТРВ (әсіресе газ-сұйықтықты жүйелер) «су тұманы» кезінде тұрақтылықтан және жеткізудің конвекциялық механизмін жүзеге асырудан шығатын ұзартылған өрт сөндіру белсенділік әсеріне ие. Сол себепті бықсып жану үрдістері тән (қағаз, басқа да целлюлозалы материалдар, резеңке және т.б.) өрт жүктемесін сөндіру кезінде ТРВ қолдану ерекше тиімді.

3. ТРВ жүйесі іске қосылғаннан кейін жеңіл қалпына келтіріледі. Жүйені жұмыс жағдайына келтіру үшін модульдерге қосымшалары қосылған қажетті су көлемін құю және сумен қоректендіргіштің бос газды баллондарын толы баллондарға ауыстыру жеткілікті. Қалпына келтіру операциясы жүйе элементтерін бөлшектеуді қажет етпейді және қажетті қор болса, санаулы сағаттарда орындалады.

Қосымшалар туралы. ТРВ-да су ешқашан дерлік таза түрде қолданылмайды. Газды-сұйықтықты жүйелер туралы айтатын болсақ, оларда қосымшалар әрқашан болады. Қосымшалардың мақсаты әр түрлі.

Тұрақтандырғыш қосымшалар. Бұл қосымшалар тұрақты газды-сұйықтықты қоспаны қалыптастыру үшін қызмет етеді, соның арқасында «су тұманы» әсері пайда болады.Әдетте бұл әр түрлі беттік-активті заттар.

Коррозияға қарсы қосымшалар. Бұл қосымшалардың мақсаты ОТВ ұзақ уақыт сақталатын модульдің ішкі қабырғаларының коррозиясын болдырмау. Әдетте поташ, калий бихроматы және т.б. қолданылады.

Көбіне пайдалану шарттары бойынша ТРВ қондырғылары төмен температура жағдайында болуы және қолданылуы керек. Бұл жағдайларда ТРВ жұмыс қабілеттілігін сақтау мақсатында дәстүрлі антифриздер пайдаланылады. (этиленгликоль және т.б.)

Сөйтіп бір сағатта ауданы 50 ш.м үй-жайға 21600 кг су құйылу қажет болатын спринклерлі жүйелерді қолдану көпшілік қорғалатын объектілер (қонақ үйлер, кеңсе бөлмелері, электронды техника, азық-түлік, медпрепараттар сақталатын қоймалар) үшін өрттің өзіне қарағанда анағұрлым көп зардапқа әкеп соғады. Және де залал қаупін бағалайтын болсақ, оны қорғалатын объекті астында орналасқан қабаттар санына көбейту керек. Қымбат техниканы (жер асты көлік тұрақтары) немесе электркоммуникацияларды (кабельді каналдар) сөндіру үшін ұнтақты және аэрозольді өрт сөндіру жүйелерін пайдалану осы ОТВ-ның жоғары химиялық белсендігі әсерінен мүлдем кенеттен апатқа айналуы мүмкін болатын жасырын зақымдануларға әкеледі.

Бұлай қарастырғанда ТРВ дерлік мінсіз жүйе болып табылады. Өрт сөндіру тиімділі жоғары бола тұрып, ТРВ пайдалану салдарының факторлары ең төмен болып табылады. Одан басқа ТРВ модульдік жүйелері автономиялы, электр тоғын жалғауды да, қосымша су сұйыққоймаларын да қажет етпейді. ТРВ адам үшін іс жүзінде залалсыз болуы да маңызды фактор болып табылады. Мұның барлығы осы қондырғыларды қолдану үшін кең өрісті керек қылады. ТРВ-ға бәсекелестігі жоқ кейбір пайдалану салаларын атап айтайық.

1. Тұрғын үй-жайлар (қонақ үйлер, жатақханалар, жеке үйлер). Басқа ешбір жүйе ТРВ сияқты сондай жоғары тиімділікті және интерьерді қоса алғандағы материалдық құндылықтардың сондай жоғары сақталушылығын қамтамасыз ете алмайды.

2. Көпшілік үй-жайлары (театрлар, кинотеатрлар, стадиондар, мейрамханалар). Өртті сөндірумен қатар мұнда көп адаммен жұмыс жасайтынымызды есте сақтау керек. ТРВ адамдар үшін дерлік залалсыз. Қымбат декорациялар, аппаратура және интерьерлер де зиян шекпейді.

3. Мәдениет объектілері (мұражайлар, сурет галереялары, кітапханалар). Бұл жағдайда ОТВ пайдаланудың екінші мәрте факторларынан келетін шығындар тым көп болуы мүмкін. Сондықтан мәдениет объектілерінде газды және ТРВ-дан басқа өрт сөндіру жүйелерін қолдануға тыйым салынған.

4. Мұрағаттар. Көпшілік мұрағат құжаттары қағаз тасымалдаушыда орындалған. Шамадан артық ылғал олардың елеулі бүлінуіне әкелуі мүмкін. Ерекше маңызды құжаттар үшін мінсіз өрт сөндіру жүйесі – газбен сөндіру болып табылады. Бірақ бұл жағдайда бықсып жану нәтижесінде қайта тұтану қаупі төнуі мүмкін. Сондықтан газ - ТРВ біріктірілген жүйесін пайдаланған жөн. Мұнда қайта тұтану қаупі төнгенде ТРВ қолмен іске қосылады. Маңыздылығы азырақ құжаттар үшін тек қана ТРВ қолдануға болады. Бұл жағдайда құжаттарды зақымдау қаупі туса да, жіберілетін судың болмашы мөлшеріне байланысты өте аз болады.

5. Жер асты көлік тұрақтары. ТРВ бұл типті объектілерді сөндіруде өзін өте жақсы көрсетті. Сонымен бірге ТРВ қондырғысының жұмыс аймағына түскен автокөліктер мен адамдар аман-есен қалады.

6. Көлік объектілері. ТРВ – көлік құралдарының барлық түрлері үшін: теміржол, автокөлік, судағы және әуе көліктері үшін тамаша өрт сөндіру құралы. Ең алдымен, айта кететіні ТРВ жүйелерінің автономиялығы мен төмен материал сыйымдылығы. Мұның барлығы сөндірудің жоғары тиімділігі және адам мен материалды құндылықтар үшін қауіпсіздігімен үйлеседі. ТРВ қазіргі кезде метрополитеннің (Лондон, Мадрид, Киев, Харьков)қозғалмалы құрамын қорғау үшін; жүргінші кемелерді қорғау үшін кеңінен қолданылады, алыс қашықтыққа баратын автобустар мен теміржол пойыздарын қорғау үшін бағдарлама жасау жүріп жатыр.

Мұның барлығы ТРВ жүйесін тиімді қолдануға болатын объектілер түрлерінің толық тізімдемесі емес. Бірақ көрсетілген мысалдар да ТРВ едәуір әмбебап және өте перспективалы өрт сөндіру тәсілі екенін сенімді дәлелдейді.



Қолданылған әдебиеттер тізімі





  1. Бубырь Н.Ф., Бабуров В.П., Мангасаров В.И. Пожарная автоматика. М., Стройиздат, 1984 ж.

  2. Бубырь Н.Ф., Воробьев Р.П., Быстров Ю.В., Зуйков В.М. Эксплуатация установок пожарной автоматики. М., Стройиздат,1986 ж.

  3. Сборник правил по пожарной автоматике в 2-бөлім. М., Стройиздат, 1988 ж.

  4. ҚР ҚНжЕ 2..02-15-1003. Ғимараттар мен имараттардың өрт автоматикасы.

  5. Бубырь Н.Ф., Бабуров В.П. Производственная и пожарная автоматика. 2-бөлім. , ВИПТШ МВД СССР 1986 ж.

  6. С.В. Собурь Справочник «Установки пожаротушения автоматические М., Спецтехника 2001 ж.

  7. ҚР ІІМ ТЖК КТИ тыңдаушыларына арналған дипломдық жобаны әзірлеу бойынша әдістемелік нұсқаулық.

  8. Экономика противопожарной защиты. Аболенцев Ю.И. М. «ВИПТШ» МВД СССР 1985 ж.

  9. ҚР ҚН 2.02.11-2002 «Бөлмелерді, ғимараттар мен имараттарды автоматты өрт дабылдағыштарымен, автоматты өрт сөндіру қондырғыларымен және адамдарға хабарлау қондырғыларымен жабдықтау нормалары».

  10. Гидравлика и противопожарное водоснабжение. Кошмаров Ю.А. М. 1986 ж.

  11. «Бөлмелерді, ғимараттар мен имараттарды автоматты өрт дабылдағыштарымен, автоматты өрт сөндіру қондырғыларымен және адамдарға хабарлау қондырғыларымен жабдықтау талаптары» Техникалық регламентін бекіту туралы 2008 жылдың 29 тамызындағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің №796 Үкімі.

  12. С.В. Собурь Справочник «Установки пожаротушения автоматического М., Спецтехника 2001 ж.-399 бет.

  13. Справочник. Пожаро-взрывоопасность веществ и материалов и средства их тушения. Под редакцией А.Н. Баратова и А.Я. Корольченко. М. «Химия», 1990 ж.

  14. «Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар» техникалық регламенті, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 16 қаңтардағы 2009 жылғы № 14 Қаулысымен бекітілген.

  15. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 9 қазандағы № 1077 қаулысы «Өрт қауiпсiздiгi қағидалары».







Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет