Дипломдық жұмысты (жобаны) орындау бойынша студенттер үшін мамандығы/БбБ 5В012800(6В01507)- физика-Информатика


Дипломдық жұмыс тақырыбын таңдау және бекіту, жоспар құру, әдебиетті таңдау



бет5/27
Дата03.01.2022
өлшемі0.51 Mb.
#450258
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27
МУ ДР ФИ 30.12

1.2.3 Дипломдық жұмыс тақырыбын таңдау және бекіту, жоспар құру, әдебиетті таңдау
Диплом жұмыстарының тақырыптарын анықтағанда, өндіріс, ғылым және мәдениеттің мәселелері мен шынайы міндеттерін, заманауи дамудың таңдаулы тенденцияларын есепке алу ұсынылады.

Диплом жұмысының тақырыптары математикалық мамандықтарға және педагог мамандарын даярлау бағыты бойынша сәйкес болуы қажет.

Диплом жұмысының тақырыптары кафедрада әзірленеді, университеттің ғылыми кеңесінде қаралып, бекітіледі.

Диплом жұмысы тақырыптарының 30%-ы жыл сайын жаңартылып отырылуы тиіс.

Студенттерге бекітілген тақырыптардан тыс, кафедраның зерттеу, дайындық бағытына сәйкес тақырыпқа диплом жұмысын орындау құқығы кафедра меңгерушісінің келісімімен беріледі. Мұндай жағдайда студент таңдаған тақырыбының негіздері дәлелденген тұжырымдамасын немесе осы тақырыпқа тапсырыс берген жұмыс беруші мекеменің хатын кафедраға тапсыруы керек. Оқу жылдарынды студент орындаған ғылыми және курстық жұмыстардың жалғасы болуы дұрыс саналады.

Студент диплом жұмысының тақырыбын бекітілген тақырыптардан таңдайды.

Студентке бекітілген тақырыптардан да тыс тақырыпқа диплом жұмысын орындау құқығы беріледі. Мұндай жағдайда студент таңдаған тақырыбының негіздері дәлелденген тұжырымдамасын немесе осы тақырыпқа тапсырыс берген мекеменің хатын кафедраға тапсыруы керек.

Дипломдық жұмыстың (жобаның) тақырыбы студентке ғылыми жетекші және рецензент тағайындала отырып, бітіру курсының басында (қазан) Ғылыми кеңестің шешімімен бекітіледі және ағымдағы оқу жылының 15 қарашасына дейін университет ректорының бұйрығымен бекітіледі.

Диплом алдындағы практика аяқталғаннан кейін диплом жұмысының тақырыбы, қажет болған жағдайда, кафедраның ұсынымы бойынша өзгертілуі, нақтылануы, түзетілуі мүмкін.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет