Дипломдық жобаны орындау және рәсімдеу бойынша әдістемелік нұСҚаулық


Пандемия кезеңінде қашықтықтан оқыту технологияларын пайдалану арқылы дипломдық жобаны қорғау үрдісі



бет6/13
Дата13.11.2022
өлшемі346.83 Kb.
#464761
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Норма

6.1 Пандемия кезеңінде қашықтықтан оқыту технологияларын пайдалану арқылы дипломдық жобаны қорғау үрдісі
1. Білім алушыларды дипломдық жобаны қорғау тәртібімен таныстыруды колледж кемінде 20 жұмыс күні ішінде танысу туралы растауды электрондық пошта арқылы жүзеге асырады.
2. Колледждің ресми сайтында онлайн кеңес беру, дипломдық жобаны қорғау кестесі орналастырылады.
3. Дипломдық жобаны қорғау басталғанға дейін 3-5 жұмыс күн бұрын вебинар өткізіледі, қорытынды аттестаттаудан өтудің барлық үрдісі толық түсіндіріледі. Сонымен қатар, студенттер диплом жобасының презентациясын, түсіндірме жазбасын және графикалық материалдың электрондық нұсқасын колледждің ресми электрондық поштасына ұсынады.
4. Дипломдық жобаны қорғауға жіберу үрдісі. Дипломдық жобаны қорғауға рұқсат алу үшін студент электронды түрде диплом жобасына пікір мен жетекшінің сын-пікірін береді.
5. Білім алушының жеке басын сәйкестендіру (білім алушы камераға жеке куәлігін көрсету арқылы сәйкестендіру керек) және қорытынды аттестаттау комиссиясы тарапынан тұрақты бақылау жүргізіледі
6. Қорытынды аттестаттауды өткізу рәсімі бейнеге жазылады. Аттестаттау қорытындылары хаттамамен ресімделеді. Қорытынды аттестаттау комиссиясының шешімдерін ресімдеу кезінде хаттамаларда қорытынды аттестаттау ҚОТ арқылы өткізілгені көрсетілуі тиіс.
7. Аттестаттау қорытындысы колледждің ресми сайтында орналастырылады.
Дипломдық жобаны қорғау.
Білім алушылар мен комиссия мүшелерін бейне сессияға қосу дипломдық жобаларды қорғау басталғанға дейін 1 сағат бұрын жүзеге асырылады.
Ауызша сөйлеуді және қосымша сұрақтарға жауаптарды қоса алғанда, бір білім алушыны қорғауға арналған жалпы уақыт 15 минуттан аспайды.
Дипломдық жобаны қорғау үшін білім алушы өз жұмысын электронды түрде дайындайды, оны «экранды көрсету» режимінде ұсынады.
Дипломдық жобаны қорғау жобаның тақырыбы, жалпы сипаттамасы және т. б. көрсетілген презентацияны көрсету түрінде өтеді.
Баяндама аяқталғаннан кейін дипломдық жоба жетекшісінің сын-пікірі және пікірі оұылуына уақыт беріледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет