Диссертация Отандық ғылыми кеңесші: филология ғылымдарының докторы


ҚАЗАҚ ЖУРНАЛДАРЫ: ҚОҒАМДЫҚ САНА МОДЕРНИЗАЦИЯСЫ (1920-1925 ЖЖ.)



бет19/29
Дата02.01.2022
өлшемі0.84 Mb.
#453405
түріДиссертация
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   29
Диссертация Акынбекова А.Б. (1)

ҚАЗАҚ ЖУРНАЛДАРЫ: ҚОҒАМДЫҚ САНА МОДЕРНИЗАЦИЯСЫ (1920-1925 ЖЖ.)

  1. «Қызыл Қазақстан» журналындағы тақырып пен идея


«Қызыл Қазақстан» журналы 1921 жылы 15 сентябрьден Орынборда шықты. Облыстық партия комитетінің айына бір рет шығатын саяси- шаруашылық, мәдени ағарту журналы деп аталды» [17,б.34]. «Қызыл Қазақстан»

  • тұңғыш кеңестік журнал [11,б.217].

«Қызыл Қазақстан» журналы РКП(б)-ның Қазақ облыстық комитетінің органы, Кирревкомның үгіт-насихат бөлімі айына екі рет шығарған. Қол қойған: Редколегия. Ол жалпы қоғамдық-саяси шаруашылық және мәдениет мәселелерін қамтитын журнал болды. «20-жылдардың бірінші жартысында оған Е. Алдоңғаров, А. Асылбеков, Н. Нұрмақов, С. Сәдуақасов, О. Жандосов, Ә. Байдилдиндар редакторлық етті» [72,б.30]. Жаңа саясаттың мақсат-мүддесін халыққа түсіндіру жұмыстарын жүргізетін таза саяси журнал болды. Негізінен журналда:

  1. Жалпы бөлім;

  2. Санитария;

  3. Аштық;

  4. Әдеби бөлім;

  5. Жастар бөлімі;

  6. Әйелдер бөлімі;

  7. Партия өмірі;

  8. Хроника;

  9. Аштықпен күресу;

  10. Ресми бөлімдері болды.

«Қызыл Қазақстан» журналының редакторы Абдолла Асылбековтың редакторлық қызметін ерекше атап өтуге болады. А. Асылбеков туралы қазақ журналистикасының тарихын зерттеген ғалым, профессор Т. Қожакеев «Жыл құстары» атты еңбегінде «Тумысынан большевик» деп ерекше тоқталып өткен.

«Батыр да бір оқтық», «Ұлтшыл фашист», «халық жауы» деген жалған, саяси айыптармен А. Асылбеков 1938 жылы атылған.

Енді осы жаламен қара таңба басылған азаматтың өмір жолына, революция жеңісіне сіңірген еңбегіне, сол жолдағы көрген қорлық, тартқан азабына, сөйлеген жалынды сөз, жазған пікірлеріне құлақ қойыңыздар», - деп Абдолла Асылбековтың азаматтығы мен қаламгерлік қызметі жайында кеңінен тоқталады [72, б. 123]. Зерттеуші-ғалым, А. Асылбековтың өмір жолын зерттеп-зерделеу барысында оны қалайша «халық жауы», «ұлтшыл фашист» деді екен деген таңданысын да жасырмайды.

«А. Асылбеков 1921 жылы 21 наурызда Омбыдағы Сіббюроның қарамағына кірді. Сіббюро оны Ақмола губерниясындағы көтерілісті басуға өкіл етіп жіберді. Қызыл Армияның Петропавл, Ақмола, Көкшетау, уездеріндегі контрреволюциялық көтерілісті басу жөніндегі штаб бастығының орынбасары болып істеді. Губком, губревком мүшесі болып сайланады. Бұдан кейін ҚАССР

Халық ағарту комиссариаты саяси ағарту бөлімінің бастығы қызметтерін атқарады. Республика партия ұйымының II конференциясында РК(б) Қырғыз (қазақ) обкомының секретары, әрі оның органы «Қызыл Қазақстан» журналының редакторы етіп сайланады» [72, б. 127].

Осы кезде А. Асылбеков қалам қайраткері ретінде кең танылады. «Қызыл Қазақстан» журналында А. Асылбеков, «Ғ.А», «Ғ», «Кедей баласы» атты бүркеншік есімдермен «Октябрь төңкерісінің бесінші жылы», «Октябрь төңкерісі һәм қазақ әйелі», «Октябрь һәм жастар», «Өзгеріс құрбандары»,

«Әділбек Майкөтов», «Біздің де күніміз туады» деген әңгіме, очерк, мақалалары жарияланады. «Октябрь төңкерісінің бесінші жылы» мақаласында: «Біріншісі – айналдара қоршап қамаған, ежелгі дұшпан – ішкі, сыртқа жаулардан бейнетқорлар өзгерісін қорғап, аман сақтап қалу; екінші – жер жүзін қанға бояған патшашылдар соғысының салдарынан бұзылған шаруашылықты жолға салып, түзету; үшінші – бейнетқор еңбекшілердің тұрмысын жөндеп, қандарын төгіп, қанша қиындықты көріп алған бейнетқорлар өзгерісінің жемісін жегізу»,- деп алдырында тұрған үш үлкен істі теріп жазған [72, б. 128]. Осы міндеттер арқылы жаулары жеңіліс тапқан соң, олар Кеңес дәуіріне мойын ұсынған.

«Октябрь төңкерісі һәм қазақ әйелі» атты мақаласында революцияны жырлайды. Әсіресе әйелдер қауымы еркіндікке қол жеткізді, жеке бастарын кемсіту азайды. Енді олар ерлермен терезесі тең оқып, білім алуға мүмкіндік алды. Патша заманындағы малдан да қадірсіз болған әйелдер қауымының бағын ашқан қазан төңкерісі мазмұнындағы мақалалар әйелдерді жігерлендіре түсті.

1921-1925 жылдар аралығында «Қызыл Қазақстан» журналының 48 нөмірі жарық көреді. Қағаз, қаржы тапшылығынан кейде оның 3-4 нөмірі біріктіріліп шықты [15, б. 95]. Журнал алғаш 2000 таралыммен шығарылып, губерниялық, уездік, аймақтық саяси-ағарту үйлеріне, болыстық клуб, ауылдық қызыл отау, кітапханаларға, мектептерге тегін жіберіліп тұрды.

Кейінірек дүние қымбаттап, оны ақылы етіп, халыққа сүйенбесе болмайтын болды. 1923 жылы наурыз айында А. Асылбеков Ақмола, Семей жағына барып, журналдың 1600 данасын таратып қайтады. Мұнан соң «Әр азамат ескеру керек» деген материал жарияланды. Онда «Қарағаңғы қазақ кедейлерінің көзі ашылып, өз теңдігіне ие болып, дүниеден хабардар болуы үшін газет-журнал алдырып оқу керек»,- деп халықты газет оқу арқылы қараңғылықтан құтылатын жол – баспасөз екенін ұқтырады.

Халық жаппай оқу мен білімге бет бұрса газет-журналдарда жазылып жатқан хабарларды да естіп, біліп отырады. Меңіреу адам сықылды хабарсыз адам болмаңдар, деген үгіт-насихат, тәрбие жұмыстарын жүргізіп отырады. Оқысаң көзің ашылады деп жазады. «Жайшылықта бір-бірінен қонақасы есебінде жеп кететін бір тоқтының пұлынан тартынбай, әрбір ел адамына

«Қызыл Қазақстанды» алдыртып тұруы міндет. Ел еңбекшілері, газет, журналды оқы. Дүниеден хабарсыз тұрма!»,- деп оқырмандарына қарата жазады.

1925 жылдары журналға С. Сәдуақасұлы редакторлық етті. Мұрағат қойнауынан табылған «Қызыл Қазақстан журналының сарғайған тігінділерінен С. Садуақасұлының осы басылымға 1924 жылдың қараша айы мен 1925 жылдың



шілдесі аралығында редакторлық еткендігі мәлім болып отыр [93]. Сирек қордың журнал тігінділеріндегі С. Сәдуақасұлының редакторлық қызметін «Қызыл Қазақстан» журналында 1924 жылдың №11, №12; 1925 жылдың 1,2,3,4,5,6,7- сандарынан кездестіреміз. С. Садуақасұлы осы жылдар ішінде ұлтқа, қазақ еліне, жеріне қатысты мақалалар жариялайды. «Жаңа жұртшылық негізі – ғылым» [94] мақаласына байланысты «Осы журнал Қазақстандағы мерзімді басылымдардың ішінде бірінші болып ұлт оқығандарының қоғамтану ғылымына назар аударуын, төңкеріске дейінгі алаш жұрты басындағы саяси ахуалға қазақтың өз тұрғысынан баға беру керектігін көкейкесті мәселе есебінде күн тәртібіне қойды»,- деп баға береді [93. б, 32].

С. Садуақасов жазған еңбектерінің көбісіне дерлік «Смағұл Садуақасұлы»,

- деп қол қойған. «Смағұл С.», «С», «Біреу», «Сауықшы» атты бүркеншік есімдерді пайдаланған. Ғалым Ә. Нарымбетов библиографиялық көрсеткішінің 1-томының алғы сөзінде «20-жылдардағы әдебиетті жетік білетін біраз жолдастардың айтуымен ғана кейбір псевдонимдерді анықтауға мүмкіндік болды», дей отырып, аталған еңбегінің ішінде «Біреу» мен «Сауықшы» бүркеншік есімдер Смағұл Сәдуақасұлына тиесілі екенін жазады [95].

С. Садуақасұлының бүркеншік есімдеріне байланысты мына пікірге назар аударсақ. «Қай қаламгер болсын бүркеншік есімді өзі таңдайды. Біздіңше,

«Біреу» – жалғыз деген жинақтық сан есім («әйтеуірі біреу» деген сөз емес) Айталық, бұл кезде М. Әуезұлы мен Ж. Аймауытұлы бірігіп «Екеу» деген бүркеншік атпен мақала жазғаны белгілі. Ал, «Сауықшы» – бүгінгі тілмен айтқанда театршы деген сөз. 20-жылдары театрды-қазақша «сауық», - деп атаған [93, б. 150].

С. Садуақасовтан соң журналға Ораз Жандосов қол қойды. 1926 жылға қарай журналдың жаңа міндеттері белгіленді. Журналдың негізгі кемшіліктерінің бірі ретінде басылымның уақытында шықпайтындығы. Тіпті кейбір сандары біріктіріліп шығады. Журнал шығарушыларының өздері де мазмұнына көңіл толмайтындықтарын ашық айтып отырған. ХХ ғасыр басындағы қазақ журналдардың басынан өткен қаржы тапшылығы «Қызыл Қазақстанды» да айналып өтпеген. Оған себеп журналды жаздырып алушылардың аздығы. Барынша тақырып алуандығын қарастырған шығарушылар көбінесе партия, жастар ұйымы, Кеңес қызметтеріне қатысты тақырыптарға қалам тартқан.

1927 жылы журналдың шығарушылар алқасында О. Жандосов, Ә. Бәйділдин, Ж. Сұлтанбеков, Ғ. Тоғжанов, О. Исаевтар болды. Сол жылдары 12-ші санында журнал ұжымы оқушыларына мынандай уәде берді: «Қызыл Қазақстанда партия, кеңес, кәсіпшілер одағы, оқу, шаруашылық, төңкеріс заңы, денсаулық, тағы басқа мәселелелерден толық жөн сілтеніп отырылады. Партия, кеңес, басқа да мекемелердің алдағы күнде істейтін істері күні бұрын талданады. Оған Қазақстандағы саяси бастықтар, қаламы жүйріктердің қатынасы күшейтіліп, маңызды мәселелер жазылады. Ай сайын үзбей шығып оқушыларды тарықтырмайды. Журналдың соңғы беттерінде әдеттегідей жеңіл әдеби сөздер мен қысқа өлеңдер жариялап тұрған. Кейіннен өзінің әдеби бөлімінің

жабылатынын да жазады. Оны елімізде әдеби басылымдардың дүниеге келуімен байланыстырады.

Бұған дейін журнал әдебиет мәселелерінен мол орын беріп тұрған еді. Бейімбет Майлиннің «Шұғаның белгісі», «Талақ», «Шариғат бұйрығы»,

«Өтірікке бәйге», «Қырмызы», Сәкен Сейфуллиннің «Қашқынның ауылы»,

«Айша», «Тар жол тайғақ кешу», «Қыр балалары», «Ақсақ киік», Сәбит Мұқановтың «Құрдас», «Сақып», «Жұмаштың өлімі», «Жайлаудың үстінде», Мұхтар Әуезовтың «Қорғансыздың күні», Смағұл Сәдуақасовтың «Күміс қоңырау» сияқты көркем дүниелері алғаш осы журнал бетінде жарияланды.

«Қызыл Қазақстан» журналында баспасөз жайына да көп көңіл бөлді.

«Қабырға газетін қалай шығару керек» [96], Ә. Байділдиннің «Баспасөз мәселелері» сияқты мақалаларын жариялады [97].

Баспасөздің кемшілігіне қарсы күрес құралы, жар салатын шешен, жөн сілтейтін көсем, топ бастайтын жолбасшы, ел айнасы, білім бұлағы екені паш етілді. Сол тұста өлке бойынша 21 газет болды, оның оны қазақ, тоғызы орыс, біреуі қарақалпақ, біреуі ұйғыр тілінде екені, олардың үшеуі күнде, екеуі жұмасына төрт рет, біреуі үш рет, сегізі екі рет, тоғызы бір-ақ рет шығатыны айтылды. «Қызыл Қазақстан» журналында жарнамаға да орын берілді. Сол уақыттың жарнамасы – жеке баспасөз ұйымдарын жұртқа таныстырып, насихаттау еді. «Кедей айнасы» журналын қазақ қоғамына келіп қосылған үлкен олжа, қадамы құтты болсын деп ақ жол тілейді. «Оқушы кедей жастардың пікірлерін, білім тәжірибелерін көптің алдында түсіретін «Кедей айнасы» журналы келешекте өз кемшіліктерін түзеп, өркендеп шығып тұруына тілектеспіз»,- деген ақжарма тілектерін жазады [98]. Жаңа шыққан баспасөзді қолдап, басылым бетінен жарнамаға орын беруі қазақ баспасөзінің бір-бірін демеу, қолдау білдіру дәстүрінің әріде жатқандығын білдірсе керек.

Журналдың 4-ші санының мұқабасында араб қаріптермен «Қызыл Қазақстан», - деп жазылса, екінші жағында орыс тілінде «Красный Киргизстан»,- деген атпен журналдың мазмұны орыс тілінде берілген. Осыған байланысты С. Сейфуллин: «Біз «киргиз» деген атты жоғалтып, өзімізді «қазақ» деп атасақ, басқаларда бізді «қазақ» деп осы атты қолданып кетпек. Біздің бір үлкен кемшілігіміз – осы күнгі басқа жұрттан бұрын өзімізді өзіміз «киргиз» дейміз. Әуелі біздің «Қызыл Қазақстан» журналы орысша «Красный Киргизстан» деп аталады. Бұл біздің едәуір әлсіздігімізді көрсетеді», - деген үндеу тастайды [99]. Тіпті, қазақ оқымыстыларын бұдан былай қырғыз сөзін қолданбауға үндеп, жарлық шығаруын талап етеді.

1921 жылы шыққан «Қызыл Қазақстан» журналында арнайы «Аштық бөлімі» болды. Онда редактор А. Асылбековтың «Ресейдегі аштық көлемі»,

«Қырғыздағы аштық мөлшері» атты мақалалары басылған. Ал «Аштықпен күрес» бөлімінде «Шетелден», «Россияда», «Қырғыз Республикасында», «Көрші Республикаларда» деген тақырыптармен материалдар жарияланған. Жарық көрген материалдардан бізге ерекше әсер еткені «Аштық жайында» деген тақырыппен жарияланған Қазақстандағы және Ресейдегі аштық туралы мақала. Онда мынандай құнды деректерді кездестіруге болады. «Аштық ауданы һәм

керекті жәрдем Россия құрамы Кеңес мемлекетінде егін өнбей қалып, ашыққан жерлер толып жатыр. Сол жерлердің ішіндегі көбінесе сөз болып хал-жайлары газетке жазылып, қолдан келгенше жәрдем беріліп тұрған жер – Еділ жағасындағы жерлер. Еділ жағасынан басқа егіні шықпай, астықтың зарын тартқан Нижегорд, Екатеринбург, Пермь, Пенза, губерниялары мен Донской облысы һәм Украинаның бұнша жері бұларға жәрдем бермек түгілі, олар туралы дұрыс ойланған жоқ. Егіндік жер мен жан иесіне келсек, Батысы бар, Шығысы бар барлық Россия мемлекетіндегі егіндік жерлер – 36 миллион 988 мың десятина. Бұларға қараған 89 миллион 137 мың жан бар, бұлардан 13 миллион 344 мың десятинаға егін шықпай 25 миллион 889 мың жан ашығып отыр. Мұның үстіне Украинада шыққандары мен егін шықпай қалғандарын қоссақ барлық егін өнбеген жер – 20 миллион 724 мың десятине (50 миллион десятине жердей) ашыққан жанның саны 37 миллион 201мың жан (114 миллион 742 жаннан). Россия мемлекетінде егін шығымды, жазығы көп болатын Еділ мен Жайық жағасында теп-тегіс егін бітпей қалып отыр. Ол жерлердегі күн айтылып отырған

20 миллион халық ашығуда. Басқа жерлердегі егіні бар жаққа ертерек орналасқандықтан айтарлықтай ашаршылық көрген жоқ. Бірақ сол жерлердің өз елдері оншама ашаршылық көрген жоқ. Бірақ, өз елдері оншама ашаршылық көрмегенімен егіні теп-тегіс бітпеген Еділ жағасындағы ашыққандарға жәрдем беру ісіне қайшы болып тұр. Себеп: ел жерлерден аштарға жәрдем үшін азық- түлік, керек-жарақ жинай алмайды. Олар да өздерінен артыларлық болмаған соң ашыққандар үшін нәрсе артылтырып бере алмайды. Еділ жағасындағы елдердің хәлі көрер көзге өте жаман. Бұл туралы сан рет жазылып та жатыр. Мына кейінгі сандар Еділ бойындағы шыққан губерниялардың астығының кемдігінің, һәл қаншама астық керек екендігін білдіреді.

Еділ жағасындағы Уитск облысы мен Уятск губерниясының басқа жердің бәрінде өз егіні өзіне жетпек түгілі осы уақытында есепке алып қарасақ ол жылдың қырылмай шығуына 85 миллион азық керек. Бұл кемдік өткен жаздағы егін бітпей қалған себепті бұрынғыдан да зорайып барады. Осы көрсетілген кем- кетік барлық керекті заттардың үштен бірі. Бұл кем аз қылды дамыту керек, егер бұл кемді толтырмай һәм аздықтаратуда осы күнгі біреуге артық біреуге кем үлестіру жолымен бара берсе Еділ жағасынындағы кейбір жерлерді қарасақ аштық өте жаман болса керек. Себеп: неміс отаршылдығының кем кетігі барлық керегінің үштен екісі болып тұр. Егер осы күнгі қалпымен тұрса Самар, Уфа һәм басқа губернияларда нағыз қырғын болатын» [100]. Оқырмандарға салыстырып отыру үшін журнал бетіндегі кестені ұсынып отырмыз.


Кесте 7 – Азықтың есебі [100, б. 15]


Губерниялар

Мыңдап, азықтың барлық есебі

Барлық саны (елде қалғанын қосып айтқанда)

Сібірге керек

Адам һәм мал жиынына керек

Барлық керегі

Жетпей тұрғаны

1

2

3

4

5

6

7

Астрахань

1,087

1,552

157

4,6431/2

3,7001/2

3,2481/3

7-кестенің жалғасы


1

2

3

4

5

6

7

Башқұртстан

8,5861/2

7,7372/5

5,22

7,3913/5

12,6113/5

4,8761/5

Уитски

10,756

10,765

4,9231/

2


45044/2

9,428

1,436

Убански

30,452

31,102

133,661

/2


12,05445

25,4204/5

5,6811/5

Қазақстан

12,015

13,275

6,58

16,734

32,614

9,237

Маринская

2,756

2,878

2,442

2,38

4,821

1,985

Неміс ортаршылдығы

676

976

9311/2

2,079

3,241

-2,265

Самар

12807

14,387

8,225

200355

28581

-14,193

Саратов

19,228

20,328

14,046

20,977

25,023

-1,4685

Сибирски

11,615

12,531

9,612

12,496

22,108

-9,577

Татар республикасы

18,794

19,774

15,523

16,918

32,451

12,677

Уфа

1,028

11,33

7,287

12,906

20,584

-9254

Царицински

13,021

13,401

4,748

9,418

14,166

0

Чувашски

5,858

6,028

3,644

3,954

7,598

1,57

Барлығы

154,4101/2

166,13

97,106

146,743

243,85

-84,337



















Х7,198

Бұның 13 жарым миллион пұтын күздік тұқымға, 15 миллион пұтын жазғы тұқым үшін жиып, халық азық комиссариатына бермекші болды. 8 миллион пұтын шет мемлекеттерден сатып алмақшымыз, Және де мемлекет тарапынан шыққандарды бағуға деп, келешек өнімге дейін 12 миллион пұт азық беріліп отыр. Бұлардан басқа мемлекет өзі бағуға міндетті қызмет адамдарымен жұмыс малдарына 24 миллион пұт азық даярлап қойған. Енді осы кезде 85 миллион пұт киім азықтың 79 жарым миллион пұты табылып 13-12 миллиондары ғана жетпей тұр. Бұл қалған кемдігін қайдан болса да толтыру керек. Анығын айтқанда 85 миллион пұттан көп жинау керек. Себебі, есеп болғаннан да айырмасы жоқ бір тегіс жан басына айына 19 қазақтан есеп болған және басқа кем-кетіктері қосылмай қалған. Дұрысы, отырықшы елдің көбісі 19 пұтты 2-3 реттен алып шыққанда, басқалары күн тірлігіне жететін ауқат ала алмай қалатындар да бар. Сол себепті жоғарыда көрсетілген кем-аз қалды, жарым есе көбейту керек. Ашыққандар үшін мемлекет тарапынан болатын жәрдемнен басқа ай сайын бір жарым-екі миллион пұттан жаңа өсімге дейін 20 миллион азық керек. Осы айтқан азықты тауып беріп жәрдем айту жер жүзінің еңбекшілерімен Россия еңбекшілерінің мойнында. Еңбекшілердің ішінде өте қиындық түсетін Россия еңбекшілері. Оның себебі, ашыққандар үшін ай сайын 1 жарым миллион пұт астық жинап тұру керек. Осы кезде ай сайын жинаған азық жарым миллионнан

артық болып тұр. Азық жинау ісін тездету керек. Аштық күтетін емес. Құрбандығын шалып жатыр,- деп дабыл қағатын материалдар басылды.

«Аштарға көмек кезінде қаңғып қалған балаларға ерекше назар аударылды. Балалардың тұрмысы мен өмірін жақсарту жөніндегі комиссия ашыққандарға көмек көрсететін республикалық Орталық комиссияның балалар арасындағы аштықпен күрес жөніндегі арнаулы бөлімі болып қайта құрылды» [101]. Республиканың аштық жайлаған барлық губернияларында бөлімнің жергілікті органдары ұйымдастырылды. Осы ұйымдардың жұмысы нәтижесінде 1922 жылдың бірінші жартысында республиканың 5 губерниясында аш және қараусыз балаларды тамақпен және киіммен тегін қамтамасыз ететін 575 балалар үйі мен 9 станция пайда болды. Ресей Федерациясының жағдайы қанағаттанарлық деп есептелген кейбір губернияларына 18 496 қаңғып қалған балалар мен жетім балаларды тиеген 16 әскери-санитарлық поезд жөнелтілді [102].

Ал журналдың 1922 жылғы 4-санында «Аш жетімге жәрдем» деген өлең басылады. «Кімнің шуы сардалаңда, Тыңдашы, кім жылаған көл боп ағып көз жасы?»,-деп сұрау қойды да:

«Ол жас жетім, жас балалар жетпеген. Өмірлері жаңа гүлдеп беттеген.

Жүздеп, мыңдап күтіп отыр өлімін

Жас періште емшек табы кетпеген,-деп жауап береді.

«Тоқ ағайын, аш бауырды көріңдер!

Барың болса, аш балаға бөліңдер!»,- деп баспасөз арқылы жұртты аш балаларға жәрдем беруге шықырады [100, б. 37].

Шет мемлекеттерден ашыққандарға жәрдем беру үшін жасалған «Ара» сияқты ұйымдарға сене беру мүмкін емес және бұл ұйымдардың ашыққан балаларға жәрдем үшін жасалып һәм сол ашыққан балаларға керекті заттардың жетпей жатқан кемдігін толтырмақшы. Бұл ұйымдардың ерлегенде 1 жарым миллион бала бағуға күші жетеді. Бұл 1 жарым миллион барлық ашыққан балалардың 4-тен яки 5-тен бірі-ақ болса керек. Сол себепті аштарға жәрдем ісінде мықты, зор сүйеніш қорғанымыз жер жүзінің еңбекшілері. Анық хабар болмағанымен де соңғы уақыттағы мағлұматтарға қарағанда 15 октябрьге дейін жәрдемші комитеттер 30 миллион пұл жинаған көрінеді. Ноябрь айында болатын аштарға жәрдем жеткілігі жақсы жүріп барады. Жәрдемші, еңбекшіл комитетінде аштар үшін қайдан да болса қарызға пұл табу мәселесі қаралып жатыр. Бұл ойға алған ашыққандарға жәрдем ісі жақсы орындалып жатты [100, б. 39].

1922 жылдың алғашқы айларындағы деректерге сүйенер болсақ, Қазақстанның барлық 4 миллион 854 мың 751 жанынан 1 миллион 465 мың 753 адам аштық зардабын тартты. «Қызыл Қазақстан» басылымының беттерінде

«Аштық декабрь айынан басталатын түрі бар. Және де дұрыс тарқатылмаған себепті, жерлердегі ашыққан кедейлердің халдері өте нашар. Осы жоғарыда айтылған қиыншылықтар 85 миллион пұт киім аз қалды. Қапиясқа қоятын емес. Бұл қайдан табылады?»,- деген хабарламалар таратылады [100, б. 15]. Басылым бетінде Қазақ Республикасындағы аштықтың ауданы да сарапталды. Онда Қазақ

Республикасындағы аштық болуына екі түрлі себебі бар деп түсіндіріледі.

«Бірінші, халықтың шаруасы күйзеліп, мал, егіншілік шаруасының төмендеп кетуі. Екінші, биылғы құрғақшылықтан егін, шөптің шықпай қалғандығы» [100, б. 16].

Журнал бетінде былтырғы деректер де келтіріледі. Ол кезде аштықтың зардабынан қазақ болсын, орыс болсын бірдей тартты. Тіпті жаз мезгілінде жиған шөбі таусылып, қолдарындағы бар малдары қырылған. Малмен күн көріп отырған елдің аққа аузы жарымай, жүдеп-жадап шығады. Орыс шаруаларының астығының басым бөлігі қазынаға алынды. Жаздың құрғақшылығынан шөп шықпай қалғандықтан аштыққа ұшыраған. Ендігі шаруалырдың тұрмысын жақсарту үшін біршама уақыт керек болды. Шаруаның жағдайын түзейміз деп жүргенде құрғақшылықтан болған аштық жығылғанға жұдырық боп тиеді. Осындай қуаңшылық жылдардың тақырыбын көтерген басылым беттерінде талдау, сараптау материалдары жазылған.

Қазақ Республикасының басына түскен аштықтың жалпы ауданын, ондағы тұрғылықты жұрттың бәрі бірдей егін шаруасымен айналысатынының өзінде де нақты көрсеткен. Сөйтсе де, аштықтың қандай екенін, неден шыққанын анық түсініп, мөлшерін толық біліп, онымен күресу ісін ырғақты бір ретке келтіру үшін алдымен ашаршылықтың көлемін білу керектігін ұғынып, сараптама жасап, анықтаған.

Қазақ Республикасының негізгі шаруасы үш түрге бөлінеді: бірінші – егішілік, екінші – мал бағушылық, үшінші – жоғарғыдағы екеуін де істеу. Малды да бағып, егінді де егу.

Журналда осы аталған үш негізгі кәсіп түрі былайша бөлінеді: Кесте 8 - Жалпы шаруа есебі [100, б. 16]

Шаруа түрі

Үй саны

%%

Егін жай десятина

Мал

Үй басына келеді

Егін

десятина


Мал

Егіншілік (жер кәсібі)

484,000

55

2,830,000

4,67,000

6,9

9

Жарты

кәсібі мал бағу,

жартысы егін


185,000

21

236,000

22,30000

1,3

12

Мал бағу

211,000

24

9000

3,200000

00

15

Бәрі

880,000

100

3,075,000

9,700000

9,5

11

Бұл кесте бойынша мал бағатын көшпелі халықтың саны – 211 мың деп көрсетілген. Жарты шаруасы мал бағу, жартысы егін шаруашылығымен айналысатындар саны – 185 мың. Ал егінгшілікті кәсіп ететіндер саны – 484

мыңды құрайды. Алайда, отбасы, әр үй өз егінімен өздерін асырап сақтай алмайды дегенді алға тартады. Сондықтан да, біразы егін бітік шыққан күннің өзінде астықты сатып алады. Ал астықты шаруа кімнен сатып алады деген сауалды алға тартады. Әрине, ол егінмен кәсіп қылатын шаруалардан сатып алады. Егер де жер кәсібімен айналысатын шаруалардың егіні жақсы шығып, өздерінің қажеттіліктерінен артылатын болса ғана сыртқа сата алады. Революцияға дейін Қазақ Республикасының астығы өзіне жететін. Егін шаруасымен айналысатындар егіндікке жарайтын жердің бәріне егін салатын. Егін жақсы шыққан кезде өздеріне де, сатуға да астық жетіп артылатын. Халық осылайша ашаршлық нәубетінен аман қалатын.

Қазақ елінің шаруашылығы 1917 жылдан бері біршама өзгерді. Бұрынғы шаруа күйзеліп шаруашылық бүлінді. Жыл сайын шаруа бұрынғысынан да нашарлады. Шаруашылықтың бүлінуіне себеп жұт, құрғақшылық болғанымен әсіресе, көптеген өзгерістерден соң азамат соғысының әсері болды. Шаруаның негізі соңғы төрт жыл ішіндегі өзгеруін мына кесте арқылы белгілейді.


Кесте 9 Қазақ Республикасы шаруасының 1917 жылдан берігі өзгеруі [100,б.17]

Қандай нәрсе


1917

1920

1921


Кемдік % 1917 жылдан

1920

1921

Егін

(десятина) Мал (басы)



4,84000
29,700 000

3,075 000
9,700 000

2093000
5200000

20
97

47
83

Жоғарыдағы сандарға қарағанда егін 1917 жылдағыдан тең жартысы азайғанын байқаймыз. Мысалы, мал басы 1920 жылы 97 процентке, ал 1921 жылы 83 процентке кеміген. Мұның барлығына азамат соғысының кері әсері бар екендігін тұспалдап жеткізеді. Ақтар мен қызыл әскерлердің ары-бері жүрістері де себепкер деп топшылайды. Артық нәрселерді екі жағына, дұшпандарына төсемес үшін, шегінген кезде тұрған жерлерін өртеп кеткен кездері болған. Керекті дүниелерін өздерімен алып кетіп, халықты зар қақтырған. Мәселен, 1920 жылғы Торғай еліндегі қыс қатты болып, шөп шықпай қалған. Ал ары-бері жүрген әскерлер қарапайым халықтың шөбін аттарына берген, бар қоңды көліктерін тартып алған. Қалада ас-ауқатты карточкамен алатындарын білген солдаттар, ауыл-аймақтағы елдің сойған соғымдырын жеген. Ат-көліктерін айрылған халық қырдағы малдарына жете алмай, екі ортада қараусыз қалған мал қырылып қалып отырған. Азық-түліктерін әскерлер жеп тауысып, сырттан сатып алуға егін шықпай, Октябрь жұтына ұшырап, жұрт аштыққа ұрынған.

«Қазақ ішінде 1920 һәм 1921 жылдары ұдайы жұт болды. Бұл екі жыл елдің бар мал тұқымын тауысуға жақындады. «Қызыл Қазақстан» журналының бетінде тек қана аштықтың себеп-салдары мен оған көрсетіліп жатқан жәрдемдер мөлшерін ғана айтып қоймай, «Аштық һәм Қазақ Республикасының бір жылдық

астық расходы» атты зерттеу мақала басылады[100, б. 17]. Онда Қазақ Республикасында жазғытұрым ойлағандай астық бітік шықпай қалып, салынған егін қалпымен Қазақ Республикасының Орынбор, Орал, Қостанай, Ақтөбе, Бөкей губернияларында шықпай қалады. Бұл губерниялардың халқының саны 2 220 000. Егін аумағы 1 130 000 десятина бұдан 700 000 десятина егіннен бір дән шықпай құрып кеткен. Қалған 340 000 десятинадан бүкіл десятинасынан 6 пұттан екі жарым ғана пұт астық алынады.


Кесте 10 – 1921 жылғы астық шығыны [100, б. 18]


Расход

Бар астық

Жиынтығы

22 100 000

4 720 000

17 385 000

Кесте 11 – Аштардың саны [101]



Аштардың саны

Губерниялар

Халық саны

Декабрь- январь

Январь- март

Март- май

Май- июнь

Июль-

сентябрь


Аштың саны

Жүзден

%


Аштың саны

Жүзден

%


Аштың саны

Жүзден

%


Аштың саны

Жүзден

%


Аштың саны

Жүзден

%


Бөкей

260

176000

80

177000

80

190000

25

190000

25

190000

25

Ақтөбе

474

292000

61

292000

61

325000

68

325000

68

325000

28

Қостанай

451000

265000

68

265000

67

301000

67

301000

68

301000

27

Орал

388000

288000

76

388000

76

405000

79

405000

79

405000

79

Орынбор

555000

288000

23

279000

61

317000

66

337000

60

338000

60

Кесте 12 – Аштарға керек астық [100, б. 19]


Губерниялар

Аштарға керек астық, өздерінде бардан басқа

Декабрь Январь

Январь март

Март май

Май июль

Июль

сентябрь


Барлығы

Бөкей

00059

96000

103000

103000

103000

428000

Ақтөбе

251000

251000

274000

284000

285000

1.354000

Қостанай

277000

277000

311000

311000

311000

1.487000

Орал

254000

249000

264000

264000

264000

1.275000

Орынбор

21100021

374000

424000

365000

27700

1.929000

Барлығы

10066000

1.247000

1.376000

1.327000

1.429000

1.575000

1922 жылы «Қызыл Қазақстан» журналының 4-ші санында жарияланған аштардың саны жайлы мәлімет осылай берілген екен.

Желтоқсан мен қаңтарда аштардың саны 2,39900 жанды құраған. Аштар губерниялардағы барлық жанның жүзден 59 проценті. Аш губерниялардың соңғы хабарларына қарағанда аштық күннен күнге көбейген. Нан таусылған. Жұрт шөп, топырақ, ағаштың тамырын, өлексе жеген. Ол аузына түскенді тамақ қылып, аштан да ауырудан да өлгеннің көбейгендігін білдіреді.

Аш губерниялардың ішермендікке керек астығы 9,575000 пұт, бұған келесі пұт астықты қосып есептегенде 13,20000 пұт болады. Бұл халыққа ең аз мөлшерін бергендегісі. Мұны патшалық беруге міндетті болған. Егер де бұл астық табылмаса халықтың бәрі аштан өліп, құрып таусылмақ, дегенді жазады.

Оның басты себептері ретінде, қазақ даласында инфрақұрылымның дами алмай жатқанын алға тартады. Далада астық апаратын шойын жол, халықтың денсаулығына бақылайтын дәрігер, аурухана жоқ, жері шалғай, халық бытыраңқы орналасқанын тілге тиек етеді. «Сол үшін қалған халықты аман сақтап алып қалу үшін жылдамырақ жәрдем ісіне қатынаспаса қазақ халқынан тарихта бар еді, енді жоқ болды деген қана сөз қаламақ» ,- деп ұлттың жойылып кетуінен қауіптеніп, аштықтан шығар жолды қарастырады, себеп-салдарын іздейді [100, б. 19].

Тарихшы Талас Омарбеков: «Қазақстандағы ашаршылықтың шығуы ауа- райының қолайсыздығы емес, азамат соғысының тұтануынан шаруашылықтың күйзелуі, яғни большевиктердің біржақты саясат жүргізуінен», - дейді [103]. Ал Манаш Қозыбаев 1921-22 жылдардағы аштық турасында: «Үкімет жағынан көрсетілген көмек тек қала тұрғындарына жетті, сол уақытта онда қазақтардың екі-ақ проценті орныққан еді, дені ауылдарда болатын», - дей келе, осы жағдайды орталық билік дер кезінде көріп, оған мән бере білмегендігін айтады. Қазақ санынының төмендеуі де осы зұлматтың кесірі. Орталықтан келген азық-түлік жинаушы Ф.Э. Дзержинскийдің бөлімшесі Түркістан, Ақмола, Семей губернияларындағы шаруалардың қолындағы астықты артық деген сылтаумен күшпен алып кеткен [104].

Тарихи деректерге сүйенсек, 1921 жылғы ашаршылық тұсында «Аштарға көмек» комиссиясы құрылады. Қазақ ұлтын сақтап қалудың бірден-бір жолы ашаршылыққа қарсы күрес қозғалысы екенін түсінген Міржақып Дулатов бастаған Семейдегі алаш азаматтары бұл науқанға шұғыл кіріседі. Ашаршылыққа қарсы күрестің ресми емес ұйымдастырушысы міндетін Жүсіпбек Аймауытов атқарады. Алаш қаламгерлері сол уақыттың ащы шындығын баспасөз беттері арқылы насихаттай бастайды. Кейіннен осы еңбектері үшін жала жабылып, жауапқа тартылады.

Жүсіпбек Аймауытовтың тергеу барысындағы соңғы сөздері сол кездегі Кеңес өкіметінің жазалау саясатының бетін қайтармады. «Еңбегім – салауат, ниетім – арам, жүрегім – қара, қазаққа – зиянды адам болып табылсам, бұ да бір уақыт шығар. Жазаға мойнымды ұсынамын, аштар үшін мен-ақ құрбан болайын. Елімнің заңына көнемін»,- деген жүрек сөзінен Ж. Аймауытовтың ішкі зары мен өкінішін, халқына деген адал қызметін пайымдаймыз[105].

20-шы жылдардың басында алашордашылардың іс-әрекеттеріне қатысты мақалалар «Қызыл Қазақстан» журналының беттерінде жарияланды. Мысалы, 1922 жылы М. Атаниязовтың «Алаш партиясының тарихи сыны»,- деген мақаласы басылады. Мақалада «Алаш» партиясының құрылуы мен партияның тұңғыш съезі туралы жазады. Мақала авторы алашордашылар өз істерінде қателікке бой ұрып, дұрыс жасамады деген. Алашордашылардың басты кемшілігі Дутов әскеріне қолдау көрсетуі дегенді айтады [106]. Журналдың келесі санына С. Мендешұлы «Қазақстан республикасының үш жыл жасауы» мақаласын басады. Онда: «Алашорда» үкіметінің төңірегінде тек «ұлтшыл»,

«өзімшілдер» ғана топтасты», - дегенді айтады [107].

Бұл уақыт «Алаш» партиясы мүшелері М. Дулатов, Ә. Бөкейханов және басқа да алаш қайраткерлеріне «ұлтшыл» деген айыптар тағылған кез болатын. 1923 жылы 1 ақпанда КСРО Халық Комиссарлар Кеңесінің жанындағы Біріккен Мемлекеттік Саяси Басқарманың (БМСБ) РКП(б) Қырғыз (Қазақ) облыстық комитетінде жасалған «Алашорда мен қазақтың ұлтшыл топтарының 1922 жылдың 1 қазанынан 1923 жылды 1 қаңтары аралығындағы қызметі мен жағдайы» деген баяндамасында Ә. Бөкейханов пен Р. Мәрсеков қазақ зиялыларының біразы Кеңес өкіметіне қарсы бола тұра өз істерін жалғастырып, өз пайдаларына асырып отырғанын айтады. Бұл ұйымдасқан топ, өз адамдары Шәймерден Тоқжігітовті Семейдегі, Қарқаралы уезінің делегаты етіп сайлағанын да тілге тиек етеді.

1923 жылы А. Кенжиннің «Алаш партиясы туралы тарихи мағлұмат» атты мақаласы басылады. Мақала мазмұнында «Алаш» партиясының бағдарламасын талдайды. Онда партия бағдарламасының кемшіліктері ретінде Алашорда басында жүрген басшылардың саяси таяздығына тірейді [108].

Осындай жарияланымдардан кейін «Қызыл Қазақстан» журналына басылған мақалалардың көпшілігі өлкелік партия комитетінің арнайы нұсқауымен жазылғандығын байқауға болады.

Қорыта келгенде, «Қызыл Қазақстан» журналы кеңес дәуірінде шыққан басылым болса да, қазақ халқының сол дәуірде басынан кешкен оқиғаларын ел

құлағына жеткізді. Әсіресе, аштық жылдары журнал халықтың хәлін, мұңы мен зарын ашық жариялады. Осы жолда аянбай халқына еңбек еткен алаш арыстары Міржақып Дулатов, Жүсіпбек Аймауытовтың күрескерлік қырларына тағы да көз жеткіземіз. Заманың қиындығына қарамай баспасөз арқылы халыққа қолдау білдірген қалам-қайраткерлері Ерғали Алдоңғаров, Абдолла Асылбеков, Нығмет Нұрмақов, Смағұл Сәдуақасовтардың кісілік келбетін бағамдаймыз.



    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   29




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет