Бірінші деңгей - мемлекеттік орган бекіткен не ұжым сайлаған мектеп директоры; мектеп кеңесі, оқушылар комитеті, қоғамдық бірлестіктер басшылары. Бұл деңгейде мектептің стратегиялық даму бағыты анықталады.
Екінші деңгей - мектеп директорының орынбасарлары, мектеп психологы; әлеуметтік педагог, қоғамдық пайдалы еңбек ұйымдастыруға жауапкер, әкімшілік-шаруашылық бойынша директорының көмекшісі; өзіндік басқаруға қатысты бірлестіктер басшылары.
Үшінші деңгей - оқу барысында және оқудан тыс білім-тәрбие жұмыстарына байланысты оқушыларға басшылық қызметтерді атқарушы мұғалімдер, тәрбиешілер мен сынып жетекшілері.
Төртінші деңгей - сыныптық және жалпы мектептік өзіндік басқару қызметтері тапсырылған оқушылар. Бұл деңгейдің назарға алынуы мұғалімдер мен оқушылар арасындағы қатынастың «субъект-субъекттің сипатын баса танытады.
Жалпы білім беретін мектепті басқару, кез-келген басқарушылық іс-әрекет сияқты, барлық іс-әрекеттің негізді жоспарлануын талап етеді. Мектептегі ең маңызды жоспар мектептің жылдық жұмыс жоспары, ол жалпы мектеп өмірінің жетекші құралы болып саналады. Мектептің жылдық жоспары мынадай принциптер негізінде құрастырылады:
Жоспарлаудың ғылымилығы. Жоспар іс-әрекеттің әлеуметтік және экономикалық шарттарын, педагогикалық процестің психологиялық-педагогикалық заңдылықтарын, мектептің даму тенденциялары мен болашағын ескере отырып, құрастырылуы қажет.
Үйлесімді де тиімді жоспар. Оның құрамына алға қойылған мақсаттарға жету үшін іс-әрекеттің, нақты шаралардың қажетті және жеткілікті болуы қажет.
Жоспардың нақтылығы. Жоспарда қандай шараларды жүргізу қажет, орындаушыларға берілетін тапсырмалар, шараларды өткізуге жауапты адам, оның мерзімі, өтілетін орны мен уақыты нақтылы көрсетілуі қажет.
Жоспардың перспективтілігі. Жоспарда жуық арадағы мақсаттар мен міндеттер, мектеп іс-әрекетінің болашағы да көрініс табуы қажет.
Ұжымдық принципі. Мұғалімдер мен тәрбиешілердің және басқа қызметкерлердің жоспарды талдау мен құруға белсенді түрде қатысуын қарастырады.
Мектептегі жоспардан басқа да жүргізілетін құжаттар және оларға сипаттама. Мектептегі мұғалімдер мен тәрбиешілердің күнделікті іс-әрекетінде жұмыс жоспарлары ерекше орын алады, ал оның ішіндегі ең негізгісі мектептің жылдық жоспары болып табылады.
Жоспар жекелеген шаралардың жәй ғана тізбегі емес, педагогикалық негізделген шаралар жүйесі болып, жоспардың барлық түрі бір-бірімен тығыз байланыста және мектеп іс-әрекетінің маңызды мақсаттарына жеткізетін міндеттерді шешуге бағытталуы қажет. Жоспардан басқа мектепте басқа да құжаттама жүргізіледі, оны шартты түрде үшке бөліп қарауға болады: 1)оқыту-педагогикалық құжаттама, 2)мектеп ішіндегі ақпарат құжаттамасы, 3)қаржы-шаруашылық құжаттама.
Оқыту-педагогикалық құжаттама:
журналдар: сынып және факультатив сабақтардың журналдары, дайындық сабақтары мен қалдырылып кеткен және орны ауысқан сабақтарды есепке алу журналы;
кітаптар: оқушылар тізімінің алфавитті кітабы, бланктер мен есепке алу кітабы (орта білім туралы аттестаттар мен негізгі сатыны бітіргені туралы куәліктерге арналған жеке кітаптар), «Алтын белгің мен мақтау қағаздарын және мектеп мұғалімдерінің жекелік құрамын есепке алу және мектептен шыққан және мектепке келген хаттарды тіркеу, тексерушілердің ескертулері мен ұсыныстарының кітабы;
оқушылардың жеке құжаттары;
оқушыларға белгілі бір мамандық алғаны туралы анықтамаларды беру құжаты;
жоғары мекемелерден келіп түскен бұйрықтар, жарлықтары мен басқа да бұйрықтық-ақпараттық құжаттама;
мектеп аттестациясының материалдары мен оқыту іс-әрекеті лицензиясы;
мектепті тексеру нәтижелері туралы актілер, анықтамалар, баяндама хаттарының көшірмелері;
білім беруді басқаратын жоғары мекемелермен және басқа да ұйымдармен хат алысу.
2. Мектеп ішіндегі ақпарат уақытына қарай қолма-қол (күнделікті, апталық, айлық, тоқсандық және жылдық) болып бөлінеді.
1.Күнделікті қолма-қол ақпарат бақылау нәтижесінде, пәндік мұғалімдермен, сынып жетекшілерімен, оқушылармен олардың ата-анасымен жүргізілген әңгіме-сұқбат нәтижесінде, сынып журналы мен мектеп ішіндегі басқа да құжаттарды оқып зерттеу нәтижесінде қалыптасады.
2.Апталық қолма-қол ақпаратта апта бойындағы күнделікті ақпарат, шапшаң мәжілістердегі пікір алмасу нәтижелері, мұғалімдерден, сынып жетекшілерінен келіп түскен мәліметтер есепке алынады. Сондай-ақ ерекше бақылауға алынған оқушылардың және сыныптардың үлгерімі мен сабаққа қатысуы туралы, сыныпта және мектептен тыс шаралар туралы, сынып журналдарын, оқушылар дәптерлері мен күнделіктерін жүргізудің жәй-күйі туралы мәліметтер болады.
3.Айлық қолма-қол ақпарат, апталық ақпараттарды қорытындылап, толықтырады. Онда оқу бағдарламасының орындалу барысы туралы, пән мұғалімдері мен сынып жетекшілері жұмысының сапасы туралы, жекелеген сыныптардың үлгерімі, сабаққа қатысуы, тәртібі туралы, арнайы тексеру мен бақылау жұмыстарының нәтижелері туралы оқушылардың қоғамдық ұйымдарының жұмысы туралы мәліметтер болады.
4.Сыныптардың оқу пәндері бойынша үлгерімі туралы тоқсандық ақпаратты мұғалімдер мен сынып жетекшілері жазбаша түрде дайындайды, оны мектеп дирекциясы сараптап, жұмыс барысындағы пайда болған кемшіліктерді түзету жолдарын анықтау мақсатында педагогикалық және әдістемелік кеңестерде талқылайды.
5.Жылдық ақпарат тоқсандық ақпараттар деректері, сыныптан сыныпқа өту мен мектеп бітіру емтихандарының нәтижесінде қалыптасып, оқушылардың тәрбиелілігі мен білімділігі деңгейіндегі динамиканы айқындауға мүмкіндік жасайды. Бұл ақпарат мектеп жұмысының жылдық жоспарының сараптамалық тарауын құрудың негізі болады.
3.Қаржы-шаруашылық құжатының құрамына мектептің техникалық құжаты, мұғалімдердің көрсеткіш және негізгі құралдардың тізімі, материалдардың қоймалық есебінің кітабы, құндылығы төмен, тез тозатын заттар қозғалысын қолма-қол есепке алу ведомості, мектеп кітапханасы қорының тіркеу кітабы, материалдық құндылықтарды қолданыстан шығару актілері бар.
Аттестациялау (сараптау) – маман шеберлігінің деңгейін анықтайтын тәсіл, аттестацияның мазмұны, ұйымдастырылуы, өткізілуі.Мұғалімдердің кәсіби дайындығын жетілдіру жүйесі – сараптау (аттестация)-педагогтар мен мектеп басшыларының біліктілігін көтерудің аса маңызды тиімді тәсілі болып есептеледі.
Достарыңызбен бөлісу: |