Дістемелік кешені



бет2/15
Дата31.05.2022
өлшемі202 Kb.
#458848
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Дістемелік кешені

1.5 РИТОРИКА(грек. rhetorike – шешендік өнер) – прозалық қара сөз және ауызекі көркем сөздің жасалуын зерттейтін филологиялық пән. Поэтикамен, стилистикамен тығыз байланысты болады.
1.6 МОНОЛОГ – (грек.monos – бір және logos – сөз, сөйлеу) – белсенді сөйлеудің нәтижесінде пайда болатын сөйлеу түрі. Монологқа интраперсональды сөйлеу деген анықтама береді.
1.7 ӘДЕБИ ТІЛ – орныққан, тұрақты нормалары бар, жалпыға бірдей түсінікті, ортақ, қоғамдық қызметі әр алуан, жалпы халықтық тілдің екшеленген, сұрыпталған, сымбатталған жүйелі түрі. Әдеби тіл жалпыхалықтық тілдің бір түрі.
2 ДӘРІСТЕР
1-дәріс. Синтаксис туралы жалпы түсінік
Дәріс сабағының мазмұны:
1.Синтаксис ұғымының мәні
2.Синтаксистік түлғалар
3. Синтаксистік норма және синтаксистік жүйе туралы түсінік

Синтаксис термині, оның мәні. Синтаксистің казіргі зерттеу бағыттары мен оның объектілері: сөз тіркесі, сөйлем, күрделенген сейлемдер, синтаксистік тұтастық, ол туралы талас-пікірлер және олардың зерттелу


барысы.
Синтаксистік түлғалар, олардың түрлері: коммуникативтік грамматикалық дербес синтаксистік түлғалар. Құрылымдық элемент ретіндс грамматикалық тұрақтылығы бар синтаксистік тұлғалар. Синтаксистік формалар, олардың лексикалық, морфологиялық формалармен байланысы,
ерекшелігі.
Синтаксистік норма және синтаксистік жүйе туралы түсінік.
Қазақ тілі синтаксистік жүйесінің басқа туыс, туыс емес тілдердіц синтаксистік жүйесімен ұқсастық, айырмашылық жайлары.
Синтаксистік жүйені танудағы методологиялық принцип.
Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

  1. Синтаксистің қазіргі зерттеу бағыттары туралы не айтар едіңіз?

  2. Синтаксистік түлғалар, олардың түрлерін атаңыз

3. Қазақ тілі синтаксистік жүйесінің басқа туыс, туыс емес тілдердіц синтаксистік жүйесімен үқсастық, айырмашылық жайы туралы не айтар едіңіз?
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Аманжолов А.С. Қазақ тілі синтаксисінің қысқаша курсы. 1940.
2. Аманжолов А.С., Сауранбаев Н. Қазақ тілі грамматикасы. II бөлім.
Синтаксис. 1 басылуы. 1939.
3.Аманжолов А.С., Әбілқаев А., Ұйықбаев И. Қазақ тілі грамматикасы.
II бөлім. Синтаксис.1971.
4. Аманжолов А.С. Сөйлем мүшелерін таптастыру мәселелері. - "Тіл
мәселелері". Мақалалар жинағы ІІ-кітап, Алматы, 1936.
5.Әмір Р., Әмірова Ж. Жай сөйлем синтаксисі. Алматы, 1998.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет