Досаева Б. Т., Койшыбаев Н., Жаугашева С. А


Магнит өрісінің кернеулігі



бет126/137
Дата08.12.2023
өлшемі4.06 Mb.
#485902
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   ...   137
annotation81765

Магнит өрісінің кернеулігі. Жоғарыда айтылғандардан В магнит индукциясының магнит өрісі пайда болған ортаның қасиеттеріне тәуелді болатындығы шығады. Бұл тәуелділік ор магниттік өтімділікпен сипатталады. В индукция ортаның қайсы-бір нүктесінде электр тізбегінің өткізгіштерінде өтіп жатқан тоқтардың (макротоқтар) және де осы ортаның молекулалық тоқтары (микротоқтар) тудыратын қорытқы өрісті сипаттайды.
Егер тоғы бар түзу өткізгіштен бірдей қашықтықта орналасқан бірнеше нүктелер түрліше орталарда ораналасатын болса, онда осы нүктелердегі В индукцияның мәндерінің арасындағы айырмашылық түгелдей ортаның әсерінен пайда болады. Міне осындай жағдайларда В индукция есептеулерді жеңілдету үшін дәл осы нүктедегі магнит өрісінің тек макротоқтарға тәуелділігін сипаттайтын жаңа физикалық Н шаманы енгізген ыңғайлы. Бұл шама келесі қатынасымен анықталады


В=орН (3.78)

Қоршаған ортаға тәуелсіз түрде өткізгіштердегі макротоқтар тудыратын кеңістіктің қайсы-бір нүктесіндегі магнит өрісін сипаттайтын Н шамасын магнит өрісінің осы нүктедегі кернеулігі деп атайды.


Ортаның әсерінен болатын өрістің өзгерісі барлық жерлерде (тұрақты шама) бірдей болса, онда осы ортадағы В индукция Н шамасына тура пропорционал болады. Магнит өрісінің кернеулігінің вектор екендігін және оның бағытының В векторының бағыты тәрізді анықталатындығын айта кетейік (изотроптық ортада В және Н векторлардың бағыттары бірдей болады).
(3.74) және (3.78) формуалаларды салыстырудан түзу тоқтың магнит өрісінің кернеулігінің


Н=І / 2πr (3.79)

формуламен өрнектелетіндігі шығады. Осыдан келіп дөңгелек тоқтың центріндегі кернеулік


Н=І/2r, (3.80)


ал соленоидтың центріндегі магнит өрісінің кернеулігі


Н=Іw / 2l (3.81)

болып анықталады. Н кернеуліктің өлшем бірлігін (3.79) формуладан шығарып алуға болады:


Н=1 А / [2πм]=1 А/м.

ХБ жүйесінде магнит өрісінің Н кернеулігінің бірлігі ретінде ұзын түзу өткізгіштің бойымен өтіп жатқан 1 А тоқтың одан 1/2π м жерде тудыратын магнит өрісінің кернеулігі алынады. (3.78) формуладан магниттік өтімділіктің бірлігін алуға болады:




ор=В / Н=1 Тл / (1 А/м)=1 ТлмА.


ХБ жүйесінде магниттік өтімділіктің бірлігі ретінде 1 А/м кернеулік кезінде 1 Тл магниттік индукция пайда болатын ортаның магниттік өтімділігі алынады.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   ...   137




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет