Үйкеліс бұрышы. Үйкеліс коэффициентін анықтағанда 1.18-суретте көрсетілген қондырғыны пайдаланған ыңғайлы. Көлбеу жазықтықты байқап көтере отырып, қайсы бір бұрышы кезінде дене орнынан қозғалып кетіп, жылжып жазықтықпен түсе бастайды. Осы кезде кеспеге үш күш әсер етеді: P салмақ күші, реакция күші және Tтын үйкеліс күші. Үдеу жоқ кезде барлық үш күштің тең әсерлісі нөлге тең болады, яғни олар тұйықталған үшбұрыш құрайды (1.19-сурет). Ауырлық күші вертикаль бойымен бағытталғандықтан, NPTтын күш үшбұрышы тік бұрышты болады, ал оның төбесіндегі бұрыш 0. Осыдан Tтын=Ntg0, tg0=тын болғандықтан
Tтын=тынN . (1.55)
Түрліше өңделген түрліше материалдармен жасалған тәжірибелер тыныштық үйкелісі коэффициентінің кең шектерде-бірнеше жүздіктерден бірге дейін өзгеріп отыратындығын көрсетті.
Сырғанау үйкелісі. Тәжірибе көрсеткендей, 1.18-суреттегі қондырғыдағы кеспектің бірқалыпты қозғалыс кезінде оған өне бойы тарту күшімен әсер ету керек екен. Бірақ бірқалыпты қозғалыс инерциалдық қозғалыс қой: ол өз бетінше, ешқандай күштердің әсерінсіз өтеді. Олай болса, кеспектің үдеуінің болмауын тек тарту күшінің сырғанау үйкелісі күшімен теңгерісуімен түсіндіруге болады.
Сырғанау үйкелісі күшінің шамасын түрліше кездерде зерттеп, біз оның да нормаль қысымға және үйкелістің беттердің өңделу сапасына тәуелді болатынын көреміз. Ол жанасу беттерінің ауданына да тәуелді; үйкелісетін беттердің салыстырмалы жылдамдығына азғантай тәуелділікте болады. Осының арқасында сырғанау үйкеліс күшін
Тсырт=N (1.56)
формула бойынша есептеп шығаруға болады, мұндағы –сырғанау үйкелісі коэффициенті; оның шамасы тыныштық үйкелісі коэффициентінен сәл кіші.
Достарыңызбен бөлісу: |