Дюсупова А. А., Еспенбетова М. Ж


Егде және кәрі жастағы адамдарды қарау кезінде дәрігердің негіз-



Pdf көрінісі
бет6/79
Дата04.09.2023
өлшемі4.88 Mb.
#476469
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   79
Гериатриянын манызды сурактары Еспенбетова 2013-01-01

Егде және кәрі жастағы адамдарды қарау кезінде дәрігердің негіз-
гі міндеттері: 
1. Шынайы патологиялық процессті кәрі жастағы қалыпты 
физиологиялық жағдайдан ажырату. 
2. Қайтымды, емдеуге келетін бұзылыстарды қайтымсыз бұ-
зылыстардан ажырату. 
3. Аурудың пайда болу себептерін және қауіп факторларын 
анықтау. 
4. Қалған денсаулық резервтерін анықтау. 



Диагностикалық шаралардың ерекшеліктері: 

Қалыпты клиникалық тексерулерді толық қолдану – шағым-
дары, анамнез, объективті белгілер. 

Спецификалық симптомдарсыз әртүрлі жалпы бұзылыстр жа-
сырын фокальды немесе инфекциялық процестің көрінісі болуы 
мүмкін екндігін ескере отырып, объективті зерттеуді, клиника-
лық симптомдарды қате қорытындыға келмес үшін өте мұқият 
анықтау керек. 

Егде жаста пайда болатын аурулырдың симптомдарының бейс-
пецификалық болу себебінен кең көлемде скринингтік зерт-
теулерді жүргізу қажет, соның ішінде қанның жалпы анализі, 
зәрдің жалпы анализі, қан құрамындағы электролиттерді, 
креатинин, мочевина, глюкозаны анықтау, экг, кеуде қуысының 
рентгенографиясы. 

Арнайы зерттеулерді жүргізер алдында егде жастағы нау-
қастардың нәзіктігін ескеру қажет, диагностикалық әдістер егде 
жастағы адамның ағзасы үшін максимальды қауіпсіз болу керек. 
Егде және кәрі жастағы науқастарды емдеудің негізгі прин-
циптері өмір сүру жағдайын қалыпты деңгейде ұстау үшін қажетті 
физиологиялық жағдайды бір қалыпта мүмкіндігінше ұстап тұру, 
науқастың өзін-өзі күту қабілетін сақтап қалу, т.б. 
Егде және кәрі жастағы науқастарды емдеу кезінде ерекше сақ 
болу қажет, өйткені кез-келген кез-келген дәрігерлік кірісу науқастың 
жағдайын нашарлатуы мүмкін. 
Режим және диетаны күрт өзгертуге болмайды. Өте қатаң және 
ұзақ төсектік режим асқынуларға әкелуі мүмкін: гипостатикалық 
пневмония, тромбоэмболия, зәр шығару және дефекацияның бұзы-
лыстары, тәбеттің төмендеуі, катаболизмнің жоғарлауы, буындардың 
қозғалысының шектелуі, ұйқы мен психиканың бұзылыстары. Сон-
дықтан төсектік режим тікелей көрсеткіштер бойынша және 
мүмкіндігінше аз уақытқа тағайындалу керек. Реабилитациялық 
шараларды ертерек бастаған маңызды: науқасты төсектен тұрғызып, 
өзін-өзі күтуін қамтамасыз ету, үйге бұрыңғы қалыпты өмір сүру 
жағдайына тезірек оралту. Көптеген аурулар кезінде, мәселен, арте-
риялық гипертензия, қант диабеті т.б. кезінде және артық салмақ 
болған кезде гипокалориялық диета тағайындалады. Бірақ бұндай 
жастағы науқастарға тез салмақ жоғалту қауіпті, тұссыз диетаны 


10 
қолдану кезінде қиындықтар болса аз мөлшерде тиазидті диуретиктер 
тағайындалады.
Бұндай жастағы науқастарға медикаментозды ем қолданған 
кезде кері реакциялар туындауы мүмкін. Көптеген дәрілерді бірге 
қолданбауға тырысу керек. Кәрі жаста тіндерде дәрілердің депонир-
ленуі азаятынын, қан ақуыздарымен байланысы төмендейтіндігін, 
ферменттердің белсенділігінің төмендеуінен дәрілердің инактивация-
сының төмендейтіндігін, бүйрек пен бауыр экскрециясының төмен-
дейтіндігін ескеру керек. Осыған байланысты дәрілік заттардың 
кумуляциясының қаупі, жоғары сезімталдық және көтере алмаушы-
лық қаупі өте жоғары болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   79




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет