Әдістемелік нұсқаулардың Нысан титулдық парағы пму ұс н


Ньютонның үшінші заңы (әсер және қарсы әсер заңы)



бет15/25
Дата17.12.2022
өлшемі1.74 Mb.
#467401
түріНұсқаулар
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   25
Ньютонның үшінші заңы (әсер және қарсы әсер заңы). Материялық екі нүкте бір-біріне оларды қосатын түзу бойы-мен қарама-қарсы бағытталған, модульдері тең күштерімен әсер етеді.
Екі планетаның өзара тартылу күштерін алсақ, олардың да бір біріне тең болып, бір түзудің бойымен қарама-қарсы бағытталатынын көреміз. Мысалға Ай мен Жердің өзара тартылысын алайық (3.1-сурет).



3.1-сурет

Ай А-ны өзіне тартатын жердің күші мен Жер В-ны өзіне тартатын Айдың күші мынадай шартты қанағаттан-дырады:


.
Егер бір күшті әсер деп, ал екіншісін қарсы әсер деп атасақ, онда үшінші заңды басқаша былай да айтуға болады.
Әрбір әсерге тең және қарама-қарсы бағытталған қарсы әсер болады.
Ньютонның төртінші заңы (күш әсерінің тәуелсіздігі туралы заң). Егер материялық нүктеге бір мезгілде бірнеше күш әсер етсе, онда олардың әрқайсысының нүктеге беретін үдеуі сол күш шамасына пропорционал болып, күштердің өзгелеріне және кинематикалық күйіне тәуелсіз болады.
Толық үдеу жеке күштер әсерлерінен болатын үдеулердің векторлық қосындысына тең болады.
Егер материялық нүктеге бір мезгілде күштері әсер ететін болса, онда бұл күштердің әрқайсысы массасы -ге тең нүктеге өзінің шамасына пропорционал болатын үдеу береді:
.
Демек, үдеулерінің әрқайсысы тек өзіне сәйкес күші арқылы анықталады да, нүктедегі өзге күштерге тәуелсіз болып келеді.
Осылайша материялық нүкте бір мезгілде үдеулері әр түрлі қозғалысқа келеді. Кинематикада тағайындалған ереже бойынша бұл қозғалыс үдеулерін өзара геометриялық әдіспен қосуға болады:
.
Ал мұндағы әрбір үдеудің орнына олардың күш арқылы анықталатын, жоғарыда көрсетілген өрнектерін қойсақ, сонда:
.
Бір нүктеге түсірілген күштердің теңәсерлі күші болады, ол күштердің геометриялық қосындысына тең:
.
Демек, нүктенің толық үдеуі:
.
Осыдан:
.
Сонымен, Ньютонның екінші заңы материялық нүктеге бір мезгілде бірнеше күштер әсер еткенде де орынды болады. Ондағы күшін енді материялық нүктедегі барлық күштер-дің тең әсерлі күші деп түсіну керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   25




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет